3 ІІ. Физика сабағына оқушыларды қызығушылығын арттыру жолдары


Физика пәніне компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру



бет3/3
Дата05.07.2018
өлшемі418.65 Kb.
1   2   3

1.3. Физика пәніне компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
Осы заманғы дәуір талабына сай білім беруді жетілдіру мақсатында жаратылыстану ен техникалық ғылыми білім беруді тереңдете жүргізу керек. Бұл орайда оқыту барысында оқушылардың танымдық іс - әрекетінің белсенділігін күшейту басты мақсат.

Оқытуды қайта құрудағы негізгі шаралардың үлгісі білім берудің кәсіптік деңгейін жан – жақты дамытып оқыту барысын компьютерлендіруді тиянақты қадағалау. Оқытудың әдістемесі мен формасын жаңа бағытта жүргізу [12].

Оқыту барысындағы әрбір оқушының білім деңгейінің өсуі осы заманғы педагогиканың жаңа танымдық әрекетінің әдістемелік белсенділігінің жолын қарастыруда. Оқушы қаншалық көбірек білген сайын оның оқуға деген ынтасы артады

Педагогтың міндеті, материалдың мазмұнын барынша түсінікті жеткізу және оның меңгеру барысын бақылау. Мұнда конспекті жасаудың маңызы зор болуымен қатар, дидактикалық материалдар мен оқытуды компьютерлендіру жағын ұштатыра жүргізу қаралды.

Білім берудің нәтижелі болуына компьютердің тағы бір күшті құрал екенінің көрінісі, бейнелеу, жадыда жүйелі сақтау, түсіне жұмыс істеуге қолайлы, шығармашылықпен жұмыс жасап, қисынды ойлауды жақсартады.

Физиканы оқытудың тиімділігін анықтау тек білім деңгейімен ғана өлшенбейді, ол оқушылардың өздігінен білімін жаңаша қалыптастыруға байланысты [16].

Оқитын сабағының мәнін түсіну үшін физиканың білімге қатысты орнын ашу, осы заманғы ғылыми жетістігін түсіндіру қажет.

Мұнда да компьютерлік технологияны осы талапқа лайықты пайдалану керек. Компьютерде оқытудың екі түрін көрсетуге болады:



  • оқытатын;

  • бақылаушы.

Алдымен міндетті түрде алдан ала дайындық лекциясын өткізіп, оқушыларды жұмыс істей білуге үйрету. Бұдан ары оқушы экран мониторындағы материалды өз бетімен игереді.

Мұғалім тек бақылайды және сабақ барысында сұрақ туса соған жауап береді. Сөйтіп сабақ соңында өткен материалға қарай сұрақтар белгіленіп, шығарылып оқушылар жауап беретіедей болады. Бұл оқытудың ең қолайлы жолы.

Оқытудың екінші бір түрі бақылау, білім деңгейін компьютерді пайдаланып тексеру. Бұл бақылау оқушылардың барлық тобын аз уақыт ішінде тексеріп, экран бетінде көрсетілгенге сай баға қоюға мүмкіндік береді.

Тест аяқталған кезде экран бетіндегі кестелерге номерлі сұрақтар шығып, сұраққа жауаптың дұрыс берілгенін және жіберілген қателерді көрсетді.

Мұғалім берілген жауаптың дұрыс екеніне тағы да ойлануға мүмкіндік береді. Оқушы компьютерді пайдаланып жіберген қатені түзетіп, қайта шығарады. Көрсетілген әдістемелік ұсыныста компьютерлік оқытудың екі үлгісі де қолданылады.

Компьютерді пайдаланып тексерудің нәтижелілігі жеке – жеке білімін тексеруге мүмкіндік беру арқылы, әрбір оқушының біліміне қарай бағасын береді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, физика сабағына оқушылардың қызығушылығын арттыру жаңа оқыту технологияның кейбір түрлерінің рөлі төменгідей:

1. Оқушыларды оқыту ісіндегі дифференциалдық әдіс мұғалімнің сабақ кезіндегі жұмысының жалпы жүйесіне табиғи түрде енеді де, білім берудің басқада әдістері және түрлері мен ойдағыдай үйлесіп-үндесіп кетеді, сөйтіп оқушылардың дербес жұмысын ұйымдастыруда мұғалімдерге, ал үйге берілген тапсырмаларды орындауда және өз бетімен әзірлену ісінде шәкірттерге зор көмек көрсетеді.

2. Әр деңгейлік оқыту жүйесінің физика бойынша білім сапасын арттырудың бірқатар тиімді жақтары бар:

- біріншіден, сыныптағы барлық оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етеді, әрбір оқушының белсенді түрде қатысуын қадағалайды.

- екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді

- үшіншіден, оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көріп, өзін-өзі бағалайды. Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушының ізденімпаздығы, шығармашылығы дамиды.

3. Модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, жүйелі жұмыс жүргізу нәтижесінде оқушылардың білім сапасын жыл сайын біршама көтеруге және оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін, физика пәніне қызығушылығын дамытуға болатындығына сенімі мол.

4. Білім берудің нәтижелі болуына компьютердің тағы бір күшті құрал екенінің көрінісі, бейнелеу, жадыда жүйелі сақтау, түсіне жұмыс істеуге қолайлы, шығармашылықпен жұмыс жасап, қисынды ойлауды жақсартады.

Физиканы оқытудың тиімділігін анықтау тек білім деңгейімен ғана өлшенбейді, ол оқушылардың өздігінен білімін жаңаша қалыптастыруға байланысты.

5. Тест оқушылардың білімін салыстыруға, мұғалім әдістемемсінде жіберілген ол қылықтарды ашып көрсетуге, білім беру жүйесінде оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге, әр түрлі оқу әдісін салыстыруға мүмкіндік туғызады.

ӘДЕБИЕТ

1 Селевко А.Г. Современные информационно технические средства в школе. Москва: Народное образование, 2002. -48с.



2 Левина А.И. Технология профессионального педагогического образования. Москва: ACADEMA, 2001. -272с.

3 Укина Т. Оқушыларды әр деңгейлі дифференциалды оқытуға баулу /Т. Укина// Физика және астрономия. -2003.-№2.

4 Шаймерденова С. Сабақта модульдік оқыту технологиясын қолдану /С. Шаймерденова// Физика және информатика. -2004.-№1.

5 Исманова Ү. Модульдік технологияныоқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда пайдалану /Ү. Исманова// Математика және физика. -2003. -№6

6 Нұрпейісова Р. Физика пәнін деңгейлеп саралап оқыту /Р. Нұрпейісова// Математика және физика. -2004. -№5.

7 Даңдықұлов А. Модульдік оқытуға кіріспе. /А. Даңқұлов// Физика және астрономия. -2006. -№1.

8 Баенова Д. Жаңа технология физика сабағында /Д. Баенова// Математика және физика. -2005. -№1.

9 Сүлейменова Р. Тестік технология /Р. Сүлейменова// Физика және астрономия. -2003. -№3.

10 Мақамбаев М. Педагогикалық технологияны оқу процесінде қолдану /М. Мақамбаев// Математика және физика. -2004. -№1.

11 Ақтанова А. Оқутыдың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі /А. Ақтанова// Математика және физика. -2005. -№1.

12 Абылкасымова А.Е. Современный урок. Оқу құралы: Современные методы обучения.-Алматы, НИЦ «Ғылым», 2003. -85б.

13 Өтегенова Г. Модульдік оқыту технологиясы /Г. Өтегенова// Математика және физика. -2003. -№3.-31б.

14 Алиханова Ш. Деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту /Ш. Алиханова// Физика және астрономия. – 2006. -№2. -6б.

15 Қажымғалиева К. Жаңа технология – физикада /К. Қажымғалиева// Физика және астрономия. -2006. -№2, 5бет.

16 Жақыпова Н. Физика сабағында компьютерлік технологияны тиімді пайдалану /Н. Жақыпова// Физика және астрономия. -2002. -№4. -61б.

17 Шалимбетова Т. Сабақта жаңа технология әдісін қолдану /Т. Шалимбетова// Математика және физика. -2005.-№5.-47б.

18 Исаев Ү. Тест тапсырмалары / Ү. Исаев // Физика және информатика. - 2006.-№1.

19 Қаленова Б.С. Visual Basic-те бағдарламалау /Б.С. Қаленова, Н.Ф. Денисова//, Өскемен «ШҚМУ баспасы», 2003.





Каталог: uploads -> doc
doc -> Олар: аңға байланысты
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет