2016 жылғы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есеп беруге түсіндірме жазбахат



Дата20.03.2017
өлшемі64.11 Kb.
#6466
2016 жылғы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есеп беруге түсіндірме жазбахат
Қазақстан Республикасында тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы №786 «Белгілі бір ауруларға (хал - жағдайларға) шалдыққан тұрғындарды тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің аясында амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік құралдар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар және арнайы емдік азық-түліктер Тізімдемесін бекіту жөніндегі» өзгертулер мен толықтырулар енгізілген бұйрығына сәйкес (одан әрі Тізімдеме) амбулаториялық – емханалық көмек көрсету кезінде қарастырылған.
«Туберкулезге қарсы препараттармен қамтамасыз ету»

253-019-011 бағдарламасы
Туберкулезге қарсы препараттар «СК-Фармация» ЖШС-нен 309249,1 мың теңгеге сатып алынды. 1115 науқас емделді, олардың 625 - бірінші қатардағы препараттармен, 450 – екінші қатардағы препараттармен, 40 – үшінші қатардағы препараттармен. Науқастардың жоспарланған саны туберкулезге қарсы препараттармен толық көлемде қамтамасыз етілді, 593 науқас алдыңғы жылдағы ауыспалы қалдықты препараттармен емделді. 2016 жылы барлығы 1708 науқас емделді.
«Диабет дертіне шалдыққан науқастарды диабетке қарсы препараттармен қамтамасыз ету»

253-020-011 бағдарламасы
Қант диабеті бойынша 12424 пациент диспансерлік тіркеуде тұрады. Диабетке қарсы препараттар (инсулиндер мен бақылау құралдары) «СК-Фармация» ЖШС-нен 259549,0 мың теңгеге сатып алынды. 2016 жылы 2300 науқас инсулиндермен және бақылау құралдарымен қамтамасыз етілді, олардың ішінде 2237 науқас күн сайын инсулин алып тұрды, 2 - түрдегі қант диабетіне шалдыққан 63 науқас қандай да бір ауруға операция жасалу кезінде және созылмалы аурулардың асқынуы барысында уақытша инсулинді терапия алып тұрды.
«Гематологиялық науқастарды химиялық препараттармен

қамтамасыз ету»

253-021-011 бағдарламасы
Гематологиялық аурулар бойынша облыста 329 пациент диспансерлік тіркеуде тұрады, олардың ішінде 2016 жылы амбулаториялық деңгейде 80 ересек науқас ем қабылдады. Препараттар «СК-Фармация» ЖШС-нен 266046,0 мың теңгеге сатып алынды.
«Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне, аутоимунды, орфанды ауруларға, иммунитет тапшылығына шалдыққан науқастарды, сонымен қатар бүйрек алмастырудан кейінгі науқастарды қамтамасыз ету»

253-022-011 бағдарламасы
2016 жылы ВИЧ жұқтырған 77 тұлға антиретровирусты препараттармен емделді, олардың ішінде 72 - ересектер; 3 – алдын-алу ретінде ВИЧ жұқтырған аналардан туылған балалар, сонымен қатар 2 жүкті әйел. Препараттар «СК-Фармация» ЖШС-нен 41294,18 мың теңгеге сатып алынды.

В және С вирусты гепатитіне шалдыққан науқастарды емдеу үшін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету мақсатында «СК-Фармация» ЖШС-нен 56297,34 мың теңгеге сатып алынды. 2016 жыл бойы 20 ересек науқас вируска қарсы терапия алды. 2015 жылдан бері ауыспалы ем бойынша 17 науқас емделді. Жыл ішінде 18 пациент емдеу курсын аяқтады.

2016 жылы аутоиммунды аурулармен 42 пациент емделді, оның ішінде созылмалы қабынған миелинсізденбелі полинейропатиямен ауыратын 11 науқас. Дәрілік препараттар «СК-Фармация» ЖШС-нен 271862,79 мың теңгеге сатып алынды.

2016 жылы реналды анемия кезінде созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан 12 науқас амбулаториялық деңгейде емделді. Дәрілік препараттар «СК-Фармация» ЖШС-нен 6608,59 мың теңгеге сатып алынды.

Муковисцидозбен ауыратын 4 науқасқа 2016 жылға дәрілік препараттарға тапсырыс жасалды. 2016 жылдың сәуір айында қосымша 1 бала тіркеуге алынды. Барлығы амбулаториялық деңгейде 5 бала ем қабылдады. Дәрілік препараттар «СК-Фармация» ЖШС-нен 13013,61 мың теңгеге сатып алынды.

Шашыраңқы склерозбен ауыратын 50 науқасқа 2016 жылға дәрілік препараттарға тапсырыс жасалды. Барлық пациенттер амбулаториялық деңгейде толық көлемде ем қабылдады. Дәрілік препараттар «СК-Фармация» ЖШС-нен 108398,49 теңгеге сатып алынды.


«Гемофилияға шалдыққан науқастарды қанды ұйыту факторымен қамтамасыз ету»

253-026-011 бағдарламасы

Гемофилия ауруы бойынша облыста 32 науқас тіркеуде тұрады, олардың 19 - ересектер, 13 - балалар. Штаттан тыс бас гематологтардың тағайындалымы бойынша пациенттер амбулаториялық деңгейде толық көлемде емделді. Дәрілік препараттар «СК-Фармация» ЖШС-нен 327795,71 мың теңгеге сатып алынды.


«Тұрғындарға қатысты иммунопрофилактиканы жүзеге асыру үшін екпелер мен басқа медициналық иммунобиологиялық препараттарды орталықтандырылған түрде сатып алу»

253-027-011 бағдарламасы бойынша

2016 жылы екпе алатын 205033 тұрғынға қатысты иммунопрофилактиканы жүзеге асыру жоспарланды, 271088 тұлғаға қатысты жүргізілді, бұл қамтудың 96,7% құрайды. Екпелер «СК-Фармация» ЖШС-нен 1100291,98 мың теңгеге сатып алынды.


«Өткір миокарда жүрек ауруына шалдыққан науқастарды тромболиттік препараттармен қамтамасыз ету»

253-036-011 бағдарламасы
Тромболиттік терапия жүргізу үшін 2016 жылға «СК-Фармация» ЖШС-не 19908,7 мың теңгеге альтеплаза препаратының 156 құтысына тапсырыс жасалды. Өткір миокарда жүрек ауруына шалдыққан 80 науқас ем қабылдады.

«Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында скринингтік зерттеулер жүргізу»

253-038 бағдарламасы
Аурулардың алдын – алу – патологияны ерте анықтауға бағытталған денсаулық сақтау жүйесіндегі басты іс-шаралардың бірі. Бүгінгі күні скринингтер алдын-алу іс-шараларын жүзеге асырудың тетігі болып табылады.

Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында тұрғындардың мақсатты топтарын алдын-алу бойынша медициналық тексерістерден өткізу немесе мақсаты ауруларды ерте кезеңінде анықтау, аурулардың, олардың пайда болуына септігін тигізетін қауіп факторларының дамуын ескерту және тұрғындардың денсаулығын қалыптастыру мен нығайту болып табылатын скринингтік зерттеулер жүргізу қарастырылған.

Колоректалды қатерлі ісікті анықтау бойынша - 34502, жатыр мойнының қатерлі ісігі – 18605, өңеш пен қарынның қатерлі ісігі – 25657, қуықасты безінің қатерлі ісігі – 4792, бауырдың қатерлі ісігі - 80. Қамту 100% құрады.



«Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің аясында денсаулық сақтаудың аудандық маңыздағы және ауылдағы субъектілері тарапынан тұрғындарға медициналық көмек көрсету»

253-039 бағдарламасы
Ана мен баланың денсаулығын қорғау – Мемлекеттік саясаттың денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттарының бірі.

2016 жыл қорытындысы бойынша ана өлім-жітімі облысымызда 15,2 құрады, бұл былтырғы жылдан (10,0) және орташа есеппен Қазақстан бойынша жоғары - 12,7 (ҚР облыстары бойынша көрсеткіш 4,8% - дан 30,1% - ға дейін түрленеді).

Ана өлім-жітімі көрсеткішінің артуы «Қағанақ суының акушерлік эмболиясы» түріндегі кенеттен акушерлік асқыну жағдайларымен себептелген, статистикаға сәйкес бұл асқыну кезіндегі өлім 99% - ды құрайды. Біздер ана өлім-жітімінің алдын-алу, оның ішінде жүктілікке қарсы көрсетілім болып табылатын экстрагениталды патологиямен сырқаттанатын әйелдерді мониторингтеу және оларды контрацепциямен қамту бойынша талдау мен жоспарлы түрде жұмыс жүргізудеміз.

«Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау»

253-043 бағдарламасы
2016 жылы оқушыларды қабылдау 257 адамға жоспарланды, нақты 258 адам қабылданды, өкілетті орган бекіткен қабылдау жоспарына сәйкес және облыс әкімінің қаулысы бойынша балалар құрамынан 7 адамның орнына 8 адамды қабылдау – көру және есту қабілеті бойынша мүгедектер (нашар көретіндер және нашар еститіндер). Бітірушілер саны оқудан шығарылуына байланысты 1 адамға азайды. Шәкіртақы алушылар саны оқу үлгерімінің артуы есебінен нақты көбейді: 79,4% жоспарланды. Нақты - 86,6 %. Орташа жылдық құрам – есептік көрсеткіш.
«Азаматтардың дара категорияларын амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектермен жеңілдікпен қамтамасыз ету»

253-045-011 бағдарламасы

Жеңілдікті бағдарламаға аурулардың 7 нозологиясы енді: жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, өкпенің созылмалы бітелмелі ауруы, аритмия, пневмония мен қарынның және ұлтабардың ойық жара ауруы. Ағымдағы мақсатты трансферттер бойынша республикалық бюджеттен 64213 пациентке 241427,39 мың теңгеге фармацевтикалық қызмет көрсетіледі. 2016 жылы 63171 пациентті дәрілік құралдармен қамтамасыз ету жоспарында скрининг және өзі қаралу бойынша қайтадан анықталған науқастарға байланысты 1042-ден артық пациентке дәрілік препараттар алынды.


«Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің аясында онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету»

253-046 бағдарламасы
2016 жылы барлығы алғаш рет қатерлі ісік ауруына шалдыққан 1448 науқас анықталды, бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 173,0 құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда аурушаңдықтың төмендеуі байқалады (2,4%). 1-2 сатыдағы науқастардың анықталған үлесі 60,8% - ды құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 3,2% - ға жоғары (58,9%).

Басқарма басшысы Ә.Қалиев


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет