12 жылдық білім беру жағдайындағы жаратылыстану пәндерін оқытудағы психо-педагогикалық аспектілері Сандибаева Назира



Дата14.07.2017
өлшемі55.95 Kb.


12 жылдық білім беру жағдайындағы жаратылыстану пәндерін

оқытудағы психо-педагогикалық аспектілері
Сандибаева Назира

Қазмемқызпу, п.ғ.к., аға оқытушы


Елбасымыз өзінің 2011 жылғы Жолдауында: «2020 жылға қарай білім берудің 12 жылдық үлгісіне толық көшу жүзеге асырылады. Бұл үшін 2015 жылға қарай республикалық бюджет қаражаты есебінен және сол мөлшерде жергілікті бюджет есебінен кем дегенде 200 мектеп салынатын болады.» - деп атап өтті. Бұл нұсқау бойынша жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы, қоғамның даму қарқыны білім берудің міндеттерін қайта қарауды талап етеді. Қазіргі жалпы білім берудің ұлттық деңгейіндегі басты міндеттердің бірі – әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірге белсенді қатысуға дайын шығармашыл, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі: жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой- өрісін байыту»,- деп атап көрсетілген. Осы міндетке сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, шығармашылық іс-әрекетке түсе алатын тұлғаны қалыптастыруда оқу экспериментінің орны ерекше.

2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында, Президенттің халыққа арнаған жолдауларында әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кірудегі міндеттер білімді, талантты, жігерлі, өзіне сенетін және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар шығармашыл жастарға жүктелген. Демек, болашақ жастарымыздың өз мүмкіндіктеріне сенімді болуын қамтамасыз ететін білім берудің жаңа парадигмасы оқытудың субъектілігін мойындайтын, оның әлеуетіне тікелей әсері мол шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық, әдістемелік негіздерін айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады.

Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы, қоғамның даму қарқыны білім берудің міндеттерін қайта қарауды талап етеді. Қазіргі жалпы білім берудің ұлттық деңгейіндегі басты міндеттердің бірі – әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірге белсенді қатысуға дайын жан-жақты бейімделгіш, шығармашыл, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру.

Ал бұл өз кезегінде 12 жылдық оқыту мүмкіндіктерімен айқындалады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудің дамыту тұжырымдамасындағы оқушыларға сапалы білім беру, еліміздің ертеңгі күніне қажетті ізденімпаз, жаңашыл тұлғаларды қалыптастыру талаптары қойылған. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру мен қызығушылығын дамыту арқылы оқушылардың шығармашылық тәжірибе жинақтауына сәйкес келетін тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру үдерісі жүруі керек делінген. Олай болса, мемлекетіміздің дамыған елдердің қатарына қосылуға деген талпынысы отандық білім мен ғылым саласын жоғары деңгейге көтеруге мол мүмкіндіктер беріп отыр. Осыған орай, 12 жылдық білім беру жағдайындағы жаратылыстану пәндерін оқытудағы психо-педагогикалық аспектілерін дұрыс шешу бүгінгі қоғамның ілгері дамуының шешуші факторы болып табылады.

Әлемдік білім кеңістігіне енудің жаңашылдық стратегиясына сәйкес, психология, педагогика ғылымында 12 жылдық білім беру жағдайындағы жаратылыстану пәндерін оқытудағы психо-педагогикалық аспектілері туралы идеяларын зерттеу және талдауды талап етеді. Ғылыми әдебиеттерде қалыптасқан түсініктердің бәрі 12 жылдық білім беру жағдайындағы жаратылыстану пәндерін оқытудағы психо-педагогикалық аспектілері ұғымының негізінде құрылып, шығармашылық және оқу іс-әрекеті арасындағы байланыс адамның мақсатқа бағытталған белсенділігі мен оның сыртқы ортамен байланысына негізделгенін көрсетіп, қазіргі кезеңде көп дайындықты талап етеді.

Қазіргі талғампаз қоғамның барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қабылданған 12 жылдық білім беру жағдайындағы жаратылыстану пәндерін оқытудағы психо-педагогикалық аспектілерін – ерекше қоғамдық маңызды құндылықтар жасау бойынша адамның немесе адамдар ұжымының мәселелері ретінде көрсетуге болады:


  1. оқушылардың өз бетінше іздену әрекетін және өзіндік білім алуын ұйымдастыру, дамыту;

  2. оқушылардың құқығын қорғау, олардың құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейін қалыптастыру, мемлекет жүйесінің мүмкін құқықтарын пайдалану;

  3. толеранттық, өзгенің пікірін тыңдау, диалог жүргізе білу, өзара келісімге келу мүмкіндігін қарастыру.

Бұл мәселелерді жалпы білім беру мамандарының назарына ұсына отырып, тез арада негізгі шешімге келіп, бір қорытынды шығару керек.

12 жылдық білім беру жағдайындағы жаратылыстану пәндерін оқытудағы психо-педагогикалық аспектілері – оқушының танымдық әрекетінің белсенділігі оның шығармашылық ізденуіне әсер етіп, белгілі бір іс-әрекетте жоғары нәтижеге жетуін ұштастырады.

12 жылдық білім беру жағдайындағы жаратылыстану пәндерін оқыту әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін үдерісте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекетін туғызады. Сонымен, 12 жылдық білім беру жағдайында жаратылыстану пәндерін оқыту – күрделі құбылыс, оның жүйе ретінде құрылымы, ішкі байланыстары бар және оған белгілі бір дәрежеде қозғалыс, яғни іштей өзара ауысулар, өзгерулер тән. Жоғарыда сөз етілген жайттар іс-әрекет түрлерін топтастырып, бір жүйеге келтіру осы бағытта үздіксіз зерттеулерді қажет ететінін көрсетеді. Іс-әрекет теориясында бұл мәселеге көп көңіл бөлінгенімен, оқушы іс-әрекетінің түрлерін жүйелейтін ортақ көзқарас әлі де болса калыптаспаған. Бұл мәселенің шешілуі келешекте психологиялық, педагогикалық зерттеулерде көрініс табатыны даусыз дей келе, өз кезегімізде адам іс-әрекетінің бір көрінісі ретінде 12 жылдық білім беру жағдайындағы жаратылыстану пәндерін оқытудағы психо-педагогикалық аспектілерін жан-жақты қарастырамыз. Біздегі 12 жылдық білім жүйесі кең сипат алып барады. Халықаралық стандарт бойынша, біздің 11 жылдық орта білімімізде 26 апта уақыт кем екен. Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі жасаған 12 жылдық білім берудің бағдарламасы мен Ресей Білім министрлігінің осыған сәйкес бағдарламасын қарап шыққанымызда, ешқандай айырмашылық таба алмадық. Халықаралық стандартқа сай, бірақ ұлттық бет-пішінді білім жүйесін қалыптастыру туралы іске аспай келеді. Білім саласындағы мамандардың бұған орай келтірер уәжінің ең бастысы — 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу арқылы біз бәсекелестікке қабілетті білімді жас буынды дайындап шығарады. Өйткені, біздің дипломдарымыз шет елде жарамды болуы үшін, бала міндетті түрде 12 жыл жалпы білім беретін мектепте білім алуы керек.

12 жылдық білім беру жағдайындағы жаратылыстану пәндерін оқытудағы психо-педагогикалық аспектілері негізгі мәселені қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу барысында нәтиженің нақты көрінуі түрінде анықталған. Жаратылыстану пәндерін оқытуда ойлаудан басқа шығармашылық іс-әрекет себеп, көңіл-күй, жады, ерік сияқты психикалық құбылыстарды қамтиды.

Біздің көзқарасымыз бойынша, оқушылардың танымдық іс-әрекетін жаңа инновациялық технологиялар арқылы қалыптастыру жаратылыстану және техникалық ғылымдарда ақиқатты табудың және оны дәлелдеудің жолы ретінде танылған, оқу-танымдық іс-әрекет үдерісінде тұлғаның жаңалық ашу арқылы өзін көрсетуі мақсатында қолданылатын құрал екендігін мойындауға негізделеді. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдары – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту үдерісінің мазмұндық болмысына жаңа ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді.

Зерттеу мәселесі күрделі болғандықтан, оның барлық бағыттарын толығымен қарастырып шығу мүмкін емес, өйткені қоғам талабынан туындап отырған сұранысты қанағаттандыру білім саласының басты идеологиясы болып табылады. Ал оның барлығын бір ғана зерттеу проблемасының аясына сыйғызу мүмкін емес. Сондықтан зерттеу барысында алынған нәтижелер оны шешудің бір ғана жолы деп есептеп, бұл бағыттағы ізденістер жекелеген пәндерді ізденіспен оқыту; тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыру; сондай-ақ негізгі сыныптарда оқушылардың шығармашылығын дамыту проблемалары арнайы, дербес зерттеуді қажет етеді деп санаймыз.





Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет