2009 жылғы тамыздағы Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі



Дата11.04.2018
өлшемі19.55 Kb.


2009 жылғы тамыздағы

Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылғы тамызда инфляция деңгейі 2008 жылдың желтоқсанына қарағанда 4,3%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,2%-ға (7,5%) төмен.

ТБИ (тұтыну бағалар индексі) құрылымында 2009 жылдың тамыз қорытындысы бойынша баға өсімінің көш басында 2008 жылғы желтоқсанына 6,2%-ға қымбаттаған азық-түлік емес тауарлары болды (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8%). Ақылы қызметтер 4,7%-ды құрады (7,5%). Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 2,7%-ды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 6,0%-ға төмен (8,7%).

2009 жылғы тамыздағы инфляция деңгейі

өткен жылдың желтоқсанына қарағанда және тұтыну бағалары индексін құрайтын бағаның өсуі пайызбен

Ағымдағы жылдың тамызында шілдеге қарағанда азық-түлік тауарларында күріш – 1,1%, күнбағыс майы – 0,6%, шұжық өнімдері – 0,5%, макарон өнімдері – 0,3% бағасында едәуір өсуі байқалды. Жемістер мен көкіністер – 5,0%, жұмыртқа – 0,8%, қой еті – 0,3% бағасында төмендеуі орын алды.

Азық-түлік емес тауарлары тобында едәуір деңгейде бензин – 5,8%-ға, дәрі-дәрмектер – 0,9%-ға, дизелдік отын – 0,7%-ға, киім және аяқ киім – 0,5%-ға қымбаттаған. Сұйытылған газ – 0,1%-ға, төмендеген.

Ақылы қызметтер құрамында электр энергиясы – 2,7%-ға, ыстық су – 1,1%-ға, теміржол көлік қызметі – 1,0%-ға, медициналық қызметтер – 0,9%-ға, білім беру – 0,7%-ға бағасы едәуір деңгейде өскен.

2009 жылғы тамызда тұтыну бағасының индексі өткен аймен салыстырғанда 100,2% құрады.


  • азық-түлік тауарларының бағасы 0,5%-ға төмендеді;

  • азық-түлік емес тауарлары 0,8%-ға қымбаттады;

  • ақылы қызметтердің бағалары мен тарифтерінің өсімі 0,6% құрады.

2007-2008 жылдардағы инфляция деңгейі өткен айға қарағанда, %

2009 жылғы қаңтар-тамызда инфляция деңгейінің орташажылдық көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2008 жылғы қаңтар-тамызда 8,0%-бен салыстырғанда 19,4%-ды құрады.



Тұтыну тауарлары мен қызметтерге баға өзгеруі,

өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен, өсуі



Өңірлік бөлігінде 2009 жылғы тамызда 2008 жылдың желтоқсанына қарағанда инфляцияның едәуір деңгейі көтерілген көрсеткіші Атырау (5,4%), Қостанай (5,3%), Ақмола және Батыс Қазақстан (әрбірі 4,8%), Шығыс Қазақстан (4,6%), Оңтүстік Қазақстан (4,5%), Жамбыл және Солтүстік Қазақстан (әрбірі 4,4%) облыстарында және Алматы (4,4%) қаласында қалыптасты.

2008 жылдың желтоқсанына қарағанда 2009 жылғы тамыздағы өңірлер бөлігінде инфляция деңгейі


------- – орташареспубликалық деңгей – 4,3%


Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет