27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., №23-24 (қосымша); 1995 ж., №15-16, 109-құжат; №20, 121-құжат



бет1/4
Дата21.04.2018
өлшемі0.83 Mb.
#69483
  1   2   3   4
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі 1994 жылғы


27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14,
274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6,
50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат;
№ 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 16,
131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат;
№ 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжат; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125,
134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1,
5-құжат; № 2, 13, 15-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат;
№ 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14,
84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I,
110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат;
№ 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI 159-құжат; 2016 ж.,
№ 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2015 жылғы 13 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы,):

19-бапта:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуге жатады.»;

4-1-тармақ алып тасталсын.

2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; № 23, 112-құжат, 2009 ж.; № 24, 129-құжат; № 5, 23-құжат; 2010 ж.; № 7, 29, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжат; № 2, 21,


25-құжат 2011 ж; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11,
102-құжат ; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжат; № 5, 36, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14,
94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат;
№ 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13,
63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжат; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжат; № 4-5,
24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжат; № 12, 82-құжат;
№ 14, 84, 86-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжат; № 21-II, 130, 132-құжат; № 22-I, 140, 143-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат;
№ 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I,
62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; 2015 жылғы 13 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 49-баптың 1-тармағында:

15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«15) теле-, радиоарнаның, мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның есепке қойылғаны үшін алым;»;

23) тармақша алып тасталсын;

2) 50-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «салық түсімдері болып табылады.» деген сөздер «салық түсімдері;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) Қазақстан Республикасында жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым болып табылады.»;

3) 51-баптың 1-тармағында:

14) және 17) тармақшалар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

«15-1) кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу үшiн лицензияны пайдаланғаны үшін төлем;»;

23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«23) сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы орынжайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы;»;

мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:

«24) Қазақстан Республикасында жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне түсетін салық түсімдері болып табылады.»;

4) 52-баптың 1-тармағында:

10) және 13) тармақшалар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

«11-1) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу үшiн лицензияны пайдаланғаны үшін төлем;»;

5) 52-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) жеке тұлғалардың аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында салық органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген төлем көзінен салық салынбайтын кірістері бойынша жеке табыс салығы:

дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – орналасқан жері;

қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері;

2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан осы салықты салу объектісі бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

3) жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын елдi-мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;

4) мыналардан:

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағы тұрғылықты жері болып табылатын жеке тұлғалардан алынатын;

өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін орналасқан жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын, көлік құралдары салығын қоспағанда, көлік құралдарына салынатын салық;

5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі орынжайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады.»;

3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14,
71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124,
125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141,
143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6,
45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23,
118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 13 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 11шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) мазмұнында:

273 және 285-1-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

«273-бап. Мәмілелердің мониторингі бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды ұсынбау, ұсынудан бас тарту»;

«285-1-бап. Бағалы қағаздардың номиналды ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы»;

2) 169-бапта:

тоғызыншы бөлік алып тасталсын;

он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Осы баптың жетінші, сегізінші, оныншы, он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

биоотын тиісті көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3) 246-баптың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша дұрыс емес аудиторлық қорытынды жасауы –

аудиторлық ұйымға салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт сомасының екі жүз пайызы, бірақ кемінде бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

аудиторлық ұйымға салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт сомасының екі жүз елу пайызы, бірақ кемінде алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

4) 266-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«266-бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде төлемдер жүргiзу бойынша белгiленген шектеулердi бұзу

Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәміле бойынша қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа жеке кәсіпкердің және (немесе) заңды тұлғалардың пайдасына бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомада қолма-қол тәртіппен төлемді жүзеге асыруы –

төлемдi жүзеге асырған тұлғаға төлем сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

5) 272-бапта:

үшінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Салық тіркелімдерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде ұсынбаудан көрінген, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

салық мониторингіне жататын салық төлеушілерге бес жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

«5. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық салынуға жататын бақыланылатын шетелдік компаниялар пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбауы –

жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

6) 273-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«273-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды ұсынбау, ұсынудан бас тарту»;

мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

«4. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті мемлекеттік кіріс органына ұсынбауы, дұрыс ұсынбауы немесе толық ұсынбауы, бас тартуы –

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін он екі ай мерзім ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

7) 278-бапта:

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Салық кезеңi үшiн iс жүзiнде есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын салық кезеңi iшiнде есептелген аванстық төлемдер сомасынан жиырма пайыздан астам мөлшерде асыру, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

ic жүзiндегi салықтың асып кеткен сомасының жиырма пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

ескертпелердің 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін асып кетуді айқындау кезінде:

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 742-бабының 3-тармағына және (немесе) 745-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру салығына жүргізілген түзетуге байланысты түзілген асып кету;

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 297-бабына сәйкес айқындалатын бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасынан есептелетін корпоративтік табыс салығы есепке алынбайды.»;

8) 281-бапта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін декларациялау қағидаларын бұзу, сол сияқты биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы бойынша декларацияларды ұсынбау не уақтылы ұсынбау –

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

бесінші бөліктің 2) тармақшасы алып тасталсын;

9) 282-бапта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру және оның айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымы жөнiндегi декларацияларды ұсынбау –

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

7) тармақшаның үшінші бөлігі алып тасталсын;

сегізінші және тоғызыншы бөліктер алып тасталсын;

10) 285-бапта:

бірінші бөлікте:

7) тармақша мынандай редакцияда жазылсын:

«7) бұл ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған әрекетсіз салық төлеушіге, салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банк шотын ашуы,-»;

мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) уәкілетті органға салық органының салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін және (немесе) инкассолық өкімді, сондай-ақ салық органы жіберген жоғарыда көрсетілген өкімдерді жоятын немесе кері қайтарып алатын құжаттарды электрондық нысанда алғаны туралы оларды алған күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес хабарламауы -

банктің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында бекітілген міндеттерді орындамауы кезеңiнде салық төлеушілердің банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) коллекторлық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша мемлекеттік кіріс органдарына тоқсаннан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей талап ету құқығын басқаға беру шарттары бойынша мәліметтерді ұсынбауы;»;

11) 285-1-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«285-1-бап. Бағалы қағаздардың номиналды ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы»;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«4. Коллекторлық агенттіктердің талап ету құқығын басқаға беру шарттары бойынша мәліметтерді ұсынбауы, уақытында ұсынбауы, дұрыс немесе толық ұсынбауы –

отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлға әкеп соғады.»;

12) 684-баптың бірінші бөлігіндегі «282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөліктерінде), 283, 283-1» деген цифрлар мен сөздер «282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он үшінші бөліктерінде), 283, 283-1 (бесінші және алтыншы бөліктерінде),» деген цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын;

13) 720-баптың бірінші бөлігіндегі «282 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде)» деген цифрлар мен сөздер «282 (бірінші, екінші, бесінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 283,
283-1 (бірінші, екінші, үшінші және он екінші бөліктерінде),» деген цифрламен және сөздермен ауыстырылсын.

4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат;


№ 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат;
№ 24, 124-құжат, 126; 2017 ж., № 9, 21-құжат; 2017 жылғы 4 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы);

1) мазмұнындағы 124-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«124-бап. Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу»;

2) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«35-бап. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу

1. Жеке кәсiпкерлiктi заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде мәлiмделген орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кіріс органында дара кәсiпкер ретiнде есепке қоюды білдіреді.

2. Дара кәсіпкер ретінде мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге мынадай шарттардың бiреуiне сай келетiн:

1) жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланатын;

2) жеке кәсiпкерлiктен республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын жалақының
12 еселенген ең төменгі мөлшерiнен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық кірісі бар жеке тұлғалар жатады.

Осы баптың 3-тармағында аталған тұлғаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбеленген дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеусіз қызметіне тыйым салынады.

3. Жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мынадай кірістер:

1) салық салынатын төлем көзінен кірістер;

2) мүліктік кіріс;

3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі көздерден кірістер;

4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан кіріс алатын үй жұмыскерлерінің кірістері;

5) салық агенттері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттің өкілдіктерімен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскер кірісін алатын Қазақстан Республикасы азаматтарының кірістері;

6) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскер кірісін алатын Қазақстан Республикасы азаматтарының кірістері;

7) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған (алынуға тиіс) Қазақстан Республикасының резиденттері – үй жұмыскерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілердің кірістері;

8) салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіби медиаторларды қоспағанда, медиаторлардың кірістері;

9) салық салынуға жататын, төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адамның дұрыс емес мәліметтерді салық органына ұсынуына орай жүргізілмеген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылықтар бойынша есепке алу кітабында есепке алынбаған жеке қосалқы шаруашылықтан кірістер алған кезде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.

Осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған адам салық агенті болып танылады.»;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет