9 –нұсқа
БИОЛОГИЯ
1. Өсімдіктің жер асты мүшесі:
A) Тамыр.
B) Сабақ.
C) Гүл.
D) Жапырақ.
E) Тұқым.
2. Органикалық заттар топырақта:
A) Өзгермейді
B) Көбейеді
C) Ыдырайды
D) Шоғырланады
E) Қалыптасады
3. Асбұршақтың гүлшоғыры:
A) Собық.
B) Шатыршагүл.
C) Масақгүл.
D) Себетгүл.
E) Шашақгүл.
4. Ерте егiлетiн мәдени өсiмдiктер (1- 4 С°) –
A) Арпа, бидай, сұлы, шалқан, пияз, сәбiз.
B) Қауын, қарбыз, асқабақ.
C) Жүгерi, мақта.
D) Күнбағыс, қызылша.
E) Қияр, қызан.
5. Раушангүлділердің жемісі:
A) Бұршаққын.
B) Көп сүйекті жаңғақ.
C) Тұқымша.
D) Бұршаққап.
E) Дәнек.
6. Қозықұйрықтың боз арамқұлақтан ерекшелігі:
A) Қалпақшасының асты қызғылт түсті, түбіртегінде сақинасы болмайды.
B) Жемісті денесі жер бетіне күзде дамиды.
C) Негізінен топ-топ болып өседі.
D) Қалпақшасының асты ақшыл-жасыл түсті.
E) Түбіртегі жіңішке, ұзын, түбіртегінде сақинасы бар.
7. Судың қалың қабатында жүзіп жүретін ішекқуыстылар-
A) гидралар.
B) риф түзуші маржандар.
C) актиниялар.
D) медузалар.
E) қызыл маржандар.
8. Теңіз тасбақаларының аяқтарының ерекшелігі:
A) құрлықтағы тасбақалардай
B) ұзын тырнақты болады
C) ескек аяққа айналған
D) саусақтарының арасында жарғақтары бар
E) тек қана артқы аяқтарында ғана жүзу жарғақтары болады
9. Денсаулық сақтау шарттары және аурудың алдын алу шаралары туралы ғылым:
A) Медицина.
B) Экология.
C) Тәнтану.
D) Гигиена.
E) Физиология.
10. Жүйке жасушасының қысқа өсіндісі:
A) Аксон.
B) Жүйке.
C) Дендрит.
D) Түйін.
E) Нейрон.
11. Адамдағы кеуде сүйегіндегі қабырғалар саны:
A) 10 жұп
B) 11 жұп
C) 13 жұп
D) 12 жұп
E) 9 жұп
12. Сырттай ұрықтану ... тән.
A) сүтқоректілерге
B) бауырымен жорғалаушыларға
C) құстарға
D) адамға
E) қос мекенділерге
13. Агроценоздарға жататындар -
A) Бақша.
B) Өзендер.
C) Орман.
D) Дала.
E) Тундра.
14. Өсімдіктің азот жинақтаушы-түйнек бактериялары орналасқан орны:
A) Тұқымда.
B) Жемісте.
C) Жапырақта.
D) Сабақта.
E) Тамырда.
15. Ақ сұлама денесін құрайтын ұлпаларға жатпайтыны:
A) бұлшық ет
B) дәнекер
C) жабын
D) қан
E) жүйке
16. Шаянның уылдырығы дамитын мүше:
A) Шаянның ішінде.
B) Шөпте.
C) Басқа ағзаларда.
D) Шаянның құрсақ бөліміндегі аяғында.
E) Балықтың денесі.
17. Жүрек қабырғасы ... тұрады:
A) көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан
B) бірыңғай салалы бұлшықеттен
C) эпителий ұлпасынан
D) жүйкеден
E) шеміршекті ұлпадан
18. Тыныс алу мүшесінің ауруына жатпайтыны:
A) трахеит
B) фарингит
C) цистит
D) плеврит
E) тұмау
19. Асқорыту жүйесіндегі қарыннан кейінгі мүше-
A) Ұлтабар.
B) Соқыр ішек.
C) Тоқ ішек.
D) Ұйқы безі.
E) Бауыр.
20. Ағзада жетіспегенде “мешел”ауруы пайда болатын дәрумен:
A) A
B) E
C) B
D) K
E) D
21.Саңырауқұлақ жасушасының сыртында қатты қабығы, ішінде ......... болады:
А)хлоропласт
В)ядро
С)центрольдер
Д)пластид, ядро
Е)вакуоль
F)лизосома
G)хлоропласт
Н)эндоплазмалық тор
22.Балдырлар хоромотофорындағы пигменттерге байланысты топтары:
А)сарғыш
В)жасыл
С)көкшіл
Д)қызыл
Е)көгілдір
F)сары
G)көк
Н)қоңыр
23.Бунақденелілердің ересек күйге ауысуы:
А)уылдырық
В)шабақ
С)дернәсіл
Д)нимфа
Е)финна
F)қуыршақ
G)имаго
Н)ұрық
24.Жүрегі үш қуысты жартылай пердемен бөлінген:
А)жылан
В)гаттерия
С)сазан
Д)қырғауыл
Е)кесіртке
F)құрбақа
G)түйеқұс
Н)сақиналы құртжылан
25.Бір түбірлі тістер:
А)пульпа
В)дентин
С)кіші азу тістер
Д)сойдақ
Е)ақыл
F)үлкен азу тістер
G)азу
Н)күрек
26.Терінің эпидермис қабаты:
А)мүйізгек
В)түрі өзгерген тері
С)май бездері орналасқан
Д)жалпақ эпителийі
Е)нағыз тері қабаты
F)энергия қоры
G)қара-қызыл түсті түйінді
Н)қор зат жиналады
27.Лейкоциттер түзіледі:
А)безде
В)сүйек кемігінде
С)майда
Д)асқазанда
Е) көкбауыр мен лимфа түйіндерінде
F)жүректе
G)ішекте
Н)бүйректе
28.Өсімдіктер селекциясында қолданылатын сұрыптаудың түрлері:
А)аралас
В)кездейсоқкөбелек
С)талдай
Д)жеке
Е)топтай
F)жаппай
G)шоғырлы
Н)мутация
29.Адамның жаралу және пайда болу кезеңі:
А)мезозой
В)палеозой
С)триас
Д)архей
Е)девон
F)кайнозой
G)ордовик
Н)протерозой
30.Кездейсоқ пайда болатын өзгергіштік:
А)дактилоскопиялық
В)морфологиялық
С)онтогенездік
Д)онтогенетикалық
Е)модификациялық
F)мутациялық
G)эмбриологиялық
Н)физиологиялық
№
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
26
|
27
|
28
|
29
|
30
|
9 - нұсқа
|
A
|
C
|
E
|
A
|
B
|
A
|
D
|
C
|
D
|
C
|
D
|
E
|
A
|
E
|
D
|
D
|
A
|
C
|
A
|
E
|
BEF
|
BDH
|
G
|
ABE
|
DH
|
AD
|
BE
|
DF
|
F
|
F
|
Достарыңызбен бөлісу: |