Абсатарова дамира амировна



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата01.03.2019
өлшемі7.76 Mb.
#99704
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

 
 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті 
 
 
ӘӨЖ: 632:634.1.03:637.7:632.9            
 
Қолжазба құқығында 
 
 
 
 
 
 
АБСАТАРОВА ДАМИРА АМИРОВНА 
 
 
 
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан жағдайындағы алма 
көшеттіктерінің негізгі зиянкес бөжектері (Insecta) және оларға қарсы 
экологияландырылған қорғау жүйесі. 
 
 
6D081100 – Өсімдік қорғау және карантин 
 
 
Философия докторы (PhD) 
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация 
 
 
 
 
 
Ғылыми кеңесшілер  
Каирова Г.Н. а.ш.ғ.к. 
Лозовицка Б. х.ғ.д., 
профессор 
(Польша, Познань) 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы 
Алматы, 2018 


                                                          МАЗМҰНЫ 
 
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 

КІРІСПЕ 

1ЗЕРТТЕУ БАҒЫТЫНАЙҚЫНДАУ 
13 
1.1  Қазақстандағы  жеміс  көшеттіктерінің  жағдайы  және  көшеттіктерді 
зиянкес бөжектерден қорғау  
 
13 
1.2 Жеміс көшеттіктеріне зақым келтіретін негізгі зиянкес бөжектер 
16 
1.3  Экологияландырылған  қорғау  жүйесі  және  көшеттіктердегі 
энтомофагтардың рөлі 
 
23 
2  ЗЕРТТЕУЛЕР  ЖҮРГІЗІЛГЕН  АЙМАҚТАРДЫҢ  ТАБИҒИ-
КЛИМАТ  ЖАҒДАЙЛАРЫНА  СИПАТТАМАЖӘНЕ  ҒЫЛЫМИ-
ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ, БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ 
 
 
26 
2.1 Алматы облысының табиғи климаттық жағдайы 
26 
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи климаттық жағдайы 
33 
2.3 Зерттеу нысаны 
38 
2.3.1 Телітуші және сортқа қысқаша сипаттама 
40 
2.4 Зерттеу аймағындағы агротехника 
41 
2.5  Ғылыми-зерттеулер бағдарламасы мен әдістемесі 
44 
2.5.1 Ғылыми-зерттеу бағдарламасы 
51 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
ОҢТҮСТІК 
ЖӘНЕ 
ОҢТҮСТІК-
ШЫҒЫСАУМАҚТАРЫНДАҒЫ 
АЛМА 
КӨШЕТТІКТЕРІНІҢ 
ЗИЯНКЕС  БӨЖЕКТЕРІНІҢ 
ТҮР  ҚҰРАМЫН  ОЛАРДЫҢ 
ЗИЯНДЫЛЫҒЫ 
МЕН 
ТАРАЛУЫН 
ФЕНОЛОГИЯЛЫҚ 
ТОПТАРЫН ЖӘНЕ ЭНТОМОФАГТАРЫН АНЫҚТАУ 
 
 
 
 
53 
3.1Алма  көшеттіктеріндегі  жүргізілген  фитосанитарлық  мониторинг 
нәтижелері 
 
53 
3.2  Қазақстанның  оңтүстік  және  оңтүстік  шығыс  жағдайындағы  алма 
көшеттіктерінің негізгі зиянкес бөжектердің таралуы мен зияндылығы 
 
58 
3.3  Алма  көшеттіктеріндегі  негізгі  зиянкес  бөжектердің  маусымдық 
даму ерекшеліктері мен фенологиялық топтары 
 
61 
3.4 
Ауа-райы 
жағдайының 
зиянкестердің 
басым 
түрлерінің 
белсенділігіне әсерін зерттеу 
 
63 
4  АЛМА  КӨШЕТТІКТЕРІНДЕГІ  ДОМИНАНТТЫ  ЗИЯНКЕС 
БӨЖЕКТЕРДІҢ  БИОЛОГИЯЛЫҚ    ЖӘНЕ  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
66 
4.1Теңқанаттылар отряды (Homoptera) 
66 
4.1.1Нағыз бітелер туыстасы(Aphidinea) 
66 

НЕГІЗГІ 
ЗИЯНКЕС 
БӨЖЕКТЕРГЕ 
(INSECTA)ҚАРСЫ 
ҚОЛДАНЫЛҒАН  ҚОРҒАУ  ШАРАЛАРЫ  ЖӘНЕ  ОЛАРДЫҢ 
ТИІМДІЛІГІ 
 
 
73 
5.1Алма көшеттіктерінде негізгі зиянкес  бөжектерге қарсы жүргізілген 
қорғау шаралары 
 
73 
5.1.2  Негізгі  зиянкес  бөжектерге  қарсы  қолданылған  препараттардың    


биологиялық тиімділігі 
76 
5.1.3 Көшетіктерде жүргізілген қорғау шараларының биологиялық және 
шаруашылық тиімділігі 
 
81 
5.1.4 
Қорғау 
шараларында 
қолданылған 
препараттардың 
токсикологиялық сараптамасы 
 
82 
5.2
 
  Экологияландырылған қорғау жүйесін құрастыру 
86 
5.2.1 Энтомофагтарды еліктіру 
87 

АЛМА 
КӨШЕТТІКТЕРІНДЕГІ 
НЕГІЗГІ 
ЗИЯНКЕС 
БӨЖЕКТЕРДЕНҚОРҒАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ 
 
90 
ҚОРЫТЫНДЫ 
92 
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНЕ ҰСЫНЫСТАР 
94 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
95 
ҚОСЫМШАЛАР 
103 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 
 
Бұл  диссертациялық жұмыста келесі нормативтік сілтемелер қолданылды:  
Философия  докторы  (PhD)  бейіні  бойынша  доктор  дәрежесін 
ізденушілерге диссертацияны рәсімдеу ережесі (жоба) - Алматы, 2014; 
18.02.2011 ж. № 407-IV ҚРЗ Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» 
Заңы; 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2011  жылғы  31 
наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Ғылыми дәрежелерді беру Ережесі; 
ҚР  МЖМБС  5.04.034-2011:  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік 
жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты.  Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім. 
Докторантура. Негізгі ережелер (2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 өзгертулер); 
МЕМСТ  2.105  -  95  Конструкторлық  құжаттардың  бірыңғай  жүйесі. 
Мәтіндік құжаттарға жалпы талаптар. 
МЕМСТ  2.11-68  Конструкторлық  құжаттардың  бірыңғай  жүйесі.  Норма 
бақылау. 
МЕМСТ  6.38-90  Құжаттаманың  сәйкестендірілген  жүйесі.  Ұйымдық-
өнімділік құжатнаманың жүйесі. Құжаттарды ресімдеу талаптары. 
МЕМСТ  7.32-2001.  Ғылыми-зерттеу  жұмысы  туралы  есеп.  Ресімдеу 
құрылымы мен ережелері. 
МЕМСТ  7.1-2003.  Библиографиялық  жазба.  Библиографиялық  сипаттама. 
Жалпы құрастыру талаптары мен ережелері. 
МЕМСТ 21507-81. Өсімдік қорғау. Анықтаулар мен терминдер. 
Халықаралық зоологиялық номенклатура кодексі (ХЗНК)  (ағылш. International 
Code of Zoological Nomenclature) - 2004. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
              АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
Бұл  диссертациялық  жұмыста  келесі  терминдерге  сәйкес  анықтамалар 
қолданылған: 
Агробиоценоз-  ауыл  шаруашылығында  пайдаланылатын  жерлерде 
қалыптасқан биоценоз. 
Агротехникалық  әдіс-  өнім  шығынын  түпкілікті  болдырмау  және 
зиянкестер  әрекетінен  өнім  сапасын  төмендетпеу  мақсатында,  зиянды 
ағзалардың  (зиянкестер,  аурулар,  арамшөптер)  мекендеу  жағдайларына  кері 
әсер ететін ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және күтіп-баптау тәсілдері. 
Агротехникалық  әдістің  негізгі  тәсілдері  мыналар:  ауыл  шаруашылығы 
дақылдарының  зиянкестеріне  төзімді  сорттарын  егу,  дақылдарды  кезек  егу 
және  ұсынылған  егіс  айналымын  игеру,  топырақ  өңдеу  түрлері  -  сүдігерлік, 
көктемгі  егісалды  (топырақты  қопсыту,  малалау,  нығыздау),  суарулар  (өсу 
мерзімдік,  ылғалдандырған,  шаю),  қолайлы  егу  мерзімі,  минералды  және 
органикалық  тыңайтқыштарды  қолдану,  өсіргіш  реттеуіштерін  және 
жапырақсыздандырғыштарды  пайдалану,  ауыл  шаруашылығы  дақылдарын 
жинау мерзімдері. 
Ареал-жануарлартүрінің,  туысының,  тұқымдасының  құрлықта  не  судағы 
таралған аймағы. 
Биотоп- жер бетінің (құрлықтың не су қоймасының) биоценоз мекендейтін 
орта  жағдайлары  біртектес  өңірі  (телімі).  Екі  мағынада  қолданылады:  а) 
нақтылы,  экологиялық  жағдаймен  сипатталатын,  нақтылы  биоценоз  түрлері 
мекендейтін аймақ; б) нақтылы организмдердің немесе олардың қауымдарының 
тіршілік етуіне барынша ыңғайлы қоршаған орта факторларының жиынтығы. 
Биоценоз  –дегеніміз  -  өзіндік  реттеуге  қабілетті  және  зат  алмасуды 
қамтамасыз  ететін  өсімдік  және  тірі  ағзалардың  тарихи  қалыптасқан 
қауымдастығы. 
Бөжектер  (Insécta)   -  омыртқасыз  буынаяқтылар  класы.  Дәстүрлі 
классификацияға  сәйкес,  көпаяқтылармен  бірге  трахея  арқылы  тыныс 
алатындар түршелеріне жатады.    
Зиянды  организмдер  –  топыраққа,  өсімдікке  және  ауыл  шаруашылық 
өнімге кері әсерін тигізетін зиянкестер, арамшөптер мен өсімдік аурулары. 
Зиянды организмнің зияндылығы – зиянды организмдердің өсімдік пен 
себіндіге  кері әсері. 
Зиянды  организмнің  зақым  келтіру  қабілеті  –  бір  зиянды  организмнің 
өсімдікке зақым келтіріп, олардың өнімділігін төмендетіп немесе өліміне әкеліп 
соқтыратын қабілеті. 
Зиянкестің  сан  мөлшерінің  (популяция  динамикасы)  динамикасы  – 
уақыт пен кеңістікте зиянды организмдердің сан мөлшерінің өзгеруі. 


Зиянды  организмдерді  ұзақ  мерзімді  болжау  –  келешек  вегетациялық 
кезеңде,  жылда  немесе  маусымда  зиянды  организмнің  таралуы  мен  пайда 
болуындағы сан мөлшерін болжау. 
Инсектицидтер  –  зиянды  және  аса  қауіпті  бунақденелілермен  күресуде 
қолданылатын химиялық заттар. 
Монофаг - өсімдіктің бір түрімен немесе туысымен қоректенетіндер. 
Олигофаг - өсімдіктердің бірнеше жақын тұқымдасымен қоректенетіндер. 
Өсімдік  зиянкесі  -  өсімдікке  зиян  келтіретін  және  де  олардан  келетін 
зиянның экономикалық тұрғыда алдын алуға жататын бунақденелі түрі. 
Өсімдіктерді қорғау - зиянды ағзалардан келетін шығындарды болдырмау 
және  азайту  әдістері  мен  оның  теориялық  негізін  зерттейтін,  қолданбалы 
биологияның  бөлімі,  әрі  осы  әдістерді  қолданатын  ауыл  шаруашылығы 
өндірісінің бөлімі. 
Өсімдіктер  карантині  -  әрбір  елдің  өсімдік  ресурстарын  өзге  елден 
әкелуден  қорғауға,  карантиндік  нысандардың  және  басқа  да  ерекше  қауіпті 
зиянды  организмдердің  таралуының  алдын  алуға  бағытталған,  тиісті  органдар 
белгілейтін, мемлекеттік іс-шаралар жүйесі. 
Өсімдіктерді  химиялық  қорғау  -  өсімдіктерді  химиялық  құралдар 
көмегімен  зиянды  организмдерден  қорғау.  Химиялық  шаралардың  мәні  - 
өсімдіктерді  қорғау  үшін  түрлі  химиялық  заттар  қолдануда,  олар  пестицидтер 
деп аталады. 
Өсімдіктерді  химиялық  қорғауды  қолданудың  негізгі  тәсілдері  мыналар 
болып  табылады:  бүрку,  фумигация,  аэрозольды  өңдеу,  тұқымды  егу  алды 
өңдеу  және  аз  дәрежеде  дәрі  себу,  зиянкестерді  қызықтыратын  уланған  жем 
қолдану. 
Пестицид  (улы  химикат)  -зиянды  организмдерге  қарсы  күрес  үшін, 
өсімдіктерді  зақымдаушы,  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін,  материалдарды, 
бұйымдардың  бүлінуін  тудыратын  және  де  сондай-ақ,  паразиттер  және  адам 
мен  жануарлар  аурулары  қоздырғыштарын  тасушылармен  күресу  үшін 
пайдаланылатын химиялық зат. 
Пестицидті  пайдаланудың  биологиялық  тиімділігі-зиянкестердің  жаппай 
қырылуымен немесе зиянкестер санының азаю көрсеткішімен, немесе ол қорғаған 
өсімдіктің  жапа  шегу  дәрежесімен  анықталатын  дала  жағдайында  пестицидті 
қолданудың нәтижесі. 
Пестицидті  қолданудың  шаруашылық  тиімділігі  -  дала  жағдайында 
пестицидті  қолдану  арқылы  сақталған  ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  саны 
мен сапасы көрсеткіштерінің айқын нәтижесі. 
Пестицидті  қолданудың  экономикалық  тиімділігі  -  зиянкестерден, 
аурулар мен арамшөптерден қорғалған барлық ауыл шаруашылығы өнімдерінің 
пестицид және оны қолдану шығындарын шегергендегі құны. 
Популяция-белгілі  бір  кеңістікте  генетикалық  жүйетүзетін,  бір  түрге 
жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын ағзалар тобы. 
Полифаг  -  өсімдіктердің  әр  түрлі  қатардағы  бірнеше  тұқымдасымен 
қоректенетіндер. 
 


«Справочник...»- «Справочник пестицидов (ядохимикатов), разрешенных 
к  применению  на  территории  Республики  Казахстан  на  2014-2022  гг.».  - 
Справочник, Астана, 2013 г. 
Ұйымдық-шаруашылық әдісі - зиянкестердің нақты түрлерінің, аурулар 
мен арамшөптердің пайда болу әдістері мен тәсілдерін ескере отырып, ықтимал 
таралу  аймағын,  қарсы  күреске  бағытталған  маңызды  іс-шаралар,  олар  қысқа 
мерзімді және ұзақ мерзімді болжауды, олардың жиілігі мен мерзімдерін, өңдеу 
нормалары мен жалпы  өсімдіктерді қорғау құралдарының қажеттілігін, жұмыс 
көлемі  түрлері  бойынша  арнайы  аппаратураны,  көлік  құралдары  мен  оларға 
қажеттілікті;  талап  етілетін  санын,  арнайы  киімдерді  және  жеке  қорғану 
құралдарын;  биологиялық  қорғау  үшін  энтомофагтардың  қажетті  санын 
анықтайды. 
Фитосанитария-зиянды  организмдер  санын  азайту  немесе  жою  бойынша 
іс-шаралар. 
Фитосанитарлық  жағдай-зиянды  және  аса  қауіпті  организмдер  саны 
және  зияндылықтарымен  анықталатын  ауыл  шаруашылығы  нысандарының 
қалыптасқан жағдайы. 
Фитосанитарлық  мониторинг  -зиянды  және  аса  қауіпті  зиянды 
организмдердің дамуы мен таралуының бақылау жүйесі. 
Фенология - бунақденелілердің даму сатыларының күнтізбесі 
Экономикалық  зияндылық  шегі  (ЭЗШ)-  өсімдіктердің  зақымдану 
дәрежесі  мәжбүрлейтін,  қорғану  іс-шараларын  қолдану  орынды  деп  табылған 
зиянды организмнің тығыздығы осылай аталады. 
 
Имаго- бунақденелілердің жеке дамуының ересек сатысы. 
ҚР АШМ АӨК МИК – Комитеті, агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік 
инспекция Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі. 
ҚР  БҒМ    БҒБК  -  Қазақстан  Республикасының  білім  және  ғылым 
министрлігі, білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті. 
Қаз ҰАУ - Қазақ ұлттық аграрлық университеті. 
ҚР АШМ- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі. 
«ҚазЖжЖШ  ҒЗИ»ЖШС-  «Қазақ  жеміс  және  жүзім  шаруашылығы 
ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 
ТШ-тәжірибелі шаруашылық 
Ш/Қ - шаруақожалығы 
МЕМСТ- мемлекеттік стандарт. 
 
дана/м
2
 - шаршы метрге дана; 
д.в. - ә.е.з. - әрекет етуші зат; 
л/га - гектарға жұмыс сұйықтығының шығысы; 
в. г. - суда еритін түйіршіктер; 
э. к. - эмульсия концентраты; 
м. в. с. к. - майлы-сулы суспензиялық концентрат; 
сух.п. - құрғақ ұнтақ. 
ЖШС – жеке шаруашылық серіктестігі 


                                            КІРІСПЕ 
 
Зерттеу  жұмысының  өзектілігі.  Қазақстан  Республикасы  Президенті 
Назарбаев  Н.Ә.  халыққа  Жолдауында  «Қазақстанның  агроөндірістік  кешені 
тиімді  болашаққа  ие,  көптеген  жағдайларда,  біз  әлемдегі  ең  ірі  ауыл 
шаруашылығы  өнімдерін  өндірушілердің  бірі  бола  аламыз.  Әсіресе 
экологиялық  таза    тағамдарды  өндіруде,  made  in  Kazakhstan  бренді  мұндай 
өнімдердің  эталоны  болуы  тиіс»  ауыл  шаруашылығын  қарқынды  дамыту 
өнімнің сапасы  мен  экологиялық  тазалығын сақтай  отырып  жүргізілудің 
қажеттілігін  атап  өтті.  [1]  Қазақстан  Республикасының  климаттық,  топырақ 
жағдайлары бәсекеге қабілетті бақ шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. 
Халықты  жергілікті  өндірістің  жемісімен  қамтамасыз  ету,  жеміс  өндірісін 
экспорттау - жеміс шаруашылығы ғалымдары мен тауар өндірушілерінің негізгі 
міндеті  болып  табылады.  Қазіргі  таңда  республикамызда    жеміс 
шаруашылығын  дамытуға  көп  көңіл  бөлінуде.  Элитті  көшеттерді  сатып  алу 
және  жеміс  дақылдарын  отырғызуда  мемлекеттен  арнайы  субсидия  бөлінеді.
 
Еліміздің  оңтүстік  және  оңтүстік  шығыс  облыстарында,  алманың 
отырғызу  материалдарын  өсіруші  және  жеткізуші  шаруақожалықтар  өркендеп 
келе  жатыролар:  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  бойынша:  «Сарыагаш  жер  сиы» 
ЖШС,  «Сарыағаш  көжет»  ЖШС,  «R.S  Агро-Групп  Холдинг»  ЖШС,  Алматы 
облысы бойынша: «Сады Жетысу Трейд» ЖШС, Ю.А. Баденко», «Айдарбаева», 
«Махмуд»,  «Сотников»,  «Тенрикут  шаруақожалықтары,  Жамбыл  облысы 
бойынша:  «Мерке  тәжірибе  шаруашылығы»  ЖШС,  «Агрокомплекс»  ЖШС,  
«Гулдер»  «Жасыл белес» шаруақожалықтарын атап өтсек болады.Қазақстанда 
өнімділігі жоғары бақтар құру ол- зақымданбағансау отырғызу материалдарына 
тікелей  байланысты.  Сау  және  сапалы  отырғызу  материалдарын  өндірудің 
экономикалық  және  экологиялық  маңызы  бар.Отырғызу  материалында 
зиянкестер  мен  патогендердің  болуы,  тікелей  шығынды  қоспағанда, 
пестицидтерді  жиі  қолдануға,  зиянды  организмдердің  резистенттік  түрлерінің 
жаппай  көбеюіне,  химиялық  препараттарды  қолдану  мөлшерінің  өсуіне  әкеліп 
соқтырып, қоршаған ортаға және алынатын өнімге кері әсерін тигізеді.[2] 
Жоғары  сапалы  отырғызу  материалы-өсімдіктің  жылдам  жеміс  беруін, 
олардың  өнімділігін  жоғарлатуға,  жеміс  құнарлығын  жақсартуға  мүмкіндік 
береді.  Мұның  бәрін  дұрыс  және  ғылыми  негізделген  көшеттіктердің 
зиянкестерге  қарсы  қорғау  жүйесі  болмаса  қол  жеткізу  мүмкін  емес.  Ол  үшін 
жергілікті көшеттіктердің энтомофаунасы, доминантты зиянды түрлердің даму 
ерекшеліктері,  олардың  дамуын  болжау,  зияндылығына  дәрілеу  зерттеу 
жұмыстары  болмаса, орындау мүмкін емес. [3,4] 
Жеміс көшеттіктерінде зиянкес бөжектер өте қауіпті болып келеді, өйткені 
екпе-көшеттердің жинаған қоры болмағандықтан, өте жас әрі әлсіз.Қазіргі кезде 
жеміс-жидек дақылдарында зиянкес бөжектердің әртүрлі түр құрамы кездеседі, 
олардың  бір  түрі  барлық  өсімдіктерді  зақымдайтын  полифаг  болса,  енді  бір 
түрлері  арнайы  маманданған  зиянкес  бөжектер  болып  саналады.  Зиянкес 
бөжектердің  түр  құрамы  әрдайым  көбейіп  отыруда,  оның  бірден-бір  себебі 
сыртқы мемлекеттерден алып келінетін отырғызу материалына байланысты. 


Отырғызу  материалдарын  залалсыздандыру  үшін,  көп  қолданбалы  және 
жоғары  концентрантты  дәрілеу,  көшеттіктерді  қоршаған  ортаны  белсенді 
зақымдайтын 
зақымдау 
көзіне 
айналдырады. 
Осы 
мәселеге 
байланысты,отырғызу 
материалдарын 
өндірудің 
әртүрлі 
кезеңдерінде 
қолданылатын  биопрепараттар  мен  азтоксинді  қауіпсіз  препараттардың  әсер 
ету  тиімділігін  анықтау  керек.  Соған  байланысты  телітілген  көшеттерді  өсіру 
технологиясын  жетілдіріп,  соның  ішінде  экологиялық қауіпсіз  биопрепараттар 
мен  биоактивті  заттарды  қолдана  отырып,  ұластырма-сорттық  үйлесімділікті 
алу  және  зиянкестердің  табиғи  жауларын  еліктіру  қазіргі  таңда  өзекті  мәселе 
болып  табылады  және  оны  шешудің  теориялық  және  практикалық    жолдарын 
іздестіруді қажет етеді.[5] 
Осы  жағдайға  байланысты,  оңтүстік  және  оңтүстік-шығысҚазақстан 
жағдайынданегізгі зиянкес бөжектермен күресу шараларын ұйымдастыру үшін 
алға  келесі  міндеттер  қойылды:  зиянкес  бөжектердің  түр  құрамын  анықтау, 
негізгі  зиянкес  бөжек  түрлерінің  фенологиясын  және  биологиясын  зерттеу, 
зиянкес  бөжектердің  зияндылығын,  оңтайлы  даму  сатысын  анықтау,  негізгі 
зиянкес  бөжек  түрлеріне  қарсы  экологияландырылған  қорғау  жүйесін 
құрастыру маңызды. 
Диссертациялық  зерттеудің  мақсаты  Оңтүстік  және  оңтүстік  шығыс 
Қазақстан жағдайындағы алма көшеттіктерінің негізгі зиянкес бөжектердің түр 
құрамын,  биологиясын,  экологиясын  және  зияндылығын  анықтап,  олармен 
күресуде қорғаудың экологияландырған жүйесін құрастыру.   
Зерттеудің  міндеттері.    Диссертациялық  зерттеу  мақсатын  жүзеге  асыру 
үшін төмендегі міндеттер қойылды: 
-мониторинг  барысында  алынған  деректерге  сүйене  отыра,  Қазақстанның 
оңтүстік  және  оңтүстік-шығыс  жағдайындағы  алма  көшеттіктерінің  негізгі 
зиянкес бөжектерінің түр құрамын анықтау; 
-зерттеу  жүргізген  жылдары  ауа-райы  жағдайының  зиянкестердің  басым 
түрлерінің  белсенділігіне  әсерін  және  маусымдық  түрлерін,  экологиясын 
зерттеу; 
        -доминантты  зиянкес  бөжектердің  биологиялық  ерекшеліктері  мен 
зияндылығын зерттеу; 
-алма  көшеттіктерінің  негізгі  зиянкес  бөжектеріне  қарсы  қолданылған 
қорғау  шараларындағы  препараттардың  биологиялық  тиімділігін  зерттеу  және 
токсикологиялық баға беру;  
-аналық-қалемше бақтары мен көшеттіктерді зиянкес бөжекерден қорғауда 
экологияландырылған қорғау жүйесін құрастыру; 
 -алма көшеттерін өсірудің экономикалық тиімділігін бағалау 
Зерттеу  нысаны.    Алма  көшеттіктері  және  оларға  зиян  келтіретін 
бөжектер (Insecta) тобына жататын негізгі зиянкес түрлері. 
Зерттеу  тақырыбы:    өсімдік  қорғау,  энтомология,  экологияландырылған 
қорғау шаралары.  
Жұмыстың  ғылыми  жаңалығы.  Зерттеу  жүргізу  барысында, 
диссертацияның  ғылыми  жаналығын  айқындайтын  төмендегідей  нәтижелер 
алынды: 

10 
  Алғаш  рет  Қазақстанның    Оңтүстік  және  оңтүстік-шығыс  жағдайында 
алма  көшеттіктерінің  негізгі  зиянкес  бөжектерінің  түр  құрамы,  биологиялық 
даму ерекшеліктері және олардың зияндылығы анықталды. 
 
 
 
Алғаш  рет  Қазақстанның  оңтүстік  және  оңтүстік-шығыс  жағдайында 
қоршаған  ортада  пестицидті  жүктемені  төмендету  мақсатында,  алма 
көшеттіктерін негізгі  зиянкес  бөжектеріне  қарсы  экологияландырылған  қорғау 
жүйесі  құрастырылды.  Алма  көшеттіктеріндегі  негізгі  зиянкес  бөжектердің 
энтомофагтары нақтыланды. 
Қорғауға  шығарылатын  нәтижелер.  Қорғауға  келесі  мәселелер 
ұсынылады: 
    1      Зерттеу  аймағындағы  алма  көшеттіктерін  зақымдайтын  негізгі  зиянкес 
бөжек түрлері; 
    2   Негізгі зиянкес бөжек түрлердің био-экологиялық ерекшеліктері,  қоректік 
байланысы, маусымдық топтары, зиянкес фенологиясы; 
    3  Сыналған  инсектицидтердің  биологиялық  тиімділігі  және  олардың 
токсикалогиялық бағасы,алма көшеттерін өсірудің экономикалық тиімділігі; 
     4    Негізгі зиянкес бөжектерге қарсы экологияландырылған қорғау жүйесі. 
Ғылыми нәтижелері. 
Қазақстанның    оңтүстік  және  оңтүстік-шығыс  жағдайында  алма 
көшеттіктеріне  жүргізілген  зерттеулер  барысында  негізгі  зиянкес  бөжектердің 
түр  құрамы  айқындалды  және  фитофаг  бөжектердің  32  түрі  анықталды.
 
Көшеттік  және  зертханалық  ғылыми  зерттеу  жұмыстарын  орындау 
нәтижесінде  алма  көшеттіктеріне  зор  зиян  келтіретін  негізгі  зиянкес 
бөжектердің:  Aphis  pomi  Deg.;  Eriosoma  lanigeruм;  Sciaphobus  sgualidus  Gyll; 
Spilonota ocellana; Archips rosana; Dolycoris baccarum; Thomasiniana oculiperda 
Rubs;  Lithocolletis  corylifoliella;  Gemiostoma  scitella  L.;  Psylla  mali  Schmdbg,  
даму  фенологиясы,  биологиялық  ерекшеліктері,  таралуы  туралы  мәліметтер 
жинақталды.Экологияландырылған  қорғау  жүйесін  құрастыру  барысында 
келесідей  телітушілер  зерттелді:  Арм18;  ММ106;  М9;  Жетісу-5;  М7;  Сиверс 
екпесі;  Б7-35;  және  сорттық-телітуші  комбинациялар:  Арм18+  Стакримсон; 
ММ106+ Ред Делишес; М9 +Голден Делишес; Жетісу-5+Апорт; М7+ Мельба; 
Сиверс  екпесі+Апорт  Б7-35+  Айдаред;  Арм18+  Голден  Делишес.  Мониторинг 
барысындазиянкес бөжектерге төзімді келетін телітушілер анықталды: Жетісу-
5;  М7,  сорттық-  телітуші  комбинациялардан  Жетісу-5+Апорт  төзімділік 
көрсетті.  Көшеттердің  зиянкес  бөжектерге  төзімді  болуы  жоғары    сипаттамаға 
ие, өйткені химиялық өңдеу жұмыстары қысқарады. 
Доминантты зиянкес бөжектерге қарсы күресушараларында қолданылған 
препараттардың шаруашылық және биологиялық тиімділіктері анықталды және 
токсикологиялық  баға  берілді.  Экологияландырылған  қорғау  жүйесінде 
қолданылған препараттар жоғарғы көрсеткішті көрсетті (89%  – 95%).Тәжірибе 
алқабында  экологияландырылған  қорғау  жүйесінде  энтомофагтарды  еліктіру 
мақсатында  қолданылған  шаралардың  яғни,  балшырын  шөптесін  өсімдіктерді 
отырғызу  нәтижесінде  энтомофагтардың  11  туыстасына  жататын  14  түрі 
тіркелді. 

11 

Каталог: page -> dissovet -> DISSERTATION 2018
DISSERTATION 2018 -> Диссертациялық жұмысына АҢдатпа ғылыми зерттеудің өзектілігі
DISSERTATION 2018 -> Капар шекарбань
DISSERTATION 2018 -> Диссертациялық жұмысына берілген АҢдатпа
DISSERTATION 2018 -> Джангабулова айнур асилхановна
DISSERTATION 2018 -> 6D080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (Ph. D) дəрежесін алуға
DISSERTATION 2018 -> Ғалымбек қанат
DISSERTATION 2018 -> Момбаева бекзат кунсалиевна
DISSERTATION 2018 -> Жаркенов Дамир Қайыркелдіұлының 6D080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін ізденуге


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет