7 «Айша» балабақшасы Жасыл дәріхана Құрастырған: Шынгожина Б. А. Жасыл дәріхана



Дата10.05.2017
өлшемі80.15 Kb.
#10115


7 «Айша» балабақшасы

Жасыл дәріхана

Құрастырған: Шынгожина Б.А.

Жасыл дәріхана

"Жасыл дәріхана" - табиғатта кездесетін барлық өсімдіктер мен жеміс - жидектер және тағы емге қолданылатын заттар жинағының орталығы. Жанға жайлы,ешбір зиянсыз, кез келген аурудың алдын алу шараларымен қамтылған.

"Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерлікті жерден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді", - деп

Қадыр Мырзалиев ағамыз тегіннен айтпаған.



c:\users\admin\desktop\1371205572.jpg


c:\users\admin\desktop\e7416d (1).jpg

Дәрілік бақбақ- түймедағы мен мыңжапырақ сияқты күрделі гүлдер тұқымдастарына жатады. Ұзын, дұрыс емес түрдегі қалақты және тістес жапырақтары сабақтың айналасында дамиды, оның атауы француздық «dent de lion» сөзінен шыққан.

Бақбақ 30 см дейінгі биіктекке өседі, сары гүлдері негізгі гүлдену маусымы сәуір айынан мамыр айына дейін дамиды. Осы өсімдіктің көптеген дәстүрлі және қазіргі заманғы қолданылуының түрлері туралы жазбалар бар. Бақбақ жапырақтарының сіріндісін қолдануға ұсынылатын сала - қанды тазалау мен ас қорытумен байланысты дерттерді емдеу.

Бақбақ пен оның ащы заттарының сіріндісі Имупрет® препаратында бар, және басқа алты дәрілік өсімдіктермен бірге ол қабынуға қарсы қасиеті арқылы иммундық қорғану жүйесін нығайту үшін пайдаланылады.c:\users\admin\desktop\1350446066.88.jpeg.png



Шетен – биіктігі 10-15 метрдей болатын ағаш. Сұрғылт түсті, жылтыр қабығы бар. Жапырақтары қауырсын тәрізді, кезектесіп орналасқан. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Гүлі майда, ақ, күлгін, қызыл түсті болып келеді. Моншақ тәрізді, қызыл түсті жемісі қыркүйек айында піседі.

Дәрілік мақсатта жаңадан үзілген және кепкен жемістері пайдаланылады. Шетен жемісінің ағзаға дәрумен жетіспегенде, асқазан қышқылы азайғанда емдік қасиеті зор. Бауыр, өт ауруларын емдеуге, несеп, өт айдауға, бүйрекке және қуыққа байланған тасты түсіруге, іш жүргізуге пайдаланады. Шетеннің жемісінен басқа жапырағы, бүршігі, діңінің қабығы да дәрілік шикізат.Көгалдандыру саласында шетенді шөмеле тәрізді (штамб) пішінде де өсіреді.Шетен ағашын музыкалық аспаптар жасауда кеңінен қолданады. Діңінің қабығынан қызғылт-қоңыр, бұтақтарынан қара, ал жапырақтарынан қоңыр бояу алады.c:\users\admin\desktop\383031.jpg


Жолжелкен – көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30–40 см-ге дейін жетеді. Сабағының төменгі жағында жерге жайыла өсетін сопақша жапырақтары бар. Гүлдері ұсақ, төрт тармақты масақтан тұрады. Кішкене қауызында 8-ден 13-ке дейін тұқымы болады. Маусымнан қыркүйек айларына дейін гүлдейді.

  Жолжелкен жапырақтарының құрамында аукубин глюкозиді, ащы және илік заттар, ферменттер, лимон қышқылы, каротин, аскорбин қышқылы, К витамині және аздаған мөлшерде алкалоидтар мен фитонцидтер бар. Ұрығында 44 процентке жуық шырыш, май, плантеоза мен сапониндер кездеседі. Дәрілік мақсатқа жолжелкеннің жапырақтарын, ұрығын, шырынын, тамырын пайдаланады. Бұл өсімдіктің емдік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған.      c:\users\admin\desktop\podoroznyk-lekarstvo-pod-nogami11.jpg


Дәрілік түймедақ – биіктігі 35-40см –ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік, тамыры нәзік,білеу. Бірен-саран бұтақталған сабақтары бар, күрделі екі-үш қауырсынды тілімделген жапырақтары сабақтарында кезектесіп орналасқан. Гүлдері тұтас немесе біршама үгітілген жартылай шар тәрізді гүлсебеттерден тұрады, гүл сабақтары 3см-ге дейін болады,гүл тұғыры қуыс, жартылай шар тәрізді немесе конус тәрізді. Себеттердің тілше гүлдері ақ түсті, түтікше гүлдерінікі сары, жұпар иісті, дәмі татымды, ащылау.c:\users\admin\desktop\125367777_201401292253.jpg

Түймедақтың гүлінен жасалған дәрілердің жел шығаратын, қабынуға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерлерді тыныштандыратын, денедегі бұлшық еттердің тырысуына қарсы әсер етеін қасиеттері бар.Сонымен қатар қан тоқтататын, микробты жоятын,дәрі ретінде де қолданады.

Түймедақты шаштың қайызғағын кетіру үшін де пайдаланады.
Итмұрын деп раушангүлдер  тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктердің жемісін атайды.

Раушан туыстастарының жидегі жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. c:\users\admin\desktop\d163a318.jpg

Итмұрынның ерекшелігі — бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер негізінен және асқазан   бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың  орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майын пайдаланылады.

Қалампыр —қалампырлықтар тұқымдастарына жататын біржылдық және көпжылдық өсімдіктерінің бір туысы. Қалампырдың Азияда, Африкада, Еуропада шөп және бұта болып есетін 300-дей түрі бар. Қалампыр топтанып өседі. Гүлінен эфир майы алынады. Қалампырдың бірнеше түрі декорация ретінде құмыраларда өсіріледі. Кейде шала бұта түрінде де кездеседі. Бұлардың биіктігі 15 – 50 см-дей, жапырағы таспа немесе қандауыр тәрізді болады. Қалампыр туысының өзіне тән ерекшелігі – бірігіп кеткен тостағанша жапырақшаларының түбі қабыршақтанып келіп, гүл жапыраққа жабысып тұрады. Көбінесе қызыл, қызғылт, ақ, ала түсті, хош иісті, дара гүлдері сабағы мен бұтағының басында жетіледі. Гүл жапырақшаларының шеті тілімденген не ара тісті ирек. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Ала қалампыр мен қытай қалампыры халықтық медицинада пайдаланылады. Емдік мақсатта өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлдеп тұрған кезінде жинайдыc:\users\admin\desktop\1351765580.jpg
Алоэ— лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер.Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан Алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.

Алоэ вераны жеңіл күйік пен жарақаттарды емдеуге пайдалануға болады. Бұл өсімдіктің қою да созылмалы шырыны ауыру мен қышығанды басады. Инфекциядан жазылуға және оның алдын алуға көмектеседі. Өсімдіктен кішкене кесіп алып, сыртқы қабығын аршыңыз да, сол жұмсақ жапырақты немесе оның шырынын тікелей күйікке немесе жарақатты жерге салыңыз.c:\users\admin\desktop\1371205632.jpg



Долана – раушан гүлділер тұқымдасына жататын өсімдік. Әлемде долананың 39 түрі бар. Ал елімізде оның 7 түрі өседі. Соның ішінде көбірек тарағаны – алқызыл долана. Жалпы долана ағашының биіктігі 2-7 метр. Жапырақтарының ұзындығы 6 см, ені 4-5 см көлемінде. Барлық сұрыптары көктемде қалың гүл ашады. Гүлдері қызыл, ақ, қызғылт түсті болады. Мамыр айының соңында гүлдері шыға бастайды да, маусымның ортасына таман гүлдеп бітеді. Гүлдегеннен кейін кішігірім қызыл, сары, кейде қара түсті домалақ жеміс береді. Дәрілік мақсатта долананың жемісі мен гүлін пайдаланады. Доланадан жасалған дәрілер орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек бұлшық еттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналымын жақсартады.c:\users\admin\desktop\crataegus.jpg

Зәйтүн– зәйтүн тұқымдасына жататын мәңгі жасыл көп жылдық ағаш тектес өсімдік.

Негізінен тропиктік, субтропиктік аймақтарда өседі. Соның ішінде шаруашылық үшін маңызды түрі –еуропалық Зәйтүн .Биіктігі 5 – 6 м, кейде 10 – 12 м-ге дейін жетеді. Жапырақтары ұсақ, сопақша келген, қарама-қарсы орналасқан. Гүлі ұсақ, қос жынысты, гүл шоғы ақшыл. Жемісі – сүйек, сопақша, толық піскен кезде күлгін немесе қара түсті келеді. Зәйтүннің шикі жемісінің құрамында шамамен 50 – 75% май болады, сонымен қатар қант, белок, пектин, В, С дәрумендері, А провитамині, т.б. құнды заттар кездеседі. Жемістерін салқындай сығып алған бірінші фракциясы зәйтүн майы  деп аталады, ол тағам дайындауда, дәрі ретінде, ал қалған жемісін, тұқымын қыздырып барып, сығып алынған екінші фракциясы – ағаш майы сабының қайнатуда қолданылады. http://www.uavgusta.ru/userfiles/0b70d98e284d015cba4a2d3389955ce0_box.jpg


Қаражидек – қаражидектер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанның таулы, орманды және далалы аймақтарында өсетін 3 (итбүлдірген, көкжидекті Қаражидек және қаражидек) түрі бар. Бұлардың Биіктігі 15 – 40 см-дей. Ұсақ та сопақша келген жасыл түсті жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлдері қос жынысты, қызғылт жасыл түсті, шар тәрізді болады. Мамыр – маусымда гүлдеп, қыркүйекте жемісі піседі. Жемісі – жұмыр келген қышқылдау дәмі бар қара жидек (миуа). Емдік мақсатта Қаражидектің миуасы мен жапырағын пайдаланады. Қаражидек миуасының тұнбасымен асқазан мен ішек қабынуын, іштің қатуын, бүйрек пен қуыққа тас байлануын, радикулит пен ревматизмді емдейді. http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/8b/vaccinium.jpg/640px-vaccinium.jpg
Левзея — жабайы өсімдік. Тамыр сабағы мен тамырының тұнбасы немесе сұйық сығындысы нерв жүйесі бұзылғанда және қалжырағанда әлдендіру үшін қолданылады 

rhaponticum carthamoides.jpg
Мия – бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында өсетін 5 түрі бар.Биіктігі 10 – 80 см-дей, тамыры жуан. Сабағы тік өседі, жапырақтар қандауыр тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көк, күлгін түсті, селдір шашақ гүлшоғырына топтасқан. Маусым – шілдеде гүлдеп, шілде – тамыз айларында жеміс салады. Жемісі – қабықты бұршақ. Қызыл мия және миятамыр деген түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органик. қышқылдар, минерал тұздары бар. Сондықтан оларды медицинада, темекі және тамақ өнеркәсібінде қолданады. Жапырағы, сабағы мал азығы ретінде пайдаланылады.a.
Қалақай  — қалақай тұқымдасынан бір туысы.Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Сабағы мен жапырағы түкті. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. шаншарлы қалақай (urtica dioica)

Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойында өседі. Биіктігі 1 м-дей. Көктемнің аяғынан бастап, жаз бойы гүлдейді. Қалақайдың барлық түрінің құрамында ақуыз, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар , әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады.




Жалбыз - еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Және де бұл өсімдіктің басқа түрлерінен порфюмериялық, кондитерлік, гигиеналық мақсаттарға қолданылады.

Жалбыз қосылған шай жүрек ауруымен ауыратындарға,тамақтан уланғанда,асқазан –бауыр ауруы мен ауырғандарға, жүйке жүйесі бұзылғандарға өте пайдалы. Және бас ауырғанда,қатты ашуланғанда ішу керек. Жалбызды 1 стаканға 2-3 еуін салса жеткіліті. Жалбыз қосылған шайды: қан қысымы жоғары адамдарға,6 жасқа дейін толмаған балаларға, ішуге болмайды. Жалбыз қосылған шай адам ағзасын тазалайды.



a.

~ ~


Каталог: storage
storage -> Наименование Реквизиты регистрационного удостоверения
storage -> Директорлар кеңесі 2013 жылдың 10 қаңтарында (№1/2013 хаттама) Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысы өткізілді, онда төмендегі мәселелер қарастырылды: «Автоматты басқару жүйесі «Энергодиспетчерлік тартым»
storage -> Конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандарты
storage -> В россии заболеваемость достигает 14-15 ‰
storage -> Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiн бекiту туралы
storage -> Сценарийлер жинағы Сборник сценариев Көкшетау 2015 Әож 821. 512. 122-93 кбж 84 (5 Қаз) е 74
storage -> Оқу-әдістемелік құрал Қасен Гүлжазира Аманжолқызы Астана 2013 ж Алғы сөз


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет