А. А. Букаева 5В011600 Геогафия мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі



бет1/8
Дата27.09.2018
өлшемі1.27 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК

Филология және педагогика факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы


А.А. БУКАЕВА

5В011600 - Геогафия

мамандығына арналаған

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Көкшетау, 2015



ӘОЖ 809.43.2 (БҚ)

ББК 81.632.4 (5Қ)

Б 83
Рецензенттер:

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қияқова Р.Ж.

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қасымова С.К.



Б 83

А.А. Букаева

Кәсіби қазақ тілі география мамандығы студенттеріне арналған кәсіби қазақ тілі. Оқу-әдістемелік кешен. –Көкшетау,2015. – 100 бет

Оқу-әдістемелік кешен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі кеңесінде талқыланып, пайдалануға ұсынылған (2015 жылғы 22 қазан №1 хаттама

Оқу-әдістемелік кешен ҚР БжҒМ 27.07. 2013 жылғы №2 хаттамамен бекітілген типтік бағдарлама негізінде жасалды.

Оқу-әдістемелік кешен 5В011600 – Геогафия мамандығының студенттеріне арналған


ББК 81.632.4 (5Қ)

©Букаева А.А., 2015.

©Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 2015.

Алғы сөз


Қазіргі таңдағы тіл саясатының басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді дамыту және оның қолдану аясын кеңейту болса, оның кешенді тармағы – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағына адал қызмет ететін мемлекеттік тілді жетік меңгерген кәсіби мамандар даярлау болып табылады.

Оқу-әдістемелік кешен негізінен жоғары оқу орындарында туризм мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.

Оқу-әдістемелік кешеннің басты мақсаты – студенттердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту. Осы мақсатта тақырыптардың жүйелілік, логикалық байланысын ескере отрып, оқу-әдістемелік кешенді жасауда типтік бағдарлама бойынша төмендегі лексикалық тақырыптар сұрыпталып алынды:
І Бөлім Жалпы жертану


  1. География ғылым ретінде. «География» сөзінің мазмұны (шығуы және анықтымасы)

  2. Литосфера, Гидросфера

  3. Атмосфера, Биосфера


ІІ Бөлім. Геология және геоморфология

  1. Жердің құрылысы. Жер қыртысының қозғалысы туралы болжамдар

  2. Жердің бедері


ІІІ Бөлім. Физикалық география

  1. Ұлы географиялық ашылулар

  2. Материктер

  3. Мұхиттар

  4. Географиялық нысандардың топонимиясы және туризм географиясы


ІҮ Бөлім. Экономикалық және әлеуметтік география

  1. Дүние жүзінің халқы. Халықтардың саны, құрамы, жіктелуі

  2. Шаруашылық салаларының географиясы

  3. Елдердің экономикалық-географиялық сипаттамасы

Әрбір сабақ мәтінге дейінгі жұмыс, мәтінмен жұмыс және мәтіннен кейінгі жұмыс түрлерінен тұрады. Мәтінге дейінгі жұмыста мәтінде кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін аудару, сөйлем құру, екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрып жаңа сөздер түсіндіріледі. Мұндай жұмыстарды орындау барысында студенттер сөз мағыналарын жете меңгере отырып, сөздік қорын молайтады, өз ойын нақты және дұрыс жеткізуде сөздерді дұрыс қолдануға жаттығады. Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер ескеріліп, орфоэпиялық, орфографиялық нормаларды сақтау қажеттілігі түсіндіріледі. Содан кейін мәтінмен жұмыста мәтінді мәнерлеп оқуға үйренеді, мәтіннің мазмұнын түсініп, одан қажетті депектерді іріктеп таңдай білуге, оған байланысты өз ойын, пікірін, көзқарасын жеткізе білуге дағдыланады. әртүрлі тапсырмалар бойынша жұмыс түрлері жүргізіледі. Ал мәтіннен кейінгі жұмыста әр түрлі жағдаятқа құрыдған сұхбаттармен жұмыста студенттерді әр түрлі жағдайда емін-еркін қарым-қатынас жасауға машықтандырып, студенттердің алған білімдері бекітіледі.

Оқытушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысы түрлі мақсаттағы жаттығулардан, сұхбат құрастырып, әртүрлі жағжаятта ауызша әңгіме құрудан тұрады.

Студенттердің өздік жұмысында туризмге қатысты терминдермен жұмыс жасап, олардың лексикалық мағынасын қазақша түсіндіру көзделіп, тақырыптардың мазмұнына сәйкес сұрақтар, тапсырмалар беріледі. Әрбір сұраққа жауап беру - студенттің өзінше ойлауын, сөйлеуін, пайымдауын жетілдіреді. Кейбір сабақ соңында берілген сөзжұмбақ, сызба, диаграммалар және әртүрлі жағдаяттық тапсырмалар студенттердің білімін қорытындылауға арналады.

Н.4.02-01

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ШЖҚ РМК

Филология және педагогика факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

Студенттерге арналған пәннің



БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша

Мамандық: 5В090200 - Туризм

Көкшетау-2015

Студенттерге арналған пән бағдарламасы (силлабус) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы дайындаған және ұсынған Республикалық оқу-әдістемелік Кеңес мәжілісінде 15.05.2012ж. №18 хаттама қарастырылған. ҚР БжҒМ келісілген Типтік оқу бағдарламасы 5В011600-География мамандығы бойынша негізінде құрылды.




Қазақ филлогиясы кафедрасының отырысында бекітілген
1 хаттама « 27 » тамыз 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі ____________________ ф.ғ.к., доц О.А. Жумагулова

(қолы ) (тегі, аты,әкесінің аты)

Филология және педагогика факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен келісілген
1 хаттама « 28 » тамыз 2015 ж.
Факультеттің ОӘК төрағасы______п.ғ.м., ак. доцент А.Қ.Құрманова

(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты)


Силлабус


1. Титул беті

2 .Оқытушылар туралы мәлімет:

Букаева Анар Айткалиевна

Қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы



Консультациялық сағат (office - hour):

кафедрада келісілген ОБСӨЖ-дің кестесі бойынша

үй телефоны 31-23-67; ұялы телефоны 8 778 517 20 00

3 Пән туралы мәлімет:

Пән атауы: «Қазақ тілі»

Өткізу уақыты: Сабақ кестесі бойынша.
Оқу жоспарының көшірмесі.

Курс

Семестр

Кредит


саны


Практ. сабақта-рының сағаты

ОБСӨЖ

сағат саны



СӨЖ

сағат саны


Бар-лығы

Бақылау формасы


3

5

2

30

15

45

90

Емтихан

4. Пәннің пререквизиті:

Курстың бастапқы сатысында студент қарапайым сөйлеу дағдыларының 4 түрін білуге міндетті: сөйлеу, тыңдап түсіну, оқу және жазу, жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.



Пәннің постреквизиттері

Студенттерге үш тілде білім берудің енгізілуіне байланысты география пәні мамандарын кәсіптік жағынан білікті етіп даярлауда географиялық пәндердің негізін, физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық заңдылықтарды игерумен қатар қарастырылады. Кәсіби дайындығы бар географтың басты міндеті география ғылымы бойынша әртүрлі шетелдік , отандық ғылыми тұжырымдамалар мен әдіснамалық негіздерді игеру болып табылады. Осы міндеттер арқылы болашақ маман дайындаудың мақсаты мен міндеттері айқындалады.



Құзыреттілік: Кәсіптік жанрлардағы мәтіндерді құрастыруда, кәсіптік тақырыптар бойынша сөз сөйлеуде құзыретті болуы керек.

Пәннің құзыреттілігі:

«Кәсіби қазақ тілі» курсын оқып-үйрену барысы студенттерге базалық кешенді географиялық білім негізінде, кәсіби пәндерде берілетін географиялық білім мен біліктілікті қазақ тілінде игеруге көмектеседі.



Кәсіби қазақ тілі курсы бойынша меңгерілетін грамматикалық құзыреттілік:

Грамматикалық бірліктерді білу және оны дұрыс пайдалана білу. Типтік бағдарлама тілдің грамматикалық құрылысын меңгертуді, яғни саналы-коммуникативті бағдарды басшылыққа алады.онда грамматикалық құзыреттілікті қалыптастыруда коммуникативті функционалды қағидатқа басымдылық беріле отырып, тілдің жүйелілік-құрылымдық қағидасы сақталады.



5. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Пәннің негізгі мақсаты:

«Кәсіби қазақ тілі»курсын оқытудың мақсаты-білім алушыларға физикалық, экономикалық және әлеуметтік географияның негіздерін қазақ тілінде кәсіби деңгейде оқытып, кешенді білімді қалыптастыруды көздейді.

Қазақ тіліндегі отандық географияның даму тарихын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарын, Қазақстандық географ-ғалымдардың еңбектерін оқу үдерісінде қолдануды негізге алады.

Пәннің негізгі міндеттері:


  • Студенттерге қазақ тіліндегі географиялық түсініктер мен терминологиялық сөздіктердің анықтамасын беру;

  • Студенттерге кәсіби қазақ тілі пәні мен географиялық ғылымдардың дамуына әсер етуші пәндердің арасындағы байланысты ашу;

  • «Физикалық география», «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы», «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» сияқты географиялық курстардың қазақ тіліндегі мазмұнымен студенттерді таныстыру;

Пәннің қысқаша мазмұны:

Кәсіби қазақ тілінің мақсаты – тілді кәсіби коммуникация құралы ретінде меңгеріп алу. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті дағдылар – әдебиетті қолдана білу, сөздікпен жұмыс жасау, сөздерді есте сақтау және оларды жадыдан алып шығуды қамтамасыз ететін әдіс – тәсілдерді меңгеру.

Оқытудың міндеттері:

Коммуникативті: қазақ тіліндегі кәсіби түрде сқйлеуді түсіну; ауызша диалог. Монолог түріндегі сөйлеуді меңгеру; дағдыландырылмаған сөзді сөздіксіз ауызша және ішінен оқу;конспектілерді, рефереатты, баяндамалар құру;

Филологиялық: қазақ тілінің құралдарын функционалдық қолдану бойынша білімін тереңдету;

Кәсіби: болашақ кәсіби қызмтеке қажетті тілдік дағдылар мен ептілікті дамыту.

Оқыту процесінде қолданылатын әдіс – тәсілдер:

  • коммуникативтік – функционалдық, когнитивті;

  • мәдени –тарихи принцип;

  • индукция және дедукция тәсілі.

Жазбаша және ауызша тілде келесі білім мен дағдыларды қалыптастыру:

Оқылым:

Оқу дағдыларын қалыптастыру үшін кәсіби іс –әрекетке арналған мәтінді тұрлаулы, тұрлаусыз ақпаратты ерекшелеуге үйрету, қысқаша жазбалар, рефераттар үшін ақпаратты таңдау, пікірталастар, әңгімелесу кезінде пайдалануы мүмкін сөйлемдерді, абзацтарды табу керек.



Тыңдалым:

Тыңдау дағдыларын қалыптастыру үшін мамандық бойынша үнемі мәтіндердің дыбыстық жазбасын тыңдау, ақпаратты жүйелі құру және тыңдалған ақпараттң мәнін айтып беру қажет.



Жазылым:

Жазбаша сөйлеуді құрастыру үшін оқылғанның жоспарын, түйінін, қысқаша жазбасын құрастыруды, жоспар негізінде мәтіннің негізгі ойларын баяндау, оларды жүйелендіру, мәтін бөліктері арасында мағыналық қатынастарды орнатуды үйрету керек.



Пікірлесім:

Диалогтық сөйлеу дағдыларын қалыптастыру (әңгімелеу, сипаттау, хабарлау,ойлау, түсіндіру) үшін сөйлеу және ойды білдіру үшін қажетті сөйлеу құралдарын және стильдік ерекшеліктерді үйрету керек.



Пәнді меңгергеннен кейін студент:

- арнайы кәсіби – бағдарлы материалды түсіне және пайдалана білуі керек;

- қазақ тілінде мамандығына қарай жазылған термин сөздер мен сөз тіркестерін, өз бетімен ғылыми еңбектерді оқып, аударма көмегімен өз ойын сол қажеттілікте сай жеткізуі;

- Қазақстандағы және әлемдік кеңістіктегі қазақ тілінің рөлі мен орны туралы, қазақ тіліндегі негізгі сөйлем заңдылықтары туралы хабардар болуы керек.

Дублиндік дескриптор негізінде «Кәсіби қазақ тілі» пәнінің нәтижесінде білім алушының жалпы түсінігі болуы керек:

Білуі және түсінуі тиіс:


  • студенттер кәсіби мәтінді тыңдап, ақпараттың мазмұнын, тақырыбын толық түсіне білуі тиіс;

  • жағдаяттық сұхбат барысында студент сұхбаттасушының кәсіби тақырып төңірегінде қойған сұрағын, айтқан ойының мазмұнын тыңдай отырып, түсініп, жуап қайтара білуі тиіс;

  • мамандық бойынша кәсіби терминдердің қазақ тіліне аударылымын және жасалу ерекшеліктерін білуі тиіс;


6.Сабақ жоспары

6.1. Аудиториялық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары



Мазмұны

(тақырып және сұрақтар)



Оқытудың күндізігі бөлімі

Оқытудың сыртқы бөлімі

Оқулық, әдістемелік құралдарға сілтеме

Дәріс сабақ / сағаты

Практ., семин., сабақтар/

сағат


Дәріс сабақ / сағаты

Практ., семин., сабақтар/

сағат


1

2

3

4

5

6

7

І Бөлім Жалпы жертану

1

География ғылым ретінде. «География» сөзінің мазмұны (шығуы және анықтамасы)




1










2

Литосфера, Гидросфера




1










3

Атмосфера. Биосфера
















ІІ Бөлім Геология және геоморфология

4

Жердің құрылысы. Жер қыртысының қозғалысы туралы болжамдар




2










5

Жердің бедері




2










ІІІ Бөлім. Физикалық география

6

Ұлы географиялық ашылулар




1










7

Материктер




2










8

Мұхиттар
















9

Географиялық нысандардың топонимикасы және туризм географиясы
















ІҮ Бөлім. Экономикалық және әлеуметтік география

10

Дүние жүзінің халқы. Халықтардың саны, құрамы, жіктелуі




1










11

Шаруашылық салаларының географиясы




2










12

Елдердің экономикалық-географиялық сипаттамасы.

















6.2. СОӨЖ күнтізбелік-тақырыптық жоспары


ОБСӨЖ тақырыптары


ОБСӨЖ сағат

саны


Әдебиетке сілтеме жасау (нег.қос.)

Басқа құралдар (сайттар, электр.оқулықтар)

1

2

3

4

5






1

Географиялық ғылымдардың терминдері мен түсініктері

2

№1

№10





2

«Географиялық қабық» тақырыбы бойынша терминдер мен түсініктер

2

№1

№3





3

«Жердің құрылысы. Жер қыртысының қозғалу болжамы» тақырыбындағы арнайы ұғымдар мен түсініктер

2

№1

№3





4

Жер бедері туралы нақты түсініктер. Жер бедерінің өзгеруі

2

№1

№7





5

«Ұлы географиялық ашылулар және оларға сипаттама» тақырыбындағы арнайы ұғымдар мен түсініктер

2

№1

№3





6

«Материктер» тақырыбындағы ұғымдар мен түсініктер

2

№1

№3





7

«Дүниежүзілік мұхит» тақырыбыбойынша ұғымдар мен түсініктер

2

№1

№7





8

«Солтүстік Американың физикалық-географиялық нысандарының топономиясы» тақырыбы бойынша ұғымдар мен түсініктер.

2

№1

№3





9

«Дүниежүзінің халықтар географиясы» тақырыбы бойынша ұғымдар мен түсініктер

2

№1

№2





10

Өнеркәсіп салаларының нысандары бойынша нақты терминдер мен түсініктер

2

№1

№3





11

Қазақстандағы елді мекендер, қалалар, ауылдар топонимиясы

2

№1

№3





12

«Ауыл шаруашылық» тақырыбы бойынша ұғымдар мен түсініктер

2

№1

№2





13

«Қазақстанның географиялық нысандарының топонимиясы» тақырыбы бойынша ұғымдар мен түсініктер

2

№1

№2





14

ТМД елдерінің эконоикалық – әлеуметтік нысаедары туралы нақты терминдер мен ұғымдар

2

№1

№3





15

Географиядағы ғылыми еңбектердің ғылыми мазмұны – монография, диссертация, географиялық ғылыми журналдардағы мақалалар.

2

№1

№4






Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет