13 мамырдағы №06-2/254 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы



Дата05.02.2018
өлшемі28.49 Kb.
#57368
«Ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне

сорт сынағын жүргізудің әдістемесін

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

міндетін атқарушының 2011 жылғы

13 мамырдағы № 06-2/254 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы

бұйырамын:

1. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне сорт сынағын жүргізудің әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 06-2/254 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне сорт сынағын жүргізудің әдістемесінде:

164-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«164. Себуге арналған тұқымдық материалдың егу сапасын егуге 20 күннен кешіктірмей деректерді алу есебімен мемлекеттік сорт сынау учаскелерінің зертханаларында немесе тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларда талдайды. Өнгіштігі не көктеу қуаты төмен тіршілікке қабілетті тұқымдарды жылы ауамен өңдеуден өткізеді, содан кейін тексереді. Жылы ауамен өңдеуді жергілікті ережелерге сәйкес тұқымдарды талап етілетін кондицияға дейін уақтылы дайындауын қамтамасыз ететін мерзімде жүргізеді.»;

166-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«166. Мемлекеттік комиссияның тәртіптемелеріне сәйкес тұқымдарды алғаннан кейін, ілеспе құжаттардың болуына қарамастан мемлекеттік сорт сынау желісінде барлық сорттар мен будандардың тұқымдарын талдайды. Талдауды тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларда жүргізеді. Тұқымдарға қайтадан фитопатологиялық талдау жүргізбейді.»

170-тармақта:



бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«170. Жерге егіп бақылауға себу сапалары бойынша тұқымға арналған стандарттардың бірінші және екінші сынып талаптарына жауап беретін дәнді, дәнді бұршақ және жармалық дақылдардың тұқымдары жіберіледі. Жіберер алдында тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларда тұқымның егістік сапасына сараптама жүргізіледі.»;

алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Себу алдында тұқымдардың келіп түскен үлгілерін қолданыстағы МЕМСТ бойынша түпнұсқалығына талдайды. Егер тұқымдардың үлгілерінде басқа сорттардың қоспалары үшінші сорт санаттары үшін стандарт белгілеген нормадан жоғары болса, онда мұндай тұқымдар себілмейді, ал талдаудың нәтижелерін тұқымдардың үлгілерін жіберген тиісті инспектураның бастығына және мемлекеттік сорт сынау учаскесіне хабарлайды.»;

233-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«233. Мемлекеттік сорт сынау учаскесінде және тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларда жүргізілген талдаудың деректері бойынша есепте егу және отырғызу материалының сапасы көрсетіледі. Тұқымның сорттық сапасы ілеспе құжаттар, деректерінің байқап көру нәтижелерінің немесе бау үлгілері талдаудың негізінде сипатталады. Өндіріс технологиясының элементтері қолданылатын машиналар мен саймандардың маркаларын, енгізілетін тыңайтқыштардың, пестицидтердің және өсімдіктерді қорғайтын басқа да құралдардың түрлері мен мөлшерін көрсете отырып, алдыңғы дақылды жинау күнінен бастап тәжірибені аяқтауға дейін дәйекті көрсетіледі.»

242-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:



«242. Химиялық және технологиялық талдау үшін астықтың (тұқымның) үлгілерін іріктеп алар кезінде мемлекеттік сорт сынау учаскелерінің мамандары стандартта жазылған «Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары. Үлгілерді іріктеп алу» МЕМСТ 12036-85 ережелерін басшылыққа алады».

2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Министр А. Мамытбеков



Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет