104 жалпы білім беретін мектеп Пән мұғалімі: Өтегенова Лаззат



Дата05.04.2018
өлшемі48.38 Kb.
түріСабақ
Алматы қаласы

Әуезов ауданы

104 жалпы білім беретін мектеп

Пән мұғалімі: Өтегенова Лаззат

Бастауыш сынып мұғалімі



Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «В»

Сабақтың тақырыбы: Ж. Өмірбеков «Асығым» 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Қазақ халқының ұлттық ойыны асық туралы жалпы түсінік беру. Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырта отырып, бабаларымыздың ойыны туралы түсініктерін кеңейту. 
Дамытушылық: Өлеңді түсініп оқу арқылы оқушыларды өз ойын еркін айтуға, кез келген мәселені сыни тұрғыда өзінше шешуге жағдай туғызу. Мәтінді өз бетімен зерттей оқу арқылы ойлануға, спорттық әлемдік деңгейдегі ойындар қатарына қостыруға ой туғызу. 
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлей білуге, 
дәлдікке, мергендікке, ептілікке, жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, «Ыстық орындық» әдісі, топпен жұмыс,ойын.
Сабақ барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Оқу құралдарын даярлау.
Психологиялық дайындық:
 
Сабақты біз бастайық, 
Артта қалып қоймайық! 
Қандай сұрақ болса да, 
Жауап таппай қоймайық! 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру,бағалау.
Дәстүріңді таны, салтыңды сақта!
«Сайгүлік» Құл-Керім Елемес

1. «Ыстық орындық» әдісі. Бір-бірлеріне сұрақтар қою,бағалау.
2. Ақбозды көтерем жағдайға жеткізген адамға хат жазу.Оқушыларға жазған хаттарын оқыту.

III. Жаңа сабақ.
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білейік:
Әліпби реті бойынша «Асығым» тақырыбын шығару.
 
Қазақ халқының көптеген ұлттық ойын түрлері кездеседі. «Орамал тастау»,«Ақ сандық, көк сандық»,«Түйілген орамал»,«Жасырынбақ»,«Бестас»,«Асық ойындары»,«Сақина тастау»,«Хан талапай»,«Соқыртеке»,«Тоғызқұмалақ» . Осы ойындардың ішінен асық ойындарына тоқталсақ. 
Алдымен жаңа топ құрып алайық.Қоржыннан асықтар аламыз, түсіне қарай топқа бөлінеміз.
Мұғалім:
 
- Асық туралы не білеміз? 
Оқушылар: 
- Асық - қазақ халқының ұлттық ойыны. 
- Асық - қазақ халқының ырымдарында қадірлі сүйектің бірі. 
- Балалардың ермегі, ойыншығы, сүйікті ойыны болған. 
Өлең авторымен таныстыру.

Жаппар Өмірбеков - 1920 жылы 20 қарашада Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының «Бесоба» кеңшарына қарайтын Қоңыртөбе тауының бауырында туған. Қарағандының қазіргі Жамбыл атындағы қазақ мектебінде, мұғалімдер институтында оқиды. Сосын Тельман ауданының мектептерінде ұстаздық етеді. 
Компьютер ойындары баланы ашушаң, қатігез, мейірімсіз етеді. Көз жанарын бұзады. Қазір екі баланың бірі көзілдірік киеді, ал Асық ойыны бұрын батырларымызды мергендікке тәрбиелеген.Асық ойыны - қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек - асықтай ойналады. Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Асықты ұзақ уақыт сақтау үшін қынамен бояған.Сонда шірімейді,иісі шықпай ұзақ уақыт сақтаған.Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Қазақы ортада сақалар құнды бұйым ретінде ойыншылардың арасында әртүрлі айырбасқа түсіп отырды. Мысалы, бір сақа екі асыққа айырбасталды. Ал құлжаның сақасы үш асыққа тең болған деген сияқты. Ойыншылар асықтың күтіміне ерекше мән берді. Әсіресе, әртүрлі түске боялған асықтар да жоғары бағаланды. Қазақ әйелдері жүн бояғанда бояудың басыртқысына немесе қалған қалдығына асықтарды салып бояған.Асық ойыны баланың жастайынан нерв жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған. 
Асық ойыны, баланың күн ұзақ қимылына тигізер әсері мол. Ойын барысында: 
• жүгіру • жүру • иілу • секіру • сақа иіру • көздеп тигізу • лақтыру, ату т. б. қимыл-қозғалыстар жатады. 
Оқулықпен жұмыс:
А) Мұғалімнің оқуы. 
Ә) Оқушылардың оқуы. Оқи отырып өздеріне түсініксіз сөздерді қарындашпен белгілеп отыру .
Сөздік жұмысы :
Кеней-ұсақ асық.
Сергіту сәті: «Асық ату», «Хан талапай» ойындарын ойнату. 
Ән: « Ләй-ләй»
Дәптермен жұмыс.
IV. Жаңа материалдан түсінгенін тексеру кезеңі.
– Асық туралы не білеміз? 
– Асық ойнаған кезде қандай қимыл - қозғалыстар болады? 
- Ақын алшы тұрған асық үшін неге қуанды? 
- Өлеңде асықтың тұрыстары туралы не айтылған? 
Асықты иіріп тастағандағы жатыс түрлері: 
1. Ең сәтті тұрғандағы атауы «алшы». /барлығын бірден ұтасың / 
2. Төңкеріліп тұрғаны тәукі /тәуекел мағынасы/ (тәйкі) 
3. Екбетінен жатқаны «бүк» /бүк түсіп жату/ 
4. Шалқасынан түскені «шік» /іші көрініп жатуы/ 
5. Егер еңкейіп, тұмсығымен тік қадалса «омпа» / омақаса құлаған / 
6. Таза тұрмай - алшы тұрғаны қисайып, не тәйкі қисайып тұрса «қырта» дау туғызатын /қырынан жату/ деп аталады.
V. Қорытындылау.
Сауалнама «Сен асық ойнайсың ба?»
Асыққа байланысты ырымдар:
 
Ә. Ер баланың бесігіне қасқырдың асығын, тырнағын тағуы мүмкін, ауырмасын - көз тимесін және айбатты, қайтпас қайсар, болсын дегені. Қыз баланың бесігіне - еліктің асығын, әдемі сұлу ел қызығар көркі болсын дегені. 
Б: Ерте кездегі табиғаттың қатал, аңдардың олжаға оңай ілікпейтіндігін, аңшының адал еңбегі, ер азаматтың қайраты мен жау жүректілігі екендігін жақсы білеміз. Сондықтан да аңның асығы қадірлі болады. 
VI. Бекіту.
Топтастыру:
- Асық неге үйретеді?

VII. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. Асықтың жатысына қарай атауларын жаттау.
VIII. Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау парақшалары арқылы бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет