Адам ағзасына дене белсенділігі деңгейінің жас ерекшеліктеріне сай ықпал ету дәрежесі Балғынбеков Ш. А



Дата12.07.2017
өлшемі99.43 Kb.
Адам ағзасына дене белсенділігі деңгейінің жас ерекшеліктеріне сай ықпал ету дәрежесі

Балғынбеков Ш.А.– м.ғ.д., профессор, анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі, Абай атындағыҚазҰПУ balgimbekov@inbox.ru

Жарылқасынова Ж.М. - Абай атындағыҚазҰПУ 6М011300 – Биология мамандығының 2 курс магистранты, jonsi_94@mail.ru

Түйіндеме
Бұл мақалада дене белсенділігінің саламатты өмір салтын қалыптастырудағы басты рөлі мен маңызы қарастырылған. Бүгінде ғылымның жан – жақты дамуы әсерінен қоғамда еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін аз қозғалмалы өмір салты қалыптасқан. Ол, әрине, өз кезегінде адам ағзасына өзіндік кері әсер ететіні сөзсіз. Себебі, адам ағзасында жүріп жатқан үрдістердің барлығы дерлік қимыл – қозғалыспен тығыз байланыста. Сондай – ақ, мақалада дене белсенділігінің деңгейі адамның жастық ерекшеліктеріне сай әр түрлі ықпал ететіні ескеріле отырып, адам өмірінің барлық кезеңінде дене қозғалыстары денсаулықты сақтау мен нығайтуда басты орын алатыны жөнінде баяндалған.
Түйін сөздер: дене белсенділігі, саламатты өмір салты, денсаулық, жас ерекшелік
Дене белсенділігі – саламатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі компоненттердің бірі. Ол - адам ағзасының толыққанды дамуын, өсуін және оның физиологиялық қызметтерінің дұрыс қалыптасуын қамтамасыз ететін, сондай – ақ, ағзаның зат алмасу деңгейін, бұлшықеттік, қаңқалық және жүрек – қантамырларын жүйелерінің жағдайын анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Жалпы, адам ағзасындағы қызметтерді реттеп отыратын барлық жүйелер ағзада әрқашанда қимыл – қозғалыстың болуын қажет етеді. Себебі, қозғалыс осы жүйелердің жұмысының жүйелі орындалуына өте үлкен септігін тигізері анық. Бірақ, бүгінде қоғамда әлеуметтік – экономикалық жағдайлардың өзгеруі, ғылым мен өркениет дамуының шарықтауы және заманауи технологиялардың пайда болуы әсерінен қозғалыстың күннен күнге азайып жатқанын аңғарамыз. Соңғы жылдары қоғамдағы негізгі мәселелердің бірі де осы болып отыр. Осы тұрғыда адам жасының ұлғаюы, физикалық және психикалық жағынан дамуы, денсаулықты нығайту, сыртқы ортаның жағымсыз әсерлеріне ағзаның төтеп бере алуы т.б. жайында мәселелер туындайды.

Денебелсенділігі – бұл дене жəне психикалық денсаулықты жақсартудың тиімді жолы. Алайда, адамдардың көпшілігі күнделікті өмірде дене белсенділігінен алшақ, бұл олардың денсаулығымен əл-ауқаты үшін ауыр салдарларға алып келеді. Бағалау мəліметтері бойынша, ДДСҰ Еуропалық аймағында (оған Қазақстанда кіреді) жыл сайын 600 000 өлім-жітім жағдайы халықтың дене белсенділігі деңгейінің төмендеуінен болады. Бұл жетекші қауіп факторын жою жүрек-қантамыр аурулары, инсулинге тəуелсіз қант диабеті, артериялық қысымның жоғарылауы, қатерлі ісіктердің кейбір жаңа түрлері, сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары, сондай-ақ, психологиялық бұзылыстар сияқты денсаулық бұзылыстары қаупінің төмендеуіне алып келер еді.

Көптеген елдерде дене белсенділігінің төмендеуі дене салмағын қосуға, семіздіктің дамуына ықпал етеді жəне адамдардың жалпы денсаулық 6 Жергілікті атқару органдарына арналған ұсыныстар жағдайымен жұқпалы емес аурулар: жүрек-қантамыр аурулары, диабет пен қатерлі ісік, сондай-ақ, олардың қауіп факторларын қоса, жоғары қан қысымын, қандағы қант деңгейінің артуымен артық салмақ санының артуынан көрінеді. Қазақстанда жүрек-қантамыр аурулары (атеросклероз, гипертония жəне басқа, инфарктпен немесе инсультпен аяқталатындары) əр екінші өлімге себеп болады. Соған орай, дене белсенділігін арттыру – халықтың өлім-жітім жағдайларын төмендетудің маңызды факторы. [1]

Дене белсенділігінің денсаулықты нығайту мен сақтаудағы маңызы ерте замандардан бастап - ақ бастау алған. Мысалы, Геродик, Гиппократ, Асклепиадсияқты ежелгі Грекия дәрігерлері дене жаттығуларын емдік және профилактикалық медицинаның маңызды компоненттерінің бірі ретінде есептеген. Гиппократ өз тәжірибесінде науқас адамдарды емдеуде көбіне массаж бен су процедураларын алуды басшылыққа алған, кейіннен римдік дәрігер Гален өзінің медициналық практикасында дене жаттығуларын кеңінен қолданған. Оның ішінде, экскурсия, массаж, атқа міну, қайықпен жүзу т.б. спорттық және гимнастикалық жаттығуларды пайдаланған. Галеннің «Денсаулықты қалпын келтіру жолы» атты әйгілі кітабында «Мен науқастарға жаттығу жасату арқылы «мың» рет денсаулықтарын қалпына келтірдім» деп жазған болатын. [2]

Жалпы, қозғалыс белсенділігі жеткіліксіздігінен гиподинамия, гиопкинезия пайда болады. Негізінде, гиподинамия және гипокинезия бір - бірімен бірігіп қызмет атқарады, сондықтан оларды бір сөзбен «гиподинамия» деп атасақ та болады. [3] Қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіздігінен бұлшықетте атрофикалық өзгерістер, жалпы физикалық жаттығулар, жүрек қантамырлар жүйесінің функционалды мүмкіндіктерінің азаюы, ортастатикалық тұрақтылықтың төмендеуі, су тұз балансының, қан жүйесінің өзгеруі, сүйектің минералдануы және т.б. Соңында, мүшелер мен жүйелердің функционалды белсенділіктері төмендейді, өзара байланысты қамтамасыз ететін реттеуші механизмдердің әрекеттері бұзылады, әр түрлі жағымсыз факторларға тұрақтылығы нашарлайды, бұлшықет әрекетімен байланыстықозғалыс үйлесімділігі бұзылып, бұлшықет тонусы азаяды, төзімділік пен күш көрсеткіштері түсе бастайды.

Негізінде, қимыл-қозғалыс әрекеттері адам организмі үшін өмірінің алғашқы күндерінен бастап физиологиялық қажеттілік болып табылады. Организмнің дамуы мен өсуі кезеңінде қимыл-қозғалыс іс-әрекеті ағзада заттар мен энергия алмасуын жақсартады, жүрек қызметі мен тыныс алуды жоғарылатады. Осымен қатар үнемі ішкі ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдеуде маңызды рөль атқаратын кейбір басқа мүшелердің қызметтерін де арттырады. Осындай қажеттіліктің ұзақ уақыт бойына қанағаттандырылмауы денсаулық жағдайына өте қатты әсерін тигізеді, әсіресе жылдам қартаю мен өлімге алып келуі мүмкін.Қандай да болсын қозғалыстың түрі бұлшықет арқылы жүзеге асатынын білеміз. Ағзадағы тыныс алудың жүзеге асуы, қан айналымының жүруі, астың ас қорыту жүйелерімен өтуі, көздің көру қызметтерінің орындалуы, сөйлей алу және т.б.сол сияқты қызметтер бұлшықет жұмысынсыз орындалуы мүмкін емес. Бұл қызметтердің дамуы да бұлшықет әрекеттерімен реттеліп отырады.

Алайда, біз қанша дене белсенділігінің деңгейін жоғарылату керек десек те,адамның жас ерекшеліктеріне сай дене белсенділіктерінің деңгейі де өздігінше өзгеріп отырады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар ағзасына дене жаттығуларының маңызы өте зор. Ол жастағы балалар шаршамай ұзақ жүгіріп немесе қозғалып ойнап жүре береді, бірақ ол жасалған қозғалыстар баланың сол шақтағы дене дамуына қажеттілігінен туындайды. Яғни, ол табиғаттың баланың өсіп – дамуы үшін жасаған бағдарламасы десек те болады. Ол баланың сергек жүруіне, дұрыс ұйықтауына, жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне жол ашады.

Ал, кейін уақыт өте келе, бала мектепке барғанда баланың қалыпты дамуында дене белсенділігінің рөлі тағы да ойнайды. Себебі, баланың табжылмай бір орында отырып сабақ оқуы, ақыл – ой еңбегімен айналысып қозғалысты мүлде ұмытып немесе өте аз қозғалуы, бала денсаулығына кері әсерін тигізеді. Мысалы, баланың омыртқа жотасының қисайып, сколиоз ауруына шалдығуы, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, тыныс алу, астың дұрыс қорытылмауы, жүйке жүйесі қызметтерінің әлсіреуі сияқты әсерлерін айтсақ болады. Сондықтан да, баланың өз қалауы бойынша әр түрлі ойындар ойнатып, ақыл – ой еңбегімен қатар дене қозғалыстарын да қатар алып жүруге бағытталған әдістерді пайдаланып оларды дене шынықтыруға баулу қоғамның бүгінгі қажеттілігі болып табылады.

Осылайша, саламатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты сақтау нормалары мен принциптерін ұстану балалық шақтан басталуы тиіс. Өйткені, адам денсаулығының қалыптасуының ең алғашқы негізгі баспалдағы дәл сол балалық шақта қалыптасады.

Саламатты өмір салтын сақтай алу, оны сақтауды үнемі әдетке айналдырып, күнделікті өмір салтында ұстанып жүру денсаулықтың нығайып, қалыптасуына өте зор ықпалын тигізері анық. Бүгінде мектеп жасындағы балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту жеке бір мәселе болса, сана сезімі толық қалыптасқан болашақ маман иелері бола тұра, жастардың өз денсаулығын сақтау мен нығайтуда ұстанатын өмірлік принциптерінің жоқтығы немесе бұл мәселеге аса мән беріп қарамайтындығы байқалады.Сонымен қатар, студент жастардың өз денсаулықтарына деген жауапкершілігі төменгі дәрежеде, ал денсаулыққа теріс әсер етуші факторлардың (темекі шегу, ішімдік ішу, наша және т.б.) таралуы олардың арасында жиілеп бара жатыр. Ал, бұл мәселе қазіргі қоғамда өте өзекті, күрделі және маңызды екенін көрсетеді.

Сондықтан, студент жастар арасында үнемі жүйелі түрде спортпен шұғылдану немесе қозғалыс белсенділігінің денсаулық үшін маңыздылығын насихаттап отырсақ, жас ағзаның болашағына оң әсерін тигізері анық. Бірақ, дене белсенділігін тек денсаулық жағынан ғана қарастырып қоймай, оның студент жастарға психикалық жағынан да оң нәтижелі ықпал ететінін айтсақ та болады. Мысалы, студент жастардың көпшілігі өз отбасыларынан, үйінен алшақ жүріп, басқа қалаларға келіп, ЖОО – да болашақ маман иесі атанудың бастапқы баспалдағын бастайды. Әр студенттің өзінің жаңа ортасын қабылдауы әр түрлі деңгейде болады, жаңа мінез – құлықтар пайда болып, өз бетінше шешім қабылдай алуы, терең ойлай білуі олардың жеке өмірлік жағдаяттарына қажеттілік туындап, адам психикасында біршама өзгерістер орын алады. Мұндай жағдайда, спортпен шұғылдану жəне белсенді демалудың басқа да түрлері адамдармен жақсы қарым – қатынас орнатуына, жаңа таныстықтардың сәтті болуына ықпал ете отырып, бейəлеуметтік мінез-құлық деңгейінің төмендеуіне алып келеді.

Гигиена саласындағы зерттеулердің нәтижелері бойынша, студент жастардың басым көпшілігінің күндізгі уақыты 82 – 85%-ға дейін статикалық жағдайда болады. Яғни, қозғалыссыз бір орында отырып оқу немесе жұмыс жасау т.б. Жұмыс үстелі мен партада отырып аз қозғалыста болу көптеген ағза жүйелерінің қызметіне әсер етеді, әсіресе тыныс алу мен жүрек қан тамырлар жүйесіне. Ұзақ уақыт бойы отыру кезінде тыныс алу тереңдеу келеді, зат алмасу төмендейді, ақыл ой жұмысының төмендеуіне алып келеді: зейіні төмендейді, есте сақтау әлсірейді, қозғалыс координациясы бұзылады, ойлау операциясының уақыты ұзарады, яғни барлық ағза мүшелерінің жұмыс істеу қабілеттілігі төмендейді.

Білім алушылардың үлгерімі мен олардың физикалық дамуы арасында тікелей байланыстың болатындығы анықталған. [4] Зерттеушілер ЖОО-да студент жастардың оқу үлгерімі мен физикалық дамуы арасында өзара байланысты таппаса да, ол байланыс бар екені байқалады. Өйткені, үнемі дене тәрбиесі пен спортпен айналысу - стресске тұрақтылық, ақыл ой әрекетінің қабілеті сияқты жақсы қасиеттерді жинақтайды.[5]

Көптеген зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, ересектердің дене жаттығуларымен аз айналысып, дене белсенділіктерінің төмендейтін шағы 25 пен 35 жас аралығы болып келеді.

Ал, қартаю шағында адамдарда көптеген жүйелердің қызметтері төмендей бастайды. Мысалы, тыныс алу жүйесін алайық. Адам қартайған шағында өкпенің тіршілік сыйымдылығы тыныс алу мен тыныс шығарудың резервтік мөлшерінің төмендеуімен тығыз байланысты. 90 жасқа таяған шақта, адамның тыныс алуының резервтік мөлшері 2 есеге, ал тыныс шығаруының резервтік мөлшері 3 есеге дейін төмендейді. Сонымен қатар, 60 жастан бастап артериальды қантамырларының оттегімен қамтамасыз етілуі орта жастағы адамдарға қарағанда 5 – 7% дейін төмендейді. Бұл құбылыс оттегі диффузиясының бұзылуымен тығыз байланысты. Мұндай жағдай, 70 жас шамасында альвеолдар санының азаюымен және қан айналымының нашарлауымен түсіндіріледі.

Байқап отырсақ, дене белсенділігінің төмендігі салдарынан адам ағзасында қаншама аурулар пайда болып отыр. Тіпті, ерте қартаюға да әкеліп соғуда. Осыны ескере отырып, спортпен шұғылданып, жаттығумен айналысудың маңызы да өздігінше түсінікті жайт. Жаттығу аурудың алдын – алу құралы ретінде иммунитетті, физикалық және эмоционалдық тонусты жоғарылатыды. Одан басқа, дене жаттығулары қартаюдың көптеген белгілерінің дамуын тежейді.

Егер адам 30 жыл бойы жүгірумен айналысса, ағза мүшелеріне күнделікті дене жүктемелерін беріп отырса, оның қартаю стадиясының басталуы 10 жылға артқа шегінеді. Сондай – ақ, 70 жас шамасындағы адам дене жаттығулары арқылы өз ағзасын үнемі сақтап отыратын болса, оның артериялық қысымы қалыпты болып, эмоциялық жағдайларға тұрақты келеді және буындарының қажалуы қалпы төмен болады. [6]

Қорыта келе, дене белсенділігі адам ағзасында жасқа сай әр түрлі деңгейде болады. Яғни, дене белсенділігі тым жоғары да болып кетпеуі тиіс, себебі, ондай жағдайда жүрек соғу жиілігі жоғарылайды, тыныс алуы қиындайды, тершеңдік күшейеді. Сондықтан да, жас ерекшеліктеріне сай әр адам өзіндік дене белсенділіктерін қалыпты деңгейде ұстаса жөн болады. Себебі, дене белсенділіктері саламатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі компоненті ретінде болашақ қоғамның жарқын болуына септігін тигізер бірден – бір жол десек те болады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қаржаубаева Ш.Е. Тəжібаев Ш.С. Халықтың жаппай дене белсенділігінарттыруға қолайлы жағдай жасау бойынша жергілікті атқару органдарына арналған ұсыныстар – Алматы: Қазақ тағамтану академиясы, 2012.

2. http://xn--80aqqdgddhbb4i.xn--p1ai/dvigatelnaya-aktivnost-kak-faktor-ukrepleniya-zdorovya/

3. Е.Б.Шәкенов.. Мұғалім журналы. Гиподинамия . 2015 - №2

4. Сәтбаева Х.Қ., Соколов А.Д., Абишева З.С. Валеология – наука о здоровье//Алматы, 2010

5. Габриелям, К.Г. Состояние здоровья студентов вуза и проблема курения / К.Г. Габриелям, Б.В. Ермолаев // Здоровье, обучение, воспитание детей и молодежи в XXI веке// М., 2004.

6.Е.С. Григорович, В.А. Переверзев, К.Ю. Романов. Двигательная активность для людей зрелого и старших возрастов. Минск – 2006г

Резюме

Балгимбеков Ш.А. - д.м.н., профессор, заведующий кафедрой анатомии, физиологии, зоологии и безопасности жизнедеятельности КазНПУ им.Абая, balgimbekov@inbox.ru

Жарылкасынова Ж.М. – магистрантка 2 курса по спецальности 6М011300 – Биология, jonsi_94@mail.ru

Действие уровня физической активности на организм человека согласно возрастным особенностям

В этой статье рассмотрена главная роль и значимость физической активности в формировании здорового образа жизни. На сегодняшний день в обществе распространен малоподвижный образ жизни от младенца до пожилых людей из-за разностороннего развития науки. Это в свою очередь безусловно негативно влияет на организм человека. Потому что, все процессы, происходящие в организме человека тесно связано с активными движениями. А также, в статье изложена главная роль уровня физической активности в сохранении и укреплении здоровья во всех этапах жизни человека, с учетом различных возрастных этапов жизни.



Ключевые слова: физическая активность, здоровый образ жизни, здоровья, возрастная особенность

Summary

Balgimbekov Sh.A. – d.m.s., professor, head of the chair of Anatomy, Physiology, Zoology and Life Safety, KazNPU named after Abay, balgimbekov@inbox.ru

Zharylkassynova Zh.M. – 2th course master specialty of Biology, KazNPU named after Abay, jonsi_94@mail.ru
The effect of physical activity on the human body according to the age peculiarities
This article discusses the main role and significance of physical activity in creating a healthy lifestyle. Today in society, found an inactive way of life from infant to the elderly, because of the versatility of the development of science. This, in turn, certainly affects the human body. Because all the processes occurring in the human body is closely related to active movements. Also, the article describes the main role of physical activity in maintaining and strengthening health in all stages of human life, taking into account the different age stages of life.

Key words: physical activity, healthy lifestyle, healthy, age peculiarities.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет