«5В120100» «ветеринариялық медицина» мамандығына арналған



Дата27.09.2018
өлшемі116.38 Kb.
«5В120100» - «ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Паразитология және инвазиялық аурулар-1» пәнінен МБ-2 сұрақтары



Эссе тақырыптары

  • «Жануарлардың цестодоздарына қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар»

  • «Жануарлардың трематодоздарына қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар»

СҰРАҚТАР:

    1. Ветеринариялық – санитариялық цестодология, цестодалардың жіктелуі

    2. Цестодалардың морфологиясы мен биологиясы

    3. Цестодоздардың ветеринариялық- санитариялық маңызы

    4. Мониезиоз, қоздырушысының морфологиясы мен биологиясы

    5. Мониезиоз, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары

6. Жылқы анофлоцефалетоздары, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары

  1. Имагинальды эхинококкоз, қоздырушысы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары

  2. Ларвальды эхинококкоз, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары

  3. Ценуроз, қоздырушысының морфологиясы мен биологиясы

  4. Ценуроз, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары

  5. Альвекоккоз, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары

  6. Ірі қара цистицеркозы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары

  7. Шошқа цистицеркозы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары

  8. Иттер мен ет қоректілердің имагинальды тенидоздары, анықтау

  9. Иттер мен ет қоректілердің имагинальды тенидоздарына қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар

  10. Адамның имагинальды тенидоздары, ветеринариялық – санитариялық маңызы

  11. Мүйізді ірі қара мен шошқаларды цистицеркоздардан сақтандыру жолдары

  12. Ветеринариялық – санитариялық трематодология, трематодалардың жіктелуі

  13. Трематодалардың морфологиясы мен биологиясы

  14. Трематодалардың ветеринариялық- санитариялық маңызы

  15. Фасциолез, қоздырушысының морфологиясы мен биологиясы

  16. Фасциолез, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары

  17. Дикроцелиоз, қоздырушысының морфологиясы мен биологиясы

  18. Дикроцелиоз, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары

  19. Эуритремоз, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары

  20. Парамфистомоз, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары

  21. Описторхоз, қоздырушысының морфологиясы мен биологиясы

  22. Описторхоз, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары

  23. Парамфистоматоз, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары

  24. Тауық давенеозы, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары

  25. Тауық райетинозы, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары

  26. Қаз бен үйрек дрепанидотениозы, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары

ПАРАЗИТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИНВАЗИЯЛЫҚ АУРУЛАР-1

1.. Фасциолалар малдың қай мүшесінде мекендейді?

А. Қарында

В. Талақта

С. Аш ішекте

D. Тоқ ішекте

Е. Бауырда: өт жолдарында

2. Фасциолалардың аралық иесін атаңыз.

А. Құрлық ұлулары

В. Кіші тоспа ұлу және құлақша тоспа ұлу

С. Маржан тәрізді ұлу

D. Кіші тоспа ұлу

Е. Битиниялар

3. Фасциола балаңқұрттарының инвазиялық сатысы қалай аталады?

А. Спороциста

В. Редий

С. Церкарий

D. Адолескарий

Е. Метацеркарий



4. Фасциолезға малдың тірі кезінде қалай диагноз қояды?

А. Қарапайым жағынды жасау әдісі

В. Вишняускас және нәжісті шаю арқылы

С. Фюллеборн және Дарлинг әдіспет зерттегенде

D. Щербович және Калантарян әдісті қолданғанда

Е. Вайда және Берман әдістерді қолданғанда



5. Күйістілер фасциолезына қарсы қандай антигельминтиктер

тиімді?

А. Төртхлорлы көміртек қарынға және тері астына

В. Гексахлорэтан

С. Филиксан, битионол

D. Дертил О, Дертил Б.

Е. Ареколин



6. Дикроцелийдің қосымша иесін атаңыз.

А. Шегірткелер

В. Құмырсқалар

С. Қоңыздар

D. Инеліктер

Е. Тұқы тектес балықтар



7. Дикроцелийдің аралық иелерін атаңыз.

А. Кіші тоспа ұлуы

В. Құлақша тоспа ұлуы

С. Битиниялар

D. Құрлық ұлулары

Е. Су ұлулары



8. Эуритремалар өзінің ақтық иесінің қай ағзасында мекендейді?

А. Қарында

В. Талақта

С. Аш ішекте

D. Ұйқы безінде

Е. Бауырда



9. Қандай омыртқасыздар эуритреманың қосымша иесі болып

табылады?

А. Инеліктер

В. Шегірткелер

С. Құмырсқалар

D. Құрлық ұлулары

Е. Су ұлулары

10. Эуритремозды қандай копрологиялық әдістермен анықтайды?

А. Вайда және Берман әдістерімен

В. Щербович әдісімен

С. Вишняускас әдісімен

D.Фюллеборн және Дарлинг әдістерімен

Е. Перианалды қырынды әдісімен



11. Эуритремозда қандай патанатомиялық өзгерістер байқалады?

А. Гастрит және энтерит

В. Холангит және холецистит

С. Бауыр циррозы

D. Ұйқы безіндегі деструктивтік өзгерістер

Е. Колит және проктит



12. Описторхтардың аралық иесі қандай ұлулар боп табылады?

А. Лимнеидтер

В. Брадибенидтер

С. Бауыраяқтылар

D. Басаяқтылар

Е. Битиниялар



13. Описторхтардың қосымша иесі қандай балықтар боп табылады?

А. Бекіре балығы

В. Шортан және нәлім балықтары

С. Тұқы тектес балықтар

D. Шабақ және кета балықтары

Е. Жайын және көксерке



14.Описторхтардың ақтық иелерін көрсетіңіз.

А. Қой және ешкі

В. Ірі қара малы

С. Жылқылар мен есек

D. Ит, мысық, адам

Е. Тышқан мен ат жалман



15. Простогонимустардың аралық иесі қандай ұлулар?

А. Тұщы су - лимнеидтері

В. Құрлық - брадебинидтері

С. Тұщы су - битиниялары

D. Тұщы су - планорбидтері

Е. Құрлық - жабысқақтары



16. Простогонимустардың қосымша иесі қандай жәндіктер болып

табылады?

А. Масалар

В. Инеліктер

С. Шегірткелер

D. Құмырсқалар

Е. Қора шыбындары



17. Простогонимустар құстардың қай ағзасында мекендейді?

А. Өкпе және қолқада

В. Ет және тас қарында

С. Ішекте

D. Фабрициев қалтасында және ұрық түтігінде

Е. Бауырда



18. Гельминтоздарда нәжіс қалай залалсыздандырылады?

А. Хлорлы әкпен

В. Креолин , крезолмен

С. Биотермиялық әдістермен

D. Күйдіргіш сілтілермен

Е. 5% карбол қышқыл ертіндісімен



19. Күйістілер дикроцелиозының қоздырушын атаңыз.

А. Кәдімгі фасциола

В. Алып фасциола

С. Ланцет тәріздес сорғыш

D. Эуритрема панкреатикум

Е. Сібір сорғышы



20. Дикроцелийлар ақтық иелерінің қай ағзасында мекендейді?

А. Талақта

В. Аш ішекте

С. Тоқ ішекте

D. Ұйқы безінде

Е. Бауырдың өт жолында



21. Дикроцелиозда қарсы қандай антгельминтиктер қолданылады?

А. Төртхлорлы көміртек, локсуран

В. Гексихол, гексахлорпараксилол, панакур, тафен

С. Кокцикол, ригекокцин

D. Филиксан, бромсутекті ареколин, дронтал

Е. Фенасал, филиксан, дронцит



22. Дикроцелий жұмыртқасының құрылысы мен түсі?

А. Сұр түсті, бір протоплазмалық шармен

В. Сарғыш түсті, домаланған шарлар

С. Жылтыраған сары түсті, домаланған шарлар

D. Қара-қоңыр түсті, мирацидиймен

Е. Түссіз, бір шетінде қақпақшасымен



23. Тауық простогогонимозына тән клиникалық белгілері қандай?

А. Жөтел


В. Іш өту

С. Тек сарысы бар сұйық жұмыртқа табады

D. Қанаттарының салдануы

Е. Тұншығу



24. Цестодалардың денесі қандай бөліктерден тұрады?

А. Көптеген бунақтардан

В. Сколекстен, мойын және көптеген бунақтардан

С. Көптеген бедеулік бунақтардан

D. Бірқатар гермафродиттік бунақтардан

Е. Бірқатар жетілген бунақтардан



25. Цестодтардың сколексі қандай қызмет атқарады?

А. Сколекстан бунақтар өседі

В. Сколексінде ауыз тесігі орналасқан

С. Ішекке бекіну үшін

D. Сколекс бағдарлау қызметін атқарады

Е. Сколекс қимылдау қызметін атқарады



26. Цестодтар ақтық ие организмінде қалай қоректенеді?

А. Балаңқұрт кезіндегі жинаған қоректік затымен

В. Бүкіл денесімен қоректенеді

С. Ауыз арқылы иесінің ішегіндагі затымен

D. Қанмен қоректенеді

Е. Лимфа сөлімен



27. Цестодтардың пісіп-жетілген бунағына тән белгі?

А. Жыныс жүйесінің аналық ағзаларымен

В. Жыныс жүйесінің аталық ағзаларымен

С. Жыныс ағзалары жетілмеген

D. Жатыр, іші цестодтардың жұмыртқасына толы

Е. Аталық және аналық жыныс ағзаларымен



28. Цестодтардың жұмыртқасына тән белгі?

А. Ішінде балаңқұрт - мирацидийі бар

В. Іші домалақ шарларға толы

С. Ішінде ұрығы онкосфера – алты ілмекшесімен

D. Тірі балаңқұрттарымен

Е. Сопақша келген қақпақшасымен



29. Өгіз таспасының балаңқұрты малдың қай ағзасында

мекендейді?

А.Бауырда

В. Бұлшық етте

С. Мида


D. Адамның аш ішегінде

Е. Шарбы-шажырқайда



30. Өгіз таспасының міндетті ақтық иесі кім?

А. Қой және ешкі

В. Ірі қара мал

С. Жылқы және есек

D. Адам

Е. Шошқа


31. Ақтық ие өгіз таспа құртымен қалай зақымданады?

А. Инвазиялық балаңқұртпен зақымданған өкпені жегеннен

В. Зақымданған малдың терісін сыпырғанда

С. Зақымданған жемді жегеннен

D. Финнозды етті жегеннен

Е. Тағаммен цестодтың жұмыртқасын жұтқаннан



32. Шошқа цистицеркозының қоздырғышын көрсетіңіз.

А. Эхинококкус гранулозус

В. Цистицеркус бовис

С. Ценурус церебралис

D. Цистицеркус целлюлоза

Е. Цистицеркус тенуиколис



33. Доңыз таспа құртының міндетті ақтық иесі кім?

А. Үй және жабайы шошқалар

В. Адам

С. Қой және ешкі



D. Ит және мысық

Е. Жылқы


34. Ми құрт таспасының ақтық иесі кім?

А. Шошқа және аю

В. Ит және басқа етқоректілер

С. Қой және ешкі

D. Ірі қара мал

Е. Адам және маймыл

35. Ценурозға малдың тірі кезінде қандай балау әдістері ұсынылады?

А. Гельминтоскопия әдісі

В. Гельминтоовоскопия әдісі

С. Гельминтоларвоскопия әдісі

D. Аллергиялық зерттеулер

Е. Рентгенды қолдану



36. Ценуроздың қоздырушысының ересек сатысын атаңыз.

А. Тения гидатигена

В. Тения овис

С. Мультицепс сериалис

D. Мультицепс мультицепс

Е. Мультицепс скрябини



37. Ценур көпіршігіне тән белгілері қандай?

А. Бір камералы көпіршік, ішінде қыз және немере

көпіршіктерімен

В. Бір камералы көпіршік, ішінде көптеген сколекстерімен

С. Бір камералы көпіршік, ішінде бір сколексімен

D. Көп камералы көпіршік, араның ұясына ұқсас

Е. Бір камералы микроскопиялық көпіршік, бір сколексімен

38. Эхинококк көпіршіктері аралық ие организмінің қай жерінде

мекендейді?

А. Бұлшық етте

В. Аш ішекте

С. Парехиматозды ағзаларда (бауыр мен өкпеде)

D. Мида

Е. Сірі қабаттарда



39. Ит тениидоздарында қандай негізгі антгельминтиктер тиімді?

А. Гексихол, гексахлорпараксилол

В. Мыс сульфаты, мышьяк қышқылды қалайы

С. Камала, дитразин-цитрат

D. Бромсутекті ареколин , фенасал, дронцит, дронтал-плюс

Е. Ивомек, ивермектин



40. Эхинококктармен ақтық иелер қалай зақымданады?

А. Жеммен эхинококтың жетілген бунақтарын және жұмыртқасын

жұтқаннан В. Енесі арқылы іштегі төлге

С. Перкутанды, жарақаттанған тері арқылы

D. Эхинококк көпіршіктері бар паренхиматозды ағзаларды

жегеннен


Е. Қансорғыш жәндіктер арқылы

41. Жынысы жетілген эхинококктың құрылысы қандай?

А. Ұзындығы 6 мм-дей цестода , 3-4 бунақтан тұрады, қарулы

В. Ұзындығы 5 м-дей цестода

С. Ұзындығы 1 м-дей цестода

D. Ұзындығы 6 мм-дей , сколексі қарулы, жатыры қапшық

тәріздес


Е. Ұзындығы 4 м-дей цестода, қарусыз

42. Эхинококктың ақтық иесі кім?

А. Ірі қара мал

В. Ит, қасқыр, түлкі

С. Жылқы


D. Кеміргіштер

Е. Балықтар



43. Эхинококк көпіршіктеріне тән белгілері қандай?

А. Бір камералы көпіршік, ішінде қыз және немере

көпіршіктерімен, шығыс

капсулаларымен

В. Бір камералы көпіршік, ішінде көптеген сколекстерімен

С. Бір камералы көпіршік, ішінде бір сколексімен

D. Көп камералы көпіршік, араның ұясына ұқсас

Е. Бір камералы микроскопиялық көпіршік, бір қарулы

сколексімен

44. Эхинококкозға малдың тірі кезінде қандай балау әдісі

ұсынылады?

А. Гельминтоларвоскопия әдісі

В. Гельминтоовоскопия әдісі

С. Перианалды қырынды әдісі

D. Казонидің аллергиялық әдісі және серологиялық әдістер

Е. Дарлинг әдісі



45. Ересек қой мониезиозының қоздырушысын атаңыз.

А. Тизаниезиа гиарди

В. Авителлина центрипунктата

С. Мониезиа экспанза

D. Мониезиа бенедени

Е. Мультицепс мультицепс



46. Мониезия таспа құрттар қойдың қай жерінде мекендейді ?

А. Талақта

В. Аш ішекте

С. Кеңірдек пен бронхларда

D. Тоқ ішекте

Е. Бауырда



47. Мониезиялардың аралық иесі қім боп саналады ?

А. Шөпжегіштер

В. Коллемболалар

С. Аралық иелері анықталмаған

D. Орибатид кенелері

Е. Түкжегіштер

48. Мониезияның балаң сатысын атаңыз.

А. Плероцеркоид

В. Ценур

С. Цистицерк

D. Цистицеркоид

Е. Стробилоцерк

49. Жылқыларда оксиуристар қай жерде орналасады?

А. Бауырда

В. Аш ішекте

С. Асқазанда

D. Тоқ ішекте

Е. Кеңірдек пен бронхтарда


Сұрақтарды дайындаған

В.ғ.к, доцент міндетін атқарушы Ахметжанов О.Н.
Каталог: ebook
ebook -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
ebook -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
ebook -> Как лечить аденому простаты
ebook -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
ebook -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ebook -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
ebook -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
ebook -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
ebook -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет