2017 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата04.12.2017
өлшемі176.55 Kb.
#48289



2017 жылға Ақтөбе облысында

мал шаруашылығын дамытуды

мемлекеттік қолдау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9987 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының:

1) 1-қосымшасына сәйкес шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері;

2) 2-қосымшасына сәйкес шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдері мен талаптары;

3) 3-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.

2. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

Ақтөбе облысы әкімдігінің

2017 жылғы «____» _________

№ ____ қаулысына 1-қосымша


Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері





Субсидиялау бағытының

атауы


Өлшем

бірлік


1 басқа субсидия нормативі,

теңге


1.

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас


5 000


2.

Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату*:

х

х


2.1.

алыс шетелден әкелінген етті бағыттағы шетел селекциясындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы

бас

83 000


2.2.

1-санаттағы мүйізді ірі қара мал бордақылау алаңдары

бас

40 000

2.3.

орташа жылдық сауымы 7000 литрден жоғары сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы

бас

132 000


2.4.

орташа жылдық сауымы 5000 литрден жоғары сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы

бас

80 000


2.5.

сүтті бағыттағы ешкінің аналық мал басы

бас

5 000

3.

Бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

бал ара ұясы

50 000

* Ескерту: субсидия Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9987 тіркелген) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, өнім өндіруді және оның сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларымен анықталған бағыттардың басымдықтарына сәйкес бөлінеді.

Ақтөбе облысы әкімдігінің

2017 жылғы «____» _________

№ ____ қаулысына 2-қосымша
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер және талаптар




Субсидиялау бағытының атауы

Өлшемдер және талаптар

1.

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

1. Зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келетін және жарақталған қолдан ұрықтандыру пунктерінің болуы;

2. Арнайы дайындық курстардан өткен, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің тізілімінде тіркелген техник-ұрықтандырушылардың болуы.



2.

Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу шығындарын арзандату

1. Етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:

мүйізді ірі қара аналық мал басының ақпараттық сараптамалық жүйесі және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркеуде болуы.

2. 1-санаттағы мал бордақылау алаңдары үшін:

мүйізді ірі қара малдары ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасында тіркелінуі (ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасынан алынған үзіндімен расталады).

3. Орташа жылдық сүт көлемі 7 000 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:

өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша бір сиырдан сауылған орташа жылдық сүт көлемі 7 000 кг кем болмауы тиіс.

4. Орташа жылдық сүт көлемі 5 000 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:

өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша бір сиырдан сауылған орташа жылдық сүт көлемі 5 000 кг кем болмауы тиіс.

5. Сүтті бағыттағы ешкінің аналық мал басы үшін:

аналық мал басының ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасында тіркеуде болуы.


Ақтөбе облысы әкімдігінің

2017 жылғы «____» _________

№ ____ қаулысына 3-қосымша


Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері




Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидия- лар норматив- тері, теңге

Субсидия көлемі

Субсидия- лар сомасы, мың теңге

Мал шаруашылығы

1.

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

5 000

10 000

50 000

Етті бағыттағы мал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу

1)

тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басы

бас

18 000

66 418

1 195 524

2)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы

бас

20 000

10 100

202 000

3)

жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу

бас

104 000

1 200

124 800

2.

Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу

1)

отандық асыл тұқымды ірі қара мал

бас

154 000

4 528

697 312

2)

импортталған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал

бас

118 000

206

24 308

3.

Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату

1)

1-деңгей

тонна

300

4 000

1 200 000

2)

2-деңгей

тонна

170

350

59 500

3)

3-деңгей

тонна

100

190

19 000

4.

Бұқашықтарды бірінші өндіріс деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу

бас

24 000

7 700

184 800

5.

Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату

бас

*

**

539 004

Барлық сомасы

4 246 248

Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы

бас

20 000

3 999

79 980

2)

жалпы табындарда сүтті және қос бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу

бас

104 000

100

10 400

2.

Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

1)

отандық асыл тұқымды ірі қара мал

бас

154 000

500

77 000

2)

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал

бас

118 000

294

34 692

3.

Сүт өндірісінің құнын арзандату

1)

1-деңгей, ***

тонна

37,5

8 800

330 000

2)

2-деңгей

тонна

15

1 300

19 500

3)

3-деңгей

тонна

10

1 000

10 000

4.

Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату

бас

*

**

181 200

Барлық сомасы

742 772

Етті бағыттағы құс шаруашылығы

1.

Құс еті өндірісінің құнын арзандату

 

 

 

 

1)

3-деңгей

тонна

50

3 000

150 000

Барлық сомасы

150 000

Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы

1.

Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату

 

 

 

 

1)

1-деңгей

мың дана

3

85 000

255 000

Барлық сомасы

255 000

Шошқа шаруашылығы

1.

Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату

тонна

98

3 500

343 000

Барлық сомасы

343 000

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1)

тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық басы

бас

1 500

130 000

195 000

2.

Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу

бас

8 000

9 500

76 000

3.

Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату

1)

1-деңгей

тонна

200

160

32 000

2)

2-деңгей

тонна

100

60

6 000

Барлық сомасы

309 000

Сүтті бағыттағы ешкі шаруашылығы

1.

Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату

бас

5 000

400

2 000

Барлық сомасы

2 000

Жылқы шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу

бас

40 000

350

14 000

2.

Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату

тонна

92

400

36 800

3.

Қымыз өндірісінің құнын арзандату

тонна

60

200

12 000

Барлық сомасы

62 800

Түйе шаруашылығы

1.

Шұбат өндірісінің құнын арзандату

тонна

55

60

3 300

Барлық сомасы

3 300

Бал ара шаруашылығы

1.

Бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

бал ара ұясы

50 000

450

22 500

Барлық сомасы

22 500

ЖИЫНТЫҚ сомасы

6 186 620

Ескерту:


* субсидия нормативтері осы қаулының 1-қосымшасындағы 2 тармақтың 2.1., 2.2., 2.3., 2.4. тармақшаларында көрсетілген.

** субсидия көлемі нақты мәлімделген көлемге сүйене отырып анықталады.

*** субсидия нормативін 50% дейін арттыру есебінен.

Ақтөбе облысы әкімдігінің

2017 жылғы «____» _________

№ ____ қаулысына 4-қосымша

Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылды

деп танылған қаулыларының тізбесі


1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 26 «2016 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 4746 тіркелген, 2016 жылғы 19-20 ақпанда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған);

2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 231 «2016 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 4958 тіркелген, 2016 жылғы 25-27 маусымда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған);

3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 452 «2016 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 26 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 5123 тіркелген, 2016 жылғы 5-7 қарашада «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған);

4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 529 «2016 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 26 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 5161 тіркелген, 2016 жылғы 22-23 желтоқсанда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған).





Каталог: sites -> default -> files -> Node 3096
Node 3096 -> Жоба субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Node 3096 -> Ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Node 3096 -> 2017 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Node 3096 -> Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы
Node 3096 -> Жеміс-жидек дақылдарының көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара
Node 3096 -> Ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет