1931 жылдың 24-қазанынан шығады жұма №6 (17095)



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата18.12.2018
өлшемі0.86 Mb.
#97418
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Аш қасқырмен алысқан жігіт

16

-бет



Драма театрдың құрылысы қашан аяқталады?

3

-бет

шығыс қазақстан 

Облыстық газеті

ДИДАР

1931 жылдың 24-қазанынан шығады 

жұма

№6 (17095)

16 қаңтар

2015 жыл

www.media-vko.kz 

9-бет

Бөденені бизнеске 

айналдырған бикеш

Екі түспен-ақ ерекше сурет 

салатын қылқалам шебері 

8

-

бет

Қар құрсауында қалған 

баланы құтқарды

16

-

бет

Сегіз мыңнан астам жұмыс 

орны ашылды

3

-

бет


ДИДАР

Қоғам


2

№6 (17095)

16 қаңтар

Қаза

Қ

стан хал

Қ

ы 

а

ссамблеясына – 20 жыл

Бірлігі бекем елдің тірлігі 

де берекелі

ержан Әбіш 

Осы жыл біздің елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының 

жылы болып жарияланды. Сонымен қатар, Ұлы Жеңістің 

70 жылдығы және Конституцияның 20 жылдығы атап өтілмек. 

Осыған орай Ассамблея өкілдеріне үлкен міндеттер жүктелуде. 

Облыстық Достық үйінде аймақ басшысы Даниал АХМЕТОВТІҢ 

қатысуымен өткен этномәдени бірлестіктер жетекшілерінің, 

Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, ғылыми-

сараптамалық топтың кездесуінде биылға арналған 

жоспарлар және өткен жылдың қорытындысы туралы әңгіме 

өрбіді.

Шығыс 


Қазақстан 

облысы 


Қазақстан 

халқы 


Ассамблея-

сы  хатшылығының  меңгерушісі 

Еркінбек  Аязбаев  өткен  жылғы 

жұмыстардың нәтижесі туралы ай-

тып  берді.  Ол  Шығыс  Қазақстанда 

өзге  елдер  өкілдерімен  мәдени 

байланыстар 

күшейіп, 

Қытай, 

Моңғолия 



және 

Ресейдің 

этномәдени 

бірлестіктерімен 

шекаралық  ынтымақтастық  да-

мып  келетінін,  сонымен  қатар 

«Алтай  –  біздің  ортақ  үйіміз»  ак-

циясы аясында өзара ықпалдастық 

белсенді  жүріп  жатқанын  мәлім 

етті.  Қалалық  және  аудандық 

Достық  үйлерінің,  этномәдени 

бірлестіктердің  қызметі  де  ерекше 

атап өтілді. 

–  Ассамблея  хатшылығы  бар-

лық  белсенділерге  Отанымызда-

ғы  бейбітшілік  пен  өзара  түсініс-

тікті  сақтау  мақсатында  атқарған 

қоғамдық  жұмыстар  үшін  алғыс 

білдіреді. 

Ассамблея 

жылы 

мейрамға,  еліміздегі  бейбітшілік 



пен  келісімнің  салтанатына  ай-

налуы  тиіс,  –  деді  Еркінбек  Аяз- 

баев. 

Шығыс 


Қазақстан 

облысы 


Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

ғылыми-сараптамалық 

тобының 

төрайымы Люция Абдуллина өзінің 

баяндамасында  елдегі  тыныштық-

ты сақтауда ең бастысы ақпараттық 

тәуекелдерге  дұрыс  әрекет  ету  

екенін атап көрсетті, себебі электр-

онды бұқаралық ақпарат құралда-

ры  арқылы  бөгде  идеологиялық 

ағымдар  таратылады.  Әзірше  бұл 

Қазақстанға  көп  қатысты  емес,  ол 

барлық  бірлестіктердің  үйлесімді 

жұмысымен түсіндіріледі. 

Еліміздің  дамуындағы  Ассам-

блея рөлін бағаламау мүмкін емес. 

Өйткені, 

Қазақстан 

халықара- 

лық  сарапшылардың  «бұл  ел  ұлт-

аралық  алауыздық  салдарынан 

ыдырайды»  деген  болжамдары- 

на  қарамастан,  үлкен  жетістіктер- 

ге  қол  жеткізе  алды.  Мемлеке-

тіміздің  табысы  халықтың  бірлі-

гіне,  барлық  ұлттық  тілдер  мен 

дәстүрлерге 

деген 


құрметке 

негізделген.  Ассамблея  жұмы-

сының арқасында сенімнің, келісім 

мен  өзара  түсіністіктің  ерекше  

ауаны  қалыптасты,  әрбір  азамат 

ұлтына  немесе  діни  нанымына 

қарамай  Ата  Заңда  кепілдік  беріл-

ген  құқықтар  мен  еркіндіктердің 

бәрін толық пайдаланды. 

Елбасымыз  Нұрсұлтан  НАЗАР-

БАЕВ  өз  Жолдауында:  «Этносара-

лық  келісім  –  ол  өміршеңдік  от- 

тегі.  Біз  дем  алған  кезде  оны  бай-

қамаймыз,  ол  өздігінен  болады 

–  біз  тек  өмір  сүреміз.  Бірлігіміз  

бен  этносаралық  келісімді  біздің 

өзіміз  сақтауға  тиіспіз.  Оны  біз 

үшін ешкім ешқашан сырттан келіп 

жасамайды.  Біздің  жастарымыз 

жаңа,  тәуелсіз  елде  өсіп  келеді. 

Бүгінгі  буын  90-шы  жылдардағы 

этносаралық  соғыстар  мен  қақ-

тығыстарды,  күйреуді  көрген  жоқ. 

Сондықтан  көпшілігі  Қазақстан-

дағы  тұрақтылық  пен  қолайлы 

өмірді  туғаннан  солай  болуға  тиіс 

сияқты  қабылдайды»  деп  атап 

айтқан-ды.

–  Елдегі  бейбітшілікті  сақтау-

дағы  маңызды  рөл  бірыңғай  ұлт- 

аралық  саясатты  жүргізуге  арнал- 

ған  барлық  ұлттарды  біріктіретін 

биліктің  бірегей  органына  жүк-

телген,  ол  –  Қазақстан  халқының 

Ассамблеясы.  Оның  жұмысының 

табысты 


болуына 

көбінесе 

өңіріміздегі  ғалымдар  жүргізген 

зерттеулердің де көмегі бар, – деп 

атап  көрсетті  облыс  әкімі,  Шығыс 

Қазақстан 

облысы 

Қазақстан  



халқы  Ассамблеясының  төрағасы 

Даниал АХМЕТОВ.

–  Дарынды  ғалымдарымыз-

дың  еңбегі  елдің  дамуында  ма- 

ңызды  рөл  атқарды  және  оның 

жетістігіне  айналды.  Олар  –  көп- 

теген  республикалық  құжаттар-

дың  негізіне  айналған  нақты 

ұсыныстар.  Қуантарлығы,  біздің 

ғылыми 


сараптамалық 

тобы-


мыз  тек  Шығыс  өңірімен  ғана 

шектелмейді.  Топ  14  халықара- 

лық  ғылыми-тәжірибелік  конфе-

ренция  өткізіп,  оларға  әлемнің 

көптеген  елдерінен  ғалымдар  қа- 

тысты.  Біздің  әзірлемелер  әлем- 

дік  ғылым  үшін  үлкен  қызығушы-

лық 


туғызады 

және 


Еуро-

па 


мен 

Американың 

біраз 

кітапханаларында сақтаулы, – деді 



тарих  және  қоғамдық  ғылымдар 

еңбек адамы

мӘселенің мӘнісі

Жас ұрпаққа 

патриоттық тәрбие 

беріп жүр

бейсенғазы Ұлықбек

Орта бойлы жігіт ағасын көп жыл-

дан бері білемін. Оның есімі – Рахат 

Мыңдыбаев. 

Ол  Некрасовка  ауылында  туып-өсті. 

Мектепті  бітірген  соң  әскер  қатарына 

шақырылып, 

Новосібір 

қаласында 

міндетін  атқарды.  Сонан  соң  Се-

мей 


педагогикалық 

институтының 

денешынықтыру  бөліміне  түсті.  Оны 

1992  жылы  бітіріп,  1998  жылға  дейін 

Южный  ауылындағы  №18  училищеде 

денешынықтыру  мұғалімі  болып  еңбек 

етті. 1998 жылы Науалы орта мектебіне 

ауысып,  алғашқы  әскери  дайындық 

пәнінен сабақ бере бастады. 

Оқу  жылы  аяқталған  кезде  Рахат 

Елеукенұлы оқушыларды Бақтыдағы ше-

кара бекетіне апарып, шекарашылардың 

күнделікті  қызметімен  таныстырады. 

Полигонға апарып, автоматтан нысана-

ларды  дәлдеп  атуға  машықтандырады. 

Жас  ұрпаққа  патриоттық  тәрбие  беріп, 

ел  болашағына  деген  жауапкершілікті 

қалыптастыра  білген  маман  көптеген 

мақтау  грамоталарымен  және  медаль-

мен марапатталған.

Ол  қоғамдық  жұмысқа  да  белсенді 

араласады, мектеп кәсіподақ ұйымының 

басшысы, «Нұр Отан» партиясы аудандық 

филиалына қарасты бастауыш ұйымның 

төрағасы  болып,  замандастарының 

құрметіне бөленіп жүр.



Үржар ауданы.

Балық 

шаруашылығының 

бағы жанбай тұр

Қадырбек кәкімұлы

Балық та байлық екені белгілі. 

Зайсан көлінің жағасында 

орналасқан елді мекендердің ба-

сым көпшілігінің күнкөріс көзі осы 

– балық.

Алайда,  Зайсан  көлінің  іргесіндегі 

Тарбағатай 

ауданының 

өндірістік 

аймағы саналатын Тұғыл мен Қабанбай 

ауылдарында  жылына  небары  250 

тоннаға  жуық  қана  балық  ауланады. 

Мұның  өзі  аудан  тұрғындары  жылына 

орта  есеппен  бір  келі  ғана  балық  етін 

пайдаланады деген сөз. 

Балық  шаруашылығындағы  бей- 

берекеттік тыйылмай, бұл көрсеткіштің 

жақсара  қоюы  екіталай.  Су  айдынын 

жалға  алу  келісімшарттарын  орын-

дамайтындар  мен  браконьерлердің 

заңсыз әрекеттері саланы артқа сүйреп 

келді. 


Қазір  ауданда  балық  өңдеу  сала-

сына  мықтап  көңіл  бөліне  бастады. 

«Тұғыл»  кентінде  балық  цехы  қайта 

жаңғыртылып, қуаттылығы 250 тоннаға 

артты.  Онда  балық  сүбесі  мен  фарш 

өндіріледі. Аталған жоба Индустриялан-

дыру  картасына  енген  болатын.  Қазір 

осындағы балық консервісін жасайтын 

цех  жұмыс  істегенмен,  ондағы  балық 

өндірісі Зайсан балығын емес, тасымал 

майшабақты пайдаланып отыр. Эколог 

мамандар мен ихтиологтардың пайым-

дауынша,  Зайсан  көлінде  балық  қоры 

азайып  кеткен.  Кезінде  осы  Тұғылдағы 

балық өңдейтін зауытта арнайы балық 

өсіретін  орын  болған,  қазір  қаңырап 

бос  тұр.  Осы  кешенді  игеретін  инвес-

тор табу күн тәртібіндегі мәселе болып 

отыр.  Балық  малға  қарағанда  өсімтал 

екені  белгілі.  Оған  жұмсалар  шығын  

да  аз.  Осыны  ескерген  аудан  басшы-

лығы  суармалы  жерлерді  игеру  жо-

басынан  кейін  балық  өңдеу  ісіне 

көңіл  бөліп  отыр.  Ендігі  жерде  балық 

өсірушілер  қауымдастығын  құрып, 

қордаланған  мәселелерді  шешу  жа-

ғын  ұйымдастыру  талабы  туындап  

тұр.


Тарбағатай ауданы.

академиясының  академигі,  Д.Се-

рікбаев  атындағы  ШҚМТУ  фило- 

софия  және  саясаттану  кафедра-

сының  профессоры  Лилия  Столя-

рова.


Қазақстанда  барша  этностар-

дың  мәдениетін,  тілін,  дәстүрін 

дамытуға  қажет  жағдайлардың  

бәрі  жасалған.  Ассамблея  қыз-

метінің  арқасында  мемлекетіміз- 

дің 


этносаралық 

қарым-қаты- 

настарды  тиімді  шешетін  ел  ретін-

дегі  халықаралық  беделі  артып 

келеді. 

– Қырғызстандағы және Украи-

надағы  бауырлас  халықтардың 

қақтығысы 

тұрақсыздықтың 

елге  қандай  зардап  тигізетінін 

көрсетті.  Украина  кеңестік  ке-

зеңде  экономикалық  дамудың 

жарқын  үлгісі  болатын.  Бірақ  қазір 

келіспеушіліктер  елді  тіл  принципі 

бойынша  екіге  бөліп  отыр.  Бізде 

Украинадағыдай  зор  әлеует  жоқ, 

оның  кеме  жасау  өндірісі  дамы- 

ған,  еуропалық  елдерге  тіке  шыға 

алады.  Алайда,  бізде  Елбасының 

жүргізіп  отырған  салиқалы  сая-

саты  бар.  Бүгінде  еліміздің  ішкі 

жалпы 


өнімі 

Украинадағыдан 

жоғары,  халық  саны  бізде  үш 

есе  аз  болғанның  өзінде.  Мұның 

бәріне  ұлтаралық  тұрақтылықтың 

арқасында  қол  жеткізіп  отыр-

мыз.  Қаншама  мектеп,  аурухана, 

жолдар  салынды,  әлі  де  салына-

ды.  Дәл  осындай  тиімді  саясат-

ты  бұдан  әрі  де  жалғастыра  бер-

сек,  өңірлер  осы  қарқынмен  дами 

бермек.  Жерімізде  тұрып  жатқан 

барлық  халықтардың  тілдері  мен 

әдет-ғұрыптарына  құрметпен  қа-

рау  керек  және  осы  игі  дәстүрді 

ұрпақтан-ұрпаққа 

жалғастыруға 

тиіспіз.  Біз  –  еуропалықтар  емес-

піз,  еуразиялықтармыз.  Біздің  өз 

бет-бейнеміз  бар,  өзіміздің  ділі-

міз,  тарихи  негізіміз  бар  және  біз 

осымен  мақтанамыз!  –  деді  облыс 

әкімі Даниал АХМЕТОВ.

Кездесуге 

қатысушылар 

өз 


тілектері  мен  ұсыныстарын  ортаға 

салды,  оның  ішінде  этномәдени 

бірлестіктерге 

арналған 

үлкен 

ғимарат  –  Достық  сарайын  салу 



қажеттігі айтылды. Аймақ басшысы 

барлық  мәселелерді  қарастырып 

шығуға уәде етті. 

Жиын  соңында  Достық  үйі-

нің  белсенділері,  атап  айтсақ, 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

мүшесі  Владимир  Акулов  пен 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

депутаттық 

тобының 


мүшесі, 

Бесқарағай  аудандық  мәслиха-

тының  депутаты  Вячеслав  Харчен-

ко  «Бірлік»  атты  қоғамдық  алтын 

медальмен марапатталды.   

Суретті түсірген Сергей Суров


ДИДАР

3

№6 (17095)



16 қаңтар

күршім ауданы

Жарма ауданы

«

д

идардың» меншікті тілшілері хабарлайды

Сексен жылдық 

мерейтойын атап өтті

Аудандық «Қалба тынысы» газетінің 

80 жылдық мерейтойы өңір көлемінде 

кеңінен аталып өтті. 

Тарихы  тым  әріден  басталатын  бұл 

басылым  алғашқы  нөмірін  1934  жылы 

шығарыпты. 

Газеттің 

қазақ 


тіліндегі 

нұсқасы «Социалистік еңбек» деп аталған. 

Кейін  «Рауан-Восход»  деген  атаумен 

бұрынғы дербес шығарылып келген қос га-

зет  біріктірілді.  Бүгіндері  өңірдің  «көзі  мен 

құлағына»  айналған  «Қалба  тынысы»  ап-

тасына екі рет оқырмандарына жол тартып 

отыр.


Жұрт  газетті  жаздырып  алып  қана 

қоймай,  сонымен  қатар,  «БАҚ.кз»  порта-

лындағы электронды нұсқасымен де таны-

са алады.



Қар тазалауға 

147 техника 

жұмылдырылды

Облыс орталығының көшелерін 

жауған қардан тазарту үшін бүгінде 

147 техника жұмылдырылған. Оның 

жүзден астамы қар қалың түскен 

күндері екі ауысыммен тоқтаусыз 

жұмыс істейді.  

–  Жолға  құм  себу  күніне  екі  мәрте 

жүргізіледі,  яғни,  таңғы  сағат  төртте  және 

түскі уақытта. Сондай-ақ, түн әлетінде жол-

дарды тегістеуге төрт грейдер шығарылған. 

Олар  көлік  кептелісін  туындатпау  үшін 

түнде  жұмыс  істейді.  Барлық  автобус  аял-

дамалары  ашық.  Жаяу  жүргіншілердің 

жолындағы  және  аялдамалардағы  қарды 

біздің  мекеменің  жұмысшылары  қол 

күрекпен  тазалауда,  –  дейді  «Өскемен 

тәртіп»  коммуналдық  мекемесінің  дирек-

торы Денис Федченко.    

Маманның 

айтуынша, 

жауапты 


мекеменің 

иелігіндегі 

техникалардың 

сақадай-сай 

болуы, 

жанар-жағармай 



қорының  жеткілікті  жиналуы  биылғы  қыс 

маусымында  қар  тазалау  жұмыстарын 

тоқтаусыз жүргізуге мүмкіндік бермек.

Топтаманы әзірлегендер – 

Серік Әбілқасымұлы, 

Серік Әбілхан, Нұржан Кенжеұлы

300-ге жуық туынды 

тарту етілді

Шемонайха аудандық орталық 

кітапханасында «Ресей-Қазақстан. 

Шексіз ашық оқылым» атты 

халықаралық мәдени жобасы аясын-

да ерекше іс-шара ұйымдастырылды.

Атап  айтқанда,  кітапханада  сал-

танатты  жағдайда  балалар  оқу  залы 

ашылып,  осыған  байланысты  ресейлік 

басылымдардың  298  үздік  кітабы  тар-

ту  етілді.  Аталмыш  сыйлықты  Ресейден 

арнайы  келген  Ленинград  облыстық 

кітапханасының 

мамандары 

тапсыр-


ды.  Кездесуге  жергілікті  мектептердің 

оқушылары  қатысып,  оқу  залынан  өзіне 

керекті кітаптарды таба алды.

Сондай-ақ,  шара  аясында  А.Пушкин 

атындағы  облыстық  кітапхана  қызмет-

керлерінің мұрындық болуымен «Балалар 

мен кітаптар. 21-інші ғасырдың ең үздігі» 

атты көрменің тұсауы кесілді.

Алдағы 

уақытта 


мұндай 

көрме 


ауданның  өзге  кітапханаларында  да 

өткізілетін болады.



Алматыдан жүлдегер 

болып оралды

Алматы қаласында «Алматыдағы 

қысқы ертегі-2015» атты жас 

орындаушылардың республикалық 

байқауы өтті. Бұл өнер додасын-

да өңіріміздің намысын қорғаған 

күршімдік өрендер туған жерге 

бірнеше жүлдемен оралды. 

Атап  айтар  болсақ,  Күршім  балалар 

музыка  мектебінің  оқушылары:  Азиза 

Эрикова  эстрадалық  вокал  аталымын-

да  бас  жүлдені  иеленсе,  домбыра  ата-

лымында  Әлия  Манарбекқызы,  Елдар 

Мүбәраков, Марат Бердіхан бірінші орын-

ды жеңіп алды. 

Осы орайда өнерлі жастарды байқау-

ға  дайындаған  жетекшілері  Ш.  Тойбаев,  

Ж.  Құсайынова,  А.  Тойбаеваның  еңбек-

терін ерекше атап өткен дұрыс.



үдемелі индустриялық-инновациялық даму

облыс әкімі: бағыт-бағдар

Алғашқы бесжылдықта сегіз мыңнан 

астам жұмыс орны ашылды

Драма театры мамырда 

пайдалануға беріледі

Жанаргүл мұқатай

Кеше облыс әкімі Даниал АхмеТОвТің төрағалығымен өткен аймақтық 

үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында  2015 жылы үдемелі 

индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге 

асырылғалы отырған инвестициялық жобалар қаралып, пысықталды.

нұржан кенжеұлы 

Облыс әкімі Даниал АхмеТОв Өскеменде салынып жатқан облыстық 

драма театрының құрылыс жұмысымен танысты. Сондай-ақ, аймақ 

басшысы салынып жатқан қан орталығында болып, осыған қатысты 

құзырлы мекемелерге бірқатар тапсырма жүктеді.

шемонайха ауданы

өскемен

Нысанда жұмыс 

күші жеткіліксіз

Облыс  әкімі  алды-

мен 

бүгінде 


Шығыс 

Қазақстандағы  ең  ірі 

құрылыс  нысандарының 

бірі  саналатын  облыстық 

драма  театрына  ат  ба-

сын  тіреді.  Айта  кетер 

жайт, мердігер компания 

мәдениет  ошағын  өткен 

жылдың  соңына  дейін 

тапсыруы  керек  бола-

тын.  Алайда,  белгілі  бір 

себептерге 

байланыс-

ты  нысанның  қолданысқа  берілу 

уақыты бірнеше рет шегерілген.

Театрға  келген  облыс  әкімі  Да-

ниал  АХМЕТОВ  бірінші  кезекте 

нысанның  макеттерімен  танысып, 

спектакльдер  қойылатын,  сондай-

ақ,  түрлі  салтанатты  шаралар 

өткізілетін залдардың, дәліздер мен 

холдардың  дизайнына  ерекше  на-

зар  аударды.  Театрдың  ішін  мұқият 

аралап  көрген  аймақ  басшысы 

мұндағы бірқатар сәулеттік шешімге 

көңілі толмайтынын айтып, құрылыс 

жұмыстарының  қарқынын  сынға 

алды.  Мәселен,  600  көрерменге 

шақталған  үлкен  залдың  фойесі 

тым  кішкентай  екен.  Сондай-ақ, 

ғимаратта  кәріз  құбырлары  да 

жеткіліксіз  көрінеді.  Аймақ  басшы-

сы  бұл  екі  мәселеге  қатысты  жоба-

лаушылар  мен  мердігерлерге  тиісті 

тапсырмалар 

жүктеп, 


олардың 

орындалуы  жіті  қадағаланатынын 

ескертті.

–  Мұндай  театр  Қазақстанның 

өзге  еш  өңірінде  жоқ.  Бұл  жерде 

қазақ  труппасы  да,  орыс  труппасы 

да  қызмет  ететін  болады.  Қос  өнер 

ұжымына  бірдей  жағдай  жасала-

ды. Енді театрдың дизайнына көңіл 

бөлу  қажет.  Жаңа  өнер  ордасының 

табалдырығын  аттаған  кез  келген 

көрермен  салтанатты,  қайталанбас 

атмосфераға  енуі  тиіс.  Ал  ол  үшін 

көрермендер  залын  ғана  емес, 

бүкіл  дәліздер  мен  фойелерді  за-

манауи  нақышта  әрлендіруіміз  ке-

рек. Әр қабатты, әр фойені жарық, 

адамға  ерекше  көтеріңкі  көңіл  күй 

сыйлайтын  түске  бояу  жағына  ден 

қойыңыздар. Бұл ғимарат бірінші ке-

зекте қарапайым көрермен үшін жа-

салатынын естен шығармаңыздар, – 

деді облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ.

Облыстық 

драма 

театрын 


еліміздің 

үздік 


театрларының 

біріне  айналдырып  тұрған  нәрсе 

деп  оның  соңғы  үлгідегі  жаңа  сах-

на  кешенімен  жарақтандырылуын 

айтуға  болады.  Мұндай  заманауи 

кешен  Қазақстандағы  екі-ақ  өнер 

ордасында  бар  көрінеді.  Оның  бірі 

Алматыдағы  Лермонтов  атындағы 

рылысы 

басталғанына 



осымен 

алты  жыл  болыпты.  Бірнеше  рет 

ауысқан  мердігер  компаниялар-

дың  жауапсыздығынан  аталмыш 

нысанның  құрылысы  сағызша  со-

театр  болса,  екіншісі  –  Астанадағы 

опера  және  балет  театры  екен. 

Қазір  шығысқазақстандық  театр 

актерлеріне  тың  шығармашылық 

қырларымен  танылуға  мүмкіндік 

беретін  жаңа  сахна  кешені  мен  ап-

паратураны  Ресейден  келген  ма-

мандар  орналастыруда.  Дегенмен, 

мұндай  техникамен  жұмыс  істеу 

үшін  білікті  мамандар  –  инженер-

лер  мен  механиктер  қажет.  Облыс 

әкімі Даниал АХМЕТОВ мұндай ма-

мандарды  қазірден  іздестіре  беру 

керектігін еске салды.

Сонымен қатар, аймақ басшысы 

нысандағы жұмыс қарқынын еселеу 

керек  екенін  қадап  айтты.  Ол  үшін 

мұнда жергілікті құрылыс компани-

яларын да тарту қажет.

–  Дәл  осындай  зәулім  нысан-

да  бір  мезетте  кем  дегенде  200 

адам  жұмыс  істеуі  тиіс.  Әйтпесе, 

театрды  қолданысқа  жуық  ара-

да  бермейтініміз  анық.  Сондықтан 

келесі аптаға дейін нысанды қажетті 

мөлшердегі  жұмыс  күшімен  қамту 

мәселесін шешіңіздер, – деген аймақ 

басшысы  театр  биылғы  1-мамырда 

ашылуы керек екенін ескертті.



Электр қуатымен қамту

мәселесі шешімін таппақ

Аймақ  басшысы  Даниал  АХ-

МЕТОВ  сонымен  қатар,  облыстық 

қан  орталығында  болып,  нысан 

басындағы  жұмыс  қарқынымен  та-

нысты.  Облыстағы  ең  «сақалды» 

да  даулы  құрылыс  нысандарының 

бiрi болып тұрған қан орталығында 

бүгінде  айтарлықтай  шаруа  тынды-

рылыпты.  Қазір  мұнда  ғимараттың 

ішкі  бөлмелерін  әрлеу  сияқты 

ұсақ  жұмыстар  ғана  қалған  екен. 

Болашақта  облысымыздағы  іргелі 

медициналық  мекеменің  біріне  ай-

налатын қан орталығына бас сұққан 

аймақ  басшысы  құзырлы  органдар 

өкілдеріне  жұмысты  ширатып,  ны-

санды  тезірек  пайдалануға  беру 

керектігін айтты.

Естеріңізге 

сала 

кетейік, 



облыстық  қан  орталығының  құ-

зылып  кеткен.  Ал  қазіргі  мердігер 

компанияның 

мамандары 

қан 

орталығы  көктемде  пайдалануға 



беріледі  деп  сендіріп  отыр.  Де-

генмен,  бұл  нысанда  да  түйткілді 

мәселелер бар екен. Және оның ең 

негізгісі ғимаратты электр қуатымен 

қамтуға қатысты.

Қазір 


облыс 

орталығында 

электр  энергиясының  тапшылығы 

сезілуде. 

Осыған 

байланысты 



қаланың  жаңадан  бой  көтеріп 

келетін  ықшамауданындағы  қан 

орталығын  электр  қуатымен  қамту 

жағы  қиындық  туғызып  отырғанға 

ұқсайды.  Мамандардың  айтуын-

ша, медициналық мекеменің толық 

қуатта  жұмыс  істеуі  үшін  бір  мега-

ватт  көлеміндегі  электр  энергиясы 

қажет. Ал «ШҚ АЭК» АҚ болса, бұл 

мөлшердің жартысын ғана ұсынуға 

әзір.

Аймақ  басшысы  Даниал  АХМЕ-



ТОВ бір апта ішінде қан орталығын 

қажетті  мөлшердегі  электр  энер-

гиясымен  қамту  мәселесі  шешімін 

табатынына сендірді.

Сонымен  қатар,  бүгінде  мұнда 

медициналық  құрал-жабдықтарға 

қатысты 

мәселенің 

де 

түйіні 


тарқамай  тұр.  Келтірілген  дерек 

бойынша,  қан  орталығына  415 

миллион  теңгенің  құрал-жабдығы 

сатылып  алынуы  керек-тін.  Алыс 

шетелден  әкелінетін  аппараттарға 

алдын  ала  төлем  жасалу  қажет. 

Ал  мұндай  қаражат  қазірде  жоқ  

екен.


–  Қан  орталығының  ресурста-

рына  қатысты  негізгі  мәселелер 

шешімін  тапқанын  білемін.  Деген-

мен,  қолымызда  медициналық 

мекеменің  бүгінгі  жағдайын  сипат-

тайтын  құжаттар  болуы  керек.  Жа-

уапты тұлғаларға апта соңына дейін 

осы құжаттарды әзірлеуді тапсыра-

мын,  –  деген  облыс  әкімі  құзырлы 

органдардың  басшылары  құрылыс 

нысандарында  атқарылған  жұмыс 

туралы  апта  сайын  есеп  беріп  оты-

рулары керек екенін де ерекше атап 

өтті.


Каталог: storage
storage -> Наименование Реквизиты регистрационного удостоверения
storage -> Директорлар кеңесі 2013 жылдың 10 қаңтарында (№1/2013 хаттама) Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысы өткізілді, онда төмендегі мәселелер қарастырылды: «Автоматты басқару жүйесі «Энергодиспетчерлік тартым»
storage -> Конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандарты
storage -> В россии заболеваемость достигает 14-15 ‰
storage -> Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiн бекiту туралы
storage -> Сценарийлер жинағы Сборник сценариев Көкшетау 2015 Әож 821. 512. 122-93 кбж 84 (5 Қаз) е 74
storage -> Оқу-әдістемелік құрал Қасен Гүлжазира Аманжолқызы Астана 2013 ж Алғы сөз


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет