5-7 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиада Биология, 7 сынып Жұмыс уақыты —120 минут



Дата06.07.2017
өлшемі64.67 Kb.
2015 – 2016 оқу жылы «Дарын» ҚО

5-7 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша

қалалық олимпиада

Биология, 7 сынып
Жұмыс уақыты —120 минут

Барлығы - 60 ұпай
Тапсырма 1. Тапсырмаға 20 сұрақ кіреді, әрбіреуінде 4 вариантты жауап бар. Әрбір сұраққа бір ғана жауап таңдайсыз., яғни жауап толық және дұрыс дегенін. Берілген жауап тұсына "+" таңбасын қоясың. Егер түзету болса, жанына "+" таңбасын қайтадан белгілейсіз. Егер жөнделген жағдайда «+» белгісі қайталану керек. Максимальді ұпай саны 20 ұпай жинауға болады (әрбір жауапқа 1 ұпай)

1.Жабық тұқымдас өсімдіктердің тұқымы пайда болады: а) жатыннан б) ұрық қабынан в) дән ұрығынан г)ұрықтан

2.Көптеген ағаштардың жасын жыл сайын жылдық қабаттың өсуімен, яғни, жылдық сақинамен анықтауға болады а) алғашқы флоэма және ксилемадан б) екінші ксилемадан ғана в)екінші флоэмадан ғана г)екінші флоэма және ксилемадан 3. Органикалық заттар ксилема бойымен қозғалады а) күзде жапырақ түскен соң б)жапырағы түсетін ағаштардың бүршік жару кезеңінде ғана в) түнде ғана г) ешқашанда

4. Заттардың айналымында өсімдіктер негізгі рольді атқарады: а) органикалық заттардың ыдырауы б) күн сәулесі энергиясы айналымы үшін процесте қолдану қажеттілігі в) топырақтан судың сіңірілуі г) оттегінің бөлінуі.

5. Көптеген ботаниктер жоғары сатыдағы өсімдіктердің шыққан тегі ... деп ойлайды. а) қызыл және жасыл балдырлар б) жасыл балдырлар в) қоңыр және жасыл балдырлар г) риниофиттер мен псилофиттер.

6. Қандауыршаның бластуласы : а) осьті кешенді ұрық б) екі қабатты ұрық в) бір қабатты г) іші куыссыз көпжасушалы ұрық

7. Сыртқы орта өзгерісіне тез бейімделетін түр үй шыбыны болып саналады, себебі: а) мөлшері кіші б) жақсы ұшады в) жұмыртқа сатысы бар г) ұрпақты ауыстыру тез жүзеге асады.

8. Биологияның ерте даму сатысында қандай ғылыми зерттеу әдісі болды: а) экспериментальді б) микроскопия в) салыстырмалы әдіс г) бақылау және объектіні сипаттау

9.Партеногенезбен көбеюі мүмкін: а) ара б)гидра в) жауын құрты г) бауыр сорғыш

10. Көпжасушалы ағзаға төмендегі аталғандар ішінен ... қатысады. а)медузалар б) фораминиферлер в) губкалар г) сифонофоры.

11. Тұщы су гидрасы ... көмегімен қозғалады. а) қармалауыштар б) табаны в) қармалауыш және табаны г) қозғалмайды.

12.Ішекқуыстыларда регенерация ... бөлінуімен жүзеге асады. а) тері-бұлшықеттер жасушасының б) жасуша аралық в) атпа жасушаларының г) жасушасыз қабаттың

13. Паразит жұмыр құрттардың тыныс алуы жүзеге асады: а) терінің барлық қабаттары арқылы б) арнайы тыныс алу мүшелерімен в) тыныс алу тесігі арқылы г) молекулалық оттегінің қатысуынсыз. 14.Толық түрленіп көбейетін бунақделілер ... түлейді а) дернәсіл сатысында б) дернәсіл және қуыршақ сатысында в) дернәсіл, қуыршақ және имаго сатысында г) түлемейді.

15. Ауыз қуысының қатты қанатты бунақденелілер үшін...тән. а) шаншып -сору немесе жалап алуға б)кеміруге в) соруға г) шаншып -соруға

16. Зауза қоңызы жер бетіне шыққан соң ... өмір сүреді. а) шамамен екі жеті б) шамамен 4-7апта в) мамыр айынан қыркүйек айына дейін г) бірнеше жыл


17. Өрмекшінің тыныс алуын... мүшесі атқарады. а) өкпе қапшығы б) трахея в) өкпе қапшығы және трахея г) тері жабыны және өкпе

18. Көбелектердің жұлдыз құртында ... бар. а) үш жұп көкірек аяғы б) үш жұп көкірек аяғы және бес жұп жалған аяқтары в) сегіз жұп жалған аяқтары г) аяқтары жоқ

19. Сорғыштар және таспақұрттар класындағы паразиттердің ... айырмашылығы бар : а) жүйке жүйесінен б) ас қорыту жүйесінен в) қан айналу жүйесінен г) иесі аралығынан.

20. Көп қылтанды құрттар (полихеттер) а) дара жыныстылар б) гермафродиттер в) өзінің жынысын тіршілік барысында өзгертеді г) жыныссыз ,өз денесінен үзілу жолымен көбееді
Тапсырма 2. Тапсырмада 5 сұрақ берілген, бірнеше вариантымен жауабы бар(0-ден 5-ке дейін). Таңдалған жауаптың индекс жанына «+» белгісін қоясыз , егер жөнделген жағдайда белгіні қайталайсыз. Бұл тапсырманың максимальді балл саны – 10 ұпай (әрбір тапсырмаға 2 ұпай)

1.Шаянтәрізділер үшін мыныдай белгілер тән: а) хитин жабыны б) қан айналу жүйесі тұйық в) желбезекпен тыныс алу г) денесі сегментарлық құрылыстан тұрады д) фасеталы көздерден.

2. «Хордалылар» типінің өкілдері үшін тән белгілер: а) радиальді симметрия б) ішкі қаңқа осі в) орталық жүйке жүйесі арқа жағынан өтеді г) орталық жүйке жүйесі құрсағында жүйке сақинасын түзеді д) өпкемен тыныс алады

3. Балықтардың қандай түрлерінде жүзу жарғағы болмайды: а) су түбіндегі және терең судағы балықтарда б) кейбір тез жүзетін балықтарда в) барлық шеміршекті балықтарда г) сүйекті –шеміршекті балықтардан басқа барлық балықтар түрінде д) кейбір шеміршеті балықтарда

4. Балықтардың қозғалысы мен тереңге жүзуінде рульдік рольді орындайды: а) құйрық қанаты б) арқа қанаты в) құрсақ қанаттары г) арқа және аналь қанаттары д) кез келген жүзу қанаттары

5. Балықтар мен амфибийлардың туыстығын ит балықтан дәлелдейтін белгілер: а) денесі қабыршақпен жабылған б) бүйір сызығы в) жүрегі үш камералы г) желбезек д) екі қанайналу шеңбері е) бір қан айналу шеңбері.

Тапсырма 3. Дұрыс талқылауды анықтауға арналған тапсырма (дұрыс талқыланған номер жанына "+" таңбасын қоясыз. Максимальді ұпай саны, 20 ұпай жинауға болады (әр сұрақтың жауабы 1 ұпай) жауабын матрицаға жазады.

1.Терең судағы балдырлардың түсы жасыл түсті. 2.Дара жарнақтылар класына жататын өсімдіктерде эндосперм тұқымда ғана бар. 3.Орамжапырақтың жемісі шырынды көптұқымды. 4.Сиреньнің гүлшоғыры шашақ гүл. 5.Абрикостың (өріктің) сүегі – оның тұқымы. 6.Медуза теңіздер мен мұхиттар тереңдігінде тіршілік ететін жануарға жатады. 7.Гидраның жүйке жүйесі жүйке жасушалары торынан құралған. 8.Ақ сұлама Таспа құрттар класына жатады. 9. Инфузория туфельканың үлкен ядросы ұрықтан пайда болады. 10.Буынаяқтылардың ересек особьтарының денесі, кутикуламен, хитинмен жабдықталған. 11.Моллюскалар, бауыраяқтыларға жатады, олардың дернәсілі балықтарда паразиттік өмір сүреді.

12.Қосжақтаулы моллюскалардың мекендеуі, олардың дернәсілдік даму сатысында тіршілік ету цикліне байланысты.

13. Аскариданың даму сатысының реттілігі: жұмыртқа →адамның қарны → дернәсіл → ішек →қан →жүрек →өкпе →құрсақ → жұтқыншақ →ішек. 14. Кейбір буылтық құрттар жыныссыз көбеюмен,яғни, бүршіктену арқылы жүзеге асады. 15. Кіші ұлу -бауыр сорғыштың аралық иесі 16.Бунақденелілердегі жасыл без қоректік заттардың жинақталуын және зәр шығару функциясын атқарады. 17.Хордалылар типі, үш теңемес подтипке бөлінеді: қабықшалылар,бассүйексіздер, омытқалылар 18. Қандауырша теңіздегі бентосты ағзаларға жатады. 19. Шеміршекті балықтардың ерекшеліктерінің бірі іште ұрықтану және тірі туу. 20.Балықтардың бүйір сызығы - бұл өзіне тән мүше, бағытты және су ағысының жылдамдығын қабылдайды



Тапсырма 4. Анықтамаға сәйкес терминді таңдау тапсырмасы. Максимальді ұпай саны, 5 ұпай жинауға болады (дұрыс жауапқа 1 ұпай).

1. Дамымаған жұмыртқаклеткадан ағзаның дамуы - ________________________ ______ 2.Балықтың дернәсілі аталады _________________________ 3. Паразиттік құрттардағы соңғы диссимиляция сатысы ______________________________ 4.Жауын құрттарындағы қанға жеткізілген оттегі жұмсалады _________________ 5. Көптеген буыынаяқтылардың өсу сатысында болатын хитиндік сауытты тастау сатысы аталады (шаянтәрізділер өрмекшілер және т.б.) _______________________________



Тапсырма 5. Сізге 2 тапсырма ұсынылады, ашық сұраққа толық жауап беру қажет Максимальді ұпай саны 5 (әрбір толық жауапқа 2,5 ұпай). 1.Адам қорықтар мен қорықшаларды қандай мақсатта құрайды? 2. Бауыр сорғыш, сиыр цепені және адам аскаридасынан басқа, 10000 –ға жуық паразиттік таспа және жұмыр құрттар түрі бар. Олар паразиттік тіршілік етуге бейімделген, паразиттік құрттарды жою үшін таралу экологиясы және күресу шараларының өте маңызы бар. Сол себепті ерекшеліктерін ата.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет