4,5 шақырым салынды, 13,5 шақырым жағалауды нығайту және 23,2



Дата20.07.2018
өлшемі86.7 Kb.
#79894


2017 жылғы тасқын кезеңіне Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдарының әзірлігі туралы

АНЫҚТАМА

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙ:

2017 жылдың өткен кезеңі ішінде 5,6 шақырым қорғау бөгені жөнделіп, 4,5 шақырым салынды, 13,5 шақырым жағалауды нығайту және 23,2 шақырым өзен арнасының түбін тереңдету, 5,2 ш су тасуы қауіпті өзен арнасын түзету және кеңейту жасалды, 456 автомобиль жолдары мен көпірлері астындағы,


33 темір жолдар мен көпірлер астындағы су өткізу құбыры тазартылды.

Су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою үшін 8113 тонна көлемінде ЖЖМ, 186,1 мың тонна инертті материал, 829,1 мың қап және 10 тонна жарылғыш зат дайындалды.

Ағымдағы жылы тұрғын үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден қазірдің өзінде 6,2 млн. м3 қар шығарды. Қар шығару жалғасуда.


  • Халықты оқыту және құлақтандыру жүргізілуде. Телевизия бойынша 72 сөз сөйлеу, радиода 587, баспа басылымдарында 192 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. ІІМ нұсқауы бойынша өңірлерде қазіргі уақытта елді мекендерде рейдтер (298), халықпен жиылыстар (453) белсенді түрде жүргізілуде, онда су тасу кезіндегі іс-қимылдар қағидалары бар жадынамалар (23959) таратылады.

  • Су тасқыны қаупі мен туындауы туралы халықты құлақтандыру үшін 1764 электрлік сирена пайдаланылуы мүмкін, олардың ішінде 945 электрлік сирена орталықтан және 819 электрлік сирена жергілікті жерлерден іске қосылады, бұл республика аумағында тұратын 60%-ға жуық халықты қамтуға мүмкіндік береді.

Әкімдіктер ІІМ-мен бірлесіп жергілікті атқарушы органдардың қаражаттары есебінен облыстық және аудандық деңгейдегі құлақтандыру жүйелерін орнату бойынша жұмысты жалғастыруда.

Мәселен 2016 жылы Алматы қаласының әкімдігі халықты құлақтандыру жүйелерін ішінара жаңғыртты, оған 77 дауыс зорайтқыш құрылғысын орнату кірді. Оңтүстік Қазақстан облысында ұжымдық құлақтандыру жүйелерінің 13 жинағы және 11 электрлік сирена орнатылды. Ақмола облысының әкімдігі 2 электрлік сиренаны және аудандық буындағы құлақтандырудың 2 жүйесіне жабдық сатып алды.

Аудан орталықтарын жарақтандыру үшін Қарағанды облысының әкімдігі 7,3 млн. теңгеге 23 дауыс зорайтқыш құрылғысын орнатты, Қызылорда облысында 1,2 млн. теңгеге 5 электр сиренасы орнатылса, ал Солтүстік Қазақстан облысында 2,4 млн. теңгеге 11 дауыс зорайтқыш құрылғысы мен 11 электрлік сиренасы орнатылды. Павлодар облысы әкімдігі ауылдық округтерде 3,7 млн. теңгеге 26 жергілікті құлақтандыру жүйесін орнатты.

Сондай-ақ су тасқыны қатері туралы халыққа алдын ала хабар беру үшін SMS-хабарламалар тарату жоспарлануда. 2016 жылы ТЖК жедел-кезекшілік қызметтері төтенше жағдайларды қатері және олардың туындауы туралы 982 рет SMS-хабарламалар таратты.



  • Барлық су қоймаларын толтыру барысын басқару және мониторингін АШМ Су ресурстары комитеті мен оның бассейндік инспекциялары жүзеге асырады.

Ертіс, Тобыл, Орал өзендері бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының кезекшілік қызметтерінің арасында күнделікті ақпаратпен алмасу жүргізіледі. Қырғызстан Республикасының ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен және Чон-Капкинск (Киров) су қоймасының әкімшілігімен түскен және ағызылған, сондай-ақ жиналған судың көлемі туралы ақпаратты тәулік сайын ұсыну бойынша өзара іс-қимыл ұйымдастырылды.

2016 жылдың жазында бұрын келісілген каналдар бойынша Қытай Халық Республикасының гидробекеттерінен Ертіс және Іле өзендерінде су ағуының жоғарылауы туралы хабарламалар мен күнделікті деректер келіп түсті, бұл Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы елді мекендерді су басуына жол бермеу бойынша дер кезінде алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік берді.

Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы су тасқыны кезеңінде теріс салдарлардың алдын алу мақсатында 2016 жылғы 15 желтоқсаннан бастап Көксарай реттегішіне су жинау басталды.

«Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суларының басуынан қорғау» кешені тасқын суларды қабылдауға дайын, бұл туралы бөгет денесінің жай-күйіне жүргізілген көпфакторлы зерттеу нәтижелері куәландырады.

Қазақстан аумағында барлығы 1590 гидротехникалық құрылыс (бұдан әрі - ГТҚ) бар. Соның ішінде 381 ГТҚ жөндеу жүргізуді талап етеді, оның 41-і республикалық, 224-і коммуналдық және 77-і жеке меншікте жатыр, сондай-ақ 28-і иесіз.

Республика аумағында жалпы ұзындығы 457 шақырым (393,5 км) және 402 шақырым (442,1 км) 515 автомобиль (792,7) және теміржол (190) учаскелері су тасқыны қауіпті ретінде анықталды.

Автомобиль жолдарының жалпы санынан республикалық маңызы бар 457 жол учаскесі (393,5 км), облыстық маңызы бар 402 учаске (442,1 км) және жергілікті маңызы бар 515 учаске (792,7 км) су тасқынына ұшырағыш.

Су тасқынының салдарларына жол бермеу мақсатында Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінде (Автомобиль жолдары мен жасанды құрылыстардың бұзылуының алдын алу, сондай-ақ көктемгі сең жүру және су тасқыны кезеңінде автокөліктің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары) және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да («Сең жүруге және су тасқынына жолдар мен жасанды құрылыстар дайындау туралы» бұйрығы) тиісті жоспарлар мен бұйрықтар бекітілді.



Анықтамалық: аталған құжаттардың шеңберінде тесіктерді, құбырларды және шағын көпірлерді қар мен мұздан дер кезінде тазалау, тасқын қауіпті учаскелерде жол-құрылыс техникаларын бекіту, тасқын су өтуі мүмкін болжамды қауіпті орындарды күнделікті байқау, уақытша өткелдерді құруға арналған темір-бетон және құрылыс материалдарының қажетті қорын әзірлеу мен құру көзделеді, сондай-ақ тасқынға қарсы іс-шараларға арналған құралдары, материалдары (шай тас, рельс пакеттері, темір-бетон шпалдары) бар су жыруға қарсы пойыздар қалыптасады.

«КазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен «Қазақавтожол» РМК облыстық филиалдарының су тасқынына қарсы бірлескен комиссиясы құрылды.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аумақтық бөліністері жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп жер төсемінің шамадан тыс ылғалдануы кезеңінде автожолдардың сақталуы мәселесін пысықтауда (жүктемені шектеу, жабу, ауыр жүк көліктерінің қозғалысын тоқтату және т.б.).

Тәулік бойы диспетчерлік қызмет ұйымдастырылды, автомобиль жолдарын күн сайын патрульдеу жүргізілуде, 439 қауіпті учаскелер (ұзындығы 353 шақырым), 812 құбыр және 126 көпір, сондай-ақ 6 бөгет (ШҚО - 2, Қарағанды облысы - 3, Қостанай облысы - 1) бақылауға алынды.

Күрделі жөндеу шеңберінде өткен жылы «Алматы-Космостанция» (10 шақырым) автожолы учаскесіндегі шағын көпірді салу және Алматы облысындағы «Сарыөзек-Көктал» (84,6 шақырым) автожолы учаскесіндегі көпірді жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2 көпірді (Қарағанды, Павлодар облыстарында) және 2 су өткізу құбырларын (Павлодар облысында) қалпына келтіру аяқталды.

Солтүстік Қазақстан облысында 4 су өткізу құбыры және ұзындығы шамамен 30 шақырым жол төсемі учаскелері қалпына келтірілді. Бұдан басқа, «Петропавловск-Соколовка - РФ шекарасы» автожолы көпірлерінің 27 шақырымын күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленді (іске асыру ағымдағы жылы басталады).

Т/ж көпірлерінің астындағы сең кептелуін жою үшін сеңді бөлу және жару жұмыстары бойынша бұрғыжарылыс жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 9 879 мың. теңгеге (4 410 кг) шарт жасалды.

85 т/ж көпір астындағы су ағындары арналарын өлшеу үнемі жүргізіледі.

Қауіпті орындардың тізбесі жасалды, осыған орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ (жол бөлімшелері) филиалдары, магистралдық желілер мен жол қашықтықтары бөлімшелері директорларының нақты іс-әрекеттері анықталды. Аумақтық ұйымдармен бірлесіп су қоймаларына комиссиялық тексеріс жүргізіледі.

Автомобиль жолдары астындағы 13659 су өткізуді, теміржол жолдары астында 2088 су өткізуді мұз бен қоқыстардан тазарту жүргізілді.

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ КҮШТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ 2017 ЖЫЛҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

Су тасқыны жағдайы өршіген немесе елді мекендерді су басу қаупі туындай қалған жағдайда ІІМ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, авариялық-құтқару бөлімшелерінің жалпы саны 43 338 адам, 13 439 техника бірлігі, 1022 жүзу құралдары бірлігі және 13 тікұшақ күштері мен құралдары топтамасын (Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс, Батыс өңірлеріне ден қою бойынша) құрды.


Су тасқынына жалпы саны 12471 адам және 1955 бірлік техника мен 301 бірлік жүзу құралдарынан тұратын (оның ішінде Ұлттық ұланнан – жеке құрамның 4070 адамы мен 432 бірлік техника, облыстар, Астана және Алматы қалалары Ішкі істер департаменттерінен – жеке құрамның 3582 адамы мен 604 бірлік техника)

Су тасқыны қолайсыз өршіген жағдайда ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау және күштер мен құралдарды жедел басқаруды ұйымдастыру үшін ТЖК аумақтық бөлімшелері дағдарыс орталықтарының жүйесін қолданатын болады.

2017 жылғы көктемгі кезеңінің ықтимал төтенше жағдайларына Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің әзірлігі мен басқару органдарының, күштер мен құралдардың дайындығын тексеру мақсатында 9-10 наурыз аралығында Қостанай облысының Қостанай қаласында штаб басқармасымен «Көктем-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілетін болады.


  • Республика өңірлеріндегі ықтимал су басу аудандарына халықты эвакуациялау жағдайына 1707 эвакуацияланған халықты қабылдау пункті дайындалды, эвакуациялау бағдарлары жаңартылды және қажет көлік айқындалды.

Эвакуацияланған халықтың тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар: 3502 шатыр, 38 мың кереует, 142,5 мың төсек-орын жабдықтары жиынтығы, 1287 тонна тамақ өнімдерінің қоры құрылды.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері төтенше жағдалйра кезінде тамақ өнімдерін ұсыну туралы шарт жасасты.


2016 жылы автомобиль жолдарының учаскелерін су басудың негізгі себептері:

- су ағызу құбырларының қоқыспен ластануы (83 жағдай);

- су ағызу құрылыстарының жеткіліксіз саны (57 жағдай);

- су ағызу құбырларының қабілеттілігі төмен немесе олардың болмауы болып табылады (49 жағдай).

Бірнеше жыл бойы жергілікті атқарушы органдар жыл сайын су тасқыны кезеңінде туындайтын мынадай мәселелерді шеше алмай келеді:


  • «Астана халықаралық әуежайы» АҚ ауданында орналасқан Майбалық көлінің суынан объектілерін қорғау шешімі қабылданбады. Астана қаласының әкімдігі көлдегі су деңгейін төмендету үшін «Майбалық көлі – Нұра-Есіл каналын» оның Ақмола облысының аумағында орналасқанына қарамастан су бұру каналын кеңейтуге шешім қабылдамады. Көлді балық шаруашылығы ретінде пайдаланатын ведомстволық бағынысты ұйым Ауыл шаруашылығы министрлігі және Ақмола облысының әкімдігі осы мәселені шешуден өздерін алып тастады.

  • Есіл өзені алқабы мен Астана қаласының батысына қарай жақын орналасқан аумақтарды су басу және су жайылу қатері алынған жоқ. Көктал тұрғын алқабынан және Ақмола облысының шекарасында ағыс бойынша төмен қарай Есіл өзені жайылмасын түзету түбін тереңдету және жағалауын нығайту жұмыстарын жүргізу қажет.

  • 2016 жылғы көктемгі кезеңде нөсер кәріз жүйесінің жоқтығы нәтижесінде Атырау және Маңғыстау облыстарында жаппай су басу болды.

Қазіргі уақытта Мұнайлы ауданы мен Жаңаөзен қаласының дренаждық жүйесіне ЖСҚ-ы әзірлік үстінде жатыр.

  • Одан әрі пайдалану бұзылуға әкеліп соғуы мүмкін Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы елді мекенінің оңтүстік-шығысында орналасқан «Безымянная» бөгетінің (Есіл өзенінің арнасы) авариялық жай-күйі қауіп тудырады.

Бөгеттің шлюзі мен оның орталық бетон колоннасының (шлюзді орталығы бойынша бөлетін) бетон конструкциясын су шайған (су шаюдың биіктігі 0,5 метрден бастап 1,5 метрге дейін, бөгет денесінің тереңдігіне 2 метрге дейін жетеді). Шлюздердің көтергіш механизмдері жоқ.

Соңғы үш жыл ішінде шлюздерге жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдана отырып, аталған ГТҚ-ны комиссиялық тексеру тұрақты жүргізілді және 2016 жылғы 6 маусымда ғана бөгет Ақмола облысының Аршалы ауданының коммуналдық меншігіне берілді, оған дейін иесіз болып келген.



  • Қостанай облысы Таран ауданы Таран ауылын ықтимал су басуға жол бермеу жөніндегі мәселелер шешілген жоқ (Аят өзенінің оң жағасы бойынша қоршайтын бөгенді салу). ЖҚҚ-ның болуына қарамастан, жергілікті бюджеттен жұмыстарды қаржыландыру жүзеге асырылмауда.

  • Авариялық жай-күйде тұрған, бұрушы канал арқылы Үлкен Торанғұл көлінен (СҚО, Есіл ауданы, Корнеевка ауылы) апатты ағызуды болдырмау жөніндегі жұмыстар аяқталған жоқ.

Көлден суды апатты ағызу нәтижесінде автомобиль және темір жол учаскелері бұзылуы, Солтүстік Қазақстан облысының Есіл (Алқа ауылы) және Аққайың (Аралағаш ауылы мен Рублевка ауылы) аудандарының аумағындағы елді мекендерді су басуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының ГТҚ тексеру жөніндегі комиссиясы 2017 жылғы тасқын кезеңі басталғанға дейін көлде су деңгейін біртіндеп төмендету қажеттілігі туралы ұсыным берді.



  • тасқынға қарсы шараларды қабылдаудың жеделдігіне тереңдетуді жүргізуге рұқсатты келісу рәсімдері мен өзен арналарын кеңейту жөніндегі жұмыстардың ұзақтығы ықпал етеді, бұл бюджеттен қаражаттарды жедел бөлу және МЖӘ жағдайында жеке компанияларды тарту мүмкіндігіне кері әсер етеді.

Бұл жұмыстарды жүргізу үшін (тасқынға қарсы шараларды жүргізу кезеңінде) Қазақстан Республикасының заңнамасы экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама алуды, ЖҚҚ әзірлеуді талап етеді.
_______________________________




Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет