2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері



Дата11.07.2017
өлшемі187.33 Kb.
#31485

«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандарты


   1. Жалпы ережелер

      1. «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).


      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал): www.e.gov.kz арқылы көрсетеді.

   2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
      неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірушілердің көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін жүргізіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
      некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлесе берген өтініші бойынша тиісті құжаттармен (дәрігерлік-біліктілік комиссияның жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталатын дәлелді себептердің болуы кезінде (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір ай өткенге дейін неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) рұқсат береді не мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың не олардың бірінің берген жазбаша өтініші негізінде оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады;
      ерекше мән-жайлар (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың ниеті бойынша, себебі мен растайтын құжаттарды міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі;
      неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) салтанатты тіркеу рәсімінің ұзақтығы 20 (жиырма) минуттан аспауы тиіс;
      Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде Қазақстан Республикасы бойынша акт жазбаларының электрондық нұсқасы болған кезде неке қию туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады, қосымша зерделеуді немесе тексеруді жүргізу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 2 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
      2) порталда – өтінішті алғанын растау және тегін, атын және әкесінің атын өзгертуді тіркеу күнін және уақытын белгілеу бөлігінде ақпаратты бір жұмыс күні ішінде алу.
      3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде:
      неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру не қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту;
      жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде өзгерістер, толықтырулар енгізілген және түзетілген құжатты қағаз жеткізгіште берген уәкілетті адамның қолы қойылған жаңа куәлік беру не қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту;
      2) порталда:
      көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтінішті және неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу күнін белгілеуді қабылдау туралы хабарлама не электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жазбаша түрде не «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде алады.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
      Неке қиюды мемлекеттік тіркеу үшін 100 пайыз мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
      Неке туралы акт жазбасын өзгеруге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 50 пайыз мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
      Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан РеспубликасыныңКодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.
      Мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
      3) бұрынғы некелері (ерлі-зайыптылықтары) болған жағдайда, ол туралы мәлімет;
      4) балалары болған жағдайда, олар туралы мәлімет;
      5) бір-бірінің денсаулық жағдайы және материалдық жағдайы туралы, сондай-ақ неке отыруға (ерлі-зайыпты болуға) кедергінің жоқтығы туралы хабардар екендігі туралы қолхат;
      6) заңмен белгіленген неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде қосымша мерзімді ұзартудың немесе қысқартудың негізін растайтын құжаттар ұсынылады;
      7) егер неке жасына толмаған адамдар некеге отырса (ерлі-зайыпты болса), қосымша некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі ұсынылады;
      шетелдіктер қосымша мыналарды:
      8) некеге құқық қабілеттігі туралы анықтаманы;
      9) тұруға арналған ықтиярхатты, Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік Қазақстан Республикасының iшкiiстер органы берген Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат ететін құжатын ұсынады; Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жерi бойынша тiркелгендiгiтуралы Қазақстан Республикасы iшкiiстер органдарының белгiсi бар азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша болатын азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, өзі тұратын елдiң құзыреттi органдары берген және Қазақстан Республикасының iшкiiстер органдарында белгiленген тәртiппен тiркелген құжатын көрсетеді;
      10) қажет болған жағдайда – өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) рұқсатты;
      11) жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетумен қатар олардың мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған қазақ тiлiндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын ұсынады.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктердің мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түпнұсқаларының түпнұсқалығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) неке қиюды (ерлі-зайыптылық болуды) тіркеу туралы куәлік, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – неке қиюды (ерлі-зайыптылық болуды) тіркеу туралы анықтама;
      3) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар;
      4) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
      5) өкілдің өкілеттіктерін растайтын құжат.
      Өз құзіреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен кейін қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).
      Мемлекеттік қызмет көрсмету үшін қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар:
      1) өтініштің қабылданған күні;
      2) қоса берілген құжаттардың саны;
      3) құжаттарды беру уақыты, күні;
      4) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған маманның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
      1) бір жынысты адамдар арасында неке қию (ерлі-зайыпты болу);
      2) олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұратын (ерлі-зайыптылықта болатын) адамдардың арасында некеге қию;
      3) жақын туыстардың арасында неке қию;
      4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың арасында неке қию;
      5) соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында неке қию;
      6) неке қиюды тіркеуге өтініш өкіл арқылы берілген жағдайда;
      7) көрінеу жалған мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған жағдайда.

   3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық


мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану.


      Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13-кіреберіс мекенжайы бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 74-07-37, 74-07-68.
      Шағымдар почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

   4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда


көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де
талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті алушының – www.alilet.gov.kzинтернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.


      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефоны: 8 (7172) 58 00 58. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты)    


тіркеу, оның ішінде азаматтық хал    
актілері жазбаларына өзгерістер,    
толықтырулар мен түзетулер енгізу»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                 

Өтініш 20__ ж. «___» ____________ қабылданды және журналда


№ ___________________________________________________ болып тіркелді.
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу
20__ жылғы «___» ______________ тағайындалды.

Қолы _________________



   НЕКЕГЕ ОТЫРУ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ БОЛУ) ТУРАЛЫ
ӨТІНІШ



Қажетті мәліметтер

ЕР

ӘЙЕЛ

1.

Тегі

 

 

2.

Аты

 

 

3.

Әкесінің аты

 

 

4.

Туған жылы, күні, айы, жасы

_____ ж. «___» _________
____________ жасқа толды

_____ ж. «___» _______
__________ жасқа толды

5.

Азаматтығы

 

 

6.

Туған жері (қала, ауыл, аудан, облыс, өңір, республика)

 

 

7.

Ұлты

 

 

8.

Білімі

 

 

9.

Кім болып және қайда жұмыс істейді

 

 

10.

Отбасылық жағдайы:
некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайды, әйелі қайтыс болған ер адам (жесір), ажырасқан

 

 

11.

Болашақ жұбайының-зайыбының денсаулық жағдайы туралы хабардар/хабарсыз (иә/жоқ)

 

 

12.

Ортақ балалары туралы мәліметтер

 

 

13.

Тұрғылықты тұратын жері

 

 

14.

Қай жылдан

 

 

15.

Нешінші рет некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырады

 

 

16

Жеке басын куәландыратын құжаттар (нөмірі, қашан және кім берді)

 

 

Неке қиюға (ерлі-зайыптылыққа) кедергілер жоқ.
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркегеннен кейін мына текті алғымыз
келеді
күйеуі ______________________________________________________________
жұбайы ______________________________________________________________

      Неке қию (ерлі-зайыпты болу) шарттары мен тәртібі таныстырылды.


Болашақ ерлі-зайыптылар мен ата-аналар ретінде құқықтар мен міндеттер
түсіндірілді.
      Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін
мән-жайларды жасырған үшін жауапкершілік туралы бізге ескертілді
(ӘҚтК-нің 376-бабы).
      Неке қиюды тіркеуді салтанатты/салтанатты емес жағдайда
жүргізуді сұраймыз. (керек емесін сызып тастау)

Некеге отырушылардың қолы: ЕР _______________________________________


                                       (некеге дейінгі тегі)
                           ӘЙЕЛ _____________________________________
                                       (некеге дейінгі тегі)
                           ______ ж. «___» __________________________

---------------------------------------------------------------------


                            (қиып алу сызығы)

20__ ж. «___» _____________ _________ құжат қарауға қабылданды.


Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. _______________________________
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы куәлікті алу үшін
20__ ж «___» __________ келу керек.

Құжаттарды қабылдаған маманның Т.А.Ә. _______________________________

«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты)     
тіркеу, оның ішінде азаматтық хал     
актілері жазбаларына өзгерістер,     
толықтырулар мен түзетулер енгізу»    
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                 

______________________________________


______________________________________
(тіркеуші органның атауы)      
______________________________________
мекенжайы бойынша тұратын      
______________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі)     
жеке куәлік № ________________________
(нөмірі, кім және қашан 
берген)       

   ӨТІНІШ

Некеге тұрудың (ерлі-зайыпты болудың) белгіленген жасын төмендету
қажеттігін туындатқан ___________________________ себебіне байланысты
қызым/ұлым __________________________________________________________
                           (аты, әкесінің аты, тегі)
_____________________________________________________________________
                            (туған күні)
азамат (азаматша) ___________________________________________________
                                (аты, әкесінің аты, тегі)
_____________________________________________________________________
                            (туған күні)

некеге тұру үшін неке (ерлі-зайыпты болу) жасын төмендетуіңізді


сұраймыз.
Мынадай құжаттарды қоса береміз: ____________________________________
Некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырушылардың келісімі:
Ата-ананың (қамқоршылардың) қолы:
_______________________                         _____________________

«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты)     


тіркеу, оның ішінде азаматтық хал     
актілері жазбаларына өзгерістер,     
толықтырулар мен түзетулер енгізу»    
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша                 

___________________________________


___________________________________
(тіркеуші органның атауы)     
___________________________________
мекенжайы бойынша тұратын     
___________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)     
жеке куәлік № _____________________
(нөмірі, кім және  
қашан берген)  

   Акт жазбасына өзгерістер,


толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы
(қажеттісінің асты сызылсын) ӨТІНІШ

______ ж. «___» ______________ № акт жазбасына


мынадай өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер ______________________
__________________________________________________ енгізуді сұраймын.

Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:


1. Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________________________
2. Туған күні _______________________________________________________
3. Туған жері _______________________________________________________
4. Ұлты _____________________________________________________________
5. Азаматтығы _______________________________________________________
6. Отбасылық жағдайы
7. Кәмелетке толмаған балалардың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,
туған күні және жері ________________________________________________
8. Жеке басты куәландыратын құжат ___________________________________
9. Қайда және кім болып жұмыс істейді _______________________________
10. Әскери қызметке қатыстылығы:
а) қайда есепте тұр _________________________________________________
б) қызмет ететін әскери бөлімнің атауы ______________________________
_____________________________________________________________________
11.Тұрған уақытын көрсете отырып тұрған жерлерінің толық тізбесі ____
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
12. Тергеуде, сотта тұрған не өтелмеген соттылығы немесе заңда
белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы болған жағдайда, ол туралы
атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініштің қабылданғаны
туралы мемлекеттік органдарға тиісті хабарлама жіберу үшін көрсету
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
13. Бұрын аты, әкесінің аты, тегі ауыстырылды ма ____________________
14. Өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу енгізу себебі ____
Өтінішке өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу қажеттігін
растайтын мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ______________________________ 3) ________________________________
2) ______________________________ 4) ________________________________
Жалған мәліметтер хабарлағаным үшін жауапкершілік туралы маған
ескертілді.
20__ ж. «___» _____________
_____________________________________________________________________
   (өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты, тегі)

журнал бойынша № ____

---------------------------------------------------------------------
                            (қиып алу сызығы)
20__ ж. «___» __________ азамат(ша) _________________________________
_____________________________________________________________________
азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен
түзетулер енгізу туралы өтініш пен оған қоса берілген ____ құжаттар
қарауға қабылданды.
Қарау нәтижелері 20__ ж. «___» _________________ хабарланатын болады.

Маман _______________________________________________________________


                        (тегі, аты және әкесінің аты)


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет