1.Қай бұлшықет байламы шынтақ өсіндісіне бекиді



бет1/3
Дата26.01.2017
өлшемі0.88 Mb.
  1   2   3

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

logo_fin

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ТРАВМАТОЛОГИЯ. ОРТОПЕДИЯ ЖӘНЕ ӘДХ КАФЕДРАСЫ


Тестер травматология , ортопедия 4курс ОМ

1.Қай бұлшықет байламы шынтақ өсіндісіне бекиді?

а. бицепс

б. трицепс

в. білек пронаторы

г. жалпы бүккіш саусақ бұлшықеті

д. шынтақ бүккіш бұлшықеті

2.Кәрі жілік нервінің зақымдануы кезінде қай бұлшықет қызметінің бұзылуы байқалады?

а. білек пронаторы

б. саусақтарды бүгетін терең бұлшықеттер

в.саусақтарды бүгетін беткей бұлшықеттер

г. қол басын кәрі жілікке қарай жазатын бұлшықет

д.қол басы теноры

3. Қандай жарақаттарда кәрі жілік мойнының резекциясы мүмкін?

а. Монтеджи сынығы

б. басының ығысуымен жүретін кәрі жілік мойнының сынығы

в. ығысусыз жүретін кәрі жілік сүйек мойнының шеттік сынығы

г. кәрі жілік басының бөлшектенген сынығы

д. кәрі жілік басының оқшауланған шығуы

4.40 жасар ер адам кәрі жілік басының резекциясы операциясын өткерді.Операциядан кейін білезікті бүгіп, білезіктің I саусағын алып кете алмайды.Қандай диагноз болуы мүмкін?

а. кәрі жілік нервінің травматикалық зақымдануы

б. орталық нервтың травматикалық зақымдануы

в. кәрі жілік нервінің операция кезінде жарақаты

г. орталық нервтың операция ішілік жарақаты

д.шынтақ нервінің операция ішілік зақымдануы

5.Әкесі баласының жоғары көтерген қолынан құлап қалмаудан ұстап қалғаннан кейін, 4 жасар бала оң қолын көтере алмайды, қолы дене тұсында салбырап тұрып қалады. Қандай диагноз жиі болуы мүмкін?

а. иықтың шығуы

б. шынтақ буының капсула –байламдық аппаратының тартылуы

в. жауырынның үстіңгі және астыңғы сүйек бұлшықетінің тартылуы

г. кәрі жілік басының пронациялық шығуы

д. бұғана шығуы

6. Буын ішілік тоқпан жілік сынуына жатады:

а. үлкен бұдырмақ сынығы

б. хирургиялық мойын сынығы

в. кіші бұдырмақ сынығы

г. бұдырмақтан кейінгі сынық

д. анатомиялық мойын сынығы

7. Тоқпан жіліктің төменгі 3\1 сынғанда остеосинтез неден басталады

а. Тоқпан жілік артериясын жекелеп алудан

б. шынтақ нервін жекелеп алудан

в. ортаңғы нервті жекелеп алудан

г. кәрі жілік нервін жекелеп алудан

д. сынық бөлшектерін жекелеп алудан

8. Тоқпан жілікті қаңқалық тарту немен жүргізіледі?

а. Титов доғасы

б. Кузмин шинасы

в. Кожукеев шинасы

г.ЦИТО алып кету шинасы

д.Каплан шинасы

9. Тоқпан жіліктің травматикалық шығуын түзегеннен кейін иммобилизация уақыты:

а. 3 тәулік

б. 7 тәулік

в. 10 тәулік

г. 14 тәулік

д. 21 тәулік

10. Тоқпан жіліктің травматикалық шығуынан кейінгі ойналмалы шығудың пайда болуына әкелетін ең мүмкін болатын себебі

а. шығуды наркоз жағдайында салу

б. Куленкамф бойынша салу

в. Тоқпан жілікті жарақаттан кейін 4 тәулік бойына иммобилизациялау

г. Тоқпан жілікті жарақаттан кейін 3 тәулік бойына иммобилизациялау

д. шығуды салғаннан кейін иммобилизацияның болмауы

11. Тоқпан жіліктің шығуы ескірген болып саналады,егер науқас дәрігерге трмвмадан соң қанша уақытта көрінсе?

а. 3күн

б. 7күн


в. 10күн

г. 14күн


д. 21күн

12.40жастағы ер адам қабылдау бөліміне травма алған күні ауру сезіміне, сол жақ иық буынының қимылының бұзылуына шағымданады. Анамнезінде құқық қорғау органдары қызметкерлері жұмыс барысында оған миллициялық қайырып ұстау әдісін қолданған. Жалпы қарап тексергенде: Жауырынның акоомиальді өсіндісінің ерекшеленуі және өсіндіасты жұмсақ тіндердің батып түруы, пассивті қимылда буынның серіппе тәрізді кері ығысуы. Қандай диагноз нақты болып келеді?

а. Тоқпан жіліктің басының сынуы

б. Тоқпан жіліктің хирургиялық мойынының сынуы

в. Тоқпан жіліктің үлкен төмпешігінің сынуы

г. алдыңғы тоқпан жіліктің шығуы

д.артқы тоқпан жіліктің шығуы

13. Тоқпан жіліктің проксимальді бөлігінің жиі кездесетін сынығы

а. басы

б.үлкен бұдырмағы



в.кіші бұдырмағы

г.хирургиялык мойыны

д.анатомиялық мойыны

14. Тоқпан жіліктің хирургиялық мойынының аддукциялық сынығы мына жағдайда кездеседі

а. Қолды алдыға алып келгенде

б. Қолды артқа апарғанда

в.бейтараптықта

г. Қолды бүккенде

д. Қолды жазғанда

15.Тоқпан жілік мета-эпифизі дистальді бөлігінің қандай сынығы буынішік сыныққа жатады?

а.айдаршықүсті бүгілу сынығы

б.айдаршықүсті жазу сынығы

в.айдаршықаралық сынығы

г.ішкі айдаршықүсті сынығы

д.сыртқы айдаршықүсті сынығы

16. Тоқпан жіліктің проксимальді бөлігінің буын ішілік сынығы?

а.басы

б.үлкен төмпешік



в.кіші төмпешік

г.хирургиялық мойын

д.айдаршық аралық

17. Тоқпан жілік хирургиялық мойнының абдукциялық сынығы мына жағдайда байқалады:

а.Қолды алып келу

б. Қолды әкету

в. бейтараптық

г. Қолды бүгу

д. Қолды жазу

18 Тоқпан жілігінің төмпешік аралық өзекшеде қандай анатомиялық қалыптасу орналасады:

а.кәрі жілік нерві

б.бицепстің қысқа басының сіңірі в.Қантамырлар

г. бицепстің ұзын басының сіңірі

д. Тоқпан жілік - тұмсық тәрізді өсінді бұлшық етінің сіңірі

19. Оң жақ шынтақ сүйегіне құлағаннан 30мин өткен соң,қабылдау бөліміне 42жасар әйел адам түсті.Шынтақ буынында ауырсыну сезіміне және шынтақ буынын қозғалысқа келтіргенде оның күшейгеніне шағымданады.Қарап тексергенде:буынның жұмсақ тінінің ісінгені, буынның рентгенограммасында Гюнтер үшбұрышының зақымданғанын, тоқпан жілік айдаршықтарының Т-тәрізді сынығын анықтаймыз. Қандай емдеу такикасы тиімдірек? а.жабық қол репозициясы б.қаңқа тарту в.жылан тәрізді таңгыш салу

г. сынықтың ашық остеосинтезі

д.емеудің функционалды әдісі

20.Шынтақ өсіндісінің сынығы кезінде перифериялық бөлшек қайда ығысады? а.төменге


б.сыртына

в.жоғарыға

г.ішіне д.артына

21. Тоқпан жіліктің ескірген шығуының негізгі себебі? а. анестезиясыз шығуды орнына салу

б. жарақаттан соң 2апта өткесін дәрігерге қаралу

в.буын шығуын салғасын қысқа уақытқа иықты иммобилизациялау

г.жарақаттан соң 3 апта өткенде дәрігерге қаралу

д.буынның байламдық аппаратының патологиясы

22.Иықтың кеш шығуының жабық орнына салуының мүмкін болар уақыты ? а.3-ші апта

б.4-ші апта

в.6-апта

г.8-апта

д.16-апта

23.Қабырғаның фрагменттік сынығы:

а.бірнеше қабырғанын бір жақтан сынуы

б.бір қабырғаның бір жерден сынуы

в. төс сүйек пен қабырға сынуы

г.бір қабырғаның екі жерден сынуы

д..қабырғаның бір жағынан парастерналды сызық бойынша сынуы

24.Қабырғаның фрагменттік сынығындағы басты симптом :

а.ентігу

б.шырышты қабат цианозы

в.зақымданған аймақта кеуде торының жартысының дем алу актісі кезінде қалыңқырап отыруы

г.зақымданған аймақта ауырсыну сезімінің болуы

д.закымданған аймақта парадоксальды тыныстың болуы

25.Пневмоторакс кезінде плевра қуысын пункциялайтын нүкте? а.бұғананың орта сызығымен 1-ші қабырғааралық

б.бұғананың орта сызығымен 2-ші қабырғааралық

в.алдыңғы қолтықасты сызығымен 3-ші қабырғааралық

г.артқы қолтықасты сызығымен 7-ші қабырғааралық

д.ортаңғы қолтықасты сызығымен 8-ші қабырға аралық

26. Ашық пневмоторакста мына белгілердің қайсысы кездеспейді? а.тыныс жеткіліксіздігі

б.жүрек жеткіліксіздігі

в.плевра қуысының атмосферамен хабарласуы

г.кеуде қуысында ашық жарақаттың болуы

д.плевра қуысының атмосферамен еркін хабарласпауы

27.Қабырға травмасының қандай механизмінде пневмоторакс дамуы мумкін ? а.фронтальды жазықтықта кеуде торының қысылуы

б.сагитальды жазықтықта кеуде торының қысылуы

в.тікелей соққы, ашық жарақаттың болуы

г.баротравма

д.жанамалай соғып алу

28.Кіші гемоторакстың рентгенологиялық белгілері:

а. сұйықтық деңгейі қабырға-диафрагмалық синуста

б.сұйықтық деңгейінің жауырынның төменгі бұрышы деңгейінде орналасуы

в.сұйықтық деңгейінің жауырын денесі деңгейінде орналасуы

г.сұйықтық деңгейі жауырынның жоғарғы бұрышы деңгейінде орналасуы

д.сұйықтық деңгейі 2 қабырғаға жетеді

29.Орташа гемоторакстың рентгенологиялық белгілері:

а. сұйықтық деңгейі қабырға-диафрагмалық синута

б .сұйықтық деңгейінің жауырынның төменгі бұрышына дейін жетеді

в. сұйықтық деңгейі 1 қабырғаға жетеді

г. сұйықтық деңгейі жауырынның жоғарғы бұрышына дейін жетеді

д. сұйықтық деңгейі 2 қабырғаға жетеді

30. Үлкен гемоторакстың рентгенологиялық белгілері:

а. сұйықтық деңгейі қабырға-диафрагмалық синуста

б. сұйықтық деңгейінің жауырынның төменгі бұрышына дейін жетеді

в. сұйықтық деңгейінің жауырын денесі деңгейіне жетеді

г. сұйықтық деңгейі 2 қабырғаға жетеді

д.сұйықтық деңгейі бұғанаға жетеді

31.Орташа гематоракс кезінде плевра қуысына құйылған қан мөлшері қанша?

а.250,0

б.500,0

в.1000,0

г.1500,0

д.2000,0


32. Кіші гематоракс кезінде плевра қуысына құйылған қан мөлшері қанша?

а.250,0

б.500,0

в.1000,0

г.1500,0

д.2000,0

33. Үлкен гематоракс кезінде плевра қуысына құйылған қан мөлшері қанша?

а.250,0

б.500,0

в.1000,0

г.1500,0

д.2000,0

34.Қабырға сынықтары кезінде анестезияның қандай рационалды әдісі ең тиімді? а.вагосимптомдық новокаинды блокада

б.паравертебралды новокаинды блокада

в.кетоналды бұлшықетке енгізу

г.промедолды бұлшықетке енгізу

д.қабырғааралық новокаинды блокада

35.Қабырға сынғанда ең көп кездесетін асқыну?

а.плевраның эмпиемасы

б.өкпе артериясының эмболиясы

в.травмадан кейінгі пневмония

г.травмадан кейінгі плеврит

д.бронхтың обтурациясы(бітелуі)

36. «клавиш» симптомымен сипаттталатын зақымдану

а. Тоқпан жіліктің шығуы

б. Бұғананың сынуы

в. Бұғананың акромионды жағының шығуы

г. Бұғананың кеуделык жағының шығуы

д. Жауырын мойынның шығуы

37.Бір уақыттық жабық репозиция қолданылатын бұғана сынығы:

а. Жасыл бұтақ тәрізді

б. Бөлшектене сыну

в. Көлденең

г. Қиғаш-көлденең


38. Бұғана остеосинтезіне абсолютті көрсеткіш:

а. жасыл бұтақ типті сынық

б.көлденең сынық

в.ашық сынық

г.жабық сынық

д.сынық бөлшектерінің ығысуынсыз сынықта


39.Бұғана сынығын иммобилизациясының орташа мерзімі:

а.1-2 апта

б.2-3 апта

в.4-6 апта

г.7-8 апта

д.9-10 апта


40. Бұғана сынығы кезінде еңбекке жарамсыздықтың орташа уақыты:

а.3-4 аптадан кейін

б.4-5 аптадан кейін

в. 6-8 аптадан кейін

г.9-10 аптадан кейін

д.11-12 аптадан кейін


41. Бұғананың акромиалдық шетінің қандай шығуы консервативті емделеді:

а. акромион үстілік

б.акромион астылық

в.артқы

г.толық

д.толық емес


42. Бұғананың акромиальдық шетінің шығуына операция жасаған соң, қанша уақыт бойы иммобилизация жүргізеді?

А.2-3 апта

Б.3-4 апта

В.4-5 апта

Г.6-7 апта

Д.7-8 апта


43.Кәрі жіліктің әдетегі жердегі сынығына жатады?

а. Монтеджи жаңа сынығы

б. Галеаций сынығы

в. Мальгенея сынығы

г. кәрі жілік сүйек дистальді метаэпифизінің Колис немесе Смит сынығы.

д. кәрі жілік сүйегі басының жаңа оқшауланған шығуы

44.Жарақаттық буын шығуы дегеніміз:

а. Буындық беттерінің толық ажырауымен жүретін, сүйектердің буындық шеттерінің толық ығысуы;

б. Шығу мен сынудың қабаттасуы;

в. Буындық беттерінің толық ажырауымен жүретін, сүйектердің буындық шеттерінің толық емес ығысуы;

г. Буындық беттерінің ажырауынсыз жүретін, сүйектердің буындық шеттерінің жартылай ығысуы;

д. Буынішілік сынық.

45. Неше тәулікке дейін буын шығуы жаңадан пайда болған деп саналады?

а. Алғашқы тәулік;

б. Алғашқы 3 тәулік;

в. Алғашқы 2 тәулік;

г. Алғашқы 5 тәулік;

д. Алғашқы 6 тәулік.

46. Неше аптаға дейін буын шығуы кешеуілдеген деп саналады?

а. 2 аптаға дейін

б. 3 аптаға дейін

в. 5 аптаға дейін

г. 1 аптаға дейін

д. 6 аптаға дейін

47. Буын шығуы қашан ескірген деп санлады?

а. 4,5 аптаға дейін

б. 6 аптадан кейін

в. 2 аптаға дейін

г. 3 аптадан кейін

д. 1 аптаға дейін

48. Қандай буындық шығулар үйреншікті деп аталады?

а. Буынның алғашқы шығуынан кейін пайда болған тұрақты қайталанатын шығулар;

б. Шығу мен сынудың қабаттасуы;

в. Буынның алғашқы шығуы;

г. Буынның алғашқы шығуынан 4 аптадан кейін

д. Буынның алғашқы шығуынан кейін қайталанбауы

49. Тоқпан жілік шығуының қандай түрлері бар?

а. Алдыңғы, артқы, төменгі

б. Жоғарғы, төменгі

в. Артқы, төменгі, жоғарғы

г. Жоғарғы, төменгі, артқы

д. Жоғарғы, төменгі, алдыңғы

50. Иықтың үйреншікті шығуы кезінде қандай емдеу әдісі ең тиімді?

а. Консервативті

б. Оперативті

в. Үздіксіз тарту әдісі

г. Косынкалық таңғыш салу

д. Гипстік лангетамен

51. Гюнтер үшбұрышы мен сызығы қалай анықталады?

а. Тоқпан жіліктің екі айдаршық үстін қосатын сызық – Гюнтер сызығы. Бұл сызықтың шынтақ өсіндісімен қосылуы Гюнтер үшбұрышы деп аталады.

б. Тоқпан жіліктің екі басын қосатын сызық және бұғана

в. Тоқпан жілікті және акромионды косатын сызық.

г. Білек сүйектерін қосатын сызық.

д. Тоқпан жілік мойны мен тоқпан жілік осін қосатын сызық.

52. Білек сүйектері шығуларын орнына салудан кейін иммобилизация қанша уақытқа созылады?

а. 10 -14 аптаға гипстік лонгет салу

б. 4-8 аптаға гипстік лонгет салу

в. 2 аптаға гипстік лонгет салу

г. 3 аптаға гипстік лонгет салу

д. 4 аптаға гипстік лонгет салу

53. Білек сүйектерінің шығуында қандай транспорттық шина саласыз?

а. Саусақ ұштарынан сау иыққа дейін

б. Саусақ ұштарынан иықтың жоғарғы үштен біріне дейін

в. Саусақ негізінен сау иыққа дейін

г. Саусақ ұштарынан иықтың төменгі үштен біріне дейін

д. Ешқайсысы дұрыс емес

54. Тоқпан жілікке қатысты білек сүйектерінің шығуларының жіктелуі:

а. Алдыңғы, артқы, сыртқы, ішкі, екіге ажырайтын

б. Алдыңғы, артқы, сыртқы, ішкі

в. Алдыңғы,сыртқы, ішкі, ажырайтын

г. Алдыңғы,сыртқы, ішкі

д. Алдыңғы,сыртқы, ішкі, жоғары

55. Тоқпан жіліктің шығуының қандай айқын белгілерін білесіз?

а. Қол ұзындығының өзгеруі, крепитация

б. Қол ұзындығының өзгеруі, тоқпан жілік осінің өзгеруі, серіппелі қарсылық симптомы

в. Қол ұзындығының өзгеруі, тоқпан жілік осінің өзгеруі, деформациялануы.

г. Остік күш түсіруде ауру сезімі, ісінулер

д. Қолдың қысқаруы

56. Бұғананың акромиалдық шетінің толық емес шығуы кезінде қандай байлам зақымдалады?

а. Акромиалдық-бұғаналық

б. Акромиалдық-жауырындық

в. Трицепс бұлшықетінің ұзын сіңіріні

г. Трицепс бұлшықетінің қысқа басы сіңіріні

д. Құстұмсық бұғаналық

57.Бұғананың дисталді ұшын жауырынға бекітетін байламдарды атаңыз:

а. Акромиалді-бұғаналық, бұғана-құстұмсық тәрізді

б. Жауырынның жоғарғы көлденең,

в. Құстұмсық – тоқпан жілік

г. Жауырынның төменгі көлденең

д. Акромиалді - құстұмсық тәрізді

58. Бұғананың акромион үстілік шығуының түрлері:

а. Толық, толық емес

б. Ерте, кешеуілдеген

в. Қосарланған

г. Кешеуілдеген

д. Жекленген

59. Бұғананың төссүйектік ұшының шығуы кезінде негізгі емдеу әдісі:

а. оперативті

б. консервативті

в. гипстік иммобилизация

г. Илизаров аппараты

д. кеудеге корсет тану

60. Галеацци сынығы дегеніміз-

а. Иық жілігінің ж/3 оқшау сынығы

б. Кәрі жіліктің ж/3 оқшау сынығы

в. Иық жілігінің ж/3 сынығы мен кәрі жілік басының шығуы

г. Кәрі жіліктің т/3 сынуы және иық жілігінің басы шығуы

д. Иық жілігінің ж/3 және кәрі жіліктің т/3 сынықтары

61. Шынтақ сүйегі басының шығуы мен кәрі жіліктің т/3 сынығының бірігіп келуі дегеніміз-

а. Смит сынығы

б. Монтедж жарақаты

в. Коллес сынығы

г. Галиацци жарақаты

д. Пот жарақаты

62. Пневмоторакспен асқынған кеуде торының жабық жарақаты (қабырғалар сынуы) кезінде қандай белгілер анықталмайды?

а. ентігу

б. қан түкіру

в. теріастылық эмфизема

г. перкуторлы дыбыстың тұйықталуы

д. перкуссия кезінде «қораптық» дыбыстың анықталуы

63. Остеосинтезге абсолютті көрсеткіш болып табылады:

а. Бөлшекті сынық

б. Бөлшектердің ығысуынсыз

в. Жалпы жағдайы ауыр болуы

г. Тамыр-нерв шоғырының зақымдалуы бар сынық

д. Ағзалардың созылмалы қабыну процесінің болуы

64. Транспорттық иммобилизацияға қолданылмайтын шинаны атаңыз:

а. Пневматикалық

б. Дитерихс

в. Белер


г. Крамер

д. Вакумді

65. Жартылай отыру қалпында қандай сынығы бар науқастарды тасиды?

а. Омыртқа жотасы

б. Жауырын

в. Жамбас

г. Қабырға сүйектері

д. Екі балтыр сүйектері

66. Оң иық шығуын иммобилизациялау үшін Крамер шинасының қойылу шекаралары қандай?

а. Оң шынтақ – оң иық буындары

б. Оң шынтақ – сол иық буындары

в. Оң қол саусақтары-сол иық буыны

г. Оң қол саусақтары-оң иық буыны

д. Оң иық-сол білек

67. Иық буынында жабық травмалық шығуының алғашқы медициналық көмегінде мына әрекеттер жасалады.

а. Буын ауданын сумен шаю

б. Науқастан анамнез жинау

в. Ауырсынуды басу, таңғыш салу

г. Сіреспеге қарсы екпе салу

д. Науқаска әртурлі реологиялық сұйықтықтар енгізу

68. Ашық пневматорокс кезінде, алғашқы медициналық көмек ретінде мына әрекеттер жасалады.

а. Жарақат ауданын сумен шаю

б. Оттегімен демалдыру

в. Ауырсынуды басу, дәкелік таңғыш салу

г. Сіреспеге қарсы екпе салу

д. Ауырсынуды басу, оклюзиондытаңғыш салу

69. Тері асты эмфиземаның болуы келесі жарақаттың айқын белгісі

а. Құрсақ қуысының жарақаты

б. Гематоракс

в. Пневматоракс

г. Қабырға сынуы

д. Омыртқа жотасының жарақаты

70. Иық буынында ашық травмалық шығу болғанда алғашқы медициналық көмек көрсетуде мына әрекеттер жасалады.

а. Буын ауданын сумен шаю

б. Науқастан анамнез жинау

в. Ауырсынуды басу, қан тоқтату,таңғыш салу

г. Сіреспеге қарсы екпе салу

д. Гипстік лангета салу

71. Тоқпан жілік диафизінің сынығының айқын белгісі.

а. Жарақат ауданының ісінуі

б. Жарақат ауданының ауырсынуы, көгерулері

в. Деформация, крипитация, колдың қысқаруы

г. Қолдың ұзаруы

д. Пассивті қозғалыста ауырсынбайды

72. Оң жақ қабырғалар жарақатынан пайда болған пневматоракс кезінде кеуде аұзаларының ығысу баұыты.

а. Солдан оңға

б. Оңнан солға

в. Төменнен жоғары

г. Арттан алға

д. Алдыдан артқа

73. Сол жақ қабырғалар жарақатынан пайда болған пневматоракс кезінде кеуде ағзаларының ығысу бағыты.

а. Солдан оңға

б. Оңнан солға

в. Төменнен жоғары

г. Арттан алға

д. Алдыдан артқа

74. Қабырға сынықтарында науқас мына жағдайда тасымалданады.

а. Жартылай отырған қалпында

б. Тік тұрған қалпында,

в. Горизонтальді қалыпта

г. Ауырған жағына жантайту

д. Ауырмаған жағына жантайту

75. Төс сүйектері сынықтарында науқас мына жағдайда тасымалданады.

а. Жартылай отырған қалпында

б. Тік тұрған қалпында,

в. Горизонтальді қалыпта

г. Ішкі жағына жантайту

д. Арқасына жағына жантайту

76. Қабырғалардың сынығының асқыну белгісі

а. Ауырсыну

б. Крепитация

в. Қантүкіру

г. Пародоксальді тыныс

д. Патологиялық қозғалуы

77.Қақпалы пневматоракс немен ерекшелінеді.

а. Ауаның өкпе плеврасына еркін еніп және шығуымен

б. Ауаның өкпе плеврасына еркін еніп, кері шыға алмауымен

в. Ашық жарақаттың болмауы

г. Перкуссияда дыбыс тұйықталуының байқалуымен

д. Қабырғалардың бірнеше жерден сынуыменен

78.Бұғана сүйегінің ашық сынықтарында негізгі қолданылатын ем

а. Гипстік иммобилизация

б. Оперативтік остеосинтез

в. Қаңқалық тарту,

г. Консервативті, жұмсақ тіндерін хирургиялық өңдеу

д. Амбулаторлық дезо байламы

79. Тоқпан жіліктің диафиздік сынықтарында негізгі қолданылатын қазіргі кездегі жаңадан қолданыла бастаған оперативті остеосинтездік ем

а. Спицалармен бекіту

б. Пластиналар қолдану

в. Қаңқалық тарту,

г. Интромедулярлы екі жағынан бекитін тутікті метал

д. Сымтемірмен бекіту

80. Гематоракстің іріңдеуін анықтауда қай көрсеткішке сүйенеміз:

а. Ревилуа-Грегуар

б. Петров

в. Гирголав

г. Юмашев

д. Гориневский

81.Бүгілу типіндегі Монтедж сынығы кезінде кәрі жілік сүйегінің басы қай жаққа шығады

а. алдыға

б. артқа

в. алдыға және сыртқа

г. сыртқа

д. ішке

82.Жазылғыш Монтедж сынығы кезінде бөлшектердің арасындағы бұрыш ашық болды а. алдыға

б. артқа


в. ішке

г. артқа және ішке

д. сыртқа

83. Білектің қай сынығы кезінде ұзындығы қатысты түрде ұзарады

а. алдыға

б. артқа


в. сыртқа

г. ішке


д. сүйектердің ажырауында

84. Беннет сынығын көрсетіңіз

а. 2-ші алақан сүйектің проксимальды басының сынығы мен шығуы

б. 1-ші алақан сүйегінің дистальды басының бөліктік сынығы

в. 1-ші алақан сүйегінің проксимальды басының бөліктік сынығы

г.1-ші алақан сүйектің проксимальды басының сынығы мен үшбұрышты бөліктің түзілуі және перифериялық бөліктің шығып кетуі

д. 1-ші алақан сүйегінің дистальды басының бөліктік сынығы мен үшбұрышты бөліктің түзілуі

85. Алақан саусақтарының қайсысы жиі шығып кетуге ұшырайды

а. 5 саусақ

б. 3 саусақ

в. 4 саусақ

г. 1 саусақ

д. 2 саусақ

86. 1-ші алақан саусағының шығуы жиі кездесетін жерін көрсетіңіз

а. сыртқы

б. алақандық

в. сыртқы бүйірлік

г. ікші бүйірлік

д. ротациялық

87. Алақан саусақтарының терең бүккіш сіңірін бекитін нүктені көрсетіңіз

а. ортаңғы фалангының негізі

б. негізгі фалангының негізі

в. тырнақ фалангының негізі

г. тырнақ фалангының ұшы

д. тырнақ фалангының дистальды басы

88. Алақан сүегінің екі немесе одан да көп сынықтарының емдеу әдістерін қайсысы тиімді болып саналады

а. бірмезеттік қолмен жасалатын репозиция

б. жабық репозиция мен спицалармен перкутанды фиксациялау

в. Клапп бойынша тарту әдісі

г. спицалармен сүйекішілік остеосинтезі

д. Черкес-Заде бойынша тарту әдісі

89. Жартыай сүйегінің шығуы диагнозы қойлады, егер Р-граммада ол мына сүйекпен байланысты жоғалтқанда

а. кәрі жілікпен

б. бұршақ тәрізді сүйекпен

в. бастты сүйекпен


Каталог: rus -> wp-content -> uploads -> 2011
2011 -> «Жалпы медицина» мамандығы 4 курс студенттеріне арналған гастроэнтерология бойынша тесттік тапсырмалар
2011 -> Тесты экзаменационные
2011 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2011 -> Тесты по кардиологии для студентов 4 курса по специальности «общая медицина»
2011 -> Медициналық-профилактикалық факультетінің 6 курс студенттеріне емтиханға арналған тестік сұрақтар 2009-2010 оқу жылы
2011 -> 5 курс студенттеріне гематология бойынша тесттік тапсырмалар
2011 -> Лечение артериальной гипертензии у пожилых
2011 -> ҚР «Білім туралы» заңы 27. 07. 2007 №319-iii; ҚР «Білім туралы» заңы 27. 07. 2007 №319-iii
2011 -> Шықшыт буын ауруларындағы сәулелі нақтаманың алгоритмі
2011 -> С. Ж. Асфендияров


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет