A дәрумені – бойдың өсуіне, жақсы көру қабілетіне, теріні қорғауға септігін тигізеді. Ол сәбіз, қырыққабат, қымыздық, ас бұршағы, асқабақ, жұмыртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақта болады
A дәрумені – бойдың өсуіне, жақсы көру қабілетіне, теріні қорғауға септігін тигізеді. Ол сәбіз, қырыққабат, қымыздық, ас бұршағы, асқабақ, жұмыртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақта болады.
A дәрумені – бойдың өсуіне, жақсы көру қабілетіне, теріні қорғауға септігін тигізеді. Ол сәбіз, қырыққабат, қымыздық, ас бұршағы, асқабақ, жұмыртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақта болады.
B1, B2 дәрумендері - жүйке жүйесінің және бұлшықеттердің қызметін реттейді. Бұл дәрумен картоп, соя, қызанақ, бауыр, жұмыртқа, сүт, ірімшік, қара нан, ет, балықта кездеседі.
В6 дәрумені ағзаға жетіспесе, қан азайып кетеді. Адамның тамаққа тәбеті болмайды. В6 дәрумені бидайда, күріш жармасында, бауыр, ет, бүйрек, жұмыртқада болады.
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.
Тамақтану тәртібі
Тамақтану тәртібі
Ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төиендегі принциптер енеді.
Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.
Екінші, тәулігіне бір - екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.
Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер - диетологтың да кеңесі артық болмайды.
Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл - күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды