2008 жылғы 1 қарашадағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ағымдағы жағдайы



Pdf көрінісі
Дата01.03.2019
өлшемі82.3 Kb.
#99663

2008 жылғы 1 қарашадағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ағымдағы жағдайы  

 

2008  жылғы 1 қарашада  республикада 14 жинақтаушы  зейнетақы  қоры  (бұдан 



əрі - қорлар)  жұмыс  істеді.  Заңды  тұлғаларға  зейнетақы  жарналарын  тарту  жəне 

зейнетақы  төлемдерін  жүзеге  асыру  бойынша  қызметке  лицензия 2008 жылғы  қазан 

айында берілген жоқ.   

Қорлардың  зейнетақы  активтерін  инвестициялық  басқаруға  лицензия 13 заңды 

тұлғада бар, оның ішінде 9 қорда зейнетақы активтерін дербес басқаруға лицензия бар.  

Есепті күнге 11 екінші деңгейдегі банк кастодиандық қызмет атқарды. Сонымен 

қатар, қорларға кастодиандық қызметті 7 екінші деңгейдегі банк көрсетті: «HSBC Банк 

Қазақстан»  АҚ  еншілес  банкі,  «Банк  ЦентрКредит»  АҚ, «Қазақстан  Халық  Жинақ 

Банкі»  АҚ, «ТұранƏлем  Банкі»  АҚ  еншілес  ұйымы - «Темірбанк»  АҚ, «Еуразиялық 

Банк» АҚ, «АТФ Банкі» АҚ, «Ситибанк Қазақстан» АҚ.  

 

Қорлардың салымшылары (алушылары)  

 

Қорлар  жинақтаушы  зейнетақы  жүйесіне  республиканың  экономикалық 



қамтылған  халқын  тартуды  жалғастыруда,  нəтижесінде  салымшылардың  жеке 

зейнетақы шоттарының (бұдан əрі – шот) саны  үнемі өсіп келеді. 

 2008 

жылғы 1 қарашадағы  жағдай  бойынша  салымшылардың  (алушылардың) 



міндетті  зейнетақы  жарналары  бойынша  жеке  зейнетақы  шоттарының  саны 1 338,8 

млрд.  теңге  жалпы  жинақталған  зейнетақы  қаражаттары  сомасымен  9 537 270  болды. 

Ағымдағы  жылдың  қаңтар – қазан  айларында  міндетті  зейнетақы  жарналарын 

аударатын  салымшылардың  шоттарының  саны 313 558 (3,40%)-ға  өсті,  оның  ішінде 

қазанда – 51 059 (0,54%).  

2008  жылғы 1 қарашада  міндетті  зейнетақы  жарналары  бойынша  салымшылардың 

(алушылардың)  шоттарының  ең  көп  саны 4 қорда  шоғырланды: «МЖЗҚ» - 25,29%, 

«Қазақстан  Халық  Банкі»  - 21,91%,«ҰларҮміт» – 14,59%  жəне  «БТА  Қазақстан» - 

10,18% немесе олардың үлесіне барлық қорлардың салымшыларының жалпы санының 

71,97%  келеді.  Ағымдағы  жылдың  қазан  айында 4 қор  бойынша  үлес  алдыңғы  есепті 

айлармен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмендеген. 

Ерікті  зейнетақы  жарналары  бойынша  салымшылардың  (алушылардың) 

шоттарының  саны  ағымдағы  жылдың  қазан  айында 48 (0,12%) өсіп, 2008 жылғы 1 

қарашадағы жағдай бойынша 932,8 млн. теңге жинақталған зейнетақы қаражаттарының 

жалпы  сомасымен 41 590 болды.  Ерікті  зейнетақы  жарналары  бойынша  салымшылар 

барлық қорда болды. 

Ерікті кəсіби зейнетақы жарналары бойынша салымшылар шоттарының саны ағымдағы 

жылдың қаңтар – қазан айларында 176 (4,57%) өсіп, 2008 жылдың 1 қарашадағы жағдай 

бойынша  жинақталған  зейнетақы  қаражаттарының  жалпы  сомасы 52,1 млн.  теңгемен 

4 024 болды. Ерікті кəсіби зейнетақы жарналары бойынша салымшылар екі қорда ғана 

болды: «ҰларҮміт» жəне «Қазақстан Халық Банкі».  

  

 



 

Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаттары 

2008  жылғы 1 қарашада  салымшылардың  (алушылардың)  жинақталған  зейнетақы 

қаражаты 1 343,7 млрд. теңгені құрады немесе 2007 жылғы 1 қарашамен салыстырғанда 

212,6  млрд.  теңгеге (18,80%)-ға  ұлғайған.  Ағымдағы  жылдың  қазан  айында 

жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 38,3 млрд. теңгеге (2,77%) азайды.  

Зейнетақы  жарналарының  жалпы  келіп  түсуі  қазан  айында 25 млрд.  теңгеге  

(2,26%)  ұлғайып, 2008 жылғы 1 қарашада 1 133,6 млрд.  теңге  болды. 2007 жылғы 

қаңтар - қазан  айларында    зейнетақы  жарналарының  орташа  айлық  түсімдері 18,4 

млрд.теңге  болғанда,  ағымдағы  жылғы  қаңтар – қазан  айларында  олар  тиісінше 22,2 

млрд. теңге болды немесе 20,51%-ға өсті.  

 

1


Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен, салымшылар мен алушылардың 

шоттарына  есепке  алынған  «таза»  инвестициялық  кірістің  сомасы  (комиссиялық 

сыйақыларды қоспағанда) ағымдағы жылдың қазан айында 61,2 млрд. теңгеге (18,11%) 

кеміп, 2008 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 276,8 млрд. теңгені құрады.  

Салымшылардың  (алушылардың)  жинақталған  зейнетақы  қаражаты 2008 жылғы 

қаңтар–қазан айларында мынадай көрсеткіштермен сипатталды: 

 

                                                                                                                           (млрд. теңге) 



Күні 01.01.2008ж. 1.11.2008ж. 

Өсім 


сомасы 

Өсудің қарқыны,  

(%-бен) 

Жинақталған 

зейнетақы 

қаражатының сомасы 

          1 208,1 

1 343,7 


135,6 

11,22 


Зейнетақы жарналар 912,1 

133,6 



221,5 

24,28 


«Таза» инвестициялық кіріс 

339,3 


276,8 

-62,5 


       - 18,42 

Жинақталған зейнетақы 

қаражатының жалпы сомасындағы 

«таза» инвестициялық кірістің 

үлесі 

  28,09% 



   20,60% 

      - 


       7,49  

пайыздық  тармақ 

(төмендету) 

 

Келтірілген  кестеден  көріп  отырғандай,  жинақталған  зейнетақы  қаражаты 



өсімінің сомасы ағымдағы жылдың қаңтар - қазан айларында 135,6 млрд.теңгені құрады 

немесе  жинақталған  зейнетақы  қаражатының  орташа  айлық  өсімі 13,56 млрд.  теңге 

болды, ал өткен жылдың тиісті кезеңінде 22,14 млрд. теңгені құраған немесе төмендеуі 

38,75% болған. 

 2008 

жылғы 1 қарашада жинақталған зейнетақы қаражатының ең көп сомасы 



4  қорда:  барлық  қорлардың  жинақталған  зейнетақы  қаражатының  жалпы  көлемінен 

«Қазақстан  Халық  Банкі» - 387,1 млрд.  теңге (28,81%), «МЖЗҚ» – 232,3 млрд.  теңге 

(17,29%), «ҰларҮміт» - 188,7 млрд.теңге (14,05%) жəне    «БТА  Қазақстан» - 166,6 

млрд.теңге (12,40%) құрады  немесе  жиынтығында  осы 4 қорға  барлық  жинақталған 

зейнетақы  қаражатының 72,55% келеді.  Ағымдағы  жылдың  қазан  айында  үлес 0,76 

пайыздық тармаққа кеміді.  



 

Зейнетақы жарналарының, «таза» инвестициялық кірістің жəне жинақталған 

зейнетақы қаражатының өзгеру динамикасы (млрд. теңгемен) 

912


930

951


971

995


1016

1039


1064

1085


1 109

1134


338

277

1208


1221

1250


1300

1347


1366

1374


1383

1382


1344

361

372

386

387

360

350

349

337

339

1269


0

200


400

600


800

1000


1200

1400


1600

1.01.08 1.02.08 1.03.08 1.04.08 1.05.08 1.06.08 1.07.08 1.08.08 1.09.08 1.10.08 1.11.08

зейнетаќы жарналары

инвесткіріс 

жинаќталєан зейнетаќы ќаражаты

          Міндетті  зейнетақы  жарналарын  уақтылы  ұстамағаны  мен  аудармағаны      жəне 

жинақталған  зейнетақы  қаражатын  бір  қордан  екінші  қорға  аударуды  жүзеге 

асырмағаны үшін өсімпұл сомасы өсуде, ол 2008 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 

9,1 млрд. теңге болды немесе алдыңғы есептік аймен салыстырғанда 2,25%-ға өскен.  

Зейнетақы  төлемдері  мен  қорлардан  сақтандыру  ұйымдарына  аударымдар 2008 

 

2


жылғы 1 қарашадағы  жағдай  бойынша 87,4 млрд.  теңге  болды  немесе  ағымдағы 

жылдың 1 қазанымен  салыстырғанда 2,2 млрд.  теңгеге (2,58%) өскен. 2007 жылдың 

тиісті  кезеңінде  зейнетақы  төлемдері 12,7 млрд.  теңгеге  немесе 2 есе  көп  жүзеге 

асырылған кезде 2008 жылғы қаңтар – қазанда қорлар алушыларға жалпы сомасы 24,3 

млрд. теңге болатын зейнетақы төлемдерін жүзеге асырды. 

2008  жылғы  қаңтар – қазанда  зейнетақы  аннуитет  шартына  сəйкес  сақтандыру 

ұйымдарына  алушылардың  жинақталған  зейнетақы  қаражатын  аудару 239 алушыға 

жалпы  сомасы 228,0 млн.  теңгеге  жүзеге  асырылды.  Алушылардың  жинақталған 

зейнетақы  қаражаты  аудармасының  жалпы  сомасы  сақтандыру  ұйымының    зейнетақы 

аннуитетінің шартына сəйкес 2008 жылғы 1 қарашада 372,7 млн. теңгені құрады.  

Жинақтаушы  зейнетақы  жүйесі  бойынша  ақпаратты  Агенттік  сайтында  орналастыру, 

сондай-ақ,  қорлармен  ақпаратты  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жариялау 

салымшыларға (алушыларға) қорды өз бетімен таңдауға жəне зейнетақы заңнамасымен 

берілген  жинақталған  зейнетақы  қаражатын  бір  қордан  екіншісіне  аудару  құқығын 

пайдалануға мүмкіндік береді. 

2008  жылғы 1 қарашадағы  жағдай  бойынша  жинақталған  зейнетақы  қаражатын  бір 

қордан екіншісіне аудару қазан айында 9,8 млрд. теңгеге (3,39%) өсіп, 299,2 млрд. теңге 

болды. 2008 жылғы 1 қаңтармен  салыстырғанда  жинақталған  зейнетақы  қаражат 

аударымдары 89,4 млрд.теңгеге немесе 42,61%-ға өскен. 

 

 



Қорлардың зейнетақы активтерінің құрылымы 

 

2008  жылғы 1 қарашадағы  жағдай  бойынша  ЗАИБЖАҰ-ның  инвестициялық 



басқаруындағы  зейнетақы  активтерінің  жиынтық  көлемі  ағымдағы  жылдың  қазан 

айында 46,6 млрд. теңгеге  немесе 3,4%-ға азайып, 1 331,2 млрд. теңге болды.  

2007  жылғы 1 қарашадан  бастап 2008 жылғы 1 қарашаға  дейінгі  кезеңде 

зейнетақы активтерінің орташа айлық өсуі 16,6 млрд. теңге болды. 



 

Зейнетақы активтерінің жиынтық көлемінің өзгеру динамикасы 

1 331

1 087 1 108

1 132 1 168

1 212 1 222

1 252 1 270

1 303

1 352 1 368

1 373 1 381

1 378

0

200



400

600


800

1 000


1 200

1 400


1.09.07

1.11.07


1.01.08

1.03.08


1.05.08

1.07.08


1.09.08

1.11.08


мл

рд

.те

нг

е

 

Зейнетақы активтерінің жиынтық көлемінің бөлінуі 

Распределение совокупного объема пенсионных активов 

 

ЗАИБЖАҰ/ 

зейнетақы активтері 

ЖЗҚ 

млн. теңге %-бен 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстан Халық 

Банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ  

387 359 

29,10 

 

3



«МЖЗҚ» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ  

231 918 

17,42 

«Жетісу» ЗАИБЖАҰ» АҚ   

200 485 

15,06 

«ҰларҮміт» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 178 

651 

13,42 


«Қорғау» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 21 

834 


1,64 

«БТА Қазақстан» Жинақтаушы зейнетақы қоры «ТұранƏлем Банкі» 

АҚ еншілес ұйымы» АҚ 

165 953 

12,47 

«GRANTUM Asset Management ЗАИБЖАҰ» АҚ 

 («Казкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы)» АҚ 

75 896 

5,70 

«ГРАНТУМ» Жинақтаушы зейнетақы қоры («Қазкоммерцбанк» АҚ 

еншілес ұйымы)» АҚ 

75 896 


5,70 

«Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы» - «Капитал» ЖЗҚ» АҚ 49 

249  3,70 

«Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры» («Еуразиялық банк» 

АҚ ЕҰ) АҚ 

45 119 

3,39 

«Отан» Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры» («АТФ Банк» АҚ ЕҰ) 

АҚ 

39 094 

2,94 

«Нефтегаз – ДЕМ» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 37 

026 

2,78 

«Нұр-Траст» ЗАИБЖАҰ» АҚ, «Нұрбанк» АҚ еншілес ұйымы  

34 363 

2,58 

«Атамекен» Жинақтаушы зейнетақы қоры» «Нұрбанк» АҚ еншілес 

ұйымы» АҚ 

34 363 


2,58 

«АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН Жинақтаушы Зейнетақы Қоры» АҚ 29 

903 

2,25 

«Қазақмыс Жинақтаушы зейнетақы Қоры» АҚ 27 

379 

2,06 

«RESMI Asset Management» ЗАИБЖАҰ» АҚ 7 

459 

0,56 

«РЕСПУБЛИКА» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 7 

459 

0,56 


Барлық ЖЗҚ бойынша барлығы 

1 331 203 

100,0 

 

2008  жылғы 1 қарашада  инвестицияланған  зейнетақы  активтерінің  көлемі 



ағымдағы  жылдың  қыркүйек  айында 43,5 млрд.  теңгеге  немесе 3,22%-ға  ұлғайып, 

1 306,9 млрд. теңге болды. 



ЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелі 

1.11.2008ж. 

Қаржы құралдары 

млн. теңге % 

ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары, оның ішінде  

370 118 

28,32 

ҚР еурооблигациялары 0 

Қаржы министрлігінің бағалы қағаздары 326 



096 

24,95 


Ұлттық Банктің ноттары 44 

026 


3,37 

Шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары 142 

774 

10,92 

акциялар 34 

703 

2,66 


облигациялар 108 

071 


8,27 

Шетел инвестициялық қорларының пайлары 0 



Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары 0 



Шетел эмитенттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары  

20 897 

1,60 

Тазартылған алтын 29 

376 

2,25 

ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары, оның ішінде 581 

864  44,52 

акциялар 115 

437 

8,83 


облигациялар, оның ішінде: 466 

427 


35,69 

шетел валютасына номинирленген 20 

466 

1,57 


теңгеге номинирленген 445 

961 


34,12 

Екінші деңгейдегі банктердегі салымдар 154 

441 

11,82 

Туынды бағалы қағаздар 7 

434 

0,57 

Жиынтығы 

1 306 904 

100 

 

Келтірілген  деректерден  көріп  отырғанымыздай,  инвестициялық  портфельде  ең 



көп үлесті Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары 

мен мемлекеттік бағалы қағаздар алады, олардың жалпы үлесі 72,84% құрайды. 

 

4


 

Қорлардың номиналды кіріс коэффициенті туралы мəліметтер 

 

2008 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының 

зейнетақы активтерінің орташа алынған номиналды кіріс коэффициенттері мыналарды 

құрады: 


- 2003 жылғы  қазан - 2008 жылғы  қазан  кезеңіне - 37,60%. Түзетілген  орташа 

алынған  номиналды  кіріс  коэффициенті - 32,23%  (осыған  ұқсас  кезеңге  жинақталған 

инфляция деңгейі – 64,82%); 

- 2005 жылғы қазан – 2008 жылғы қазан кезеңіне - 24,49% (осыған ұқсас кезеңге 

жинақталған инфляция деңгейі –  42,10%); 

- 2007 жылғы қазан – 2008 жылғы қазан кезеңіне - 1,01% (осыған ұқсас кезеңге 

жинақталған инфляция деңгейі   – 13,90%). 

Ағымдағы  жылдың 1 қараша  айында  жинақтаушы  зейнетақы  қорларының 

номиналды кіріс коэффициентінің өзгеруі мынадай тəсілмен сипатталды: 

- номиналды кіріс коэффициенті 60 айда 4,59 пайыздық тармаққа төмендеді; 

- номиналды кіріс коэффициенті 36 айда 3,92 пайыздық тармаққа төмендеді; 

- номиналды кіріс коэффициенті 12 айда 4,0 пайыздық тармаққа төмендеді; 



?орларды? зейнета?ы активтері мен номиналды кіріс коэффициентіні? 

ара?атынасы

0

300



600

900


1200

1.1.07


1.2.07

1.3.07


1.4.07

1.5.07


1.6.07

1.7.07


1.8.07

1.9.07


1.10.07

1.11.07


1.12.07

1.1.08


1.2.08

1.3.08


1.4.08

1.5.08


1.6.08

1.7.08


1.8.08

1.9.08


1.10.08

1.11.08


мл

р

д

.те

?

ге

0

10



20

30

40



50

Зейнета?ы активтері

Номиналды кіріс коэффициенті (12 ай)

Номиналды кіріс коэффициенті (36 ай)

Номиналды кіріс коэффициенті (60 ай)

 

Қорлардың қаржылық жағдайы 

 

2008 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қорлардың жиынтық капиталы 20,9 



млрд.  теңгені  құрады,  оның  ішінде  жарғылық  капитал -  12,5 млрд.  теңге  немесе 

жиынтық капиталдың көлемінен - 59,81%. 2008 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 

қорлар бойынша активтердің жалпы сомасы 42,6 млрд. теңге немесе ағымдағы жылдың 

1 қыркүйегімен салыстырғанда активтер сомасы 1,3 млрд. теңгеге (3,15%) ұлғайған. 

2008 жылғы қаңтар – қазанда 14 қордың ішінде 6 қор жалпы сомасы 2,29 млрд. 

теңге  пайда  тапты  (табыс  салығын  төлегеннен  кейін)  жəне 8 қор («ҰларҮміт», 

«АМАНАТ  ҚАЗАҚСТАН», «Қазақстан  Халық  Банкі», «Қазахмыс», «Қорғау», 

«ГРАНТУМ», «Отан» жəне «Республика») жалпы сомасы 12,84 млрд. теңге зиян шекті. 

Ағымдағы  жылғы  қаңтар -  қыркүйекте  жалпы  қорлар  бойынша  жалпы  сомасы 10,55 

млрд. теңге шығын жіберілген.  

2008  жылғы 1 қарашадағы  жағдай  бойынша  қорлардың  меншікті  активтерінің 

есебінен қаржы инвестициялары 32,0 млрд. теңгені құрады немесе қорлардың жиынтық 

активтерінің 75,12% болды.  

Қорлар  меншікті  активтерін  инвестициялардың  жалпы  көлемінен  мемлекеттік 

бағалы қағаздарға - 45,92%, Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес 

бағалы  қағаздарын 35,15%, халықаралық  қаржы  ұйымдарын  бағалы  қағаздарына – 

 

5


0,29%, «Кері РЕПО» операцияларына - 8,13% инвестициялады, екінші деңгейдегі банк 

салымдарына  - 9,17%, шетел  эмитенттерінің  мемлекеттік  емес  бағалы  қағаздарын – 

1,26%, сондай-ақ, инвестициялық қорлардың пайларына  - 0,08% орналастырды.  

 

Республика экономикасындағы зейнетақы секторының рөлі 

 

Экономикадағы 



зейнетақы 

секторының  рөлін  сипаттайтын 

салыстырмалы 

көрсеткіштерінің динамикасы  

1.01.04 1.01.05 1.01.06 1.01.07 1.01.08 1.11.08 

ЖІӨ млрд. теңгемен (Экономика 

жəне бюджеттік жоспарлау 

министрлігінің деректері 

бойынша)

 

4 612,0 



5870,1 

7 453,0 


10 139,5 

12 725,98 

15 046,7 

Жинақталған зейнетақы 

қаражаттарының ЖІӨ-ге 

қатынасы, %- бен 

7,99 8,24 8,70 8,97 9,49 8,93 

Зейнетақы жарналарының ЖІӨ 

қатынасы, %- бен 

5,99 6,48 6,88 6,74 7,17 7,53 

«Таза» инвестициялық кірістің 

ЖІӨ-ге қатынасы, %- бен 

2,15 1,95 2,08 2,52 2,67 1,84 

Қорлардың жиынтық 

капиталының ЖІӨ-ге қатынасы, 

%- бен  


0,14 0,14 0,16 0,20 0,23 0,14 

 

 



6

Document Outline

  •  
  • 2008 жылғы 1 қарашада инвестицияланған зейнетақы активтерінің көлемі ағымдағы жылдың қыркүйек айында 43,5 млрд. теңгеге немесе 3,22%-ға ұлғайып, 1 306,9 млрд. теңге болды. 
  • ЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелі
  • Қаржы құралдары

Каталог: cont -> kfn -> cont
cont -> Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру туралы
cont -> Міндетті сақтандыру шартын жасау кезінде
cont -> Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру
cont -> Сақтандыру ұйымдары мен ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің ынтымақтастығы туралы «Қазақстанның аргументтер және фактілер»
cont -> Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 2008 жылғы 1 мамырдағы ағымдағы жағдайы
cont -> 2008 жылғы 1 қазандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ағымдағы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет