3 ІІ. Физика сабағына оқушыларды қызығушылығын арттыру жолдары


«Электр тогының жұмысы және қуаты» тақырыбын деңгелеп саралап оқыту



бет2/3
Дата05.07.2018
өлшемі418.65 Kb.
1   2   3

1.1.1. «Электр тогының жұмысы және қуаты» тақырыбын деңгелеп саралап оқыту

Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты

Сабақтың мақсаты: 1. Электр тогының жұмысы мен қуатын есептеу формулаларын қортып шығару.

2. Өлшем бірліктерін өлшеу.

3. Олардын қолданылуын түсіндіру.

4. Экономикалық, экологиялық тәрбиеге көңіл бөлу.

Сабақтың түрі: Шығармашылық іздену арқылы өз бетімен білім алу.

Сабақтың әдісі: Деңгейлеп, саралап оқыту.

Көрнектіліктер: есептегіштер, электр шамдары, ток көзі, жалғагыш сымдар, вольтметр, амперметр, сағат, кодопозитивтер.

Пәнаралық байланыс: география, математика пәндері.

Сабақты жүргізу жоспары:


  1. Өткен материалдарды топпен жұмыс істеу арқылы қайталау: өткізгіштерді тізбектей қосу, өткізгіштерді параллель қосу

  2. Жаңа сабақты өз бетімен меңгерту

  3. Бекіту

  4. Қортындылау

  5. Үйге тапсырма беру

Сынып оқушыларын 5 топқа бөлу.

Топтарға берілетін тапсырма:

Кодопозивтердегі электр схемалары бойынша тізбекті жинап, анықтауға мүмкін болатын физикалық шамалардың байланысын түсіндір.

Жаңа сабақты түсіну үшін қажетті сұрақтар



  1. Тізбек бөлігі (үшін) ұщындағы кернеу неге тең? Формуласы қалай жазылады?

Кернеу өткізгіш бөлігі бойымен 1Кл заряд өткенде атқарылатын жұмысқа тең болады:

U = A/q


2. Кернеудің формуласын пайдаланып, электр тогының жұмысын қалай табуға болады? Ол қалай айтылады?

Электр тогының тізбек бөлігінде істейтін жұмысын анықтау үшін тізбектің осы бөлігінің ұштарындағы кернеуді сол бөлік бойымен өткен электр зарядына көбейту керек.

A = q*U

3. Электр зарядына талдау жасай отырып, электр тогының жұмысын есептеу фомуласын қортып шығар және оның айтылуын жаз.



q = J*t

A = J*t*U

Электр тогының тізбек бөлігіндегі жұмысы осы бөліктің ұштарындағы кернеуді ток күшіне және сол жұмысты орындауға кеткен уақытқа көбейтіндіге тең.

4. Электр тогының жұмысын есептеу формуласын пайдаланып, жұмысты қалай өлшеуге болатындығын түсіндір.

1Вт (Ватт) = 1В*1А...

5. Қуатты қандай құралдармен өлшеуге болады? Ваттан басқа қандай қуат бірліктерін білесің?

Қуат ваттармен өлшенеді:

1гВт = 100Вт, 1кВт = 1000Вт, 1Мвт = 1000000вт

6.Электр тогының жұмысы есептегіштер арқылы қандай бірліктермен өлшенеді.

1КВт*сағ


7. Электр энергиясын өндіретін аймақ туралы не білесің? Электр энергиясыэлектр станцияларына өндіріледі. Ол ірі өзендер бойында салынады. Ертіс – Солтүстік мұзды мұхит алабының басты өзені. Оның ұзындығы 4248км, тек 1700 км – ге жуығы ғана Қазақстан жерінде. Ертіс өзенінің бойында Бұқтырма СЭС і салынған, одан төменіректе Өскемен мен Семей қалаларының аралығында Шүлбі СЭС – інің бөгеті тұр. Іле өзенінде Қапшағай ірі СЭС – і салынып, Қапшағай «теңізі» пайда болды.

Қортындылау:



  1. Электр тогының жұмысы

  2. Қуаты

  3. Бірліктері

  4. Джоуль мен кВт*сағ арасындағы байланыс.

Бекітуге байланысты деңгейлік тапсырмалар

ПӘК – і 92 % болса,ток күші неге тең? ( таңдауы бойынша, міндетті емес) ( 7 ұпай).

III деңгей


  1. ПӘК – і 80% болған жағдайда 10 мин. Ішінде 2л. Суды 20 С – ден қайнағанға дейін қыздыруға болатындай, 220В кернеуге есептелген қыздырғыш жасау үшін қимасы 0,84 мм^2 никелин сымның ұзындығы қандай етіп алу керек ?(7 ұпай)

Қортындылау: Деңгейлік тапсырмаларды тексеру нәтижесін шығарып, бағалау.

Үйге тапсырма: 21 – жаттығу

I деңгей

1) Неліктен электр қыздырғыш приборлардың қысылымдарын меншікті кедергісі көп материалдан жасайды.(2 ұпай)

2) Электр энергиясын үнемді пайдалану жөнінде не айта аласың? (2 ұпай)

II деңгей



  1. Кернеу 40В, ток күші 500А дәнекерлеуші ақпараттың 3 мин ішінде тұтынатын қуатын және жұмсаған энергиясын есепте.( 2 ұпай )

  2. Кернеуі 220В ,ток күші 3А болатын сегіз мұнай мұнарасынның электр қозғалтқыштарының бір стаканға жұмсайтын электр энергиясы шығынын анықтаңдар.

III деңгей


  1. Электр үтігінің паспортында «220В, 600Вт»деп жазылған. Кернеуі 220В желігеі 3 сағ бойы қосылған үтік қанша жылу мөлшерін бөледі?


1.1.2. «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбына модульдік технологиясын қолдану

Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: Ом заңын қорытып шығару. Тізбек бөлігіндегі ток күші ол бөліктің кедергісіне тәуелді болатынын тәжірибе жүзінде тағайындау.

2. Дамытушылық мақсаты: Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар құрастырып, есептер шығарып, дамыту.

3. Тәрбиелік мақсаты: Еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: Бекіту сабағы.

Сабақтың оқу әдістері: Шығармашылықпен зерттеу, оқыту технологияларының түрлері, тез ойлануға үйрету, келелі мәселелер қоя білуге үйрету әдістері.

Сабақтың көрнекілігі: Баға рейтингісі, баға мониторингі, оқушыға үйлестірілетін деңгейлік тапсырмалар, жалауша.

Сабақ жоспары:



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Шапшаңдық гимнастикасы.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Сұрақ – жауап.

Қорытындылау.



  1. Өткен материалды пысықтау.

а) Логикалық есептер.

Қорытындылау.

b) Тақтамен жұмыс.

Қорытындылау.

с) Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Қорытындылау.



  1. Қорытындылау, бағалау.

  2. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

    1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды түгелдеп, назарларын сабаққа аудару.

b) Шапшаңдық гимнастикасы.

2) Үй тапсырмасын тексеру.

а) Электр тогы дегеніміз не ?

b) Ток күші дегеніміз не ?

с) Кернеу дегеніміз не ?

Деңгейлік тапсырмалар.

1 – деңгей.

1. Қалта фонары қыл сымның кедергісі 15 Ом болса және ол кернеуі 4,5 В батареяға қосылса, онда осы қалта фонарының электр шамынан өтетін ток күші неге тең болар еді:

2. Кернеу 120 В, ток күші 0,5 А электр шамынан кедергісін анықтаңдар.

3. Кедергісі 0,25 Ом өткізгішке ондағы токтың күші 30 А болу үшін қандай кернеу түсіру керек.

2 – деңгей.

1. Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм никелин сымынан жасалған электр қыздырғыштың спираліндегі кернеу 220 В болғанда ток күші 4 А. Сымның ұзындығы қандай ?

2. Ұзындығы 150 см және көлденең қимасының ауданы 0,025 мм болатын ток күші 250 мА темір өткізгішін ұштарындағы кернеуді анықтаңдыр.

3 – деңгей.

1. Ұзындығы 2 км және кедергісі 8,5 Ом мыс сымның массасы қандай:

4 – деңгей.

1. Қолда бір текті екі өткізгіш бар, бірі екіншісінен 8 есе ұзын, ал екіншісінен көлденең қимасының ауданы біріншісінікінен 2 есе үлкен. Осы өткізгіштердің қайсысының кедергісі үлкен және неше есе үлкен.

Қорытындылау.


  1. Оқушылардың білімін бағалау.

  2. Үйге тапсырма.

Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттыратын негізгі тәсілі – оқушыларға осы деңгейлік тапсырмалар беру.

Қорытынды бөлімінде тест тапсырмасын аламын.

Тест.

1. Кедергісі 20 Ом, ток күші 5 А қыл сымды 100 секундта қанша жылу мөлшері бөлінеді ?



а) 500000 Дж;

b) 2500 Дж;

c) 2000 Дж;

d) 500 Дж;

e) 200 Дж.

2. Кедергісі 200 Ом болатын резистордың паспорт бойынша бөлінетін қуаты 0,5 Вт. Резисторға берілетін максимал кернеу қандай ?

a) 100 В;

b) 20 В;


c) 10 В;

d) 5 В;


e) 40 В.

3. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6 В, кедергісі 2 Ом. Ток күші неге тең ?

a) 12 А;

b) 6 А;


c) 3 А;

d) 1/3 А;

e) 10 А.

4. Өткізгіштерді тізбектей қосқанда, барлық өткізгіштерде қай шама бірдей болады ?

a) Ток күші;

b) Кернеу;

c) U*I көбейтіндісі;

d) Анықтамайды;

e) U/I қатынасы.

5. Ток қуаты қандай өлшем бірлікпен өлшенеді ?

a) Вольт;

b) Ампер;

c) Ватт;

d) Джоуль;

e) Ом.

6. Ток күшінің жұмысының формуласын көрсет.



a) A=U*I2;

b) A =U*It;

c) A=U*R2;

d) A=I*t/u;

e) A=I2*u/t.

7. Джоуль – ленц заңының формуласын көрсет.

a) Q=I2*R∆ t;

b) Q=I2*R2∆t;

c) Q=I*∆t/R2;

d) Q=U*∆t/R2;

e) Q=I2/R.

8. Электр лампасын қыл сымның ұштарындағы кернеу 2 В, ток күші 0,5 А. Қыл сымның кедергісі қандай ?

a) 0,5 Ом;

b) 1 Ом;


c) 2 Ом;

d) 4 Ом;


e) 1,5 Ом.

9. Кернеуді өлшейтін құралды көрсет.

a) Амперметр;

b) Омметр;

c) Вольтметр;

d) Реостат;

e) Ваттметр.

10. Өткізгіштерді параллель қосқанда қай шама бірдей болады ?

a) Ток күші;

b) Жұмыс;

c) Кернеу;

d) Анықтамайды;

e) Кедергі.

1.1.3. Эрудиттер сайысы сабағы

Мақсаттары: 1. Оқушылардың алған білімдерін жинақтау, өй- - өрістерін кеңейту. Алған білімдерін қолдана білуге үйрету



  1. Оқушылардың есте сақтау қабілетін және өй - өрістерін дамыту.

  2. политехникалық пәндерге оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілігі: Жазу «Өнерлі өрге жүзер», керекті материалдар

Эрудиция ( лат. сөзі) erud – оқымысты, tio – таным

Жоспары: 1 – ші тур. Ой шабылуы.

2 ші тур. Көмекке келетін жұмбақтар.

3 – ші тур. Тест. Физика тілінде сөйлесейік.

4 – ші тур. Мәреге жету.

1 – ші тур.( Ұпай жинау. Әр сұрақ 1 ұпай)

1. Қолымда 10 саусақ, 10 қолда неше саусақ.

2. Ломоносовтың аты – жөні кім?

3. Старус өзін құспын деп атай ала ма?

4. джоуль қай елде туып өмір сүрген?

5. Әлемдегі ең жеңіл ағаш /бальза/

6. Қауырсынның тығыздығы халықаралық жүйеде бірлігі.

7. Үш ағайынның бір – бір қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (4)

8. 1 кг гирдің массасы қыста ауыр ма ? Жазда ауыр ма? (бірдей)

9. Табиғатта ең көп тараған зат не? (су)

10. Атмосфералық қысымды өлшейтін прибор. (барометр)

11. 2 санын қай санға бөлгенде 4 саны шығады? (1/2)

12. 12 шоқжұлдыздың жалпы аты (зодиак)

13. Алғашқы универсал жылу двигателін жасаған кім?

14. Өзі арық, сөзі - әріп (қалам)

15. «Жұлдыз» аталатын плантаны атаңыз?

16. Күн жүйесіндегі ең ірі планета (Юпитер)

17. Электр заряды жоқ бөлшек (нейтрон)

18. Сағат күн сайын 1 минут алға жүретін болса, қанша жылдан кейін дәл уақытты көрмететін болады (1 жыл)

19. Аттас зарядтар бір – біріне тартыла ма? (тебіледі)

20. Электр тогының жұмысын өлшейтін прибор. (есептегіш)

2- ші тур. (5ұпайдан – 0 ұпайға дейін)

Ғалам туралы...

А) Студент кезінде маятниктің тербеліс периоды оның амплитудасына байланысты емес деген...

Б) Юпитердің 4 серігін, Шолпан фазасын ашқан ғалым.

В) Пиза мұнарасын пайдаланып, дененің еркін түсу үдеуін зерттеген.

Г) Инерция заңын, салыстырмалы қозғалыстар принципін ашқан.

Д) Галилео ...

Ж: Италян. Ғалымы Г. Галилей

Жанды нәрсе туралы. Ол кім?

А) Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді.

Б) Жүрегінің қуаты 2,2 Вт.

В) 0,05 сек. Ішінде объектіні тез айырады.

Г) Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді.

Д) Жердегі ең ақылды.

Ж: Адам


Жәшікпен байланысты (қорапта бір физикалық дене бар)

А) Ғылымда, физикалық құбылысты зерттеуде қолданады.

Б) Газдың серпімділігін, Паскаль заңын түсіндіп\ргенде қолданылады.

В) Беттік ауданы ең аз геометриялық фигура.

Г) Спортшы осы денемен дос.

Д) Шар тәріздес

Ж: Доп

Зат не?


А) Адам организмінің 65%

Б) Заттың үш күйінің біреуі.

В) Суытқыш, қыздырғыш ролін атқаратын зат.

Г) Үш күйде бола алады.

Д) Жерде онсыз өмір жоқ.

Ж: су


Бұл не?

А) Өзінің алға қойған бағыты бар.

Б) Қысылғанда сізге көмекке келеді, сізді бағыттаушы.

В) Қатты ыстықты ұнатпайды.

Г) Кейбір заттарға көңілі шаппайды, темірді көрсе тез толқиды.

Д) Сағат екен деп қаласын.

Ж: компас

3- ші тур. Тест «Физика тілінде сөйлесейік»



(карточкалар таратылады. Ағылшын, неміс, орыс, латын, грек тілдерінде)

Метр а) ағылшын б) латын в) неміс

Молекула а) неміс б) орыс в) латын

Инерция а) грек б) латын с) орыс

Финал.

Ұпайы көп оқушылар ортаға шақырылады.



1.Қорап сіріңке таратылады. (команда 1,2,3 дегенде басып жоғары қаратып жағады). Сіріңкенің бірінші өшкен оқушы ойыннан шығады.

2. Сіріңкенің басын төмен қаратып жағады. (Кім сасқалақтап өшіреді ойыннан шығады).

3. Қалған оқушыларға сұрақ «Менің ойымша ...» .Әр жауап 1 ұпай.

А) Сіріңкенің жану процесін физика тұрғысынан түсіндір.

Б) Неге жоғары жалын бағытталады ?

В) Шырпыны төмен қаратсақ неге тез жанады ?

Г) Сіріңке тұтағанда, жанғанда қандай энергияның айналуы болады.

Қортындысы: Ұпайларын санау. Оқушыны марапаттау.


4.5 «Электр құбылыстары» тарауын қорытындылау

Сабақтың тақырыбы: «Электр құбылыстары» тарауын қорытындылау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік

Тәрбиелік

Дамытушылық

Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерінтексеру, одан әрі жетілдіру. Ток күші, кедергі, кернеу шамалары бойынша есеп шығара білу дағдысын тексеру.

Іздемпаздыққа, өз бетімен еңбектенуге, ғылымға қызығушылығын арттыру. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.

Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту, іздемпаздығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сабақтың формасы: рейтинг сабақ.

Сабақтың түрі: Оқушылардың білімін есептеу және бақылау сабағы.

Сабақтың әдісі: Дамыта және деңгейлеп оқыту.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Ә) оқушыларды «Алғырлар», «Білгірлер», «Сергектер» деген 3 топқа бөлу.

А) Ойын ережесімен және мақсатымен таныстыру.

II. «Алға-алға», «Бақытты сәт» ойыны арқылы «Электр құбылыстары» тарауына шолу жасау.

III. Физикалық эстафета. 3 топқа тапсырма беріледі, тақтаға бітінен кейін бірі келіп бірінің жауабынан бірінің берілгенін алып, есеп шығарып жарысу.

IV. Эксперименттік тур.

Топ – Ток күшінің кернеу тұрақты болған кезде кедергіге тәуелділігін зерттеу.

Топ - Ток күшінің кедергіге тәуелділігін зерттеу.

Топ – R=(l/s) меншікті кедергіні анықтау.

V. «Суретті лото» ойыны.

Топқа үлестірмелі карточка бойынша есеп беріледі. Жауабы цифр бойынша тақтаға ілінеді.

Оқушылар дұрыс шығарса сурет қарастырылады.

1. Ауыл жылы

2. Экологиялық тәрбие. «Жер тағдыры - өз қолыңда».

3. Суреттің физикалық мағынасын ашу.

VI. «Сектор» ойыны.

Топқа деңгейлік тапсырма беріледі. Жауабын топ басшылары тексереді.

VII. Қорытынды. Тест.

Сабақ бастамастан бұрын сол топтың ұпайын есептеп отыратын 1 оқушы топ басшысы болып тағайындалады. Оған арнайы дайындалған оқушының біліміне қойылатын ұпайларды белгілеп отыратын мынадай кесте беріледі.



Оқушының аты-жөні

«Алға-алға» сайысы

Физикалық эстафета

Экспериментальді тур

Суретті лото

«Сектор» ойыны

Тест

ұпай саны



























Оқушылар тест тапсырмасын орындап болған соң I топтың орындаған жұмыстары II топқа, ал II топтың жұмыстары I топқа тексеруге беріледі.

Сабақ барысында оқушылардың білімі рейтинг жүйесі арқылы бағаланып тұрады. Ең білгір, білімді, білікті оқушылар анықталады. Жаңа технологияның дамыта және деңгейлеп оқыту әдістері оқушы білімін жүйелеуге, дамытуға, таным деңгейін кеңейтуге мол мүмкіндік береді [15].

1.2. Физика сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда эксперименттің ролі

Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты жағдайлар білім беру ұйымдарының түлектеріне жоғары талаптар жүктейді. Бұл жағдайда жалпы білім берудің мақсаты-оқушыны шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін меңгерген, бүгінгі өзгермелі жағдайларда бағдарлана алуға қабілетті тұлға ретінде дамыту болып табылады.

Физика пәні мектептің физика-математикалық бағытта оқытудың бағдарын анықтайтын көтеріңкі деңгейде оқытылатын пәндер қатарына жатады.

Жеке тұлғаны білімділікке және ізденімпаздыққа, тапқырлыққа ынталандыру, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру үшін эксперименталды есептерді шығаруға уйретудің маңыздылығы өте зор.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатымен сабақта қызықты және өте қарапайым тәжірибелерді жиі қолданамын.

КҮШ MOMЕНТІ

К,ажеті құрал-жабдықтар: конус nішінді ағаш таяқ.
Күш әрекетінің нәтижесі бірнеше факторға тәуелді:

- күш мәніне,

-күштің әсер ету бағытына,

-күштің әсер ету нүктесіне,

-күштің әсер ету уақытына,

-күш әсер ететін беттің ауданына.

Қандай жағдайда таяктың тепе-тендігі тұрақтылау болады ?

Осы сұраққа жауап беру үшін, жуандығы біркелкі емес ағаш таяқтың ауырлық центрін анықтау әдісін қарастырайық.

Конус пішінді ағаш таяқты екі алақанының қырларына қойып, қолдарды ортаға қарай жылжытса, олар міндетті түрде ауырлық центрінде кездеседі. Ceбeбi, қолдардың 6ipey массалар центріне жақындағанда, сол қолға деген таяқтың қысымы артады, соның салдарынан осы қол мен таяктың арасындағы үйкеліс күші ауырлық центрінен алыс орналасқан қолға әсер ететін күшпен салыстырғанда артық болады. Осылай таяқ eкi қол үстімен кезекпен сырғанайды, алақандар ортаға қарай жақындайды да, ен соңында ауырлық центрінде кездеседі.

Дененің тұрақты тепе-тендікте болу шартын қарастырайық.




Егер дененің ауырлық центрі тipey нуктесінен жоғары орналасса, тепе-тендік қалпы тұрақсыз болады. Сол себептен екі таяк та құлайды. Сонда айырмашылық неде?

Жуан бөлігін үcтiне қаратып ұстаған таяктың ауырлық центрі де жоғарылау орналасқан.

F Δt = mΔv

Импульстік түрде жазылған Ньютонның екінші заңы бойынша, екі таяктың да ауырлық центрлері тең уақыт аралықтарында бірдей жылдамдыққа ие болып , бiрдей орын ауыстырады. Ауырлық центрлерінің тіреу нүктесінен әр түрлі қашықтықта орналасу себебінен екінші таяктың айналу бұрышы үлкен болады.Тепе-теңдік қалпынан аздап ауытқыған таяқты ұстап тұру әрине оңай.

ИМПУЛЬС САҚТАЛУ ЗАҢЫ



К,ажетті құрал-жабдықтар:воронка, тiк бұрышпен иілген шыны түтік, сым каркас, картон, су, табақ, төменгі жағында eкi иілген түтігі бар ыдыс.
Tiк бұрышпен иілген шыны түтіктен су аққан кезде сол түтіктің су ағысына қарама-қарсы бағытта ауытқуын импульс сақталу заңымен түсіндіреміз.

Егер ағып жатқан су алдына арнайы тeміp қарқас көмегімен шағын қартон орналастырса, түтік ауытқымайды. Осы құбылысты қалай түсіндіруге болады?

Қозғалыс басында су жылдамдығы тік төмен бағытталған. Горизонталь бағыттағы импульс нөлге тең.

Иілген бөлікте түтік жазықтығында су горизонталь қозғалады, осы бағытта импульс өзгереді. Импульс сақталу заңы бойынша соңғы импульс бастапқы импульске тен болу үшін түтік қарама-қарсы бағытта қозғалу тиic.

Егер ағып жатқан су алдына арнайы тeміp қарқас көмегімен шағын қартон орналастырса, түтік ауытқымайды. Осы құбылыстың себебін біз тағы да сол импульс сақталу заңымен түсіндіреміз. Бұл жағдайда судың түтік бойындағы қозғалысының бағыты түтіктен аққаннан кейін де өзгерусіз қалды, ягни импульс сақталады. Қартон жазықтығында да импульс сақталу заңы орындалады: толық, жұандау су бөлігі жақынға шапшиды, жіңішке су түтігі улкен жылдамдықпен ағады.

Төменгі жағында eкi иілген түтігі бар ыдыстың су аққан кезде реакгивті қозғалысы да импульс сақталу заңының эксперименталдық дәлелдемесі.



АЙНАЛМАЛЫ Қ03ҒАЛЫС ДИНАМИҚАСЫ.

К,ажетті құрал-жабдықтар: радиола, металл шары, теннис шары, сіренке қорапшасы.

Күш әрекетінің әсер ететін беттің ауданына тәуелділігін көрсететін экспериментті қарастырайық.

Айналатын дискінің үстіне қойылған металл шарынын, сіренке қорапшаның, жeнiл теннис шарының қозғалысын зерттейік.

Толық cipeнкe қорапшасы дискіге қатысты бip орында тұрады. Бос cipeнкe қорапшасы ауа кедергісі күшінің әсерінен диск үстінe құлап, дискiгe қатысты бip орында жатады. Металл шары дискінің айналу бағыты бойынша қозғалады, ауа кeдepгiсі күшінің әсерінен шардың жылдамдығы дискінің айналу жылдамдығынан сәл ғана кіші болады. Дискінің радиусы бойынша шарға әсер ететін кориолис күшінің әрекетінен металл шар дискінің устінен күрделі траектория бойынша домалап түседі.

Жeнiл теннис шарын айналатын дискінің үстіне қойғанда қызықты құбылысты байқаймыз: теннис шары дicкiгe қатысты шеңбер бойымен, ал устелмен салыстырғанда бip орында айналып қозғалады. Ceбeбi, үйкеліс және ауа кедергісі күштеpi шарға әр түpлi нүктелерде және қарама-қарсы бағыттарда әсер eтeдi.

Шардың массасы аз, ал ауа әсер ететін беттің ауданы үлкен болғандықтан, үйкeлic және кедергі күштepi өзара теңеседі. Дискінің айналу жиiлiгiн арттырғанда сызықты жылдамдыққа тура пропорционал ауаның кедергі күшi де артады. Соңдықтан, шар бұл жағдайда да үстелге қатысты бip орында тұрып айналады. Осы эксперимент ауаның кедергі күшін кейбір жағдайларда ескерусіз қалдыруға болмайтынын айқын дәлелдейді.

АЙНАЛМАЛЫ ҚОЗҒАЛЫС ЭНЕРГИЯСЫ

Қажетті құрал-жабдықтар: Максвелл маятнигі, штатив, металл стержень. Энергияның түрленуінің тағы 6ip мысалын қарастырайық.

Максвелл маятнигінің тербелістері неге тез өшеді?

Жоғарғы нүктеде диск төменгі нүктемен салыстырғанда артық потенциалдық энергияға ие болады. Диск айналып, төменге қарай қозғалған кезде потенциалдық энергиясы ілгерілмелі қозғалыстың және айналмалы қозғалыстың кинетикалық энергияларына айналады. Жіп толық тарқатылған кезде дискінiң төменге бағытталған ілгерілмелі қозғалысын созылған жіптерде пайда болған cepпiмдiлiк күшi тоқтатады, ал айналмалы қозғалыстың энергиясы ең үлкен мәніне жeтeдi. Инерция заңы бойынша диск тоқтамай ары қарай айналғанда жiптep қайтадан стерженьге оралады. Диск жоғары көтepiлгeндe айналмалы қозғалыстың энергиясы потенциалдық энергияға түрленеді. Бірақ, бұл энергия бастапқы потенциалдық энергиядан кем болады, өйткені , дискінің төменге бағытталған ілгерілмелі қозғалыстың энергиясы жiптepдi созуға қайтымсыз жұмсалады.

ГИДРОАЭРОДИНАМИҚА. БЕРНУЛЛИ ТЕҢДЕУІ



Қажетті құрал-жабдықтар: шыны воронка, қағаз конус, резенке және коктейль түтіктері.

Шыны воронқа кемегімен қағаздан жасалған конусты қалай көтеруге болады?




Қағаздан жасалған конусты көтеру үшін ауаны түтік арқылы үрлеу керек. Шыны воронка мен конус арасындағы жіңішке саңылау арқылы ауа Бернулли тендеуне сәйкес өте үлкен жылдамдықпен қозғалады және сол жердегі ауа қысымы азаяды. Конустың астынғы жағында ауа қозғалмайды, сол себептен атмосфера қағазға жоғары бағытта қысым жасайды.

Неғұрлым күштірек үрлейміз, соғұрлым воронканың екі жағындағы қысым айырымы және жоғары бағытталған көтергіш күш үлкен болады
Осы эксперименттің нәтижесі желкенді шананың (буер) желге қарсы бағытта қозғалатынын түсіндіреді.

Желдеткіштің жұмыс icтey принципін қарастырайық.

Вентилятор қапалақтарының айырмашылығы олардың қозғалысына қалай әсер етеді?

ЭНЕРГИЯ САҚТАЛУ ЗАҢЫ



Қажетті құрал-жабдықтар: қарға толтырылған екі металл ыдыс, ағаш тақтайша. тұшшы су, ас тұзы, қасық.

Табиғатта энергия жоқтан пайда болмайды және жоғалып кетпейді, ол тек бip түрден екінші түрге айналады, бip денеден екіншi денеге беріледi, ал тұйықталған жүйелерде толық энергия тұрақты шама болып қалады (сақталады).



Q=AU+A

Термодинамиқаның бipіншi заңы осылай тұжырымдалады: ішкi энергияның өзгерісі жүйеге берілген жылу мөлшері мен сыртқы күштердің жұмысының қосындысына тең:

AU- А + Q

Қар салынған ыдысқа ас тұзын қосқан кезде болатын құбылысты қарастырайық. Осы экспериментті өткізу үшін қарға толтырылған екі металл ыдыс, ағаш тақтайша, тұшшы су, ас тұзын аламыз.

Тақтайшаға тұшшы су кұйып, үстіне ыдыстарды қоямыз. Бip ыдыстағы қарды ас тұзымен араластырамыз.

Бipaз уақыт өткеннен кейін ыдыстарды көтеріп, қызықты құбылысты байқаймыз: ас тұзы қосылған ыдыс тақтайшаға жабысып қалады, ал екінші ыдыс бөлек көтеріледі, Бірінші ыдыстың тақтайшаға жабысып қалғанын ыдыстың астындағы судың мұзға айналуымен түсіндіреміз. Бұл құбылысты түсініп көрейік.

Ас тұзы мұзбен араласқанда ериді.Су молекуласын құрайтын бөлшектердің тартылыс әрекетінен ас тұзының кристалдық торы натрий және хлор иондарына ыдырайды. Қардан алынған энергия тұздын кристалдық торындағы иондық байланыстарын үзу үппн жұмсалады. Жылудың 6ip бөлігінен айырылған қардың температурасы темендейді, ыдыс астындағы судың энергиясы жылуөткізгіштік құбылыс арқылы суық қарға беріледі.

ИЗОПРОЦЕССТЕР. АТМОСФЕРАЛЫҚ ЖӘНЕ ГИДРОСТАТИҚАЛЫҚ ҚЫСЫМ.



Қажетті құрал-жабдықтар:стақан, үлкен шыны ыдыс, май шам, сіренке, резенке түтік, штатив.


Төңкерілген шыны стақанды суға түcipгeн кезде ішіндегі ауа изотермиялық процесс бойынша өте аз сығылады. Стақан ішіндегі ауада бастапқыда атмосфера қысымы болады. Стақан толық батырылғанда онын ішіндегі қысым ауамен су арасындағы шеқарадан жоғары орналасқан су бағанының гидростатикалық қысым шамасына артады.

Гидростатикалық және атмосфералық қ ысымның әсерін келесі қызықты эксперименте бақылауға болады. Толып тұрған ыдыстан резенке түтік көмегімен қалай шағын ыдысқа су құйып алуға болады?

Резенке түтікті ыдысқа батырып суға толтыру керек. Түтіктің екі ұшын саусақпен тығындап, бip ұшын суға батырып, екінші ұшын бос ыдысқа саламыз. ¥штарын босатқаннан кейін түтік бойымен судың үлкен ыдыстан кішісіне ағатынын байқаймыз. Қос ыдыстағы су деңгейі теңелгенше дейін су ағады. Ыдыстардың бipeyiн жоғары көтерген кезде, су теменгі ыдысқа қарай ағады. Экспериментті екінші ыдыспен қайталағанда да дәл осындай құбылыс орын алады. Сұйықтың epкін бeттepi деңгейлерінің айырмашылығына байланысты өзгepiп тұратын гидростатикалық қысым судың түтік бойымен бағытын ауыстырып қозғалуына әкеледі.



Каталог: uploads -> doc
doc -> Олар: аңға байланысты
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет