2015 жылы қол жеткізілген БҰҰ Ғаламдық шарты қағидаттарын қолдану жөніндегі прогресс туралы хабарлама



Дата12.04.2018
өлшемі63.59 Kb.
#68684



5 сәуір 2016 жыл
2015 жылы қол жеткізілген БҰҰ Ғаламдық шарты қағидаттарын қолдану жөніндегі прогресс туралы хабарлама
«KEGOC» АҚ БҰҰ Ғаламдық шартының адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қағидаттарын қолдайды. Төменде БҰҰ Ғаламдық шартының қағидаттары біздің компаниямыздың қызметінде қалай іске асырылатыны туралы ақпарат келтірілген.

Адам құқығы саласындағы қағидаттар

1-қағидат: Іскери орта халықаралық деңгейде айтылған адам құқықтарын қорғауды қолдауы және құрметтеуі тиіс.

2-қағидат: Іскери орта адам құқықтарының бұзылуына қатысы болмауы тиіс.

«KEGOC» АҚ халықаралық деңгейде айтылған және Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген адам құқықтарын қорғауды қолдайды және құрметтейді.

«KEGOC» АҚ қызметінің әлеуметтік құрауышы әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына негізделген, олар басқалармен қатар мыналарды қамтиды: еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің денсаулығын сақтау, әділ сыйақы және қызметкерлердің құқықтарын құрметтеу, қызметкерлердің жеке басын дамыту, қызметкерлерге арналған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру, демеушілік және қайырымдылық көмек.

«KEGOC» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасында жасалған ұжымдық шарт әлеуметтік-еңбек қатынастарының барлық аспектілерін, еңбек жағдайын жақсарту шараларын, еңбек тәртібін, соның ішінде әлеуметтік демалыс кезінде демалыс уақыттарын реттеу, әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар беру мәселелерін қамтиды, қызметкерлерді қолдау және кадрларды дамыту жөніндегі шаралар нақтыланды, қызметкерлерге зиянды, ауыр және қауіпті жағдайда жұмыс істегені үшін қосымша төленетін демалыстар, медициналық сақтандыру және мәдени-көпшілік демалыс берілетін кәсіптер мен лауазымдар тізбесі анықталды. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, оларға теңестірілетін адамдарды, ардагер-энергетиктерді әлеуметтік қолдауға қатысты мәселелер көрсетілген. Ұжымдық шарт «KEGOC» АҚ-ның барлық қызметкерлеріне қатысты қолданылады.

«KEGOC» АҚ қызметкерлерге жұмыс орындарында нормаларға сәйкес санитарлық-гигиеналық еңбек жағдайын қамтамасыз етеді, қызметкерлер үшін қолайлы әлеуметтік еңбек жағдайын жасайды, еңбек және демалыстың оңтайлы режимдерін белгілейді, санитарлық-тұрмыстық және емдеу-профилактикалық медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады, қызметкерлерді қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан қорғайтын сертификатталған құралдармен қамтамасыз етеді.

«KEGOC» АҚ қызметкерлерге кәсіби қауіпсіздік және денсаулық сақтау мәселелері бойынша тұрақты оқыту өткізуді қамтамасыз етеді.

2015 жылы «KEGOC» АҚ 2700-ден астам қызметкерлерін ерікті негізде медициналық сақтандырды.

2015 жылы «KEGOC» АҚ-да адам құқықтарының бұзылуына немесе нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне, ұлттық тегіне, әлеуметтік жағдайына, отбасылық жағдайына, жыныстық қатысы бойынша кемсітуге байланысты бір де бір жағдай тіркелген жоқ.



Еңбек қатынастары саласындағы қағидаттар

3-қағидат: Іскери орта ұжымдық шарт жасау құқығын шынайы тануы және бірлесу еркіндігін қолдауы тиіс.

4-қағидат: Іскери орта барлық мәжбүрлі және міндетті еңбек нысандарын жою үшін әрекет етуі тиіс.

5-қағидат: Іскери орта балалар еңбегін толығымен жою үшін әрекет етуі тиіс.

6-қағидат: Іскери орта жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жою үшін әрекет етуі тиіс.

«KEGOC» АҚ бірлесу еркіндігін қолдайды және қызметкерлердің ұжымдық шарт жасау құқығын таниды. 2014-2018жж. арналған ұжымдық шарттарда Қазақстан Республикасының ауру мен жарақат алуды азайтуға, еңбекті қорғауға, қауіпсіздік техникасына, қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен, арнайы киімдермен және аяқкиіммен қамтамасыз етуге бағытталған еңбек заңнамасының негізгі ережелері, сонымен қатар қызметкерлердің еңбек жағдайына және олардың еңбек ақысына, Компания қызметкерлерін, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдарды, ардагер-энергетиктерді әлеуметтік қолдау, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қызметкерлердің мәдени-көпшілік демалысын ұйымдастыру және тағы да басқаларға қатысты мәселелер көрсетілген. «KEGOC» АҚ-да кәсіподақ конференциясында «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіретін және қорғайтын кәсіби қауіпсіздік және денсаулық сақтау мәселерлері жөніндегі персонал өкілі сайланады.

«KEGOC» АҚ өз қызметінде мәжбүрлі еңбекті қолданбайды және персоналдан ұйымда жұмыс істей бастағаннан кейін кепілзат немесе жеке басын куәландыратын құжат қалдыруды талап етпейді.

«KEGOC» АҚ өз қызметінде балалардың еңбегін пайдаланбайды.

«KEGOC» АҚ жұмысқа қабылдау, сыйақы белгілеу, қызмет бойынша көтермелеу, нәсілдік, ұлттық, жас, жыныстық, әлеуметтік ерекшеліктері, тұрғылықты жері, азаматтығы, діни және қоғамдық бірлестіктерге қатысы бойынша оқуға қол жеткізу кезінде, сонымен қатар қызметкердің іскерлік сапасы мен еңбек нәтижелеріне байланысты емес басқа да себептер кезінде кемсітушілікті болдырмайды. «KEGOC» АҚ персоналды қауіпсіз және салауатты жұмыс жағдайымен қамтамасыз етеді, жұмыс жағдайларына тән қауіптердің себептерін шамасына қарай азайту жолымен, сонымен қатар технологиялық жабдықтың жұмыс істеу сенімділігін арттыру есебінен өндірісте қызметкерлердің жарақаттануы мен кәсіби ауруларын болдырмау үшін тиісті шаралар қолданады.

2015 жылы «KEGOC» АҚ-да жұмыспен қамту саласында кез келген қысым жасалған жағдай тіркелген жоқ.



Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қағидаттар

7-қағидат: Іскери орта сақтану қағидаттарына негізделген экологиялық мәселелерге деген көзқарасты қолдауы тиіс.

8-қағидат: Іскери орта қоршаған ортаға жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қолға алуы тиіс.

9-қағидат: Іскери орта экологиялық қауіпсіз технологияларды дамыту мен таратуға көмектесуі тиіс.

«KEGOC» АҚ экологиялық саясатының мақсаты қоршаған ортаға әсерді азайту, экологиялық қауіпсіздік деңгейін, Қазақстан ҰЭТ дамыту кезінде қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жауапкершілігін арттыру; Компания қызметінде табиғи және энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану және энергия үнемдеу болып табылады.

Сапа, экология, кәсіби қауіпсіздік және денсаулықты қорғаудың біріктірілген менеджмент жүйесі шеңберінде «KEGOC» АҚ-да экологиялық менеджмент жүйесі ендірілді.

«KEGOC» АҚ экологиялық саясаты үнемі жақсарып отыру мен ластануды болдырмау жөніндегі міндеттемені, сонымен қатар өз экологиялық аспектілері бөлігінде «KEGOC» АҚ қатысы бар қолданылатын заңнамалық және басқа да талаптарға сай болу міндеттемесін қамтиды. «KEGOC» АҚ өз қызметін жүзеге асырғанда атмосфералық ауаны, жерді, жер бетіндегі және үстіндегі суларды қорғау жөніндегі барлық іс-шараларды орындайды. Компания қызметінен болатын экологиялық әсерлерді азайту және барлық экологиялық көрсеткіштер бойынша жақсартуға қол жеткізу үшін «KEGOC» АҚ Ұлттық Электр Торабын дамыту кезінде озық экологиялық қауіпсіз технологияларды ендіреді, персоналдың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келуін болдырмауды және тәуекел жағдайларын азайтуды қамтамасыз ететін табиғатты қорғау іс-шараларын жүзеге асырады. Осылайша, «Ұлттық электр тораптарын жаңғырту, ІІ кезең» инвестициялық жобасы мен ағымдағы инвестициялық бағдарлама шеңберінде майлы ажыратқыштар элегаздық және вакуумдық ажыратқыштарға ауыстырылды. Бұл электр жабдығына құйылған трансформатор майын 1706 тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Электрмен жабдықтау тұрғысынан алғанда электр желілері бойынша жеткізуге жұмсалатын электр энергиясының технологиялық шығысын азайту іс-шаралары өте жақсы нәтиже береді. Электр желілеріндегі электр энергиясының ысыраптарын азайту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен ендірудің негізгі мақсаты электр энергиясының техникалық ысыраптарының нақты мәнін олардың оңтайлы деңгейіне дейін жеткізу болып табылады. 2015 жылы ысыраптарды азайту жөніндегі іс-шараларды орындау нәтижесінде электр энергиясы шығысын азайту 4,389 млн. кВтсағ. құрады.

Ұлттық Электр Торабын дамыту жобаларын жоспарлаған кезде техникалық тапсырмаларға экологиялық заңнаманы сақтау талаптары енгізіледі. Жаңа жобалардың қоршаған ортаға әсерін бағалау кезінде Компания мүдделі тараптардың пікірлерін есепке алады және қоғамдық тыңдаулар өткізеді.



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қағидаттар

10-қағидат: Іскери орта бопсалау мен парақорлықты қоса алғанда, жемқорлықтың барлық формаларына қарсы әрекет етуі тиіс.

«KEGOC» АҚ Компанияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің жемқорлық және заңға қайшы келетін әрекеттерін болдырмау үшін бар күшін салады.



2015 жылы бекітілген «KEGOC» АҚ жаңа корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Компанияның менеджменті мен қызметкерлері Компания құндылықтарына берілгендіктерін көрсете отырып, жемқорлық пен алаяқтық жағдайларына «ешбір төбеу» мәдениетін ілгерілетеді. «KEGOC» АҚ-да «қызу желі» құрылған. Оның арналары арқылы кез келген адам «KEGOC» АҚ лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері жасаған жемқорлық әрекеттер немесе жасауы мүмкін жемқорлық әрекеттер туралы ақпаратты хабарлай алады. Барлық жемқорлық және заңға қайшы әрекет фактілері бойынша «KEGOC» АҚ мұқият тексеру жүргізеді және тиісті шаралар қолданады. «KEGOC» АҚ-ға барлық жемқорлық және заңға қайшы әрекет фактілері бойынша өтініш білдірген кезде өтініш білдірген адамдардың құқықтары шектелмейді. «KEGOC» АҚ жемқорлықпен күрес кезінде хабардарлығын арттыру үшін мүдделі тараптармен сұхбатты дамыту шараларын қолданады.

2015 жылы Компанияда Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ.
Каталог: sites -> default -> files -> content-manager
content-manager -> «kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 10 қазандағы шешішімен бекітілді
content-manager -> МАҚҰлданды бекітілді «kegoc» АҚ Директорлар Басқармасының хаттамасы кеңесінің хаттамасы
content-manager -> «электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» (kazakhstan electricity grid operating company) «kegoc» акционерлік қОҒамы
content-manager -> «kegoc» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын 2017 жылғы 26 қазанда өткізу туралы хабарлама
content-manager -> Жүйелік қызмет көрсету
content-manager -> Жүйелік қызмет көрсету: Жүйелік қызмет көрсету
content-manager -> «kegok» АҚ-ның реттелетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметі туралы тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың алдындағы жыл сайынғы есебі
content-manager -> «kegoc» АҚ Павлодар қаласында қоғамдық тыңдаулар өткізді 2016 жылғы 8 шілдеде «kegoc» АҚ Павлодар қаласында «Павлодар энергия торабының Қазақстан бэж-мен байланысын күшейту»


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет