11 сынып. Геометрия. І жартыжылдық бақылау жұмысы. Тақырып: Көпжақтар және айналу денелері. Мақсаты



Дата30.06.2017
өлшемі36.3 Kb.
11 сынып. Геометрия.

І жартыжылдық бақылау жұмысы.


Тақырып: Көпжақтар және айналу денелері.
Мақсаты: Оқушылардың үшбұрышты және төртбұрышты призма мен пирамиданы, оның элементтерiн кескiндей алу, параллелепипедтiн, тiк және дұрыс призманың, дұрыс пирамиданың элементтерiн, беттерiнiң ауданын табуға берiлген есептердi шығара алу, цилиндр мен конустың беттерiнiң ауданын есептей алу білім, білік, дағдыларын тексеру
І нұсқа.
1. Тік параллелепипедтің табан қабырғалары 3 см және 5 см, олардың арасындағы бұрышы 60. Параллелепипедтің үлкен диагоналыі 10 см. Параллелепипедтің бүйір қырын тап.

2. Дұрыс төртбұрышты пирамиданың бүйір 12 см. Ол табан жазықтығымен 60 бұрыш жасайды. Пирамиданың бүйір бетінің ауданын тап.

3. Цилиндрдің табанының диаметрі 10 см. Цилиндр осінен 3 см қашықтықта оған параллель және квадрат пішінді қима жүргізілген. Осьтік қиманың ауданын тап.

4. Гипотенузасы 25 см және оған тұрғызылған биіктігі 12 см болатын тікбұрышты үшбұрышты гипотенузадан айналдырған. Пайда болған айналу денесі бетінің ауданын тап.

_____________________________________________________________________________
ІІ нұсқа.
1. Диагональдары 6 см және 8 см болатын ромб тік параллелепипедтің табаны болып табылады. Бүйір жағының диагоналі см. Параллелепипедтің үлкен диагоналін тап.

2. Дұрыс төртбұрышты пирамиданың бүйір жағының биіктігі 10 см. Егер бүйір жағы табан жазықтығымен 60 бұрыш жасаса, онда пирамиданың толық бетінің ауданын тап.

3. Осьтік қимасы квадрат болатын цилиндр табанының радиусы 10 см. Цилиндрдің осінен 8 см қашықтықта цилиндр осіне параллель қима жүргізілген. Осы қиманың ауданын тап.

4. Катеттері 30 см және 40 см болатын тікбұрышты үшбұрышты гипотенузасынан айналдырған. Пайда болған айналу денесі бетінің ауданын тап.



КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ (рубрикаторы дескрипторларымен):


Критерий

Жетістік

деңгейі

Дескрипторлар

А

(max6)

0

Оқушы төмендегі критерийлердің біреуін де орындаған жоқ.

1

Тік параллелепипедті жазықтықта дұрыс кескіндей алады.

1

Тік параллелепипедтің диагоналі мен бүйір жағының диагоналін ажырата біледі.

1

Тапсырманың жауабын дұрыс таба біледі.

0

Оқушы төмендегі критерийлердің біреуін де орындаған жоқ.

1

Цилиндрді дұрыс кескіндей алады.

1

Цилиндрдің осьтік және басқа қималарын дұрыс кескіндей алады.

1

Қиманың ауданын дұрыс таба біледі.

В

(max6)

0

Оқушы төмендегі критерийлердің біреуін де орындаған жоқ.

2

Дұрыс пирамиданы жазықтықта дұрыс кескіндей алады.

2

Берілген бұрышты дұрыс көрсете алады.

2

Пирамиданың толық бетінің ауданын таба алады.

С

(max 6)



0

Оқушы төмендегі критерийлердің біреуін де орындаған жоқ.

2

Тікбұрышты үшбұрышты гипотенузасынан айналдырғанда пайда болған айналу денені сызбада кескіндей алады.

4

Тікбұрышты үшбұрышты гипотенузасынан айналдырғанда пайда болған айналу дененің бетінің ауданын таба біледі.


ТЕКСЕРУ БЕТІ:

Критерийлер бойынша ұпайлар саны

Жалпы ұпайлар саны

Бағасы

А

В

С







6

6

6

18

5


ҰПАЙЛАРДЫ БАҒАҒА АУЫСТЫРУ ШӘКІЛІ:


Жинаған ұпайлар саны

Баға

16-18

«5»

13-15

«4»

9-12

«3»

0-8

«2»

Каталог: uploads -> doc -> 0d5a
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0d5a -> Кіріспе: Кіріспе
0d5a -> Жағымсыз Мінезі жұмсақ, жасқаншақ


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет