А. Л. Катков ойынға тәуелділіктің алдын алу, емдеу және оңалту



бет1/11
Дата27.09.2018
өлшемі2.35 Mb.
#85494
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


ҚАЗАҚСТАН рЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ – ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

А.Л. Катков
ОЙЫНҒА ТӘУЕЛДІЛІКТің алдын алу,

ЕМДЕУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ
Әдістемелік ұсыныстар

Павлодар, 2012

Катков А.Л.

Ойынға тәуелділіктен сауықтыру, емдеу және оңалту: Әдістемелік ұсыныстар. – Павлодар, 2012. – 87 б.
Әдістемелік ұсыныстарды м.ғ.д., профессор А.Л. Катков әзірледі.
Ұсынылып отырған әдістемелік ұсыныстар аддиктологиялық кәсіп бағытындағы психотерапевт дәрігерлері, психологтер, әлеуметтік қызметкерлер сияқты мамандарға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарда құмар ойындарға патологиялық әуестік сипаттамалары туралы айтылған. Ойынға тәуелділіктің кең таралуы, қатар жүретін зиянды зардабы және әлеуметтік залал туралы мәліметтер келтірілген. Ойынқұмарлыққа еліктірудің негізгі механизмдері қарастырылады. Әлеуметтік қарсы тұрудың дәстүрлі әдісі тиімділігіне жалпы баға берілді.

Құмар ойындарына патологиялық әуестігі бар тұлғаларға заманауи аддиктологиялық көмек көрсету, тиімді алғашқы алдын алу, емдеу және оңалтуды ұйымдастырудың инновациялық әдісін сипаттауға ерекше көңіл бөлінеді.

Рецензенттер:

Медицина ғылымдарының докторы А.Ю. Толстикова

Медицина ғылымдарының докторы Ю.А. Россинский
Әдістемелік ұсыныстар Нашақорлықтың медициналық–әлеуметтік мәселелерінің республикалық ғылыми–практикалық орталығының Ғылыми кеңесінің отырысында қарастырылды. (ғылыми кеңес төрағасы – А.Т. Есқалиева, 2012 жылғы 24 ақпандағы № 259 хаттамасы).

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық білім және ғылымның инновациялық технологиялары республикалық орталығымен мақұлданған және ұсынылған (2012 жылғы «15» мамырдағы № 15 хаттама).


© «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік мәселелері республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК

МАЗМҰНЫ
1 Анықтамасы және негізгі сипаттамалары………………….

2 Таралуы …………………………………………….

3 Зиянды салдары …………………………………………..

4 Әлеуметтік залал…………………………………………….

5 Еліктіру механизмдері………………………………………..

6 Әлеуметтік қарсы тұру ………………………………….

7 Тиімділіктің жалпы бағасы …………………………………

8 Инновациялық тәсілдер……………………………………….

9 Тиімді алдын алу технологиялары ……………………

10 Емдеу және оңалту технологиялары …………………………



Әдебиеттер тізімі…………………………………………………….

Қосымша

1 қосымша. ЖАЛҒАН БӘСТЕСУ МЕЖЕСІ

2 қосымша. SOGS – ОҢТҮСТІК ОУКС САУАЛНАМАСЫ

3 қосымша. ҚҰМАР ОЙЫНДАРЫНА САЛЫНУ МАССАЧУСЕТ

САУАЛНАМАСЫ (MASSACHUSETTS GAMBLING SCREEN (МАGS)

4 қосымша. NORC-DSM-IV ҚОҒАМДЫҚ ПІКІРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САУАЛНАМАСЫ

5 қосымша. ПРОБЛЕМАЛЫ ГЕМБЛИНГТІҢ КАНАДАЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ (СРGI)

6 қосымша. ВИКТОРИАНДЫҚ САУАЛНАМА (VICTORIAN GAMBLING SCREEN)

7 қосымша. АНОНИМДІ ОЙЫНШЫЛАР ҚОҒАМЫНЫҢ ЖИЫРМА СҰРАҒЫ

8 қосымша. ОРТАҚ ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ БОЛУЫНА ТЕСТ

9 қосымша. ВИКТОРИАНДЫҚ СҰХБАТ (VICTORIAN GAMBLING SCREENINTERVIEW)

10 қосымша. WMH САРI СҰХБАТЫ (ТНЕ world mental health composite international diagnostic interview)

1 Анықтамасы мен негізгі сипаттамалары

Құмар ойындарға патологиялық құштарлық (әуестік) – күрделі, құмар ойындарға тартудың қайталанатын эпизодтарымен сипатталатын созылмалы психикалық бұзылу.

Құмар ойындарға патологиялық әуестіктің басты белгісі ойыншының іс-қимылы ойын импульсіне қарсы тұруға созылмалы прогрессивтік қабілетсіздігі болып табылады, жеке, отбасылық және кәсіптік жағдайын кепілге тігеді, бұзады және құлдыратады (DSM-IV-R).

Құмар ойындар өздігінен осындай немесе өзге де нысанда көптеген мәдениеттер мен әлем елдерінің кеңінен танылған, әлеуметтік қабылданған және ашық қызмет түрі болып табылады. Құмар ойынның ішкі психологиялық мәні оқиғаның белгiсiз нәтижеде дамуы кезінде бағалы бiр нәрсені ұту үмітімен қатар қолда бар құндылықты жоғалту тәуекелін ұғынудан туындайтын бiртiндеп өсетін психикалық шиеленіс (және одан шығатын бәсеңдік) болып табылады.

Көптеген адамдар үшін құмар ойындардың осындай немесе өзге де түрлеріне қатысу – зиянды зардабы жоқ көңіл көтеру. Осы мағынада ойын – жұмысқа немесе басқа да әлеуметтік қажетті және маңызды іс-әрекеттерді орындауға қарама-қайшы.

Бірақ, тұлғалардың өзге санатында ойынға елігу дәрежесі ырыққа көнбей үдейді және әлеуметтік қабылданған қызметін біртіндеп бұзады. Осындай жағдайда құмар ойындарға патологиялық әуестіктің қалыптасуы туралы айтуға болады (осы терминнің жалпы қолданылатын синонимдері – ойынға әуестік, ойынға тәуелділік, патологиялық гэмблинг).

Құмар ойындарға патологиялық еліктіру МКБ-10 (шифрі F63.0), сондай-ақ, Американдық психиатрлер ассоциациясының DSM-IV-R классификациясына енгізілген, 20 жылдан аса ресми мойындалған патология. Соңғысына сәйкес, құмар ойындардан тәуелділік диагнозын төменде көрсетілген симптомдардың ішінен 5-еуі болған кезде қоюға болады:


  1. Құмар ойындарға өте көп уақыт бөлу.

  2. Қалаған қанағаттануға қол жеткізуге ұмтылып, ақша мөлшерлемесін арттыру немесе жиі ойнау қажеттілігі.

  3. Өткен жолы болған сәтсіз әрекеттерді бақылап, құмар ойындарды ойнауға ұмтылысты азайтып немесе толығымен тоқтату.

  4. Құмар ойындарын ойнау ұмтылысын азайтып немесе толығымен тоқтату әрекеті кезінде көрінетін қорқыныш пен ашу.

  5. Құмар ойындары проблемаларынан құтылу немесе дисфориялық көңіл-күйді жақсарту мүмкіндігі ретінде қолданылады.

  6. Ұтылғаннан кейін келесі күні ұтылған ақшаны қайтарып ұтып алу (қайтару) үшін қайтып бару («ұтылған ақшаға әуестік»).

  7. Құмар ойындарына батудың айқын дәрежесін жасыру мақсатында отбасы мүшелерін немесе айналасын алдау.

  8. Құмар ойындарына ақша табуға ұмтылуда заңды бұзу.

  9. Құмар ойындарға қатты берілуден достарын, жұмысын, білім алу мүмкіндігі немесе мансап мүмкіндігін жоғалту (немесе жоғалтып та үлгеру) тәуекелі.

  10. Құмар ойындарына салынудан қаржылық мәселелер жауапкершілігін басқаларға жүктеу немесе аудару (DSM-IV-ТR, 2000).

Бұрынғы кеңес республикаларының тәуелділік тудыратын құмар ойындарының ішінде біршама кеңінен таралған ойын автоматтары, интернеттегі құмар ойындары, қарт ойындары, рулетка, лотерея (Д.А. Автономов, 2010). Мұндағы түсіндіріп өтетін жайт: осы тізімдегі интернеттегі құмар ойындары интернет–тәуелділікпен ұқсастырылмайды, ол көптеген өте маңызды сипаттамалар бойынша психологиялық тәуелділіктің жеке түріне ие болады. Бұл жерде интернет мүмкіндігі есебінен құмар ойындарға қол жетімділік туралы көбінесе айтылады.

Ойынға тәуелділіктің қалыптасуы келесі кезеңдерді қарастырады (Custer R.L. бойынша, 1982):



- дайындық кезеңі, мұнда «вирусқа» қабілеттілік, құмар ойындарға елігу сипаты қалыптасады (өзін-өзі төмен бағалау, рұқсат бермеу мен құптамаушылыққа төзбеушілік; қарқындылық, күйзелістің жоғарғы деңгейі немесе терең күйзеліске түсу; сәтсіздіктерге төзбеушілік және тез арада қанағаттануды қажетсіну; құдіреттілікті сезіну және сиқырлы ойлануға бейімдігі; белсенділік, қызмет құмарлығы, сезімге берілу, ынталану, тәуекелге бейімдігі). Айтып өткен қасиеті бар тұлғалар ата-аналары көңіл бөлмеген жағдайда, бас тартқан немесе ата-анасыз өскен жағдайда, сонымен қатар, ақша мен материалдық құндылықтарды дәріптеу жағдайында өседі.

- ұту кезеңі (жеңіске деген сеніммен ойын үрдісіне ақырындап елігу, ол жиі ұтыстар, оның ішінде өте ірі ұтыстармен расталады; өзіне және құдіреттілігіне деген сенім; ойынға берілу);

- ұтылу кезеңі (ойынға толығымен берілу; ойнаудың кезеңдік үрдісіне тартылу – ұтылу – қарыз алу – кезеңдерді өту жылдамдығының артуымен тығылу; тұрақты түрде өтірік айту; әлеуметтік міндеттерін ұмыту; ашушаңдық, шаршау, адамдармен араласпаудың артуымен тұлғаның өзгеруі; ойнауды тоқтатуға аянбай талпыну);

- беті қайту және күйзелу кезеңі (айырылысу, тұтқындалу, істің еш түзелмеуі сезімі, эмоционалдық күйзеліс, өз-өзіне қол жұмсауды ойлау және әрекет жасау, адамдармен араласуды тоқтату, тұйықталу, алкогольді асыра пайдалану, мөлшерлемелерді өз мүмкіндігіне сай емес арттыру және «енді қайтарып алу» үмітімен жеке уақытын толық ойынға арнауы);

- шарасыздық кезеңі (R.J. Rosenthal қосылған үстеме кезең, мұнда ойыншылар жеңуге деген бар үміттен айырылады, бірақ, ойын үшін, мақсатсыз, халі біткенге дейін ойнауды жалғастырады).

Құмар ойындардан тәуелділікке тартылу үрдісі кезеңдігінің басқа клиникалық бағытталған нұсқасы В.П. Сербский атындағы ӘСПМҒО қызметкерлерімен (З.И. Кекелидзе, Н.В. Шемчук, 2008) әзірленді және келесідей кезеңдердің болуын қарастырады: 1) клиникалыққа дейінгі кезең: нақты психопатологиялық белгілері жоқ кезде; сәл ғана психикалық қызметтің бұзылуы байқалған, алдағы уақытта сауығып, жағдай өздігінен шешілуі мүмкін; 2) клиникалық өзгерістің бірінші кезеңі: ойын, бас қатыратын ойлар, қарқынды іздеу әрекеті, жеке тәуелділік баламаларынан туындаған психикалық тәуелділіктің қалыптасуы; 3) клиникалық тәуелділіктің екінші кезеңі: ойын әрекетіне байланысты күйзелісті реакция арқылы көрінетін айқын обсессивті-компульсивтік бұзылулар, төзімділіктің өзгеруі, бақылаудың жойылуы, сынның төмендеуі; 4) тұлғаның құрылымдық өзгерістер кезеңі: эмоционалдық тегістелудің жалпы түрінде тұрпайы және айқын күйзелісті реакциялар ойын қызметіне байланысты ғана бақыланады, бас қатыру психикалық автоматизм сипатына ие болады; төзімділік төмендейді; жігердің құрамдас бөлігі айтарлықтай дәрежеде шығындалады; ой-өріс даралықтан айырылады және магиялық түрге ие болады; жеке және әлеуметтік мүдде ортасы айтарлықтай төмендейді.

Осы кезеңнен өтудің жалпы уақыты әдетте 1,5 жылдан 3 жылға дейін құрайды, бірақ, 10 жылға да созылуы мүмкін.

Сонымен қатар, ойынға тәуелділіктен сауығу кезеңдері де сипатталған (Custer R.L., 1984), ол келесілерден тұрады:

- дағдарыс кезеңі (абстиненттік көріністер көзге түседі, олардың біртіндеп редукциялануы байқалады, ұйқының және физиологиялық міндеттер қалыпқа келе бастайды);

- қалпына келу кезеңі (тұлға үшін маңызды адамдармен қарым-қатынас қайта жаңғыртылады, әлеуметтік міндеттер қайта қалпына келтіріледі, жиналып қалған мәселелер шешіледі, баламалы эмоционалды реакциялар пайда болады);

- өсу кезеңі (ойынға қызығушылықта тұрақты төмендету байқалады, жағдайдың нақты бағасы пайда болады, іс-қимыл жаңартылған әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізуге бағытталады).

«Ойын күйзелісі» психологиялық және клиникалық-психопатологиялық механизмдері немесе тәуелді әрекеттің қайталануын көрсететін ойын кезеңі толығымен зерттелді. Мұндағы салыстырмалы (кейде қымбатқа түскен) саулық фонында мыналар көрінеді: ойын туралы ойлардың жиілеуі және ойын қиялының күшеюі, ойын уақытын бақылай алу мүмкіндігіне сенімнің артуы («бір-екі рет ойнап – тоқтау»); өмірдің «ашық жолағы», «сәттіліктің түсуі» және т.б. жақындағанына сенімнің пайда болуы; қорқыныш және жабығумен үйлесетін эмоционалдық күйзелістің туындауы; ойнауға деген басылмайтын ықыластың пайда болуы, ойнауға деген құштарлық автоматты түрде, қарсылықсыз, іске асқан жағдайда, ойнауға жақын, өзгертілген сана-сезім жағдайын дамыту; ойыннан кейін бірден келетін есеңгіреу жағдайы, кінә сезімдері, өзін-өзі кінәлау, өкіну, кей кезде ауыр үрейлі-күйзеліс әрекеттері; әлсіздік, енжарлық басым болуымен жабығудың дамуы (И.Ю. Даренский, В.С. Акопян, 2006; В.Л. Малыгин, В.Д. Цыганков, 2006).

Құмар ойындарға тәуелділік мәселесін зерттеуде клиникалық-психопатологиялық нақыш тиімді медициналық-биологиялық және кешенді сауықтыру әрекетіне арналған сараланған нысананы сәйкестендіруге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн (Н.В. Шемчук, Г.Г. Агаларзаде, П.А. Юсупова, 2008). Мысалға, Т.Н. Дудкомен, М.А. Мягковамен, Л.Ф. Панченкомен және т.б. (2006) ойын тәуелділігінің өзекті синдромы және олардың негізгі компоненттері зерттелді және сипатталды. Базистік синдром ретінде келесілер теңдестірілді:

- тәуелділік синдромы (басты құраушысы: патологиялық елігу; абстиненттi синдром; ойын ойнау синдромы; ұту синдромы; ұтылу синдромы);

- ойынға патологиялық елігу синдромы (негізгі симптом кешендері: вегетативтік бұзылулар; жарыместікпен, мінез-құлық, эмоционалдық құраушыларымен психикалық бұзылулар; соматикалық бұзылулар);


  • абстинентті синдром (негізгі симптом кешендері: вегетативтік бұзылу; эмоционалдық, мінез-құлық, жарыместік, күмәнділік құраушыларымен психикалық бұзылулар; соматикалық бүлінулер);

- ойынға құлдилау синдромы (күйзелу, мінез-құлық, зерделілік – пікірлік, әлеуметтік, моральді-этикалық құраушылармен).

Осы жіктеуде алғашқы үш базистік синдромдар қиылысатынын айта кеткен жөн. Яғни, тәуелділік сияқты «үлкен» синдромдар психопатологиялық көріністерінің аз спектрлері бар симптом кешендерін қамтиды, ал олар өз кезегінде одан да аз дифференциалданған синдромдар, демек, жағдайдың тәуелдi күйi психопатологияның сипаттамасы үшiн кәдiмгi орын алады.

Ойынға құмарлық қалыптасуының тетiктерiн зерттеуде психологиялық екпiн тәуелді тұлғалардың кешенді терапиясы және оларды сауықтыруда баламалық психотерапевтикалық және кеңестік-психологиялық жолдарды ойлап табуға мүмкiндiк туғызады (В.В. Зайцев, А.Ф. Шайдулина, 2003; И.Д. Даренский, В.С. Акопян, 2005; А.О. Бухановский, В.В. Мадорский, В.А. Солдаткин, 2008).
2 Таралуы

Ересектер арасындағы патологиялық ойыншылар саны 0,4% -дан 3,4%-ға дейін құрайды, ал кейбір өңірлерде 7%-ды құрайды. 1999 жылдан 2002 жылға дейінгі аралықта Канада, Жаңа Зеландия, Швеция, Ұлыбритания, Швейцария және Австралияда жүргізілген зерттеулер мәліметтері бойынша ойынға құмарлықтың көп таралғандығы 1%-дан 1,5%-ды, Гонконгта – 1,9% құрады.

Жасөспірімдер мен жастар арасында патологиялық ойыншылар саны үлкендер арасындағы патологиялық ойыншылардың орташа санынан асып түседі, 2 есеге жуық, тіпті 2,8% - 8% көрсеткішіне дейін жетеді.

2001 жылы жүргізілген Ресей халқының қала тұрғындарын зерттеу Ресей Федерациясында (РФ) ойынға құмарлықпен халықтың 1,27%-дан 3,12%-ға дейінгі бөлігі жапа шегетінін көрсетті. Сол уақытта осы сала бойынша жоғарғы тәуекел тобы халықтың 10,53% құрады.

Зерттелетін топта құмар ойындарға патологиялық елігудің жеке симптомдарының жеткілікті үлкен жиілігінің болуы авторларға келесідей қорытынды шығаруға көмектесті: «Жақын жылдары осы патологияның алдын алуы болмаған кезде ауруға шалдыққандар саны артуы мүмкін, алкоголизм және нашақорлықпен бірге жетекші орындардың біріне айналуы мүмкін» (А.А. Чуркин, Л.Н. Қасымова, 2001; Н. Скокаукас, Р. Саткявичуте, Б. Бурба, 2004; З.И. Кекелидзе, Н.В. Шемчук, 2008).
3 Зиянды салдары

Құмар ойындарға патологиялық құмарлықтың біршама айқын және жиі кездесетін кері салдары арасынан психикадағы өзгерістер, отбасының және әдеттегі шағын әлеуметтік ортасының күйреуі, сонымен қатар, әлеуметтік зардаптары, маргинализация, заңға қайшы әрекеттер, кәсіби және әлеуметтік дәрежелерін жоғалту, қоғаммен тәуелді тұлғаларды емдеу және оңалтуға кететін айтарлықтай шығындар деп аталады.

Психикалық қызметтің үлгілік өзгерістерінен келесілер белгіленеді: өтірік, жауапкершілік, шиеленіс, өндірістік тәртіптің бұзылуы, уақытша немесе тұрақты жұмысқа (жұмысын жиі ауыстыру) және отбасына деген немқұрайлылық, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, қылмыскерлік (ұрлық, тонау, алдау және т.б), ажырасулар, жалғыздық.

Күйзелістік бұзылулар тұрақты қорқынышпен, жабығумен, күйзеліспен, дисфориямен қатар көрінеді. Өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойлар мен тенденциялар тән.

Мүдделер ортасы тарылады, көп жылғы байланыстар жойылады. Ақырындап есте сақтау төмендейді, ойлау стереотипі болады, шығармашылықпен ойлау қабілеттілігі айтарлықтай төмендейді.

Тәуелді тұлғалардың туыстары олардың көбі ашуланшақ, көрсеқызар, қатал, өңсіз, сексуалдығы төмен, өзімшіл болып кететінін, айналасындағыларға негізсіз талаптар қоятынын, қандай да бір отбасылық міндеттерді орындаудан бас тартатынын айтады.

Тәуелді тұлғалардағы ойын аддикциясы дамуының соңғы кезеңінде өзінің сыртқы келбетіне, жеке гигиенасына талаптардың төмендеуі, салақтық және қараусыздық пайда болуы байқалады.
4 Әлеуметтік залал

Құмар ойындарға патологиялық құштарлықтың, сонымен қатар, интернет-тәуелділіктің әлеуметтік қауіпсіздігінің жоғарғы дәрежесі бірінші кезекте осы әлеуметтік індеттің таралу көлемі және қарқынымен, жағымсыз зардаптардың тереңдігі және әртүрлілігімен шарттастырылған деп дәстүрлі есептеледі, олардың ішінде, келесідей жағымсыз зардаптар: 1) ойыншылардағы маңызды әлеуметтік және қаржы мәселелері; 2) осы саладағы құқыққа қарсы әрекеттердің көп таралғандығы; 3) жоғарғы суицидтік тәуекел (В.Л. Малыгин, Б.Д. Цыганков, 2006; Д.А. Автономов, 2009; В.А. Солдаткин, 2009).

Сонымен бірге, әлем халқының айтарлықтай бөлігі осы тәжірибеге тартылуымен, ойынның алыпсатарлық тәжірибесі ынталы және үлкен көлемде өсу нәтижесінде ғаламдық экономикадағы қар кесегі сияқты, қолда бар және өспелі жағымсыз әлеуметтік зардаптардың (яғни, жалпы әлеуметтік салада), барлық спекторын атап өткен жөн.

Әлемдік қаржылық-экономикалық жүйенің ең негізін сілкіген соңғы жылдардың ғаламдық дағдарысы соңғы жылдардың нақты басымдығымен ұту-ұтылудың патологиялық синдромдары тізбегін еске түсіреді. Соңғы міндет – істердің қолданыстағы ережені сақтау кезінде ілесе жүретін сатысы (ашыну және шарасыздық кезеңі) – жақында болудың нақты тұспалы. Міне, сондықтан, алыпсатарлық ойындардың барлық тәжірибесінде жылдам және көлемді тексеру, осы өте қауіпті және жаңа ғана жол алып келе жатқан әлеуметтік дерттен ғаламдандырылған алдын алу мүмкіндігінің терең талдамасы қажет.


5 Еліктіру механизмдері

Құмар ойындарға патологиялық кұштарлықта елігу механизмдерінен және осы үрдіске ықпал ететін жағдайларлың ішінде көбінесе келесілер аталады:

- орта факторлары (құмар ойындардың шектеусіз қолжетімділігі, оның ішінде, компьютерлік желіні пайдалану арқылы қолжетімділік, ойын қызметін БАҚ-тың барлық каналдары бойынша тұрақты жарнамалау);

- уәждемелік фактор (осы фактор, көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, құмар ойындардан патологиялық тәуелділікті қалыптастыруда жетекші болып табылады. Осылай екі түрдің түпкі уәждерін ерекшелейді. Бірінші түрі, ойыншыларға тән «әрекет», ойын жағдайы және ұту мүмкіндігінің басым болуы, тәуекелге бас тігу, өзгелерді алдап-арбау, қарсыластарының алдында немесе жалпы ойын жүйесінің алдында өз құдіреттілігін дәлелдеу мүддесін қанағаттандыруға негізделген. Екінші түр ойыншылары, «шындықтан қашатын», ойын есебінен, мәселелерден, сәтсіздіктен, жақындардан айырылудан, нақты өмір ұмтылыстарынан қашады. Сонымен қатар, «беткі қабаттағы» өзекті себептер де маңызды: құмар ойындарға қатысуға тартылудың жеке кезеңінде жетекші болып әуесқойлық себептері, жаңа нәрсеге, беделдіге, белгісіздікке деген қызығушылық, сонымен қатар, ұтуға деген құлшыныс пайда болады; құмар ойындарға қатысуды бекітетін себептердің ішінен: ақша ұту мүмкіндігі, құмарлық, сезімге берілу, жағымды сезім жетекші болып табылады; қалыптасқан патологиялық тәуелділік кезеңінде жетекші болып табылатындар: ұтыс алу және қарызды қайтару ойы, проблемалар мен қамқорлықтан қашу, шаршауды басу (Galki T., Rena N., 1987; Haller R., Hinterhuber H., 1994; Автономов Д.А., 2010);



- отбасылық фактор (отбасыға әсер ететін келесідей ерекшеліктер жоғары маңызға ие: соңында тәрбие беру стилін деформациялайтын психикалық дизонтогенез факторы, отбасылық жүйенің копинг-механизмдерінің ресурстық шектелуі, отбасы мүшелерінің іс-қимыл сызбасының эмоционалдық және әлеуметтік конструктілерінің тиімсіздігі; жыныстар мен ұрпақтар арасындағы шекаралардың бұзылуы; рөлдердің санатталмауы, үйлесімсіздік, отбасы мүшелері міндеттерінің азаюы; әрекет етудің екі мағыналы отбасылық кодексі; әр түрлі ұрпақ түсініктерінің дау-дамайлығы және ретсіздігі; отбасы сценарийінің құраушысы ретіндегі бюджеттік жоспарлаудың когнитивті-мінез-құлықтың дұрыс еместігі) (Е.Г. Горлова, 2006);

- даралық фактор (R.L. Custer (1984) бойынша «әлеуетті ойыншы» белгілерінің болуы: өзін-өзі төмен бағалау, рұқсат бермеу мен құптамауға төзбеушілік; қарқындылық, күйзелістің жоғарғы деңгейі, мұңаюға жақындығы екінші түр ойыншыларына біршама тән; қарқындылық, сәтсіздікке төзбеушілік және тез арада қанағаттануды қажетсіну; құдіреттілікті сезіну және сиқылы ойлануға бейімдігі; белсенді қызмет құмарлығы, сезімге берілу, ынталану, тәуекел – бұл көп дәрежеде бірінші түр ойыншыларын сипаттайды).

Барлық айтылғандардан бөлек, құмар ойындарға патологиялық құштарлық дертін таратудың басты механизмдерінің бірі – экономикалық механизм екенін естен шығармау керек.

Ойын бизнесі барлық әлемде ең табысты, капиталды көп қажетсінетін және бір жүйеге келтірілген бестікке енеді (А.Э. Барбариуш, 2004; А.Н. Белых, 2004). Құмар ойындардың ғаламдық нарығында ойластырылған ақпараттық, аумақтық және экономикалық өктемдігін жүзеге асыратын ұйымдастырылған ірі корпорациялар қызмет етеді. Сонымен бірге, ақпараттық кеңейту ғаламшар тұрғындарының айтарлықтай бөлігінде ойындық, сиқырлы, фаталистикалық ой-өрісі мәдениетін қалыптастыру стратегиясын іске асыру есебінен де жүзеге асады. Негізгі тартымды және жиі айтылатын тезистер, ешқайда жарияланбайды, стратегиясы әрдайым ойда болады: «Өмірдің бәрі – ойын»; «Шешінген судан тайынбас»; «Ойна және ұтып ал» т.б. Сонымен бірге белсенді әлеуметтік және өмірлік ұстаным құндылықтарын ақталмаған тәуекелді мета-позицияға жасырын айырбастау, «оңай олжаға» деген үміт және өмірдің осы мега-стилін қолдамайтындарға деген ашық жек көрушілік.

Мұнда теледидар, радиолардан қымбат сыйлықтар ойнатумен көптеген ойын шоуларын ұйымдастыру, интернетте құмар ойындардың компьютерлік нұсқасын тарату жатқызылады.

Сондықтан, ойын тәуелділігін таратудың экономикалық механизмі қоғамның аддиктивті потенциалын тек қана күшейтетін қоғамдық сананы алдау тәжірибесін қарастырады.


6 Әлеуметтік қарсы тұру

Ойын индустриясының өте тез кеңге жайылуының айқын жағымсыз зардаптары, бірінші кезекте, көптеген өркениетті елдерде ойынға құмарлық таралуының қорқынышты қарқыны халықтың психикалық денсаулығына шын қауіп ретінде қабылданады. Соған байланысты, осы елдер үкіметтерімен ойынға құмарлықтың алдын алу және онымен күресу жүйесі әзірленуде.

Осы түрдегі оқиғалар қатарында (мысалы, Швейцарияда, АҚШ және кейбір өзге елдерде) қарсы әрекет ететін әлеуметтік белсенділік оң қоғамдық имиджді сақтауға қызығушылық тудырып отырған, ойын бизнесі ассоциациясымен ынталандырылады және қолданады.

Превентивтік жобаларға қатысуға білікті психологиялық көмек көрсетіп, арнайы тренингтер өткізіп, тақырыптық сайттар қызметін қолдай алатын көрнекті әлеуметтік институттар тартылады.

Ойын тәжірибесінің біршама қауіпті салдарының таралуына ұйымдастырылған қарсы әрекеттің жалпы сызбасы әдетте келесідей жүйелік деңгейлерден тұрады:

- заңнамалық шаралар: лицензиялау; жас шектеуі; жарнамалық шектеу; орны бойынша шектеу – білім беру, тәрбиелеу, діни мекемелерден алыстығы;

- әкімшілік шаралар: ойын ғимараттарының жұмыс уақыты бойынша шектелуі; құмар ойындардың түрлері, олардың сәйкестігі бойынша шектеу;

- ойын ғимаратының шектеу шаралары: кіру бойынша шек (фэйс-бақылау) – жас мөлшері, психикалық жағдайы, әлеуетті клиенттердің жалпы барабарлығы; клиенттердің жағдайын және несие тарихын тексеру; проблемалық ойыншылар мен алдаушылардың «қара тізімдері»; сома және ойын уақыты бойынша шектеу; ойындағы тоқтау және басқа объектілерге көңіл бөлу тәжірибесі;

- ойнау тәжірибесіне тартылған тұлғаларға ерекше ұсынылған шектеу шаралары: кезекті өздігінен ажырату; шектеулі сома мен ойын уақытын орнату; психологиялық және психотерапевтикалық саланың білікті мамандарында өзінің жағдайын өздігінен тестілеу және кезеңдік тексеру;

- арнайы медициналық және психологиялық шаралар: кәсіби көмек алу уәжімен «проблемалық» клиенттерді бақылау; ойынға тәуелділігі қалыптасқан белгілері бар тұлғаларды медикаментозды және психотерапевтикалық емдеу; тәуелді тұлғалардың отбасылық және топтық психотерапиясы; ойын тәуелділігі мәселесіне қызығушылық тудырған тұлғалар үшін тақырыптық дәрістер, семинарлар, тренингтер;

- қоғамдық шаралар: ойын тәуелділігіне қарсы әрекет ету бойынша қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстарды құру; ойынға тәуелділігі бар тұлғалар үшін анонимді терапевтикалық топтар қызметін құру және қолдау, алдын алу бағытының білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру; тақырыптық дәрістер, кітаптар және бейнеқұралдар әзірлеу және шығару.

Ойын құмарлықтың таралуына қарсы әрекет ететін күштер тиімділігін бағалау – осындай түрдегі зерттеуді әзірлеу және ұйымдастыру кезінде пайда болатын, әдістемелік қиындықтар кездесетін сирек құбылыс болып табылады. Құмар ойындарға патологиялық құштарлығы бар тұлғаларды емдеудің медикаментоздық әдісі мен оңалтудың ұзақ курстарының үйлесімділік тиімділігін көрсететін жеке көрсеткіштер ғана бар (А.Н. Белых, 2004; А.Э. Барбариуш, 2004; И.Д. Даренский, В.С. Акопян, 2005; А.Ю. Егоров, 2007; Бухановский А.О., Мадорский В.В., Солдаткин В.А., 2008; Шемчук В.Н., Агараладзе Г.Б., Юсупова И.У., 2008).


Каталог: images -> Metodichki 2012
images -> «Қазанғап күйлерінің орындаушылық ерекшеліктері» Мақсаты
images -> Тематичний план практичних занять з модуля 3
images -> Навчально-методичний комплекс
images -> Меры, способные уменьшить симптомы аденомы предстательной железы
images -> Муниципальное бюджетное учреждение здравоохранения приморско-ахтарского района «районная стоматологическая поликлиника»
Metodichki 2012 -> А. Л. Катков кәмелетке толмағандарға компьютерлік тәуелділіктің кері әсерінің психологиялық және медициналық аспектілері туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет