1 тарау Түрік қағанаты
Түрік қағанаты – жерімізде құрылған алғашқы ерте феодалдық мемлекеттердің бірі. Қағанат оңтүстік-шығысында Қытаймен, оңтүстік-батысында парсылармен шектесіп жатты. Түрік қағанатының негізгі құрамы түркі тілдес халықтардан тұрады. Олардың басым көпшілігін теле (тирек) тайпалары құрады. Теле – түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша “теле” сөзінен “түрік” атауы қалыптасқан. Алғаш рет түрік этнонимі туралы 542 жылғы қытай жылнамасында жазылған. 552 жылы Түрік қағанаты құрылып, 603 жылға дейін өмір сүрді.
Түрік қағанатының негізін салушы – Бумын қаған. Ол жужандарды жеңген жеңісі үшін “елхан” деген атаққа ие болған. Бумын 552 жылы қаза болып, орнына баласы Қара-Еске қаған болды. Қара-Еске қағанның бастауымен түріктер Орхон өзенінің жоғарғы жағындағы Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңді. Ал 552-554 жылдары Мұқан қаған кезінде жужандар түріктерден бас көтерместей болып жеңілді. Осы кезден бастап түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды. Түріктер Орта Азияның ішкі аумақтарына жасаған жорықтарында эфталиттерден қатты қарсылық көрді. Түріктер эфталиттерді он жылдан кейін, 563-567 жылдары жаулап алды. 6 ғасырдың 70 жылдары Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. 6 ғасырдың екінші жартысында түріктердің билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Сөйтіп, Қытай, Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттерге өздерінің саяси ықпалын жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды.
Түріктер негізінен көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Қыстаулары тау бөктерлеріндегі шатқалдарда немесе Іле, Шу, Талас, Ертіс, Сырдария бойындағы тоғайлы жерлерде орналасты. Тараз қаласы маңынан түрік кезеңіне жататын қыстақ-кенттер табылған. “Күлтегін” жазба ескерткішінде де қала туралы сөздер кездеседі. Түріктердің алғашқы кездегі мәйітті өртеп жерлеуі отқа табынушылықтан туған.
Кең байтақ жерді алып жатқан Түрік қағанаты саяси жағынан бір орталыққа бағынған күшті мемлекет бола алмады. 581 жылы қағанаттың өз ішінде соғыстар басталды. Бұл жағдайды пайдаланған Қытай және басқа да мемлекеттер түріктерге шабуылдады. 603 жылы Түрік қағанаты Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінді.
Конспект сұрақтар
-
Түрік қағанатында тайпааралық соғыс қашан басталды:
-
Түрік қағанатындағы наным-сенім:
-
Түрік тайпаларының қыстақ-кенттері қайдан табылды:
-
Түрік тайпаларының қыстаулары орналасты:
-
Түріктер Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз бойына қашан үстемдік етті:
-
Түріктердің эфталиттерді жаулап алған кезі:
-
Алтай тайпаларын бағындырған қаған:
-
Қытай билеушілерінің түріктерге төлеген салығы:
-
Мұқан қаған тұсында түріктерді қалай атады:
-
Қара-Еске қағанның аварларды жеңген жері:
-
“Елхан” атағын алған түрік қағаны:
-
Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары:
-
545 жылы түріктердің бейбіт қатынаста болған мемлекеті:
-
Түрік этнонимінің қытай жылнамаларында белгілі болған уақыты:
-
Қазақстан аумағында құрылған алғашқы феодалдық мемлекет:
-
Қай жылы араб қолбасшысы Күтейба ибн Мүслим Шашты басып алды:
Батыс Түрик қағанаты
Конспект
Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Ол Жамбыл облысында Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты.
Он тайпа бес нушеби және бес дулу тайпаларына бөлінді. Шегу мен Тон қағандар тұсында қағанаттың саяси билігі күшейді. Шегу қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. Тон қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған. Халқының құрамы алуан түрлі тайпалардан тұратын қағандықта 630 жылдан бастап билік үшін талас басталды. Нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс 634 жылы билікті иеленді. Ешбар Елтеріс елді басқаруды қайта құрып, “он-оқ бұдун” жүйесін енгізді. Қағанның он түменнен тұратын әскери жасағы болды. Дулу мен нушеби арасындағы 640-657 жылдардағы тартыс қағандықты мүлде әлсіретті. Осыны пайдаланған Қытай әскері 659 жылы Жетісуға басып кірді.
Батыс Түрік қағанатының басқару жүйесінде қаған – жоғарғы билеуші және әскербасы болып саналды. Жоғарғы лауазымды қаған руынан шыққан ақсүйектер иеленді. Оларға ябғу, шад, елтебер атақтары берілді. Ал сот істерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі бектер болған. Қарапайым халықты “қара бұдундар” деп атаған. Түрік қоғамында “тат” сөзі құл деген мағынаны білдіреді.
Қағанаттағы негізгі шаруашылық – маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы болды. Қалалардың дамуында соғдылықтардың рөлі басым болған. 7 ғасырдың бас кезінде түріктер жаппай отырықшылана бастады.
Ал Шығыс Түрік қағанаты 682-744 жылдары өмір сүрді. Құтлық (Елтеріс), Қапаған қағандар тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды. Аумағы – Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір. Даңқты қолбасшы Тоныкөк түркі халқының жауынгерлік даңқын асқақтатты. 741 жылы Білге қағаннан кейін қағанат әлсіреп, ыдырай бастады.
Конспект сұрақтар
-
Қытаймен тиімді шарт жасасқан Шығыс Түрік қағаны:
-
Шығыс Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары:
-
“Қаған жасыл жібектен желбегей шапан киген” – деп жазған:
-
Түріктер жаппай отырықшылана бастады:
-
Батыс Түрік қағанатындағы негізгі шаруашылық:
-
Түрік қоғамында құлдықтың болғандығын аңғартатын дерек:
-
Салықтың “қанмен өтейтін” түрі:
-
Сот істерін атқарушылар:
-
Қағанаттағы жоғарғы билеуші және әскербасы:
-
Қытай басқыншыларын жеңген қаған:
-
659 жылы Жетісуға басып кірген мемлекет:
-
Ешбар Елтеріс қаған енгізген жүйе:
-
Билік үшін талас басталды:
-
Тон қағанның одақтасы болған ел:
-
Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған билеуші:
-
Шегу қағанның билік құрған кезі:
-
Батыс Түрік қағанатының алғашқы билеушісі:
-
Батыс Түрік қағанатының халқы:
-
Батыс Түрік қағанатының орталығы:
-
Қазақстан аумағында 603 жылы құрылған мемлекет:
Түргеш қағанаты
Конспект
Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрген. Үлкен ордасы – Суяб қаласы, кіші ордасы – Іле өзені бойындағы Күнгіт қаласы болды. Қағанаттың негізгі жер аумағы Жетісу болды. Сонымен қатар қағанаттың жері Шаш (Ташкент) қаласынан Бесбалық, Тұрфан қалаларына (Шығыс Түркістан) дейінгі аралықты қамтыды. Алғашқы қағаны – Үшлік. Түргештер сары және қара түргештер болып бөлінген. Олар Шу, Талас, Іле өзендерінің бойында өмір сүрген.
Сұлу қаған кезінде үш жақты күрес жүрді. Біріншіден, батыста арабтардың шапқыншылығы күшейді, екіншіден, шығыста Қытай қауіп төндірді. Үшіншіден, Шығыс Түрік қағанаты Жетісудағы ішкі қайшылықтарды пайдалануға тырысты. Сұлу қаған шығыстағы жағдайды әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық жолмен шешуге тырысқан. Сұлу қағанның шайқастарға тікелей өзі қатысуына және үнемі жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған “Сүзеген”, “Мүйізді қаған” деп ат қойған. 751 жылы түргештер Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген арабтар және қарлұқтармен бірлесіп, қытай әскеріне күйрете соққы берді. Қытайлардың аман қалған бөлігі Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды. Алайда жікке бөлінушілік тоқтамай, қағандық біржола әлсіреді. Бұл жағдайды пайдаланған қарлұқ көсемдері 756 жылы Түргеш қағанатын құлатып, билікті өз қолдарына алды.
Түргештер көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірумен, жартылай отырықшы егін салумен шұғылданды.
Конспект сұрақтар
-
Соғдылықтардың Жетісуға көптеп келе бастаған уақыты:
-
Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық:
-
Түргеш теңгелері соғылған қала:
-
Түргештерде шаруашылықтағы негізгі мәселенің бірі:
-
Түргеш қағанаты құлады:
-
Атлах шайқасында бірігіп шайқасты:
-
748 жылы Суябты жаулап алды:
-
Сұлудың орнына келген қаған:
-
Соғды жерінен арабтар қуып шығарылды:
-
Арабтардың Сұлу қағанға қойған аты:
-
Сұлу қағанның Тоқарстандағы арабтарды жеңген жылы:
-
Сұлу қағанның шығыстағы жағдайды жақсартуда қолданған тәсілдері:
-
Орданы Суябтан Талас қаласына көшірген қаған:
-
Түргештер туралы алғашқы деректер:
-
Түргеш қағанатының негізгі жер аумағы:
-
Түргеш қағанатының орталығы:
-
“Соғдылықтардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ” – деп жазған ғалым:
-
Түргеш мемлекетінің әлсіреуі нәтижесінде …… жылы Қарлұқ қағанаты құрылды:
-
Үшлік хан қай мемлекеттің қағаны болған:
-
Араб басқыншыларына қарсы шайқаста Сұлу қаған бірлескен ел:
Қарлұқ қағанаты
Конспект
Араб тарихшысы әл-Марвази қарлұқтардың құрамында тоғыз тайпа болған деп жазған: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси. Бұдан басқа лазана мен фаракия рулары аталады. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жері – Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық. Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аймақты алып жатқан қарлұқтар 756 жылы түргештерден билікті алып, өз мемлекеттерін құрды. Қағанат орталығы – Суяб қаласы. 840 жылы қарлұқтар қырғыздармен бірігіп, Ұйғыр қағанатын жеңді. Осы жеңістен кейін Испиджаб қаласының билеушісі Білге Күл Қадыр-хан өзін қаған деп жариялайды. Самани әулеті мұсылман дінін тарату сылтауымен “ғазауат соғыс” жариялап, Испиджабты басып алады. Қала билеушісі саманилерге алым-салық төлеп тұруға міндетті болды. Саманилер Таразды басып алып, қалада мешіт салдырды. Саманилерге қарсы күресті Базар Арслан мен Оғұлшақ (Білге Күл Қадыр-ханның балалары) жүргізген. Қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі 2 ғасырға жуық мерзімге созылды. Қарлұқ қағанатын ішкі тартыстар мен билік үшін күрес әлсіретті. Осыны пайдаланған Қашғардың түрік билеушілері 940 жылы Баласағұнды басып алды. Қағанат талқандалды. Баласағұнды екі жылдан кейін Сатұқ Боғра хан (Арсланның баласы) қайтарып алады. Осы ханның кезінде қарлұқтар арасында ислам дінін қабылдау басталды.
“Худуд әл-алам” қолжазбасында: “қарлұқтар тұрған аймақ – халық неғұрлым жиі қоныстанған және ең бай жерлер. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс бар” деп жазылған.
Қарлұқтарда аталарының зиратының басына тастан жасалған балбалдарды қою кең тараған. Түрік жазбаларында “Батыр ерлерін балбал етіп қойды” деген жазу табылды. 7-8 ғасырлардан құлпытас орнату дәстүрі дами бастады. Орхон-Енисей, Талас-Шу өзендері бойынан табылған түрік жазуларының ішіндегі ең атақтылары – “Күлтегін” мен “Тоныкөк” жазбалары. Бұл ескерткіштер Қарлұқ қағанатының кезінде түрік жазуының жаңа түрде дами бастағанын көрсетеді.
Конспект сұрақтар
-
Түрік жазуларының ішіндегі ең атақтылары:
-
Зират басына қойылатын тас мүсіндер:
-
Қарлұқтардың қыстаудағы баспаналары салынды:
-
“Қарлұқтар тұрған аймақ ең бай жерлер” – деп жазылған қолжазба:
-
Қарлұқтардың қосалқы шаруашылығы:
-
Қарлұқтардың қыстауларда тұрақтаған уақыты:
-
Қашғардың түрік билеушілері басып алған Қарлұқ қағанатындағы қала:
-
Қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі созылды:
-
Саманилердің діни ықпалы тараған аймақ:
-
Қарлұқтарға “ғазауат соғысын” жариялап, шабуылдады:
-
Қарлұқтардың Ұйғыр қағанатына қарсы күресі созылды:
-
Қарлұқтардың мемлекет құрып, күшейе бастағанын көрсететін дерек:
-
Қарлұқ қағанатының өмір сүрген мерзімі:
-
Қарлұқтардың Жетісуға жылжу себебі:
-
Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жері:
-
Қарлұқтарды “ежелгі түріктер” деп жазған:
-
7 ғасыр басындағы қарлұқтар құрамындағы тайпа саны:
-
Қай тайпа 756 жылы Түркеш қағандығын құлатып, билікті өз қолына алды:
Оғыз мемлекеті
Конспект
9 ғасырдың аяғы – 10 ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы – Янгикент қаласы (Жаңа Гузия). Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар алғашында 24 тайпадан тұрған. Бұл – оғыздардың жаңадан әр түрлі тайпалардан қалыптаса бастаған кезі. Әл-Марвази оғыздардың 12 тайпасы ғана жайлы жазады. Бұл кезең оғыз тайпаларының бір-біріне қосылып, халықтық халықтық дәрежеге көтеріле бастаған мезгілі болып есептеледі.
Оғыздардағы жоғарғы билік иесі – жабғу. Жабғудың мұрагері инал деп аталды. Оны атабектер тәрбиеледі. Әскербасы сюбашы деп аталған. Жабғудың кеңесшілері күл-еркін деп аталды. “Оғызнама” дерегінде көрсетілгендей, жабғу өзінің жерін 12 аймаққа бөліп басқарған.
Оғыздар қарлұқ, қимақ тайпаларымен бірігіп, Еділ мен Жайық аралығындағы печенегтерді жеңеді. 965 жылы оғыз жабғуы Киев князі Святославпен Хазарларға қарсы әскери одақ құрды. Нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. Орыс жылнамаларында 985 жылы князь Владимирдің оғыздармен одақтасып, бұлғарларға жорық жасағаны туралы айтылады. 10 ғасырдың соңы мен 11 ғасырдың басында Әли жабғудың кезінде мемлекет жағдайы күрт нашарлады. Үздіксіз соғыс пен шектен тыс алынатын алым-салық оғыздардың наразылықтарын туғызды. Жент қаласын салжұқтар басып алады. Алайда қала тұрғындары салжұқтарды Женттен қуып шығады. Әли жабғудың мұрагері Шахмәлік тұсында Оғыз мемлекеті күшейді. Ол 1041 жылы Хорезмді жаулап алады. Алайда 1043 жылы салжұқтардың қолынан қаза тапты. Қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. Ақырында, 11 ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлады.
Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жуара, Жент атты қалалардың орналасуы оғыздардың отырықшылығын дәлелдейді. Ал Сырдарияның орта ағысындағы Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ, Сауран қалалары туралы Махмуд Қашғари жазған.
Конспект сұрақтар
-
11 ғасырда оғыздарды Сырдария, Арал бойынан ығыстырған тайпа:
-
Оғыздардың күзгі жайылымдары туралы дерек қалдырды:
-
Оғыздарда елтірі беретін қойлар көп өсірілетін аймақ:
-
Жанкент, Жент, Жуара қалалары орналасты:
-
“Түрік қолөнердің барлық түрін өзі істейді…” деп жазған тарихшы:
-
Шахмәлік Хорезмді жаулап алды:
-
Салжұқтар басып алған қала:
-
985 жылы оғыздар шабуылдаған ел:
-
Оғыздардың Киев князімен бірігіп, Хазарларды талқандаған жылы:
-
Оғыздардың қарлұқ және қимақтармен бірігіп жеңген тайпасы:
-
Оғыздар жеріндегі аймақтар саны:
-
Оғыздардағы шонжарлар кеңесі:
-
Оғыздардағы жоғарғы билік иесінің лауазымы:
-
Оғыздар 24 тайпадан тұрған деп жазған ортағасырлық ғалым:
-
Оғыз мемлекетінің аумағы:
-
Жетісуда Қарлұқ қағанаты құрылғаннан кейін оғыздар ығысты:
-
Хазарларға қарсы соғыста Киев князі Святослав кімдермен одақ құрды:
Қимақ қағанаты
Конспект
9 ғасырдың соңында қимақ тайпасының атымен Қимақ қағанаты құрылды. Қағанат Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық аймақтарын алып жатты. Орталығы – Имақия, екінші астанасы – Алакөл жағасындағы Карантия болды. Парсы тарихшысы Гардизи қимақтар құрамында жеті тайпа болғандығын жазған. Олар: эймур, байандур, татар, ланиказ, ажлар, имек, қыпшақ. Ең атақтылары – қимақтар мен қыпшақтар. Қағанат билеушісі – “қаған”. Бұл атақтан екі саты төмен “ябғу” атағы болды. Жеке тайпа көсемдерін “шад-түтік” деп атаған.
10 ғасырдың басында қимақтар тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы Жамлекесті жаулап алды. Қимақтар Енисей бойындағы қырғыздарға да шабуылдап тұрған. Қимақтарға 10 ғасырдың екінші жартысында Қарахан мемлекеті шабуылдай бастады. Қарахандықтардың жорықтары 11 ғасырда жиілей түскен. Осы жорықтардың әсерінен Қимақ қағанаты әлсіреп, ыдырай бастады. Қимақ қағанатының құлауының екі себебі болған. Біріншісі – қыпшақ тайпасы көсемдерінің билік үшін таласуы. Екіншісі – сыртқы қайшылық.
Қимақтарда мал шаруашылығы басым болды. Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, малдан айрылғандар жатаққа айналып, қолөнер мен балық аулауды кәсіп еткен. Қола айнадағы жазулар 9-10 ғасырларда қимақтардың ежелгі түрік жазуымен жазғанын көрсетеді. Қимақ шонжарлары 10 ғасырда ислам дінін қабылдай бастады.
Конспект сұрақтар
-
Қимақтардың исламды қабылдаған уақыты:
-
Қимақтардың жазу құралы:
-
Қимақтарда жатаққа айналғандардың кәсіптері:
-
Қимақтарда мал шаруашылығының басым болғандығын жазған парсы тарихшысы:
-
Қимақ қағанатының құлауының себептері:
-
10 ғасырдың екінші жартысында қимақтарға шабуылдаған мемлекет:
-
Қимақтар жаулап алған тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы:
-
Қимақтардың саяси өміріндегі беделі күшті топ:
-
Қимақтарда “шад-түтік” лауазымы берілді:
-
Қимақтарда қағаннан екі саты төмен атақты иеленуші:
-
Қимақтар құрамындағы тайпа саны:
-
Қимақ қағанатының өмір сүрген мерзімі:
-
Қимақтардың ішінде қыпшақтар болғандығы туралы жазды:
-
Қимақтардың Монғолияның солтүстік-батысын мекендеген мерзімі:
Жартылай көшпелі орырықшы мәдениеттердин өзара әсері
Конспект
Орта ғасырдың басында қалалық өмір қалыптаса бастаған. Қалалар мен жартылай көшпелілердің арасында мәдени және экономикалық байланыстар дамыған. 6-9 ғасырларда Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың оңтүстік-батыс аймақтарында қалалық мәдениет дамыған. Оңтүстік Қазақстанда отырықшылық мәдениеттің орталығы Отырар, Йасы, Сауран, Сығанақ, Құлан қалалары болған. Жетісу аймағында Тараз, Талхир, Алмалық, Қойлық қалалары орналасқан. Қытай жылнамасында Испиджаб қаласының аты кездеседі. Бұл қала Махмуд Қашғаридің жазбаларында Сайрам деп аталған.
Қалалардың құрылысы 3 бөліктен жасалған. Бұл қала тұрғындарының әлеуметтік теңсіздігін көрсетеді. Қаланың орталық бөлігінде бай-шонжарлар тұрған. Орталық бөлікті қоршай орналасқан екінші бөлікте тұрмысы орташа қалыптағы қала тұрғындары, қолөнер шеберлері орналасқан. Үшінші бөлік екіншінің сыртынан қоршай орналасқан. Мұнда егіншілер мен кедейлер тұрған.
Қолөнер бұйымдарын жасауда түріктер кісе белдік жасауға ерекше көңіл бөлген. Ер адамдардың күнделікті тұтыну құралдарын өзімен бірге алып жүруіне ыңғайлы бұйымдары болған. Түріктер кен қорыту ісімен V ғасырдан бастап айналысқан.
Қала санының өсуі сауданың жандануына үлкен әсерін тигізді. Сауда негізгі үш бағытта жүргізілді: халықаралық сауда, қалалардың өз аумағындағы сауда, және қалалықтардың дала халқымен сауда байланысы. Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өткен. Жол бойында орналасқан Суяб, Тараз, Испиджаб арқылы сауда керуендері жүрген. Жібек жолының тармақтары Испиджабтан Фарабқа, одан Түркістан арқылы Орталық Қазақстанға қарай созылған.
Конспект сұрақтар
-
Кангу Тарбан деген түрік бірлестігінің теңгелері табылды:
-
Иран, Византиямен сауда келіссөздерін жүргізген түрік қағаны:
-
Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы өтетін аймақ:
-
Cауданың жандануына әсер етті:
-
Түрік кезеңінде түсті металдар өндірілген аймақ:
-
Түріктер кен қорыту ісімен айналысқан кезең:
-
Түріктер қолөнер бұйымдарын жасауда ерекше көңіл бөлді:
-
Киіз үй туралы жазылған деректер:
-
Қыстақ-кент тұрғындарының негізгі шаруашылығы:
-
Қалалардың құрылыс жүйесінің бөліктері:
-
Қазіргі Сайрам қаласының бұрынғы атауы:
-
6-9 ғасырларда қалалық мәдениет дамыған аймақ:
-
Қалалық өмір қалыптаса бастады:
Архитектура және өнер
Конспект
Жерімізде сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері көптеп кездеседі. 7-8 ғасырларда басталып, бітпей қалған Ақыртас ғимараты төртбұрышты кесек тастардан қаланған. Білеулі ғимараты Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасында орналасқан. Құдық үстіне салынған құрылысты парсыша “сардоба” деп атайды. 6-9 ғасырларда Мырзашөл керуен жолының бойына салынған екі сардоба белгілі. Екі сардобаның құрылысы және күмбездері киіз үйдің жобасына ұқсайды.
Дың ескерткіштері қаза болған адамды жерлеген жерге тұрғызылған. Олар Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай, Маңғыстау жерлерінен көптеп табылды. Ақбешім, Суяб қалаларынан будда ғибадатханаларының орындары табылған (7-8 ғ.ғ.). 9 ғасырдың екінші жартысынан бастап ислам дінінің архитектуралық құрылыс жүйесі салына бастаған. Баба-Ата қаласы орнынан мешіттің қалдығы табылған. Балбал (мүсін тас) қаза болған қолбасшы, атақты адамдардың басына қойылған. Балбал тастар Орталық Қазақстанда, Жетісуда өте көп кездеседі. Қолданбалы өнер түрлеріне балшықтан жасалған терракота, көркем керамика және ұсақ пластика жатады. Терракоталарда адамның бет-әлпеті, шашы, киімі бейнеленеді.
Конспект сұрақтар
-
Терракоталарда бейнеленеді:
-
“Әкем Қағанға балбық тіктім” деп жазған:
-
Ислам дінінің архитектуралық құрылысы салына бастады:
-
Будда ғибадатханаларының орындары табылған қала:
-
Дың ескерткіштері көп салынған кезең:
-
Құдық үстіне салынған құрылыс:
-
Ақыртастан кіші сәулет өнері:
-
Құрылысы аяқталмай қалған ғимарат:
-
6-11 ғасырларда салынған екі сардобаны көрсетіңіз:
-
Будда ғимараттарының орны табылған қалалар:
Түриктердин рухани мадениет
Конспект
Ежелгі түрік тайпалары көне түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру-тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Жерімізде түрік жазуының пайда болған мерзімі туралы жаңа пікірлер туды. Көне түрік жазуы б.з.б. 1 мыңжылдықтың ортасында қалыптасқан. Алматы, Павлодар облыстарының жеріндегі сақ тайпаларының обаларынан түрік тіліндегі жазулардың табылуы бұған дәлел болады. Талас, Іле, Сыр, Ертіс өзендері бойынан соңғы 30-40 жыл ішінде көне түрік жазуларының көптеген ескерткіштері табылды. Ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуы түрік билеушілері арасында тез қабылданды. Бұл жағдай түрік жазуының өмірде қолдану аясын тарылта бастаған. Ел ішінде түрік жазуымен қатар соғды жазуы кең тараған.
Жазу өнерінің дамуына байланысты 8 ғасырда жазба әдебиет пайда болды. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері – “Күлтегін” және “Тоныкөк” жазулары. “Қорқыт ата” мен “Оғызнама” – 8-9 ғасырларға жататын шығармалар. Бұл шығармалар 8 ғасырда ауызша айтылған, 11 ғасырдан бастап қағазға түсе бастаған.
Түріктердің зираттарынан табылған бұйымдар олардың о дүниелік өмірге сенуінің айғағы болып табылады. Олар отқа, табиғатқа табынған. Түріктер қаза болған адамның мәйітіне аты мен заттарын қоса өртеген. Сондай-ақ түріктер көк бөріге табынған. Балаға, бәйге аттарына тіл-көз тимеу үшін бөрінің тырнағын, көзін, тілін кесіп алып, тағып қоятын болған. Ұмай анаға отбасына шапағатын тигізеді деп табынған. Қазақстанның оңтүстігінде, Жетісуда мұсылман діні 8 ғасырдан бастап кең тарала бастаған.
Конспект сұрақтар
-
Көне түрік жазуының бүкіл халық игілігіне айнала бастаған кезеңі:
-
Мұсылман діні кең тарала бастаған кез:
-
Отбасына шапағатын тигізуші:
-
Тіл-көз тимес үшін тұмар ретінде тақты:
-
Түріктерде мәйітті өртеу ғұрпы білдіреді:
-
“Оғызнама” дастаны 6 ғасырда аударылды:
-
“Оғызнаманың” ескі нұсқасын бірінші жазып қалдырған тарихшы:
-
Қорқыт ата ескерткіші орналасқан жер:
-
8-9 ғасырларға жататын әдеби шығарма:
-
Түріктердің жазба әдебиеті пайда болды:
-
Түрік жазуымен қатар ел ішінде кең тараған жазу:
-
Көне түрік жазуларының ескерткіштері табылған жер:
-
Көне түрік жазуы қалыптасқан мерзім:
-
Көне түрік әліпбиіндегі әріп саны:
2 тарау Дамыған орта ғасырлардағы мемлекет Карахан мемлекеті
Конспект
10 ғасырдың орта кезінде, 942 жылы Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Мемлекеттің негізін Сатұқ Боғра хан қалады.
Қарахандықтардың этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін тайпалары кірді. Қарлұқтар мемлекеттің құрылуында басты рөл атқарған тайпа болып саналады.
Жер иеленудің бір түрі – “иқта”, ал иеленуші адам “иқтадар” (парсыша) деп аталды. “Иқтаның” мәні – “иқтадар” қарапайым халықтан салық жинап, ханға әскери қызмет етуге міндетті болды. Дінбасылар мен діни мекемелерге ірі жер иеленушілер, көшпелі әскербасылар өсиет етіп жер қалдырып отырған. Оларды “вакфтық жерлер” деп атаған. Отырықшы аудандарда үлескерлерді араб, парсы деректерінде “музари” немесе “барзигар” деп атаған. Мұның мәні – шаруалардың үлеске алған жерлерінен алым-салық жинап отыру. Бұдан басқа “коммендация” деп аталатын қанау түрі болған. Әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына берген. Кейін әлсіз адам отбасын қорғағаны үшін ірі жер иесіне салық төлеген.
Мұса хан өзінің ықпалын күшейту үшін 960 жылы исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. 10 ғасырдың екінші жартысында әлеуметтік қайшылықтардан Самани әулетінің үстемдігі әлсіреді. Мұны пайдаланған Хасан Боғра хан Испиджабты ешбір қарсылықсыз басып алды. 10 ғасырдың соңында қарахандықтардың Орта Азияға жорығы қайта басталды. Осылайша Қарахан мемлекеті Мәуереннахрды біржолата бағындырды. Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде қаланып, Шығыс және Батыс иеліктерден тұрды. Шығыс хандықтың аумағы – Жетісу мен Шығыс Түркістан. Батыс хандық Мәуереннахрды биледі. 12 ғасырдың 30 жылдарында Жетісуға шығыстан қарақытайлар басып кірді. 1212 жылы Шығыс хандықты найман ханы Күшлік басып алды. Ал Батыс иеліктің ханы қаза болғаннан кейін, Мұхаммед 1212 жылы Батыс хандықты біржолата құлатты.
Исламның мемлекеттік дін болып жариялануы қала келбетіне, құрылыс жүйелеріне өзгерістер енгізді. Қарахан мемлекетінің аумағында Айша бибі, Бабаджа қатын кесенелері салынды. Қарахан сәулет өнерінің тағы бір ерекшелігі Шығыс моншаларының салынуы болып табылады.
Конспект сұрақтар
-
12 ғасырдың 30 жылдарында Жетісуға басып кірген тайпа:
-
Қарахандықтардың шығыстағы иелігін басып алған хан:
-
Түріктерде мал өсірудің басты орын алғандығын жазған тарихшы:
-
Әдет-ғұрпы мен тілі жағынан түріктерге ұқсас болған халық:
-
Қарахан мемлекетінің аумағында орналасқан кесене:
-
Салжұқ сұлтаны Мәлік шах жаулап алған Батыс Қарахан хандығының қалалары:
-
Қарахан мемлекеті дербес екі иелікке бөлінді:
-
Батыс Қарахан хандығының аумағы:
-
Шығыс Қарахан мемлекетінің орталығы:
-
Насыр ибн Әлидің Мәуереннахрға жорыққа аттанған жылы:
-
10 ғасырда Испиджабты, Бұхараны, Самарқандты жаулап алған хан:
-
Қарахан мемлекеті исламды мемлекеттік дін етіп жариялады:
-
Қарахан мемлекетіндегі отырықшы аудандардағы үлескерлердің араб, парсы деректеріндегі атауы:
-
Дінбасылардың иелігіндегі жерлер:
-
Қарахан мемлекетіндегі жер иелену түрі:
-
Қарахан мемлекетіндегі мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін орын:
-
Қарахан мемлекетінің құрылуында басты рөл атқарған тайпа:
-
942-1212 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет:
Наймандар ,Керейттер,Жалайыр
Конспект
Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының негізгі мекендеген жері – Монғолияның орта және батыс аудандары. 10 ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңірін қоныстана бастады. Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кез – 12 ғасырдың екінші жартысы. Орталығы – Балықты қаласы. Инанч-білге ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Ол наймандар одағының басын қосып, мемлекетті күшейтті. Бұйрық пен Даян хандар тұсында мемлекет екіге бөлінді. Шыңғысханға қарсы қырғыз, меркіт, найман тайпалары бірігіп, 1201 жылы құрылтайға жиналады. Соғақ суаты деген жерде одақтастар Шыңғыс пен Ван хандардың әскерімен соғысып, ойсырай жеңіледі. Алтайдың оңтүстігіне жылжыған Бұйрық ханды Шыңғысхан әскері қолға түсіріп, жазалайды. Ал 1204 жылы Шыңғысхан Даян ханға қарсы жорыққа шығып, оны біржола жеңеді. Даян ханның баласы Күшлік Жетісуға қашып кетеді.
Керейіт тайпалары Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған. Орталығы – Битөбе. Керейіт мемлекеті 10-12 ғасыр аралығында, Маркус пен баласы Құршақұз хандар тұсында шарықтаған. 1202 жылы керейіттердің ханы Торы мен Шыңғысхан өзара жауласып, Шыңғысхан керейіттерді басып алады. Керейіттердің бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп орналасады. Тарихшы Рашид ад-Дин керейіттер туралы: “Монғол жеріндегі 9-13 ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел…Олар тек Шыңғысхан әскерінен әлсіреді. Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік жазуларын пайдаланған” деп жазды. Монғол мемлекетінде хатшылар керейіттерден болған.
Жалайырлар монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендері және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүрген. Шыңғысханның жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын адамы атақты ақын, шешен, батыр Мұқылай болған. Шыңғысхан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін оған атақ беріп, сол қанатының түменін басқартқан. Жалайыр Жамұқа Шыңғысханның бірде андасы – серттескен ең жақын досы ретінде, ал бірде оның жансызы есебінде, бірде қас жауы ретінде көрсетіледі.
Найман, керейіт, жалайыр тайпаларындағы басқару ұлыстық жүйемен жүргізілді. Найман, керейіт, жалайыр тайпаларында малдың басты түрі жылқы мен қой болған. Ал керейіттерде жылқы өсіру басым болды.
Конспект сұрақтар
-
Найман, керейіт, жалайырлардың көршілес тайпалары:
-
Керейіттерде сан жағынан басым болған мал түрі:
-
Найман, керейіт, жалайырларда ұлыстардың ішкі істерін жүргізуші:
-
Жалайыр тайпасының бөліктері:
-
Найман, керейіт, жалайыр тайпаларындағы басқару жүйесі:
-
1201 жылы өзін гурхан етіп жариялаған жалайыр тайпасының өкілі:
-
Жалайырлар туралы дерек қалдырған Әбілғазы ханның еңбегі:
-
Жалайырдан шыққан атақты ақын, шешен, әрі батыр:
-
Жалайыр тайпалары туралы мәлімет қалдырған деректер:
-
“Керейіттер мәдениеті өте жоғары болған…” деп жазған тарихшы:
-
Шыңғысханның керейіттерді басып алған жылы:
-
Керейіт мемлекетінің екіге бөлінген кезі:
-
Керейіт мемлекетінің шарықтау кезі:
-
Керейіттер жақсы қарым-қатынаста болған хандық:
-
Керейіт хандығының құрамындағы аймақ саны:
-
Керейіт тайпаларының қоныстанған аумағы:
-
Шыңғысхан әскерінен Күшлік ханның қашқан аймағы:
-
Қырғыз, меркіт, найман тайпаларының біріккен құрылтайы шақырылған жыл:
-
Наймандарға қарсы бірігіп, шабуылдаған елдер:
-
Наймандарды қарақытайлардың үстемдігінен құтқарған хан:
-
Найман мемлекетінің орталығы:
-
Орхон өзені мен Алтай тауының аралығында өмір сүрген тайпа бірлестігі:
-
Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының Қазақстан өңірін қоныстана бастаған кезі:
Қарақытайлар /1125-1212/
Конспект
Қытай деректері бойынша, қарақытайлар – Орталық Азиядағы Солтүстік Қытай, Маньчжурия мен Уссури өлкесін мекендеген қидан тайпалары. Қидандардың 10 ғасырда Батысқа жылжыған бөлігі мұсылман деректерінде қарақытайлар деп айтылады. 1125 жылы Елюй Даши бастаған 40 мың түтін қидандар Жетісуға келіп қоныстанды. Қарахандықтардың әлсірегенін пайдаланған Елюй Даши 1125 жылы өз әскерін Жетісудың орталық аудандарына қарай кіргізеді. Олар Баласағұнды басып алып, оған жақын жерде өздерінің орталығы – Ғұз ордасын құрды. Қарақытайларда мұрагерліктің өзіндік ерекшелігі болған. Әйелдер де мұрагер бола алған, тек әйел жағының тегі хан тұқымынан болуы міндетті. Алым-салық жүйесі бойынша, әрбір үйден 1 динардан ақша жиналған. Ірі қала әкімі гурханға жыл сайын жер салығын – харадж төлеп отырған. Жетісудың егінші тұрғындары билеушіге өнімнің оннан бір үлесін төлеген. 12 ғасырдың екінші жартысында қарақытайлар бағынышты халықтарға салық салуды күшейткен. Бұған қарсы ел ішінде наразылықтар туа бастаған. 1141 жылы Самарқанға жақын Қатуан даласында болған шайқаста қарақытайлар Бұхараға басып кіреді. Бүкіл Мәуереннахрдың орталық бөлігін басып алады. Қарахандар олардың вассалы болып, салық төлеп отыруға мәжбүр болды. Қарақытайлар Хорезмді жаулап алады. Хорезмшах жылына 3000 алтын динар төлеп тұруға мәжбүр болды. Қарақытайлар шығысында Гансу жеріндегі ұйғырларды өздеріне тәуелді етті. Батысында Әмударияның төменгі ағысын бағындырды. Оңтүстікте Балх пен Хотан жерлері де оларға тәуелді болды. Қарақытайлар Хорезм шахымен келісім жасай отырып, 1198-1204 жылдары Ауғанстан жеріндегі гурид тайпаларымен соғысып, ауыр жеңіліске ұшырайды. Қарақытайлар 1208 жылы шығыста наймандардан жеңіледі. 1210 жылы оларға Хорезм шахы қарсы шығады. Екі жақтан шабуылға ұшыраған Қарақытай мемлекеті 1212 жылы құлайды.
Конспект сұрақтар
-
Қарақытайларға екі жақтан шабуылдады:
-
Қарақытайлардың гурид тайпаларымен соғысқан мерзімі:
-
Қарақытайлардың шығысында тәуелді еткен тайпалары:
-
Тақ үшін таласта қарақытайлардың көмегін пайдаланған Хорезм билеушісі:
-
Қарақытайларға жылына 3000 динар төлеп отырған ел:
-
1141 жылы қарақытайлар басып алған қала:
-
Қарақытайлар Қарахан әскеріне ойсырата соққы берді:
-
Қарақытайлардың салықты күшейткен кезі:
-
Қарақытайларда ірі қала әкімі төлейтін жер салығы:
-
Қарақытайларда әр үйден жиналатын салық мөлшері:
-
Елюй Даши гурхан қаза болғасын, билікке келді:
-
Қарақытайлықтардың орталығы:
-
Қидандардың Жетісуға келіп, қоныстанған жылы:
-
Қидандарды түрік тілдес деп көрсететін деректер:
-
Қарақытай тайпаларының бұрынғы атауы:
Қыпшақ хандығы Конспект
Қыпшақ хандығы 11 ғасырда құрылды. Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ қағанатының жері Қыпшақ хандығына көшті. Алтайдан Еділге дейінгі аралық “Қыпшақтар даласы” (Дешті Қыпшақ) деп аталған. Қыпшақтардың этникалық құрамы 7-8 ғасырларда қалыптаса бастап, екі бөліктен тұрған. Батыс бірлестігінде 11 тайпа, ал шығыс бірлестігінде 16 тайпа болған. Ең беделдісі – елбөрілер (бөрілер). Қыпшақ хандары осы тайпадан шығып отырған. Тарихшы Жүзжани елбөрілерді хандар әулетінің тайпасы деп атаған. Әскери басқару жүйесі оң және сол қанат болып бөлінді. Күші мен беделі басым оң қанаттың ордасы – Сарайшық (Жайық өзені бойы), ал сол қанаттың орталығы – Сығанақ (Сырдария өзені) қаласы болды. Хандық биліктің орталығы “орда” деп аталды.
Махмуд Қашғари қыпшақ тілінде құлды “яланкуг” деп атаған. Ал кедейлердің ішінде жер өңдеумен айналысатын жатақтар болған.
Ресей жеріне барып орналасқан қыпшақтар орыс деректерінде “половшылар” (далалықтар) деп аталды. Дунай бойына қоныстанған қыпшақтарды венгрлер “кундар” немесе “командар” деп атаған.
Хорезм шахының мұрагері Атсыз қыпшақтардың қол астындағы оғыздар жеріне бірнеше рет шабуылдаған. 1133 жылы қыпшақтар олардан жеңіліп қалды. Осы жеңілістен кейін қыпшақтар екіге бөлініп, әлсірей бастады. Хорезмдіктер қыпшақтардың ішкі қайшылықтарын пайдалануды көздейді. 13 ғасырдың басында Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен Қыпшақ хандығы арасында шайқастар болды. Қыпшақтар өз ішіндегі алауыздықтың кесірінен жеңіліп, солтүстікке қарай шегінді. Бұл екі ел үшін Отырар, Сығанақ, Арал теңізінің аумағы ұзақ жылдар бойы қақтығыс көзіне айналды. Билік үшін бәсеке, тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін біржола тынды. 13 ғасырдың басында Қыпшақ хандығы құлағанымен, оның халқы мүлдем жойылып кеткен жоқ. Қыпшақтар қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналды.
Конспект сұрақтар
-
Қыпшақ хандығының өмір сүрген мерзімі:
-
Қыпшақтардың тары мен күрішті көп өсіретіндігін жазған:
-
Қыпшақ жылқылары қайда сатылды:
-
Арба үстіне тігілген үйлер туралы жазған саяхатшы:
-
Қыпшақтарда тамақтың негізгі түрі неден жасалды:
-
Қыпшақтарда малдың көптігі туралы жазды:
-
Хорезмдіктер мен қыпшақтар арасындағы қақтығыстың нәтижесі:
-
13 ғасырда хорезмдіктер мен қыпшақтардың соғысу себептері:
-
Хорезм шахы Текештің Сығанақты жаулап алған жылы:
-
Қыпшақтардың қол астындағы оғыздарға шабуылдаған Хорезм шахы:
-
Орыс деректеріндегі Ресей жеріндегі қыпшақтардың атауы:
-
Қыпшақтар оғыздарды жеңіп, шекарасын кеңейтті:
-
Қыпшақ тіліндегі құлдың атауы:
-
Қыпшақтарда әскери басқару жүйесі бөлінді:
-
”Қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен” деп жазған:
-
Қыпшақтардың құрамына қарлұқ пен жікіл тайпаларының кірген кезі:
-
Қыпшақтардың ең беделді тайпасы:
-
Қыпшақтардың этникалық құрамы қалыптаса бастаған кез:
-
Қыпшақтардың қыстаған жерлері:
-
Қыпшақ хандығы құрылған мерзім:
3 тарау Ұлы Жібек жолы және тарихи маңызы
Конспект
Жібек жолы Хуанхэ өзені аймағынан басталып, Ұлы Қытай қорғанының батысынан өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетті. Жол осы арада оңтүстік және солтүстік бағыттарға тармақталды.
Б.з.б. 1 ғасырдың ортасында алғаш рет Қытайдан Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шыққан. 6 ғасыр – жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі. Жібек өндіру б.з. алғашқы кезінде Византия, Соғды елдерінде игеріле бастаған. Соғды елі жібек сатуда Қытаймен бәсекеге түскен. Қытайдың кейбір қалаларында соғдылықтардың сауда орындары болған. Жапонияның ертедегі астанасы Наргада да жібек сататын орындар болған. Нарга қаласындағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы тұр.
Византия шеберлері жасаған күміс құмыралар Тараз қаласынан табылды. Қытайдың фарфор ыдыстары Талғар, Испиджаб, Отырар қалаларынан табылды. Тараз, Баласағұн, Испиджаб қалаларынан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт-медреселердің орындары табылды. Б.з.б. 2 ғасырдың ортасында Жібек жолы халықаралық қатынас жағынан жандана бастады.
Конспект сұрақтар
-
Түрік қағанаты мен Византия арасындағы сауда келісімі жасалды:
-
Патшалар үшін бағалы сыйлық болды:
-
Жібек жолының халықаралық қатынас жағынан жандана бастаған кезі:
-
Мешіт-медресе орындары табылған жер:
-
Талғар мен Отырардан табылған бұйымдар:
-
Bизантия құмыралары табылған қала:
-
Жібек сататын сауда орындары болған Жапония қаласы:
-
Жібек сатуда Қытаймен бәсекеге түскен ел:
-
Б.з. алғашқы кезінде жібек өндіру игеріле бастаған елдер:
-
6 ғасырда жібек матасы белгілі болған елдер:
-
Үйсіндердің Қытаймен қарым-қатынаста болған уақыты:
-
Ұлы Жібек жолының солтүстік бағытының тармақтары:
-
Жібек жолының Қытайдан басталып, Ыстықкөлге жеткен бағыты:
4 тарау 9 ғ 2 жартысы-13 ғ басындағы Қазақстан мәдениеті,Қалалық мәдениеттің дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: |