А. Б. Медешова қыркүйек 2010 ж



бет1/8
Дата03.12.2017
өлшемі1.26 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Бекітемін»

жаратылыстану-математика

факультетінің деканы



А.Б.Медешова

«__» қыркүйек 2010 ж.

География кафедрасы


050609 «География» мамандығы бойынша

кредиттік оқу жүйесінде

оқитын студенттерге арналған


Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы

(пәннің атауы)


ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ.


Курс – 3-4

Семестр – 6-7

Кредит саны - 5

Дәріс – 45

Лабороториялық сабақ- 30

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) - 60 сағат

СӨЖ – 60 сағат

Емтихан – 7 -ші семестрде

Барлығы – 195 сағат

Орал- 2010 ж


Пәннің оқу-әдістемелік кешені Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 11.05 2005ж. № 289 бұйрығымен бекітілген типтік бағдарлама негізінде құрылған.
Құрастырушы(лар): оқытушы Абдушева Г.Ж.

География кафедрасының отырысында қарастырылды.

« » қыркүйек _ 2010 ж. № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі Амельченко В.И.

(қолы) (аты-жөні)


Жаратылыстану-математика факультеті оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.

« »_ 2010 ж. № 1 хаттама.

Жаратылыстану-математика факультеті оқу-әдістемелік

кеңесінің төрайымы ______________ Темралиева С.Б.

(қолы) (аты-жөні)



1.ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ.

1.әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті әзірлеген және ұсынған.

2.Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесінің 2006 жылғы 22 маусымының мәжілісінің хаттамалық шешімімен бекітілді.

3.Қазақстан Республикасы білім және ғылым министирлігінің 2005 жылығы 11 мамырындағы №289 бұйрығымен бекітілген 050609 география мамандығы бойынша пәндердің типтік бағдарламасы орнына енгізілген.

4.Типтегі оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы мемлекетінің жалпыға білім беру стандартына сәйкес 050609 география мамандығы бойынша әзірленген.

5.Бағдарламаларды әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жанындағы жаратылыстану және ізгілендіру мамандықтары бойынша РОӘК секциясының кеңесі баспаға ұсынған. 2006 жылғы 19 мамырдағы №2 хаттама


2.КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)

Оқытушы туралы мәлімет

Абдушева Гүлбақыт Жамбылқызы, оқытушы

Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

География кафедрасы, 21 аудитория

Жұмыс мекен-жайы: Достық даңғылы,121

Жұмыс телефоны:503549



Пән туралы мәлімет

«Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» оқу процесінде 2 семестрге бөліп оқытылуға жоспарланған. Әрбір семестр 15 оқу аптасынан және 2 сессия аптасынан тұрады. 1 семестрде 2 курс студенттері үшін аптасына 1 кредит сағат, 3 курс студенттері үшін аптасына 2 кредит өткізіледі. Әрбір кредит сағат бір байланыс сағатынан (дәріс,сараман) және 2 сағат оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысы (ОЖСӨЖ) мен 2 сағат студенттердің өздік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.



Кредиттің аптаға бөліну кестесі.

6 семестр

Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағат-1

( 1 дәріс)



50 мин.

ӨЖСӨЖ,СӨЖ

50+50 мин

Байланыс сағат-1

(1 лабораториялық сабақ)



50 мин.

ӨЖСӨЖ,СӨЖ

50+50 мин

7 семестр

Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағат-1

( 1 дәріс)



50 мин.

ӨЖСӨЖ,СӨЖ

50+50 мин

Байланыс сағат-1

( 2 дәріс)



50 мин.

ӨЖСӨЖ,СӨЖ

50+50 мин

Байланыс сағат-3

(1 лабораториялық сабақ)



50 мин.

ӨЖСӨЖ,СӨЖ

50+50 мин

Кредит саны-3

Өту орны: «Жаратылыстану-математика» факультеті №5 оқу ғимараты оқу кестесіне сәйкес.



Оқу жоспарынан көшірме

Курс

Семестр

Кредит саны

Дәріс

Лаборато

риялық сабақ



ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлы

ғы


Бақылау

түрі


3-4

6-7

5

45

30

60

60

195

емтихан


Кіріспе

«Материктер мен мұхиттардың физикалық георафиясы» - физикалық географиясының аймақтық бөлімі. Ол әрбір материк пен мұхит табиғатының жалпы географиялық заңдылықтарын, табиғатындағы ұқсастық және айырмашылық белгілерін анықтайды. Сонымен қатар территориялық жіктелу заңдылықтары, яғни әр түрлі дәрежедегі территориялық табиғат кешендері тұрғысынан да қарастырылады.

Пән бірін-бір толықтыратын екі үлкен бөлімнен тұрады: мұхиттардың физикалық географиясы және материктердің физикалық географиясы. Мұхиттар мен материктер табиғатын сипаттаудың алдында, олардың табиғатының қалыптасу, даму заңдылықтары мен кезеңдеріне жалпы шолу жасалады. Табиғат ерекшеліктері мен заңдылықтарын сипаттау дүние жүзілік мұхиттан басталады. Екінші бөлімде материктер табиғаты солтүстік және оңтүстік жарты шар материгіне топтастырылып, олардың табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар қазіргі географиялық орны, табиғатының даму ортақтығы тұрғысында сипатталады. Полярлық ассиметрия көрінісі ретінде – Антарктида материгі жеке дара қарастырылады. Әр топтағы материктер табиғатын сипаттау барысында адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде антропогендік өзгеріске ұшыраған материк аудандары анықталып, олардың әсерінен туындайтын жергілікті және ғаламдық экологиялық зардаптарға шолу жасалады.

Әр бөлімнің соңында географиялық қабықтың осы бөлігіндегі жалпы даму заңдылықтары мен ондағы ландшафт құрылымдарының планетарлық жіктелу ерекшеліктері қаралады.



Курстың мақсаты: Студенттерге әрбір жеке алынған материктердің және олардың ТТК-нің табиғи заңдылықпен тарихи кезеңде қалыптасқан біртұтас материалдық жүйе екенін ұғындыру. Бұл жүйені құрайтын табиғаттың барлық құрамдас бөліктері бір-бірімен соншалықты байланысты, оның біріндегі өзгеріс басқаларына әсер етіп, нәтижесінде бүкіл табиғи территориялық кешенінің өзгеретінін көрсету.

Курстың міндеті: Әрбір жеке алынған материк пен мұхиттың үлкен табиғи территориялық кешен ретінде өзіндік ерекшелігін айқындау. Географиялық қабықтығң жалпы даму заңдылықтарымен оны территориялық жіктеу туралы білім беру.

Пререквизиттер: Жалпы физикалық география, Геология, Биогеография, Қазақстанның физикалық географиясы, Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы.

Постреквизиттер: : Курсты бітіргеннен кейін студенттер білуге тиісті:

  • «Материктер мен мұхиттар физикалық географиясы» пәні мен оның міндеттерін

  • Ғылымның зерттеу әдістерін.

  • Материктер мен мұхиттардың ашылу тарихы мен зерттелу кезеңдерін.

  • Материктер мен мұхиттар табиғатының жалпы географиялық заңдылықтарын.

  • Жекелеген материктер табиғатындағы басты ерекшеліктерін.

  • Материктер мен мұхиттар арасындағы өзара байланыс пен оның жүзеге асу жолдарын.

  • Материктер мен оларға көршілес аралдардағы халықтардың қалыптасуы мен қоныстану тарихын.

  • Материктер мен мұхиттар табиғатына қатысты ғаламдық зардаптарды және олардың таралу себептерін.

  • Материктер мен жекелеген мұхиттар шегіндегі адамның шаруашылық әрәкеті әсерінен табиғат жағдайы өзгеріске ұшырай бастаған аудандарын.

  • Материктер мен мұхиттар табиғатының кеңістіктік жіктелу заңдылықтарын.

- Негізгі географиялық объектілердің физикалық картадағы орнын.

Курсты оқып біткеннен кейін студенттер төмендегі мәселелерді білуге тиіс:

- Солтүстік және оңтүстік жарты шар материктерінің географиялық орны мен табиғат жағдайлары арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ажырыты білу және олардың себептерін түсіндіре білу.



  • Әрбір материк пен мұхит табиғат жағдайларына тақырыптық карталарды пайдалана отырып, жалпы физикалық географиялық сипаттама бере білу.

  • Әр материктің географиялық орны мен табиғат жағдайлары ұқсас табиғат аймақтары мен региондарына салыстырмалы сипаттама бере білу.

  • Географиялық әдебиеттермен жұмыс жасай білу.

  • Карта сызбалармен қима түсіре білу.

  • Картадан географиялық объектілерді көрсете білу.

Оқыту әдістемесі: Оқыту негізгі оқу материалдарын қамтыған дәріс және оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыстары сабақтары түрінде өтеді де, алынған түсініктер, дағдылар бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, ауызша сұрау, жазбаша жұмыстар, тестілер орындау. Жеке тапсырмаларды қорғау түрінде бағаланады.
6 СЕМЕСТР

1 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Дәрістің тақырыбы: Кіріспе.

1. Материктер мен мұхиттар физикалық географиясы пәні және курстың міндеті.

2. Курстың география оқытушысын дайындаудағы жалпы жүйедегі алатын орны.

3. Экономикалық географияны оқудағы физика- географиялық курстардың региональдық маңызы.



Әдебиеттер: 1.4-8б.2.3-4б

ОЖСӨЖ :1. Материктер мен мұхиттар – аса ірі табиғат объектілері.

Әдебиеттер: 1.5-8б; 2.3-4б.

СӨЖ :Материктер мен мұхиттар географиясы ғылымының даму тарихы.
2 кредит сағат

1 лабораториялық сабақ



Тақырыбы:Географиялық карталар туралы жалпы мәлімет.

1.Географиялық карталардың масштабына және территорияны қамтыу дәрежесіне байланысты классификациялануы.

2.Географиялық карталардың мазмұнына байланысты классификациялануы.

Әдебиеттер:

1.Грюнберг Г.Ю. Картография с основами топографии. Москва, Просвещение, 1991. 194-199 беттер.

2. Гедымин А.В. Картография с основами топографии. Часть 2. Москва, Просвещение, 1973. 89-94 беттер.

3.Салищев К.А. Картоведение. Москва, Изд-во МГУ, 1976. 193-198 беттер.

4.Южанинов С.В.Картография с основами топографии. Москва, 2001. 202-203 беттер.

ОЖСӨЖ:Тақырыбы: Географиялық карталар типтері және классификациясы.

1.Географиялық карталардың қолданылуына байланысты классификациялануы.

2.Географиялық карталардың типтері.

Әдебиеттер:

1.Грюнберг Г.Ю. Картография с основами топографии. Москва, Просвещение, 1991. 194-199 беттер.

2.Гедымин А.В. Картография с основами топографии. Часть 2. Москва, Просвещение, 1973. 89-94 беттер.

СӨЖ:материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы курсы бойынша әдебиеттер тізімін жаса.
2 апта

3 кредит сағат

2 дәріс



Тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит жалпы физикалық-географиялық сипаттама.

1. Дүние жүзілік мұхит- географиялық қабықтың біртұтас табиғат объектісі.

2. Дүние жүзілік мұхит түбінің геологиялық құрылысы.

3. Дүние жүзілік мұхит түбі рельефі



Әдебиеттер: 2. 494-501 б; 18. 115-129 бет.

ОЖСӨЖ: Дүние жүзілік мұхит түбінің планетарлық морфоқұрылымы.

Әдебиеттер: 2. 496-497 б.

СӨЖ: Мұхиттардың қалыптасуы мен тарихы (реферат)
4 кредит сағат

2 лабораториялық сабақ



Тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит жалпы физикалық-географиялық сипаттама.

1-тапсырма: Картаны және анықтамалық материалды пайдаланып «Мұхиттар жөнінде жалпы мәлімет» кестесін көрсетілген форма бойынша толтыр.

Әдебиет:

В.А.Еремина, Т.Ю.Притула, А.Н.Спрялин. Практикум по физической географии материков и океанов. М., 2005 7 бет



ОЖСӨЖ:Мұхиттың жалпы белгілерімен факторларын және оны анықтайтын айырмашылықтарын анықта.

Әдебиет:

В.А.Еремина, Т.Ю.Притула, А.Н.Спрялин. Практикум по физической географии материков и океанов. М., 2005 6 бет



СӨЖ:Үнді мұхитының табиғи ерекшелігі, ресурсы және экологиялық проблемасымен таныс. Төмендегі сұрақтарға жауап бер.

Әдебиет:

В.А.Еремина, Т.Ю.Притула, А.Н.Спрялин. Практикум по физической географии материков и океанов. М., 2005 11 бет


3 апта

5кредит сағат

3 дәріс



Тақырыбы: Дүние жүзілік мұхит. Дүние жүзілік мұхит суы.

1. Дүние жүзілік мұхит суының физикалық қасиеті, тұздылығы.

2. Дүние жүзілік мұхит су балансы.

3. Судың термикалық режимі.

4. Мұхиттағы тіршілік.

Әдебиеттер:2. 501-504 б, 18. 138-146: 66-79б . 506-511.

ОЖСӨЖ:1. Мұхиттағы толқынды қозғалыстар.

2. Мұхиттағы биосфераның негізгі құрамы.



Әдебиеттер: 2 504-506 б, 18. 174-183. 506-511б.

СӨЖ: Дүниежүзілік мұхит айдыны шегіндегі жүргізіліп жатқан қазіргі заманғы зерттеулер. Мұхиттардағы экологиялық жағдай.
6 кредит сағат

3 лабораториялық сабақ



Тақырыбы:Мұхит түбі рельефінің ерекшелігі.

1-тапсырма:Дүние жүзілік контур картасына мұхиттар шекарасын және мұхит түбі рельефінің негізгі элементтерін: орталық жоталар, шеткі, ішкі, аралдар аралық теңіздерді, шұңғымаларды, тауларды, көтеріңкі жерлерді, үстірттерді, қазаншұңқырларды түсір.

2- тапсырма: 1 кесте мәліметтерін пайдаланып, мұхит үстіне бағаналы және дөңгелек диаграмма түрінде планетарлық морфоқұрлым ауданын сал.

Әдебиет:В.А.Еремина, Т.Ю.Притула, А.Н.Спрялин. Практикум по физической географии материков и океанов. М., 2005 8-9 бет.

ОЖСӨЖ:Мұхит түбі рельефі картасына төмендегі жоспар бойынша талдау жаса.

Әдебиет:В.А.Еремина, Т.Ю.Притула, А.Н.Спрялин. Практикум по физической географии материков и океанов. М., 2005 8 бет.

СӨЖ:Әдеби көздерді пайдаланып, берілген форма бойынша «Солтүстік Мұзды мұхитты зерттеу тарихы» кестесін толтыр.

Әдебиет:В.А.Еремина, Т.Ю.Притула, А.Н.Спрялин. Практикум по физической географии материков и океанов. М., 2005 13 бет.
4 апта

7 кредит сағат

4 дәріс



Тақырыбы: Атлант мұхиты.

1.Жалпы сипаттама.

2.Геологиясы мен мұхит түбі рельефі.

3.Мұхит климаты, суы.



Әдебиеттер: 2с. 5....

ОЖСӨЖ: Дүние жүзілік мұхиттың түптік шөгінділері.

Әдебиеттер: 2. 511-515 б.

СӨЖ: Дүние жүзілік мұхиттың биогеографиялық облыстары (конспект).
8 кредит сағат

4 лабораториялық сабақ



Тақырыбы:Мұхиттиарға физикалық географиялық шолу.

1-тапсырма: Карта бойынша Тынық,Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхиттар бассейніне жататын теңіздерді тауып, атауларын жаз.

2-тапсырма: «Теңіздердің жалпы географиялық ерекшелігі» кестесін толтыр.

3-тапсырма:Картаға төмендегі мәліметтерді пайдаланып әрбір мұхит үстіне түрлі түспен түсір:

Аудан – қоңыр, тередік – көгілдір, температура – жаз қызыл, қыс қара, тұздылық жасыл.



Әдебиет:В.А.Еремина, Т.Ю.Притула, А.Н.Спрялин. Практикум по физической географии материков и океанов. М., 2005 14 бет.

ОЖСӨЖ:Таңдау бойынша кез келген теңізге жоспар бойынша кешенді физикалық географиялық сипаттама бер.

Әдебиет:В.А.Еремина, Т.Ю.Притула, А.Н.Спрялин. Практикум по физической географии материков и океанов. М., 2005 14-15 бет.

СӨЖ:Картографиялық және әдеби материалдарды пайдаланып, Балтық және Қара, Солтүстік және Охот теңіздеріне салыстырмалы сипаттама бер.

Әдебиет:В.А.Еремина, Т.Ю.Притула, А.Н.Спрялин. Практикум по физической географии материков и океанов. М., 2005 15 бет.
5 апта

9 кредит сағат

5 дәріс



Тақырыбы: Тынық мұхиты.

1.Жалпы сипаттама.

2. Геологиясы мен мұхит түбі рельефі.

3. Мұхит климаты, суы



Әдебиеттер: 2. 516-524 б. 20. 151-178 б.

ОЖСӨЖ: Тынық мұхитының биологиясы.

Әдебиеттер: 2. 524-526, 20. 241-307.

СӨЖ: Үнді және Солтүстік Мұзды мұхитқа салыстырмалы сипаттама. (Кесте)
10 кредит сағат

5 лабораториялық сабақ



Тақырыбы:Мұхиттағы табиғи элементтердің өзара байланысы.

1-тапсырма: Дүние жүзілік мұхиттардағы табиғи элементтердің субполяр, тропик ендіктеріндегі өзара байланысы схемасын сызып, талдау жаса. Қоңыржай, субтропик, экватор ендіктеріндегі табиғи элементттердің өзара байланысы схемасын жаса.

Әдебиет: К.В.Пашканг Практикум по общему землеведению. М.1982 128 бет

ОЖСӨЖ:Дүние жүзілік мұхитта зоналықтың қалыптасуын түсіндір. Табиғат белдеулеріне қысқаша сипаттама бер.(түпкі шөгінділері, температура, тұздылық, тығыздылық, беткі суы, мұздық, еріген оттегі құрамы, су мөлдірлігі, жел толқындары, ағыстар, органикалық тіршілігі)

Әдебиет: К.В.Пашканг Практикум по общему землеведению. М.1982 130бет 49 сурет.

СӨЖ: «Дүние жүзілік мұхиттың табиғи ресурстары және оны пайдалану» тақырыбында реферат жазу.

1.Мұхиттың биологиялық ресурсы және оны пайдалану.

2.Мұхиттың су ресурсы және оны пайдалану.

3.Мұхиттың минералды ресурстары және оны пайдалану.

4.Мұхиттың энергетикалық ресурстары және оны пайдалану.
6 апта

11 кредит сағат

6 дәріс



Тақырыбы: Евразия материгі.

1.Евразия жер шарындағы аса ірі материк, оның табиғатындағы басты ерекшеліктер.

2. Евразия негізін құрайтын ежелгі платформалар.

3. Евразия материгінің қалыптастырудағы палеозойлық, мезозойлық, кайназойлық кезең.



Әдебиеттер: 1. 9-25 б. 2. 68-70 б.

ОЖСӨЖ: 1.Неоген-антропогендік кезеңдегі Евразия материгіндегі ірі өзгерістер.

2. Жанартаулар.

3. Материктік мұз басу.

4. Евразияда адамның пайда болуы.



Әдебиеттер: 1. 25-37 б, 105-114 б, 2.70; 146-147; 78.

СӨЖ: Фенноскандияға физикалық-географиялық сипаттама. (конспект)
12 кредит сағат

6 лабораториялық сабақ



Тақырыбы:Евразия материгі.

1-тапсырма: Анықтамалық материалдарды, карта, атласты пайдаланып «Материк жөнінде жалпы мәліметтер» кестесін толтыр.

Әдебиет:В.А.Еремина, Т.Ю.Притула, А.Н.Спрялин. Практикум по физической географии материков и океанов. М., 2005 18-19 бет.

ОЖСӨЖ:Оқулықтарды, картографиялық мәліметтерді пайдаланып төмендегі сұрақтарға жауап бер.

Әдебиет:В.А.Еремина, Т.Ю.Притула, А.Н.Спрялин. Практикум по физической географии материков и океанов. М., 2005 20 бет.

СӨЖ: Евразия материгін зерттеуші ғалымдар еңбектерімен танысу.
7 апта

13 кредит сағат

7 дәріс



Тақырыбы: Евразия материгінің жер бедері.

1.Гипсометриялық және орографиялық басты белгілері.

2.Жазық-платформалық морфоқұрылым типтері.

3.Европа, Орталық және Шығыс Азия палеозойлық құрылымдары.

4.Азияның оңтүстік-шығысы мен шығысындағы мезозойының құрылымдары.

Әдебиеттер: 1. 25-38 б. 2. 70-71, 80-90; 150-153 б.

ОЖСӨЖ: Морфомүсіндік жер бедері пішіндері.

2.Европа мен Азиялық бөліктегі жер бедері мен орографиялық құрылымның басты айырмашылықтары.



Әдебиеттер: 1. 26-37 б,2. 82-90, 153 б.

СӨЖ: Британ аралдарына физикалық-географиялық сипаттама. (конспект).
14 кредит сағат

7 лабораториялық сабақ



Тақырыбы: Евразияның тектоникалық құрылысы мен рельефі.

1-тапсырма:Евразияның контур картасына негізгі тектоникалық құрылымдарды геохронологиялық ретпен түсір: кембрийге дейінгі – қызыл; Байкал қатпарлығы – көк; герцин –қоңыр; мезазой – жасыл; альпі (кайназой) – сары.

2-тапсырма: Салынған тектоникалық негізге геотектура мен морфоқұрылымдарды сызықшалармен белгіленген шартты белгілер арқылы түсір (құрылымдар типін цифрлармен көрсет).

3-тапсырма: «Евразия материгі табиғатының қалыптасуының негізгі кезеңдері» кестесін толтыр.

Әдебиеттер:

1.географический атлас учителя М.,1982

2.В.А.Еремина, Т.Ю.Притула, А.Н.Спрялин. Практикум по физической географии материков и океанов. М., 2005 21 бет.

ОЖСӨЖ:

Евразия рельефі номенклатурасының орографиялық бірліктерінің әрқайсысы морфоқұрылымның қандай типіне жататынын және биік шыңдарын анықтап, контур картаға түсір.



Әдебиеттер:

Кулмалиева С.С.Географическая номенклатура – язык географиий. 2001.



СӨЖ:Әрекет етуші вулкандарды контур картаға түсір.
8 апта

15 кредит сағат

8 дәріс



Тақырыбы: Евразия климаты.

1.Материктің географиялық орны, жер көлемі мен пішінінің климаттық жағдайларға әсері.

2.Мұхиттар мен ондағы беткі ағыстардың климатқа әсері.

3.Жер бедері мен орографиялық ерекшеліктерінің климатқа әсері.

4.Атмосфера айналымының негізгі типтері.

5.Жауын-шашынның таралу заңдылықтары.



Әдебиеттер: 1.38-50 б. 2. 71-72, 90-99, 153-161 б.

ОЖСӨЖ: Евразия материгінің климаттың аудандастырылуы.

Әдебиеттер: 1. 50-58 б. 2. 99-100. 161-163 б.

СӨЖ: Апенин түбегіне физикалық-географиялық сипаттама (конспект).
16 кредит сағат

8 лабораториялық сабақ



Тақырыбы:Евразия климатын қалыптастырушы факторлармен климаттық аудандастыру.

1-тапсырма: Евразия климатына әсер ететін географиялық факторларды анықта.

2-тапсырма:Дүние жүзінің контур картасына Евразия климатына әсер ететін қысым орталықтарын түсіріп, қысым мөлшерін көрсет.

Жоғары қысымды орталықтар: Арктикалық, Солтүстік Атлантикалық (немесе Азор), Солтүстік Тынық мұхиттық, Азия (Моңғол Сібір), Оңтүстік Индиялық..

Төменгі қысымды орталықтар: Исландия, Алеут, Оңтүстік Азиялық (немесе Ауған).

3-тапсырма:Евразия территориясындағы ауа массаларының типін анықтап, олардың қаңтар мен шілдедегі айналымының схемасын контур картаға түсір: Арктикалық, Қоңыржай, Тропиктік, Субтропиктік.

4-тапсырма: Евразияның контур картасына тұтас сызықпен климаттық белдеулерді, үзік сызықпен климаттық облыстарды түсір.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет