А. М. Сидоренко автокөлік құралдары


ТЕМА 4. АВТОКӨЛІК ТРАНСМИССИЯСЫ



бет2/3
Дата01.04.2017
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3
ТЕМА 4. АВТОКӨЛІК ТРАНСМИССИЯСЫ
№4.1 БИЛЕТТІҢ ЖАУАПТАРЫ

  1. Автокөліктің ілінісуі –автокөліктің бір қалыпты қозғалысын іске асыруға арналған, трансмиссиялық қозғалтқыштың қысқа ағымдағы қатынасын және трансмиссияны динамикалық шамадан тыс жүктеуден сақтандырғыш.

2. Ілініс термині- басқышты басу кезінде іліністің толық ажырамағанын білдіреді.

3. Гидротрансформатордың гидрожалғастырғыштан айырмашылығы онда үшінші қалақты доңғалақ – реактордың болуы, (гидрожалғастырғышта екі доңғалақ болады: жетекші– сорғы және жетектегі– құбырлы).

4. Гидравликалық ілінісу жетегінің механикалықтан артықшылығы: механизимді қолайлы жерге орналастыру мүмкіндігінде, ұзын к.п.д.

5. Демультипликатор – автокөлік трансмиссиясындағы төмендеткіш редуктор (бөлгіш қорап), ережеге сай, негізгі беріліс қорабынан кейін орнатылған.

6. Автокөліктің еркін жүрістегі қозғалысы кезінде автокөліктің беріліс қорабында тек қана туынды білік айналады.

7. Планетарлық редуктордың тістегершіктері: күнгейлі тістегершік, сателлиттер, коронналық тістегершік.

8. Топсалы кардан берілісі бұрыштық жылдамдыққа тең алдыңғы жетектемелі доңғалақпен басқарылатын басты жетек редукторлы берілісті қамтамасыз етеді.

9. Үйлесімді, түйіршікті, топсалы кардандағы бунақ немесе иінтірек «бөлгіш»деп аталады, себебі олар топсаның түйіршіктерін біліктер арасындағы биссекторлық жазықтың бұрышына орнатады, яғни бұрышты бөлетін жазықтық.

10. Автокөлікте қолданылатын трансмиссия түрлері: механикалық, гидравликалық, электрлік, құрастырмалық (гибридті).

11. Мойынтіректі басты берілістегі алғашқы конусты қынақ бу тістегергішін және едәуір жүктемелі берілісті іліндіргенде білікті қондырғының қаттылығын жоғарылату үшін керек .

12. Таратылған басты берілістің артықшылығы: үлкен берілістік сан, жартылай жүксіз жарты ось және автокөліктің жетекші белдігінің үлкейтілген жолдық жарығы.

13. Жүксіз түрдің жарты осі тек қана бұралу моментін беру үшін қызмет етеді. (жүк таситын көліктерде және автобустарда қолданылады).


№4.2 БИЛЕТТІҢ ЖАУАПТАРЫ
I. Автокөліктерде қолданылатын жетек түріндегі іліністер тобы: механикалық, гидравликалық, электрлік, құрастырмалық (пневмогидравликалық).

2. Ілініс трансмиссияны берілетін моменттің шектен тыс мәнінде іліністегі дискінің сырғанауы есебінен динамикалық шамадан тыс жүктелуінен сақтандырады.

3. Гидротрансформатор – бұл гидравликалық механизм (қалақты доңғалақ: сорғы, турбина және реактордан тұрады), бұралу моментінің 2-4 есе өсуі кезінде моментің бірқалыпты және сатысыз өзгеруіне арналған.

4. Үйкелісті ілініс"құрғақ" және майлы шомылғышта болады .

З. Үйлестіргіштің қолданылуы: білікпен қосылатын бұрыштық жылдамдықты алдын ала тегістеу есебінен берілістің дыбыссыз және екпінсіз қосылуын қаматамасыз ету.

6. Жоғарлату берілісін беріліс қорабында қолдану автокөліктің үнемділігін бірнеше есе көтеруге рұқсат етеді және қозғалтқыштың қолайлы режимде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

7. Жеңіл автокөліктегі бессатылы беріліс қорабының артықшылығы: автокөліктің үнемділігі көтеріледі және де қозғалтқыш жұмысының қолайлы режимдегі ауқымы кеңейеді.

8. Айнымалы бұрыштық жылдамдықтағы топсалы карданның тетіктері: аша, айқастырма, стакан, қылқанды мойынтірек, нығыздамалы тығыздама, тоқтатқыш құрылғы (сақина, құлыпты тілімше).

9. Асинхронды, карданды берілістегі карданды білікте ең аз мүмкін масса болу керек, себебі ол бірқалыпсыз айналады.

10. Біліктің динамикалық теңгерілуін орындау үшін болатты тілімшені білік карданындағы құбырға балқытады.

11. Артқы жетекті автокөліктің басты берілісінде тік бұрышты бұралу моментінің пайда болуына керекті жұп тістегергіш міндетті түрде болады.

12. Автокөліктегі негізгі жарты остің қолданылуы – бұралу моментінің дифференциалдан жетекші доңғалаққа берілуі.

13.Автокөліктің жартылай осі тұтас білікті білдіреді.
№4.3 БИЛЕТТІҢ ЖАУАПТАРЫ
1. Іліністің жетекші және жетектегі элементтер арасындағы байланыс тобы: үйкелісті, гидравликалық, электромагниттік.

2. Бұралу моментінің ілініс қаптамасынан қысқыш дискіге берілу әдістері: серпімді тілімше арқылы, ілініс қаптамасындағы терезе арқылы және маховикте болатын ойыққа кіретін дискідегі тірек арқылы.

3. Жетектегі және ілініс механизміндегі реттегіштер: іліністің ажырауы кезіндігі муфтадағы бос жүріс, басқыштағы бос жүріс, қысымдағы ілініс дискісіндегі иінтіректің ажырау ахуалы.

4. Автокөліктегі ілініс негізгі беріліс қорабы мен қозғалтқыш трансмиссиясы арасында орнатылған.

5. Автокөліктің алдынғы жетектегі беріліс қорабы негізгі екі білік сұлбасы арқылы орындалған, олар жетекші және жетектемелі білік.

6. Жетек кинематикасына қосымша тістегершіктер немесе тістегершік жиынтығының қосылуы есебінен артқы жүрісті қозғалысқа арналған беріліс қорабындағы туынды біліктің кері айналуы іске асады.

7. Шыршатісті, тісті берілістің артықшылығы: үлкен ұзындықтағы тіс, жұмыстағы шудың аздығы, бірқалыпты ілініс, тістегершіктегі остік күштің болмауы.

8.Беріліс қорабындағы оймакілтекті қосылғыш автокөліктің қозғалыс кезінде механизмдегі остік күштің пайда болуына арналған.

9. Топсалы кардандағы қылқанды мойынтірекпен орнықтыру стаканы тоқтатқыш доңғалақ немесе тілімше құлыпты тоқтатқыш қақпақтың көмегімен жүзеге асады .

10. Басты беріліс түрлері: біркелкі, қос, бөлгіш, конустық, гипоидты, иірмекті

11. Автокөліктегі ось аралық дифференциялдың қолданылуы: автокөліктің барлық доңғалағына тұрақты жетекті қамтамасызетеді, өткізгіштікке, басқарылуына, автокөліктің орнықтылығына оң әсерін тигізеді.

12. Басты берілістегі редукторлы (бортты) доңғалақтың артықшылығы: үлкен беріліс саны, жартылай жүксіз жарты ось және де автокөліктің жетекші белдіктегі жол жарығының ұлғайуы.

13. Автокөлік салмағының берілген доңғалаққа түсуіне байланысты жарты остің жартылай жүксіз түрі сонымен қатар иілу моментін қабылдайды.
№4.4 БИЛЕТТІҢ ЖАУАПТАРЫ
I. Ауыспалы беріліс уақытын қысқарту және синхронизаторлы беріліс қорабының жүктемесін төмендету үшін іліністің көрінетін бөлігіндегі ең аз инерция моменті керек .

2. Айналғыш тербелісті іліністің өшіргіші трасмиссиядағы тетіктің иінді біліктегі бұрыштық жылдамдық дірілінің берілуін төмендетеді.

3. Автокөліктегі орнықтырғыш автоматты беріліс қорабында қолданылады.

4. Ілінісу қысқа уақыттағы ілініс доңғалағының тайғанақтауы барысында бұрыштық жылдамдығының реттелуіне дейінгі уақыт есебінен автокөліктің бір орынынан бірқалыпты қозғалуын қамтамасыз етеді.

5. Беріліс қорабындағы орнықтырғыш берілістің ауысуына мүмкіндік беретін және сырғақ ойыққа кіретін серіппе мен түйіршіктен тұрады .

6. Екі білікті беріліс қорабында аралық білік болмайды.

7. Шыршатісті, тісті берілістің кемшілігі: күрделі және дайындалуы қымбат үрдіс.

8. Егер беріліс қорабында бірнеше карданды білік қолданылса кейбір автокөліктерде карданды берілістегі аралық тірек ұстап тұратын элемент болып табылады.

9. Карданды топсаның бұрыштық жылдамдығы біркелкі емес болады, егер топсаның топса жұмысы кезінде білік арасындағы айқастырма тербелсе, бұл айналу жылдамдығының теңсіздігін тудырады.

10. Басты қос берілістің артықшылығы: үлкен беріліс саны және автокөлік картерындағы басты берілістің жол жарығынан ұлғаюы .

11. Автокөліктегі доңғалақ аралық дифференциалдың қолданылуы: тегіс емес жолда және бұрылысты жолда қозғалу кезінде керекті әр түрлі бұрыштық жылдамдықтағы автокөліктің жетекші доңғалақ осінің айналу мүмкіндігін жүзеге асыру.

12. Автокөлікте қолданылатын жарты ось түрлерін ата: жүксіз, жартылай жүксіз, ¾ жүксіз.

13. Басты берілісті картердегі сапун температураны өлшеу барысында қысымның пайда болуынан құтылу, картер қуысының атмосферамен қатынасы үшін керек.
№4.5 БИЛЕТТІҢ ЖАУАПТАРЫ
1. "Тайғанақты ілінісу" термині іліністің толық қосылмағандығын білдіреді.

2. Гидромуфтамен трасмиссияның артықшылығы: автокөліктің бірқалыпты қозғалуы және трансмиссияның жұмысы, динамикалық жүктемені төмендету.

3. Гидравликалық іліністе күш сұйықтықтың кинетикалық ағыны есебінен жетекші бөлікке беріледі.

4. Автокөліктің бірқалыпты қозғалысы көп жағдайда жүргізушінің шеберлігіне тәуелді.

5.Спидометрдің жетегі беріс қорабының туынды білігі арқылы жүзеге асады.

6.Жалпы беріліс саны беріліс қорабын төмендетеді , егер 1 –ші тістегергіш жұбының тістер саны10 және 20 тіске тең болса, екінші жұптыкі 15 және 45 тең – 6.

7. Айқастырмасы бар трансмиссия механизмі: карданды беріліс, дифференциал (жеңіл автокөліктен басқа).

8. Карданды топсаның жартылай кардандытопсадан айырмашылығы: білік арасындағы бұрыш шамасының көптігінде (35-40о қарсы 6-8о).

9. Үйлесімді,карданды топсаның екі білігіде бірдей жылдамдықта айналуының басты шарты:беріліс әрекетінің біліктен білікке біліктер арасындағы бұрыштың биссекторлық жазықтығы арқылы берілуі.

10. Гипоидты басты берілістің конустық берілістен артықшылығы: бірқалыпты ілініс, үлкен ұзындықты тісті тістегергіш, тоннельдің автокөлік салонындағы картаннан төмендігі, центрге тартқыш салмақтың төмендігі.

11. Осьаралық дифференциалдың қолданылуы: белдіктер арасындағы паразиттік,циркуляциялық қуаттың болмауы автокөліктегі жетекші белдіктің тұрақты жетекке өзгеруін жүзеге асырады.

12.Жүксіз жарты ось түрі негізінде жүк автокөліктерінде және автобустарда қолданылады.

13. Бұралу моментінің автокөлік белдігінің тек қана бір доңғалағына берілуі есебінен бірнеше автокөліктің жоғарғы үйкелісті доңғалақ аралық дифференциалы өткізгіштікті жоғарылатуға мүмкіндік береді.
№4.6 БИЛЕТТІҢ ЖАУАПТАРЫ
1. Ілініс дискісіндегі толқын және жапырақша тәріздес серіппе автокөліктің бірқалыпты қозғалысын жоғарылатуға арналған.

2. Автокөлік трансмиссиясы– бұралу моментін қозғалтқыштан жетекші доңғалаққа беруге арналған механизмдер жиынтығы.

3. Жетекші бөліктің көрінетін бөлікте күшеюі электромагниттік іліністегі бөліктер арасында ферриттік ұнтақ арқылы туындайтын магниттік күш есебінен беріледі.

4. Беріліс қорабы бұралу моментінің 4 – 8 және одан көп есе ұлғаюына, трансмиссиялық қозғалтқыштың қатынасына,автокөліктің артқы жүріспен қозғалуын жүзеге асыруға арналған.

5. Автокөліктің бөлгіш қорабы алдыңғы жетектегі жетекші белдікті қосуға және бұралу моментін ұлғайтуға арналған.

6. Блоктау құлыпы қораптағы екі берілістің біруақытта қосылудың алдын алады.

7. "Аша" атты тетігі бар трансмисссия механизмдері: ілініс, беріліс қорабы, карданды беріліс.

8. Жартылай карданды топсаның түрлері: қатты (2-4о), серпінді (до 7-8о).

9. Асинхронды топсадағы карданды берілістегі оймакілтекті қосылыс осьтік жүктеменіңпайда болмауын қамтаиасыз етеді.

10.Басты беріліс бұралу моментін ұлғайтуға арналған және оның тік бұрышта пайда болуына негізделген.

11. Автокөліктерде симметрлі доңғалақ аралық диффееренциал қолданылады.

12. Жеңіл автокөліктерде жартылай жүксіз жартылай ось түрі қолданылады, себебі жартылай оське берілетін бұралу моменті аз шамада.

13.Автокөліктің басты берілісі төмендеткіш редуктор болып табылама ?
№4.7 БИЛЕТТІҢ ЖАУАПТАРЫ
1. Автокөлік ілінісіндегі диафрагменді (табақшалы),қысымды серіппе механизм өлшемін азайтуға,құрылымды жеңілдетуге және реттеуге,ілініс басқышының күшін азайтуға мүмкіндік береді.

2. Жетекші доңғалақ пен қозғалтқыш арасындағы сипатына байланысты трансмиссия түрлері: механикалық, гидравликалық, электрлік, құрастырмалы (гибридті).

3. Жалғастырғышта іліністі ажырату үшін қолданылатын мойынтірек түрлері: қиыршықты мойынтірек, тіреуішті шарикті мойынтірек.

4. Тісті ілініс түріне байланысты беріліс қорабы: тік тісті, қиғаш тісті, шырша тісті.

5. Автокөліктегі бөлініс қорабының диффе­ренциалы автокөліктегі тұрақты жетектің жетекші белдікке ауысуын немесе белдік мөлшеріне және жүктемеге пропорционалды бөлінуін жүзеге асырады.

6. Орнықтырғыш автокөлік қозғалысы кезінде өздігінен өнімділіктің қосылуына немесе беріліс қорабының ажырауына мүмкіндік бермейді.

7. Спидометрдің жетегі , ережеге сай, беріліс қорабындағы туынды білік арқылы жүзеге асады.

8. Серпінді,резеңкелі жалғастырғыш жартылай серпінді карданды байланыстыратын элемент болып табылады.

9. Бұрыштық жылдамдыққа тең әмбебап карданды топса біліктің ось бойынша жылжуына мүмкіндік береді.

10. Әдетте автокөліктегі басты беріліс картердағы жетекші белдікте орнатылған.

11. Симметриялы емес осьаралық дифференциал бұралу моментін белдік мөлшеріне және жүктемеге пропорционалды бөлуге мүмкіндік береді.

12. Басты берілісті жинау үшін біліктегі конусты мойынтіректің алдын ала керілуін құру және жұп іліністегі тістегергіштің саңылауын ұстау керек.

13. Доңғалақта дифференциал арқылы пайда болатын бұралу моментінің автокөлік доңғалағының осіндегі ең аз екі моменттің қосындысына тең болуы автокөліктің доңғалақ аралық тістегергіштік дифференциалдық өтімділігін төмендетеді.
№4.8 БИЛЕТТІҢ ЖАУАПТАРЫ
1. Қысым күшін құру тәсіліне байланысты ілініс тобы: серіппелі(шеттік серіппе , конусты, орталық және диафрагменді серіппе), центрлік, жартылай центрлік, электромагниттік.

2. Доңғалақты формула 6x6 алты тірек доңғалақтың барлық алтауыда жетекші екенін білдіреді.

3. Автокөлік қозғалысы кезінде іліністің тайғанақтауынан ирелек қызады, тығырық ирелек қысым дискісімен серіппе арасындағы жылу беруді тежейді.

4. Ұлғайберіліс – бұл жоғарлататын бәсеңдегіш, трансмиссияда негізгі беріліс қорабының алдында орнатылған (көршілес берілістің беріліс сандарының алшақтығын азайтуға арналған).

5. Төмен берілісті бөлгіш қорабтағы алдыңғы белдіктің қосылуынсыз қосуға болмайды, өйткені ұлғайған бұралу моменті трансмиссияның шамадан тыс жүктелуіне әкеледі.

6. Егер қосылған беріліс қорабындағы беріліс саны 3,5 тең болса, онда бұралу моменті беріліс қорабын шығару кезінде ұлғаяды, ал жылдамдық – сонша рет төмендейді.

7. Сателлиттер автокөліктің дифференциалында және планетарлы редукторда орналасқан .

8. Автокөлікте қолданылатын синхронды, карданды топса түрлері: жұдырықшалы-дискілі, қосарланған, шарикті (бөлгіш иінтіректі немесе бөлгіш жырашықты ).

9. Карданды білік – бұл қабырға қалыңдығы 2- 3,5 мм болатын құбыр түріндігі бос қуысты білік.

10. Автокөліктің басты берілісінде негізінен аунақшалы конусты мойынтірек қолданылады.

11. Конусты, тістегерішті дифференциалдың негізгі тетіктері: тұрқы, ось немесе дифференциалдың айқастырмасы, сателлиттер, жарты ості тістегеріш.

12. Басты берілістегі реттегіш - реттегіш тығырық немесе реттейтін тәжді сомын көмегімен жүзеге асады.

13. Доңғалақ аралық дифференциал симметриялы болады, өйткені бұралу моменті доңғалақ аралықтарына тең бөлінеді.
№4.9 БИЛЕТТІҢ ЖАУАПТАРЫ
1.Автокөліктердегі кейбір ілініс жетегіндегі серіппенің қолданылуы іліністің ажыратылуы кезіндегі басқыштың әрекетін төмендетуге мүмкіндік береді.

2. Гидрожалғастырғышта қолданылатын қалақты доңғалақ: сорғы және құбырлық

3. Екідискілі фрикционды іліністің артықшылығы: үлкен моменттің берілуі және ілініс картеріне аз мөлшерде берілуі.

4. Қорабтағы блок құлыбы қос екі берілістің бір уақытта қосылуын жүзеге асырмау.

5. Тұрақтағы қозғалтқыштың жжұмысы кезінде беріліс қорабында тек қана алдынғы және аралық білік айналады.

6. Түзу қозғалыс кезінде беріліс қорабын шығаруда бұралу моменті өзгермейді.

7. Атокөліктегі карданды беріліс жетік емес орналасқан механизмдер арасындағы бұралу моментін беруге арналған, қозғалыс процесі кезінде өзара жағдайы өзгеруі мүмкін.

8. Бұрыштық жылдамдыққа тең шарикті карданды топса түрлері: шарикті(бөлгіш иінтірек және бөлгіш бунақ).

9. Толық жетекті және алдыңғы жетекті автокөліктер трансмиссиясында синхронды, карданды топсалар болады .

10. Біртекті басты берілістің негізгі тетіктері : тістегергішті жетекші білік, аунақшалы мойынтіріектер, тісті доңғалақ (жетек тістегеріш).

11. Дифференциалдың блокқа тұруы автокөліктің өтімділігін жоғарлатады.

12. Картердің басты берілісіндегі майлау затының деңгейі құйылатын тесіктің ернеуінен төмен болуы керек .

13. Автокөліктің басты берілісінде аунақшалы конусты мойынтірек қолданылады, өйткені олар эксплуатация процесі және құрастыру кезіндегі реттегішті жүзеге асырады, сонымен қоса үлкен жүктеме кезінде жұмыс істей алады .
№4.10 БИЛЕТТІҢ ЖАУАПТАРЫ
1. Іліністе қолданылатын басқыш серіппенің түрлері: шеттік цилиндрлі серіппе, конусты орталықты, диафрагменді( табақшалы ) серіппе.

2. Гидротрасформаторда қолданылатын қалақты доңғалақ: сорғы, құбырлық және реактор.

3. Бірдискілі іліністе екідискілімен салыстырғанда аралық жетекші дискі болмайды .

4. Қиғаштісті ілініс тістегеріштің артықшылығы: тістің үлкен ұзындығы, ілініс тістегерішінің бір қалыптылығы жұмыс барысында шудың төмендігі.

5. Түзутісті ілініс берілісінің қорап берілісі тістегіеріштің орын ауысуы арқылы қосылады.

6. Жылдам берілісті автокөліктің қозғалысы кезінде беріліс қорабының шығу уақытындағы бұралу моменті мөлшері жағынан қораптың кіруі кезіндегісінен төмен болады .

7. Бұрыштық жылдамдықтары тең емес карданды берілісті топса қорап берілісін басты беріліспен қосады.

8. Карданды топсаны майлау тәсілдері:

- майлау ЦИАТИМ №158, барлық қор жұмысындағы топсаны құрастыру кезінде құйылады;

- трансмиссиялық маймен майлау пресс –май сауыт ТО арқылы жүзеге асады.

9. Автокөліктің трансмиссиясына келесі механизмдер кіреді: ілініс, негізгі және қосымша беріліс қорабы, карданды беріліс, басты беріліс, дифференциал, жарты ось, ернеулі(доңғалақты) редукторлар

10. Планетарлы доңғалақты редуктордың негізгі тетіктері: күндік тістегеріш, тәжді тістегеріш, жетектегіш, сателлиттер.

11. Бөлінген басты беріліс екі редукторды көрсетеді: белдік картеріндегі - орталық, және жетекші доңғалақтағы - ернеулік.

12. Жеңіл автокөліктің жартыосі остік орын ауысуы кезінде тоқтатқыш(қысқыш ) сақина арқылы ұстап тұрады, мойынтіректегі жарты осте престелген.

13. Ілініс қаптамасынан басқыш дискіге берілетін бұралу моментінің тәсілдері: серпінді тілімше арқылы, ілініс қаптамасындағы терезе арқылы және тегершікте болатын, ойыққа кіретін дискідегі кертіктер арқылы .
ТЕМА 5. ЖҮРІС БӨЛІМІ, БАСҚАРУ МЕХАНИЗМДЕРІ ЖӘНЕ СПЕЦИАЛИЗАЦИЯ
№5.1 БИЛЕТТІҢ ЖАУАПТАРЫ.


  1. Автокөлік қаңқасының түрлері: лонжеронды,жоталы Х – тәріздес және шанақты алып жүруші.

  2. Жеңіл автокөліктің доңғалақтары екі бөліктен тұрады: металдық бөлік(диск, құрсау) және серпінді элемент (пневматикалық доңғалақ).

  3. Автокөлік қозғалысы кезіндегі тербелістің тез өшуіндегі аспадағы бәсеңдеткіштің қолданылуы, сұйық үйкелістің пайда болу кезіндегі кинетикалық энергиядан жылудың пайда болуы есебінен жүзеге асады.

  4. Серіппегіш аспаның артықшылығы құрылысының қарапайымдылығы, сенімді және кіріспе элементте аспаның барлық үш қызметінің үйлесуі(серпінді, өшіргіш және бағыттаушы).

  5. Автокөліктегі тәуелсіз аспадағы рулдік жетектің қосылуына кіреді: көлденең рулдік тартым, маятникті иінтірек, бұрылыс шетмойынындағы иінтірек, рулдік механизмдегі ілмек, тартымдағы домалақ топса.

  6. Алдыңғы доңғалақтағы құлау бұрышы (0 – 2о), автокөлік қозғалысы кезіндегі жүктемедегі доңғалақтың тік жағдайын қамтамасыз ету, сонымен қатар доңғалақтың бұрылысын жеңілдету және доңғалақ мойынтірегінің ішкі жүктемесін төмендету үшін керек.

  7. Гидравликалық жетектегі тежегіш жүйенің құрылғысы: басты тежегіш механизм, гидровакуумды күшейткіш, тежегіш магистраль, доңғалақты барабанды немесе дискілі тежегіш механизм.

  8. Энергошоғырлағыш пневматикалық тежегіш камераның қолданылуы сенімділікті жоғарылату және апат жағдайындағы тежегіш жүйенің қауіпсіздігін жүзеге асыру, сонымен қатар тежегіш жүйенің қызмет ету элементтерінің қатары кеңейеді (энергошоғырлағыш тежегіш камера).

  9. Көп қарамды пневматикалық жүйенің тежегіш қарамдары (мысалы КамАЗ): алдынғы жұмыс тежегіші, артқы жұмыс тежегіші, тұрақты және қордағы тежегіш, апат жағдайындағы тежеу қарамы, қозғалтқыш тежегішінің қарамы және пнвможетектегі қосымша тұтыну ; (тежегіш тіркемені басқару кез- келген қарам арқылы жүзеге асады.).

  10. Тежегіш механизмдегі керекті барабан мен қалып арасындағы саңылау келесі тұрпатта қолданылады: қолмен – реттегіш эксцентриктер көмегімен, және автоматты – қажырлы кесілген доңғалақтар көмегімен (барабанды) немесе тығындалған көмкерме серпіні арқылы (доңғалақтағы).

  11. Автокөлік – өзі аударғыштың шанағы қалпына байланысты бөлінеді: тікбұрышты, ожау тәріздес, қалақ тәріздес.

  12. Изотермиялық шанақты автокөлік –рефрижератордың автокөлік –фургоннан айырмашылығы: ондағы стационарлық немесе автономиялық тоңазытғышты құрылғының болуында.

№5.2 БИЛЕТТІҢ ЖАУАПТАРЫ




  1. Лонжерон түріндегі автокөлік қаңқасы екі тік лонжероннан тұрады: көлденең (траверс), буфер және тіркемелі құрылғы.

  2. Автокөліктің доңғалақ дискісінің түрлері: терең бөлшектелмеген (жеңіл), тегіс бөлшектелген, тегіс алмалы –салмалы ернеумен, құрама үйірмелі.

  3. Автокөлік аспасында қолданылатын серпімді элементтер: серіппегіш, серіппе, пневмобаллон, бұраушы.

  4. Тәуелді және тәуелсіз аспа арасындағы айырмашылық: тәуелсіз аспада бір остегі сол және оң доңғалақ арасындағы қатты байланыс элементінің болмауы.

  5. Алдыңғы доңғалақ (0,3 – 1о), немесе (2–10 мм) автокөліктің алдындағы доңғалақтың ұқсастығы жанама тайғанақтаусыз доңғалақтардың орнында теңселуінде.

  6. Басқару механизмінің түрлері: иірмекті, бұрама-өзенді, өзенді, тістегерішті.

  7. Пневматикалық тежегіш жүйенің негізгі түзілімі: сығымдағыш, қысымды реттегіш, жинағыш, тежеме көтергіш, пневмосым, доңғалақ механизімінің тежегіш бөлмешігі.

  8. Құралкүймешіктің тежегіш цилиндірлі көмкермесінің серпімді тығындалуының есебінен автокөліктегі тежегіш дискі және қалып арасындағы саңылау тіркеліп тұрады.

  9. Көпқарамды тежегіш жүйенің қолданылуы сенімділікті және апат жағдайындағы автокөліктің тежегіш жүйесінің қауіпсіздігін жоғарылатады.

  10. Тұрақты тежегіш жүйенің түрлері: трансмиссиялық тежегіш; артқы доңғалақтағы жетектің тежегіш механизмі, энергошоғырлағыш.

  11. Автокөліктің жоғарғы өтімділігінің қарапайымнан айырмашылығы: өтімділіктің геометриялық көрсеткіші( жолдық жарық, доңғалақтың мөлшері), барлық толық жетек, төменгі беріліс.

  12. Автокөлік- рефрижератордың тоңазытқышты құрылғысы: сығымдағыш, конденсатор, кедергілеу құрылғысы, еріткіш, хладагент(фреон).

№5.3 БИЛЕТТІҢ ЖАУАПТАРЫ




  1. Автокөлік қаңқасы элементтерін қосудың негізгі тәсілі –клепанды қосылыс.

  2. Жүк автокөлігінің пневматикалық доңғалағының құрылғысы: дөңгелекқап, пневмобөлмешік, құрсаулы таспа.

  3. Дискісіз автокөлік доңғалағының артықшылығы: құрылысы қарапайым, салмағы аз (10-15%), төмен баға, жинақтауға ыңғайлы, доңғалақты және тежегішті жақсы суытады.

  4. Жүк автокөлігінің басқару жетегінің құрылғысы: ілмек, тік және көлденең басқару күші, бұрылыс цапфындағы иінтірек, басқару күшінің топсасы.

  5. Басқарылатын доңғалақтың тұрақтандыру бұрышы көлденең және тік жазықтықтағы шүберіннің еңкеюін қамтамасыз етеді : тікбұрыш (жылдамдықты) 1 – 4отең, көлденең тұрақтандыру бұрышы (салмақты) 6 – 10отең.

  6. Автокөліктегі басқару күшінің топсалы құрылғысы: топса тұрқы, домалақ саусақ, ішпек, серіппе, тығын, резеңке тығындағыш.

  7. Автокөлік жетегіндегі басты тежегіш цилиндірде өткізбелі және кері бағытты клапан орналасқан, ол тежегіш жетектегі қалдық қысымды құруға арналған (мөлшермен 100 кПа).

  8. Трансмиссиялық тұрақты тежегіштің артықшылығы мен кемшілігі : тежегіштің иінтірегіне аз күш бергенде тежегіш моментінің үлкен болуы және апат жағдайындағы тежегішті қолдану кезіндегі жанаманың қауіптілігі.

  9. Пневматикалық тежегіш жүйесіндегі сығылған ауадағы ылғалды жою тәсілдері: спирт буының қаныққан конденсаты және оның пневмосистемадан ағызылуы, сығылған ауаның сууы және сығымдағыштың бос жүріс режиміндігі ағызу конденсаты.

    Каталог: files -> MethodBook
    MethodBook -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
    MethodBook -> Методические указания по выполнению практических работ для специальностей 5В071200 «Машиностроение», 5В012000 «Профессиональное обучения»
    MethodBook -> Методические указания по итоговому контролю Мамандық: 5В071200- «Машина жасау» Оқу түрі: күндізгі күндізгі қысқартылған Өскемен
    MethodBook -> Kазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi Д. Серiкбаев
    MethodBook -> Лекциялар тақырыптары толығымен 30 сағат көлемінде слайдтың сүйемелдеуімен компьютерлық аудиторияларда оқылады
    MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық: 5В070600 Геология және пайдалы казбалар кенорындарын барлау Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Геология және кен ісі»
    MethodBook -> Қ.Қ. Комбаев метрология, стандарттау және сапаны басқару


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет