11 сынып Тақырып: Антропогендік жер бедері Тапсырма



Дата18.03.2018
өлшемі31.09 Kb.
11 сынып

Тақырып: Антропогендік жер бедері

Тапсырма: Берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Антропогендік жер бедері не себептени пайда болады?

  2. Антропогендік жер бедері қандай түрлерге бөлінеді? Мысалдар келтіріңіз.

  3. Қазақстанның қай аймақтарында антропогендік жер бедері қалыптасқан? Не себептен?


Антропогендік жер бедері – адамның іс-әрекеті нәтижесінде өзгерген жер бедерінің пішіні.

Қазіргі кезде Жер шарындағы құрлықтың 46 – 50%-ынан антропогендік жер бедері байқалады. Мұндай жер бедері бейберекет (нерационально) және жоспарлы түрде қалыптасады. Бейберекет (расточительное) антропогендік жер бедері адамдардың ауыл шаруашылығын, орман шаруашылығын игеру, тау-кен өндірісі, жол салу әрекеттері, әскери іс-қимылдарының беталды жүргізілуі нәтижесінде пайда болса, ал жоспарлы антропогендік жер бедері қоғамның мақсатына сәйкес, шаруашылық және әлеуметтік-тұрмыстық (азаматтық, өнеркәсіптік, әскери және инженерлік құрылыстар, т.б.) қажетінен пайда болады.

Антропогендік жер бедері оң (үйінді, дамба, бөгет және т.б.) және теріс (каналдар, ойыстар, бөгендер, суландыру жүйесі, карьерлер және т.б.) болып бөлінеді. Мұндай жер бедерлері табиғи ландшафтты бұзады. Жерді игеруде жіберілген қателер мен тиімсіз пайдалану әсерінен шаруашылықтық айналымнан шығып қалған жердің де ауданы артып отыр. Олар: бедлендтер*, антропогендік карстер, карьерлер, тұзданған және батпақтанған (заболоченный) территориялар, қозғалмалы құмдар мен өнеркәсіп-тұрмыстық қалдықтар жиналатын аймақтар.

Қазақстанның басым бөлігінде антропогендік жер бедері байқалады. Оған мыңдаған км-ге созылған темір жол бойындағы үйінділер, тереңдігі 700 м-ге жететін (Қазақстан: Сарыбай, Қашар кен орындары) және аумағындағы ондаған км² болатын ( Павлодар облысы: Богатырь, Северный ) ірі карьерлер жатады. Антропогендік әрекеттер келешекте Каспий теңізінің су асты бедеріне әсерін тигізуі мүмкін, себебі теңізде аумағы 5 – 7 мың м² болатын жасанды аралдар жасау жоспарлауда.

Пайдалы қазбаларды өңдеу барысында әр түрлі аккумуляциялық, яғни үйінділердің (террикондардың) пайда болады және ашық тәсілмен өндіргенде ауқымды қазынды-ашық кеніштер қалыптасады.

Инженерлік-құрлыстарды, елді-мекенді салу барысында аумақты тегістеу және топырақ үйінділерінің түзілуі, қоқысты жерлер пайда болады, сонымен қатар мұнай мен газ құбырларын салғанда топырақ жамылғысы бұзылып, темір мен тас жолдарын жағалай жыралар пайда болады.

Агрогендік процестер - жыртылған жерлерде эрозиялық әрекетінен алаңдық шаю және үйілу, топырақтың батпақтануы және сорттандануы, жайылымдық жерлерде топырақ деграциясы, шаңғыту, шөл құбылыстары байқалады.

Қазылып, кен өндіріліп алынған соң қалып кеткен, жабылмай аузы ашық қалған радиациялық қауіпті кен орындары мен карьерлер мəселесін тудырады, мысалы Қарағанды облысы Шет ауданындағы Ақшатау елді мекені, Ақтоғай ауданындағы тастап кеткен геологиялық қазба орындары (Октябрь, Майтас, Қызыларай, Қызыл, Аномалия-8, Тасарал). Тараз, Алматы, Шымкент, Балқаш,Риддер, Өскемен қалаларында лас заттардың концентрациясы жыл бойына белгіленген мөлшерден 5-10 есе артық.

Антропогендік процестерге байланысты соңғы кездегі табиғат (сорттандану, опырылмалар, эолдық дефляция мен аккумуляция, ластану және т.б. зиянды құбылыстар) күннен күнге қарқынды түрде дамып келеді. Бүгінгі таңғы антропогендік әсерлер жер бедерінің өзгеруінде ең маңызды фактор ретінде жылдан-жылға өсіп келеді, соның салдарынан қоршаған ортаның табиғи тепе-теңдік жағдайы бұзылып, әр түрлі өзгерістер пайда болуда. Кейде мұндай әрекеттер ғаламдық көлемдік ірі өзгерістерді туғызады.

Антропогендік ландшафтарды жақсартудың үш негізгі бағытын ажыратады:

1) Әртүрлі мелиоративтік әдістерді пайдалану;

2) Оларды «күту, бағу» : орман ағаштарында санитарлық кесулер, өртке қарсы шаралар

қолдану, шаруашылықта пайдалану нормаларын қатаң сақтау;

3) игерілген жерлерді рекультивациялау және көгалдандыру (озеленение).

Ішкі күштерден пайда болған қалпын сақтауға тырысу. Егер мәдени ландшафт шаруашылықта дұрыс қолданылмаған территорияларда құруға жоспарланса онда осыған сәйкес «емдеу» шараларын қолдану қажет.

Қолданылған сілтеме: http://www.studfiles.ru/preview/5354154/page:14/ Қоршаған ортаны қорғау



Бедленд (шөл адырлар) -эрозияның әрекеті нәтижесінде құрғақ климат жағдайында пайда болған аласа таулы жер бедерінің күрделі түрі. (география ғылымының терминдері cайты)


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет