6 «Ә»-сынып Өткізген: Сансызбай Нургуль Астана – 2016 ж Тақырыбы



Дата17.07.2017
өлшемі69.71 Kb.
#39477
Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп – гимназиясыhttp://img0.liveinternet.ru/images/attach/c/3/77/538/77538674_ramka_dlya_teksta_ugol_rozuy_verh_sprava.jpg

6 «Ә»-сынып


Өткізген: Сансызбай Нургуль


Астана – 2016 ж

__________________
Тақырыбы: «Қызыл кітап табиғатты қорғай ма»

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың Қызыл Кітап жайлы мағлұматтарын кеңейту; 

Тәрбиелік: топтағы оқушыларға Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер жайлы түсінік беру; 

Дамытушылық: оқушыларды іскерлікке, алғырлыққа, өз бетінше және топпен қосымша мәліметтер жинауға дағдыландыру. 

Түрі: конференция

Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, карточка

Жоспары:

1. Слайд көрсетілімі

2. Пікірталас

3. «Бейнелі сұрақ»

4. «Болашақ» жобасын қорғау.

Қанатты сөздер

Ағаш көркі – жапырақ, 

(Адам көркі- шүберек) 

Дәрі шөптен шығады, 

(Дана көптен шығады) 

Тау бұлағымен көрікті, 

(Бұлақ құрағымен көрікті) 

Қораңда малың болсын, 

(Көшеңде талың болсын) 

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
c:\users\ученик\desktop\новая папка (2)\img-20160404-wa0020.jpg

1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгін біз сендермен жануарлар мен өсімдіктерді сақтап қалу үшін, олардың жойылып кетпеуін қадағалау үшін арналған «Қазақстанның  Қызыл кітабы» тақырыбымен танысамыз. 1948 жылы дүние жүзінің ғалымдары Халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап «Деректердің Қызыл кітабы»  деп аталды. Ал Қазақстанда Қызыл кітап 1978 жылы басылып шықты. Оған республикамыздағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер енгізіліп, қорғауға алынды. Қазақстанның әр жерлерінде қорықтар мен ұлттық саябақтар құрылды.

2 жүргізуші: Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.

1 жүргізуші: Адамның қырып-жоя әсер етуінің тағы бір мысалы ретінде Арал теңізінің экологиялық опатын көрсетуге болады.

Соның нәтижесінде теңіздің жартысынан астамы  Әмудария  және  Сырдария  өзендерінің ағысын бөліп жібергендіктен, тартылып кетті. Арал теңізі ірі балық кәсіпшілігі орнынан шағын суқоймаға айналып қалды. Теңіздің сорлануының тез өсуі нәтижесінде тұздылығы 60% (промиллеге) дейін көтерілді, сөйтіп суармалы егістіктің ақаба суынан  пестицидтер  мен  нитраттардың  жинақталуынан теңіз суынан балықтардың 28 түрі жойылып кетті. Қазақстанда жыртқыш құстардың жағдайы шұғыл нашарлап кетті. Оның негізгі себептері мыналар: Ересек құстарды жаппай аулау, сондай-ақ сату үшін ұядан (ителгі,бидайық, лашын, ақ сұңқар; бүркіт, қарақұс тәрізді қырандардың) балапандарын алу;


c:\users\ученик\desktop\новая папка (2)\img-20160404-wa0019.jpg
2 жүргізуші: Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.

1 жүргізуші: -Енді, балалар, біз Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген кейбір жануарлардың түрлерімен танысамыз.

а) Слайдтар бойынша жануарлар мен өсімдіктер мен таныстыру.



ІІ. Білім деңгейін тексеру

1 кезең: «Слайд көрсетілімі»

2кезең: «Пікірталас»
c:\users\ученик\desktop\новая папка (2)\img-20160404-wa0026.jpg
шарты: Берілген сұраққа өз ой - тұжырымдарын білдіруі керек.

1. Қызыл Кітап қандай мақсатпен ашылған? (Қызыл кітап - халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі.)

2. Қазақстанда Қызыл Кітап алғаш рет қай жылы басылып шықты? (Қызыл кітап ең алғаш 1978ж басылып шықты)

3. Қазақстанда Қызыл Кітаптың екінші басылымы қай жылы шықты? (Қызыл кітапбының  екінші басылымы 1991ж )

4. Қазақстанда Қызыл Кітаптың үшінші басылымы шыққан жыл? (Қызыл кітапбының үшінші басылымы 1996ж )

5. Қызыл Кітапқа енген жан-жануарларды неше топқа бөледі? (2 топқа бөледі сирек кездесетін және жойылып бара жатқан) 

6. Қазақстанның Қызыл Кітабына енген қандай жануарларды білесіңдер? (Құлан, қоқиқаз, арқар, барыс, дуадақ, бүркіт, аққу, тырна, қарақұйрық, жолбарыс)

7. Қазақстанның Қызыл Кітабына енген қандай өсімдіктерді білесіңдер? (Дермене, Тау сағызды каучук)

3 кезең. «Бейнелі сұрақ»
c:\users\ученик\desktop\новая папка (2)\img-20160404-wa0030.jpg
шарты: Әр топ қарсы топқа екі сұрақ қояды, бірі - көрініспен, екіншісі - мәтінмен берілуі тиіс. Уақыт -10 минут.

4 кезең «Болашақ» жобасын қорғау.
c:\users\ученик\desktop\новая папка (2)\img-20160404-wa0031.jpg

шарты: Барлық топқа бір сұрақ беріледі, сол сұрақ төңірегінде өз ойларын қағаз бетіне сурет түрінде түсіріп, қорғап шығуы керек. Уақыт: шектеулі 10 минут

Сұрақ: «Қызыл кітапқа енген құстар»



ІII. Қорытындылау
c:\users\ученик\desktop\новая папка (2)\img-20160404-wa0038.jpg
Мұғалімнің сөзі: Балалар, осымен конференциямызды аяқтаймыз. Конференцияға белсене қатысқандарыңа рахмет. Бүгін сендер «Қызыл кітап» жайлы, оның ерекшелігі туралы және Қызыл кітапқа енген жан-жануарлардың біразы жайлы өздеріңе қызықты ақпарат алдыңдар деп ойлаймын.



шарты: Берілген сұраққа әр топ өз ой - тұжырымдарын білдіруі керек.

1. Қызыл Кітап қандай мақсатпен ашылған? 

2. Қазақстанда Қызыл Кітап алғаш рет қай жылы басылып шықты? 

3. Қазақстанда Қызыл Кітаптың екінші басылымы қай жылы шықты? 

4. Қазақстанда Қызыл Кітаптың үшінші басылымы шыққан жыл? 

5. Қызыл Кітапқа енген жан-жануарларды неше топқа бөледі және неге? 

6. Қазақстанның Қызыл Кітабына енген қандай жануарларды білесіңдер? 

7. Қазақстанның Қызыл Кітабына енген қандай өсімдіктерді білесіңдер? 







шарты: Берілген сұраққа әр топ өз ой - тұжырымдарын білдіруі керек.

1. Қызыл Кітап қандай мақсатпен ашылған? 

2. Қазақстанда Қызыл Кітап алғаш рет қай жылы басылып шықты? 

3. Қазақстанда Қызыл Кітаптың екінші басылымы қай жылы шықты? 

4. Қазақстанда Қызыл Кітаптың үшінші басылымы шыққан жыл? 

5. Қызыл Кітапқа енген жан-жануарларды неше топқа бөледі және неге? 

6. Қазақстанның Қызыл Кітабына енген қандай жануарларды білесіңдер? 

7. Қазақстанның Қызыл Кітабына енген қандай өсімдіктерді білесіңдер? 









Сұрақ: «?»
«Қызыл

кітапқа

енген

құстар»






Сұрақ: «?»
«Қызыл

кітапқа



енген

құстар»



Каталог: uploads -> doc -> 084f
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
084f -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Организмдер арасындағы қарым қатынастың формалары туралы түсінік беру
084f -> Алоэ өсімдігін күнделікті тұрмыста көп өсіріп, оларға күтіммен қарауын өз достарыма ұсынамын
084f -> 5 «ә»-сыныбы үшін «Өлкетану» факультативі Түсінік хат Бұл факультатив Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам»


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет