ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОЛИТТЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Мамырканова Лира Нұқсиқызы
Астана қаласы №56 мектеп-лицейдің
химия пәні мұғалімі
9 сынып
Өздік жұмыстар
Электролиттер және бейэлектролиттер. Қышқылдардың, сілтілердің және тұздардың диссоциациялануы.
І нұсқа
А деңгей
1.Берілген заттардың ішінен электролиттер және бейэлектролиттерді екі бағанға жазыңдар: қант, калий хлориді, натрий сульфаты, оттек, азот, күкірт қышқылы.
2.Натрий гидроксиді, азот қышқылы, натрий хлоридінің диссоциациялану теңдеулерін жазыңдар.
ІІ нұсқа
В деңгей
1. Берілген заттардың қайсылары диссоциацияланады: сұйық аммиак, натрий гидроксидінің ерітіндісі, дистилденген су.
2.Кальций гидроксидінің, ортофосфор қышқылының, алюминий сульфатының диссоциациялану теңдеулерін жазыңдар.
ІІІ нұсқа
С деңгей
1.Берілген заттардың ішінен электролиттер және бейэлектролиттерді екі бағанға жазыңдар: хлорсутек, хлорсутектің судағы ерітіндісі, бор, спирт, ацетон, сірке қышқылы.
2. Қандай заттар ерігенде төмендегідей иондар түзеді?
Катиондар: Сu2+,Н3О+,Na+
Аниондар: NO3-, OH-, HSO4-
Ион алмасу реакциялары
Төменде формуласы берілген заттардың ерітінділері арасындағы жүретін реакциялардың молекулалық толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.
І нұсқа ІІ нұсқа ІІІ нұсқа
А деңгей В деңгей С деңгей
Na2CO3 және HCI Li2CO3 және H2SO4 K2CO3 және H2SO4
HNO3 және AgNO3 NaOH және H2SO4 CuCI2 және AgNO3
NaCI және KNO3 Ca(NO3)2және HCI Na2SO4 және LiNO3
КОН және ҒеСІ2 Na2CO3 және HCI ҒеСІ3 және NaOH
Қышқылдар
І нұсқа
А деңгей
А) Газ, ә) су, б) тұнба түзілу үшін күкірт қышқылы қандай заттармен әрекеттеседі? Реакция теңдеулерін молекулалық, толық және қысқартылған иондық түрде жазыңдар.
ІІ нұсқа
В деңгей
Тұз қышқылының мысалында қышқылдарға тән химиялық қасиетті электролиттік диссоциация тұрғысынан түсіндіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.
ІІІ нұсқа
С деңгей
Егер тұз қышқылы, калий гидроксиді, натрий нитраты, калий карбонаты, мыс (ІІ) оксиді және магний бірімен-бірі әрекеттескенде қандай реакциялар жүреді? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Тұздар. Тұздар гидролизі.
І нұсқа
А деңгей
1) Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан тұздардың химиялық қасиетін сипаттап, реакция теңдеулерін жазыңдар.
2) Қандай тұздар гидролизденеді?
ІІ нұсқа
В деңгей
1)Мына төмендегі сызбанұсқада келтірілген реакцияның иондық теңдеулерін жазыңдар:
ВаСІ2 + Na2SeO4 →ВаSеО4↓ + NaСІ
2)а)Алюминий хлориді, ә)калий карбонаты, б) натрий хлориді ерітінділерінде индикатор лакмус қандай түске өзгереді? Себебін түсіндіріңдер.
ІІІ нұсқа
С деңгей
1.) Қысқартылған иондық теңдеулерге сәйкес толық иондық және молекулалық теңдеулер жазыңдар:
Сu2+ + 2ОН- → Сu(ОН)2↓
СО32- +2Н+→Н2О + СО2
Н+ +ОН- →Н2О
2) Алюминий сульфаты, ә) калий нитраты, б) натрий карбонаты ерітінділерінде метилоранж индикаторы қандай түске өзгереді? Себебін түсіндіріңдер.
Біреуі артық мөлшерде алынған реакцияға түскен заттардың көлемдері немесе массалары бойынша реакция өнімдерінің көлемін немесе массасын есептеу.
Берілген газдардың көлемдері бойынша (қ.ж) реакция өнімдерінің
І нұсқа
А деңгей
2 литр азот және 1,5 литр оттек берілген. Реакцияның сызбанұсқасы
N2 +O2→NO
ІІ нұсқа
В деңгей
2,5 литр көміртегі (ІІ) оксиді және 4 литр оттек берілген. Реакцияның сызбанұсқасы СО +О2→СО2
ІІІ нұсқа
С деңгей
3,5 литр сутек және 1 литр азот берілген. Реакцияның сызбанұсқасы
N2 +Н2↔NH3
Берілген заттардың массалары бойынша реакция өнімдерінің массасын есептеңдер. Қандай заттар реакция аяқталғаннан кейін артық қалады?
І нұсқа
А деңгей
126г. кальций оксиді 126г.азот қышқылымен әрекеттескенде неше грамм кальций нитраты түзіледі?
ІІ нұсқа
В деңгей
16г. натрий гидроксиді 16г. мыс(ІІ)сульфатымен әрекеттескенде түзілген мыс(ІІ)гидроксидінің массасын есептеңдер.
Ш нұсқа
С деңгей
Массасы 200г. 2%-дық натрий гидроксиді мен 200г. 10%-дық тұз қышқылы әректтескенде түзілген тұздың зат мөлшерін есептеңдер.
№1 тест
Электролиттік диссоциация және электролиттердің қасиеттері
І нұсқа
А деңгей
1) Электролиттерге жатады
А) Спирт
В) Металдар
С)Тұздардың судағы ерітінділері
2) Электролиттік диссоциация дегеніміз
А) Заттардың жеке молекулаларға ыдырауы
В) Заттардың суда ерігенде немесе балқығанда иондарға ыдырау процесі
С) Иондар және атомдар түзілу процесі
3) Катиондар дегеніміз не?
А) Теріс зарядталған иондар
В) Зарядсыз бөлшектер
С) Оң зарядталған иондар
4) Сутек катионы қандай электролиттер диссоциацияланғанда түзіледі?
А) Қышқылдар
В) Сілтілер
С) тұздар
5) Берілген электролитттердің қайсысы диссоциацияланғанда сульфат-анион түзіледі?
А)Na2SO4
B) Na2SO3
C) Na2S
6) Берілген негіздердің қайсысы күшті электролит?
А) Ғе(ОН)3
В) NaОН
С) Сu(ОН)2
7)МgCI2 диссоциацияланғанда түзілетін иондар
А) Мg2+, 2СІ-
В) Мg2+, 2СІ
С) диссоциацияланбайды
8) Күшті электролиттердің диссоциациялану дәрежесі
А) α >30%
В) α ═3-30%
С α <3%
9) Ион алмасу реакциясы аяғына дейін жүреді
А) Күшті электролиттер түзілгенде
В) Тұнба, газ, әлсіз электролит түзілгенде
С) Суда жақсы еритін заттар түзілгенде
10) Металдардың катионы қандай заттар диссоциацияланғанда түзіледі?
А) Қышқылдар
В) Тұздар
С)Негіздер 
11) Қандай тұздар гидролиздену реакциясына түседі?
А) Суда ерімейтін тұздар
В) Суда еритін тұздар
С) Тұздар гидролизденбейді
12)Берілген электролиттердің қайсысы сатылы түрде диссоциацияланады?
А) КОН
В) Н2SO4
C) HNO3
13) Мына тұздың К3РО4 гидролизі кезінде орта қандай болады?
А) Қышқылдық
В) Бейтарап
С) Негіздік
14) Егер тұз күшті қышқыл, әлсіз негізден түзілсе ортасы қандай болады?
А) Қышқылдық
В) Бейтарап
С) Негіздік
15) Қысқартылған иондық теңдеуі Н+ + ОН- ↔Н2О
А)Тұз бен қышқыл
В) Тұз бен сілті
С) Қышқыл мен негіз
ІІ нұсқа
В деңгей
1)Бейэлекролиттер деп қандай заттарды айтады?
А) Электр тогын өткізетін заттар
В) Металдар
С) Электр тогын өткізбейтін заттар
2) Күшті электролиттің формуласы
А) Аg2SO4
B) K2SO4
C) H2SiO3
3) Диссоциацияланбайтын қосылыс
А) NaOH
B) H2SO4
C) H2SiO3
4) Үш сатылы диссоциацияланатын қосылыс
А) Мыс (ІІ) гидроксиді
В) Натрий гидроксиді
С) Фосфор қышқылы
5) Қышқыл қалдықтарының анионы қандай заттар диссоциацияланғанда түзілмейді?
А) Тұздар
В) Сілтілер
С) Қышқылдар
6) SO42- сульфат-анионның көмегімен қандай катионды анықтауға болады?
А) Ва2+
В) К+
С)NH4+
7) СІ- хлорид-анионды қандай катионмен анықтауға болады?
А) Аg+
B) Ba2+
C) Pb2+
8) Ион алмасу реакциясы
А) NH3 + H2O ↔NH4OH
B) CaCI2 + Na2CO3 → CaCO3↓ + 2NaCI
C) Zn + CI2 →ZnCI2
9) Ғе2+ +2ОН- → Ғе(ОН)2 қысқартылған иондық теңдеуге сәйкес келетін молекулалық теңдеу
А) ҒеСІ2 + Н2О →
В) Ғе(NO3)2 + AI(OH)3 →
C) FeSO4 + NaOH →
10)Ион алмасу реакциясының нәтижесінде көміртек(ІV)оксидін түзетін заттар
А) Na2CO3 және H2SO4
B) HCI және AI(OH)3
C) K2SO4 және BaCI2
11) Қай зат ерітінділерінің жұптары реакцияға түседі?
А) КСІ және Na2SO4
В) НСІ және К2SO4
С) СuСІ2 және NaOH
12) Мына тұздардың қайсысы гидролиздену реакциясына түседі?
А) Аg2SO4
В) К2SO4
С) РbS
13) Алюминий нитраты ерітіндісінің ортасы қандай?
А) Негіздік
В) Қышқылдық
С) Бейтарап
14) Мыс(ІІ)хлоридінің ерітіндісінде индикатор-лакмустың түсі қалай өзгереді?
А) Сары
В) Таңқурай түсті
С) Қызғылт
15) Қай тұздың ерітіндісін фенолфталейн көмегімен анықтауға болады?
А) NaСІ
В) Nа2СО3
С) АІСІ3
ІІІ нұсқа
С деңгей
1) Ерітіндісі электролит бола алмайтын қосылыс
А) Na3РО4
В) Сu3(РО4)2
С) КСІ
2) Ерітіндісі диссоциацияланғанда сутек катионына және қышқыл қалдығы анионына ыдырайтын қосылыс
А) Тұз
В) Қышқыл
С) Қышқылдық оксид
3) Күшті электролит
А) Көмір қышқылының қаныққан ерітіндісі
В) Әк суы
С) Күкірт қышқылының ерітіндісі
4) АІ2(SO4)3-тұзының диссоциациялану теңдеуі
А) АІ3+ + SO42-
В) 2АІ3+ + 3SO4
С) 2АІ3+ + 3SO42-
5) Берілген иондар Мg2+, РО43-, Na+, СІ- қандай қосылыстар диссоциацияланғанда түзіледі?
А) МgCI2, Na3PO4
B) Mg3(PO4)2, NaCI
C) Na3PO4, NaCI
6) Сатылы түрде диссоциацияланатын қосылыс
А) КНСО3
В) К2СО3
С) НСІ
7) Егер ерітіндіде сутек ионының концентрациясы көбейіп кетсе, онда
А) Гидроксид иондарының саны артады
В) Ерітіндінің қышқылдылығы артады
С) Ерітіндінің қышқылдылығы азаяды
8) Аd+ катионын қандай анионның көмегімен анықтауға болады?
А) NО-3
В)СІ-
С)S2-
9) 3%< a>30% болса қандай электролит?
А) Күшті
В) Орташа
С) Әлсіз
10) 100 молекула тұздың 40 молекуласы иондарға диссоциацияланса, оның диссоциациялану дәрежесі нешеге тең
А) 40%
В) 60%
С) 4%
11) Аяғына дейін жүретін ион алмасу реакциясы
А) Ва(NO3)2 + HCI
В) КСІ + НNО3
С) АgNO3 + КСІ
12) Негіздік орта жасау үшін суға қандай затты қосу керек?
А) Na2CO3
B) NaCI
C) HCI
13) Қандай затты суда еріткенде әлсіз сілтілік реакция береді?
А) СО2
В) SО2
С) NH3
14) Қай тұздың ерітіндісінде күлгін лакмус қызарады?
А) Na2SO3
B) Zn(NO3)2
C) Na2SO4
15) Сулы ерітіндіде толық гидролизденетін тұз
А) АІРО4
В) АІ2 S3
С) АІ(NO3)3
№1 Бақылау жұмысы
Электролиттік диссоциация және электролиттердің қасиеттері
І нұсқа
А деңгей
1) Мына заттардың: а) калий нитраты, ә) кальций хлориді, б) натрий сульфатының судағы ерітінділерінде қандай иондар бар?
2) Массасы 27,6г. калий карбонаты мен 31,5г. азот қышқылы әрекеттескенде
(қ.ж) қанша көлем көмірқышқыл газы түзіледі?
3)Мына заттар әрекеттескенде жүретін реакция теңдеулерін иондық түрде жазыңдар: Nа2SiO3 + Ba(OH)2→
Fe(OH)3 + H2SO4→
ІІ нұсқа
В деңгей
1)Екідайлы гидроксидтердің химиялық қасиетін сипаттайтын реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.
2)Массасы 200г.8%-дық мыс(ІІ)сульфаты 168г. калий гидроксидімен әрекеттескенде түзілген тұнбаның массасы қанша болады?
3)Қысқартылған иондық теңдеулерге сәйкес молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулерді жазыңдар:
СuО +2Н+ → Си2+ + Н2О
Рb2+ + S2- → PbS↓
ІІІ нұсқа
С деңгей
1) НСІО4 хлор қышқылының мысалында қышқылдардың химиялық қасиеттерін электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан сипаттап, реакцияларды молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулер түрінде жазыңдар.
2) Массасы 20г. 2%-дық натрий гидроксиді ерітіндісімен массасы 40г. 4%-дық күкірт қышқылы әрекеттескенде түзілген орта тұздың массасын есептеңдер.
3) Алюминий хлоридінің гидролиздену реакция теңдеуін жазып, ортасын анықтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |