1 Тарау. Батыс Қазақстан облысының қысқаша географиялық және экономикалық сипаттамасы мен оның аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған кезіндегі болуы мүмкін жағдайды бағалау



бет1/4
Дата17.07.2017
өлшемі0.65 Mb.
#40557
  1   2   3   4


1 Тарау. Батыс Қазақстан облысының қысқаша

географиялық және экономикалық сипаттамасы мен оның аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар

пайда болған кезіндегі болуы мүмкін жағдайды бағалау


  1. Жер бедері, климат, өсімдіктер, гидрография

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде, 47090I мен 51040I с.е. және 46030I мен 54032I ш.б. арасы, Еуразиялық материгінің түкпірінде орналасқан. Оның аумағының ұзындығы батыстан шығысқа қарай – 585 км., солтүстіктен оңтүстікке қарай – 425 км. және алаңы 151.300 мың.ш.км. орын алады, бұл Қазақстан аумағының 5.9 % құрайды. Облыс аумағы бір сағаттық белдеуге тең бола тұрып, батыста Еділ өзенінің төменгі ағысынан және шығыста Елек өзеніне дейін созылады.

Облыстың жер бедерінің жазықтығы, оның ерекшелігі болып табылады. Су тасқыны маусымында қардың қарқынды еру кезіндегі өзен арнасы мен сайлардың толуына және елді мекендерді су басуына, бұл негізгі себеп болып табылады. Облыстың жер беті солтүстіктен-шығысқа және оңтүстіктен-батысқа қарай төмендейді. Ең биік бөлігі Шыңғырлау ауданы Отрадное ауылының солтүстігі, облыстың Ақтөбе облысымен шекарасы маңында, солтүстік-шығыста орналасқан. Оңтүстік-батыс бағытында абсолюттік биіктіктерінің төмендеуі байқалады. Ең төменгі көрсеткіштер облыстың оңтүстік-батыстағы Соленые Грязи ойыстары айналасында және Жайық өзенінің сол жағасында Атырау облысымен шекарасында орналасқан.

Облыс шегінде Жайық өзені аңғарының қалыптастырылуы Каспий теңіз-көлінің хвалыньдық келулерімен байланысты. Жайық өзені аңғарының беткейлерінде жайылмалы террасалар, сол жағасында бор жыныстары өзенге жақындаған жерлерінде аңғар кенет тарылады. Жайықтың табиғи жазық шегінде Жайық жайылмасы жақсы дамыған және ені 6 км жетеді.

Жайық өзенінің арнасы бұрандаған, оның ені 180-260 м. аралығында өзгеріп тұрады.

Ойпаттың айналасындағы биіктерден өз ағысын бастайтын, суы аз бір қатар өзендер оның бетін суайрық кеңістіктерге бөледі. Оларда тұрақты су ағысы жоқ (жазда суы терең бір қатар жыраларға бөлінеді) және қоршаған суайрықтардың бетімен біртіндеп қосылып кететін атыраулық жалғаулармен аяқталады. Өзендерден басқа, ойпаттың бет жағы беткейлері айқын көрінетін бұранданған кең емес жойылудағы арналар мен тереңдігі 1-3 м. сайлардың молшылығымен суайрық телімдерге бөлінеді. Көктемде олардың көпшілігі беткі ағынды әртүрлі депрессиялар: сорлар, сор көлдер, көлтабандар, ойыстарды жинауға қатысады. Жалпы Сырт, Урал асты үстірт және Сырт алды кертпештен ағатын өзендердің жоғарғы жайылма деңгейі білінбей жазыққа айналады, жоғарғы су тасқыны кезінде өзен сулары өзен жанындағы көлтабандарды суарады.

Батыс Қазақстан облысының климаты салқын қыс және ыстық жазбен өте континентальді деп сипатталады. Температуралар құламасы 750 С дейін барады.

Төрт айдан бастап бес айға дейін созылатын қысқы маусымда, жоғары жылдамдықпен ерекше болатын, соның ішінде қантар-ақпан айларында жиі боран соғып тұрады, қыста 30 күнге дейін борасындар мен борандар болады, содан жолдарда қар борасындары пайда болады және ауылдар мен автокөлікті негізгі арналық жолдардан жиі жояды.

Тұрақты емес температуралар, -390 С дейін ауаның төменгі абсолюттік температурасымен ең салқын айы – қантар, қыстың ерекшелігі болып табылады. Топырақ тереңдігі 1,5 метрге дейін қатып қалады.

Жазғы кезең маусым айында 24-280 С, шілде айында 28-320 С орташа айлық температурасымен сипатталады, ыстық 41-420 С дейін жетеді. Жаз ыстық, құрғақ, жаңбырдың жаууы бірдей болмайды. Ауа құрғақшылығы өте жоғары. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 30% кем емес, жазда күшті жел болса, ол апта бойы немесе одан да көп жалғаса болатын, жиі болатын анызақтардың себебі болып табылады. Осы кезеңде далалық өрттер орын алған кезінде 30% дейін далалық өсімдік алаңдары өртеніп кету мүмкін. Өртену жылдамдығы минутына 2-4 м. дейін жету мүмкін. Шаңды дауыл соғу мүмкін.

Атлантикалық және Солтүстік Мұзды мұхиттерден, Жерорта және Қара теңіздерден облыстың қашықтықта орналасуы, сонымен қатар, ең үлкен материк – Еуразияның орталық бөлімдерінің тікелей жақындығы климаттың континентальдігін белгілейді. Континентальдігі күн мен түннің, қыс пен жаздың температуралық кенет кереғарлығында, қыстың жазға тез ауысуы, құрғақшылық пен күн сәулесі радиацияның молшылығында айқын көрінеді және солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай артады.

Желдер режімі климат қалыптастырушы көрсеткіштерінің қолайсыз құрушыларын жиі күшейтеді. Жел жылдамдықтарында айқын көрінетін тәуліктік жүрісі бар, барынша жылдамдықтар, әдетте тал түстен кейін, ең аз жылдамдығы – күннің шығу алдында байқалады.

Облыс аумағында Азиялық антициклонның әрекет етудің әлсіреуіне және Атлантикадан циклондар жиі келуіне байланысты, жел бағыттарының орташа жылдық сипатында олардың ішінен басым жел анық байқалмайды. Алайда, облыстың солтүстігінде онтүстік-шығыс, ал оңтүстігінде шығыс бағыттарының желдері көбірек қайталанып тұрады.

15 м/сек жоғары жылдамдықпен желдер қыста барлық жерлерде байқалады, солардың күндер саны ауытқуы 6-дан 34-ке дейін тең. Қар жауумен қоса болатын күшті желдер ұзақ уақыт және тәулік бойы болады және одан да көп байқалады. Циклондар өткен кезде желдің жылдамдығы кейбір уақытта 20-25 м/сек дейін көтеріледі.

Жауын-шашынның түсу режімі және онымен байланыста болатын қысылтаян жағдайлар мен құбылыстар климаттың маңызды сипаттамасының бірі болып табылады.

Жауын-шашынның түсуімен қыс маусымының қолайсыз құбылыстарына байланысты: көктайғақ, мұз қабыршағы, қылау.

Солтүстіктен салқын ауа келген кезінде немесе антициклондар кезінде радиациялық салқындауда ылғалды ауаның температурасы күрт төмендеуде пайда болатын қылау, қысқы маусым ішінде орта есеппен 15-17 күн байқалады.

Әрбір жазғы айларда облыстың солтүстігінде 20-35 мм., онтүстігінде 15-30 мм. жауын-шашын түседі. Олардың ең көп мөлшері солтүстік аудандарда шілде айында, онтүстік аудандарда – маусым айында түседі. Жазғы маусымда жауын-шашын жаумайтын күндер саны солтүстікте 75-80, онтүстікте 80-85 күнді құрайды.

Жазғы маусымда жауын-шашын циклондар шебі өту кезінде түседі. Нөсер жаңбырдың елеулі мөлшері байқалады, сол уақытта бір жаңбырдың жауғаны жауын-шашынның айлық нормасынан асады.

Жылы мезгілде қатты жауын-шашын бұршақ түрінде түседі.

Желдердің және төмен салыстырмалы ылғалдылықтың біріктіруі анызақтардың пайда болуына жиі әкеледі. Ең көп анызақтар болатын жылдары анызақтармен бірге күндер саны барша жылы кезеңінде сөлтүстікте 152 күн, оңтүстікте 180 күнге жету мүмкін. Облыста анызақтар оңтүстік-шығыс және оңтүстік желдер кезінде жиі пайда болады.

Өсімдіктер жамылғысы бойынша облыста үш белдеменің элементтері бар. Солтүстікте нағыз даланың белдемі өтеді, елеулі орта бөлігі шөл даласының немесе шөлейт белдемесіне енгізіледі, ал оңтүстік аудандарда шөлдердің солтүстік шекарасы өтеді.

Жоғары, азғантай мерзімге су басатын қырларда бидайық және жусанды-бидайық шалғындар тараған. Осы шалғындардың ең үлкен алаңдары Жайық өзенің жайылмаларында шоғырланған, Шаған, Деркөл, Бұлдырты, Елек аңғарында елеулі телімдері бар.

Облыстың ормандары өзен аңғарларының манында орналасқан және мына топтармен көрсетілген: жайылмалық ормандар, құмды алаптардың және төменгі көлтабан түрлерінің ормандары, байрақ орманы.

Ормандармен жамылған аумағы 0,4 %. құрайды. Ағашты өсімдік (терек, үйеңкі, шегіршін, тал, қарағаш) Жайық, Шаған, Деркөл өзендерінің жайылмаларында өседі. Бөкей ордасы ауданы аумағында 1650 га алаңында қарағайлық орман орналасқан.

Бөрлі, Зеленов, Ақжайық аудандардың аумағында Жайық өзенінің жайылмасындағы орман, Жайық-Көшім суармалау-суландыру жүйесінің әуіттері мен су қоймаларының айналасындағы орман қорғау жолақтары негізгі ормандық алқабы болып табылады.

Гидрография - облыс аумағында 196 өзендер саны, соның 8-нің тұрақты ағысы бар. Облыс шегінде Жайық өзенінің ұзындығы 761 км құрайды. Жайық өзенінің жалпы су жинау алаңы 220.0 мың ш.км. тең болса, облыс шегінде су жинайтын алаңы 116.7 мың ш.км.болады. Орташа өзеннің сулылығы бойынша бір жылда су ағысының көлемі 2024 млн.м3 тең. Суды тек ғана көктемде әкелетін, 80 артық өзендер уақытша су ағындылар болып табылады.

Көктемгі су тасқыны кезеңінде Жайық, Шаған, Деркөл, Өленті, Қалдығайты, Утва, Үлкен және Кіші Өзен, 1-Шежін, 2-Шежін өзендерінде барынша көрсеткіштерге дейін су деңгейінің күрт көтерілуі мүмкін. Осы өзендер маңында орналасқан ауылдар су басу аймағында жиі болып қалады.

Облыста көлдер саны 150 тең, олардың 97 % алаң айдыны 1 км2 аз болып тұр.

Теректі ауданы аумағында алаң айдыны 242 км2 тең, үлкен Шалқар көлі орналасады.

Облыста 47 су қоймасы бар, олардағы бөгеттердің бұзылуы тұрғын үйлер мен ауыл шаруашылық жерлердің су басу аймағын құру мүмкін.

Қөректендіру көздері бойынша барлық өзендер негізінде қардан қөректенеді, су режімі бойынша осы өзендер көктемгі су тасуына жатады. Арнаның орнықтылық дәрежесі бойынша барлық өзендер тұрақты - өз ағыншасымен қалыптастырылған анық көрінетін арнасы бар. Мұздық режімі бойынша облыс өзеңдері мұз қатып қалатындарға жатады.

Жылдық ағындының негізгі бөлігі көктемгі су тасу маусымында өтеді. Су тасу аяқталғаннан кейін өзендердің тұрақты төменгі деңгейі немесе құрғауы болады. Тек Жайық өзенінде, жылдық ағындының жалпы көлемінде 5% жуық құрайтын, жаңбырлы тасқынмен төменгі деңгейі кейде бұзылады. Жайық өзенінің жылдық грунттық ағындысы 15% құрайды.

Кіші өзендерде су тасудың орташа ұзақтығы 20 күннен 80 күнге дейін ауытқылады. Жайық өзенінде ең ұзақ су тасу 74 күннен 148 күнге дейін болады. Жайық өзенінде су тасудың осындай созылуы оның бассейннің кейбір бөлігінде қар ерудің басталуы мен аяқталуы қатар жүрмейтіні басты себеп болып табылады. Су тасудың аяқталуы, аймақтың жер бедері ойлы-бұдырлы және суды мол жинайтын алқабы болғасын, ең көп қардың қоры шоғырланған Жайық пен Сақмар өзендердің басталуында қар ерудің аяқталуына дейін, сонымен қатар, су тасу толқынның келуіне тәуелді болады.

Дала және шөлейт белдемелері үшін су тасудың жедел көтерілуі сипатты – 2-3 күн аралығы шағын су жинау алқабы, 10 күнге дейін ірі өзендер үшін. Жайық өзенінде 6-дан 30 күнге дейін су көтерілуі байқалу мүмкін. Көптеген өзендер үшін судың қатты көтерілуі мен тасқынның баяу қайтуы бірдей жүруі сипатты, кейбір уақытта ауа қайта салқындағаннан қардың еруі тоқталады және су тасқыны екі- және үштөбелік болады.

Қардың қорлары мол (нормадан 140-200%), қардың еруі бірдей жүреді, қатып қалған топырақтың қатты ылғалданғаны, кейбір жылдары қар жамылғысы астында мұз қабыршақтың пайда болу салдарынан жерге судың сіңіп кетуіне азғантай шығыны, жоғары су тасуды белгілейтін басты факторлары болып табылады.



Қорытынды: облыстың жер бедері, климаттық, өсімдік, гидрографиялық ерекшеліктері төтенше жағдайлардың орын алуы мен даму барысына маңызды әсер етеді. Табиғи өрттер бойынша жағдайдың күрделенуіне себепші болады, өзендердің көпшілігінде су тасқыны кезеңі жыл сайын өте қиын көрсеткіштермен өтеді. Ғимараттардың құрылымдарына қатты желдердің әсерінен төтенше жағдайлар саны жыл сайын көбеюде.



  1. Әкімшілік-аумақтық бөліну, халқы және елді мекендер

Облыстың құрамына 12 ауылдық ауданы: Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Қазталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандары, облыстық маңызы бар, Орал қаласы мен аудандық маңызы бар, Ақсай қаласы және 159 ауылдық округтер кіреді.

Облыстың алаңы 15,3 мың км2 құрайды.

Облыс тұрғындары 624,0 мың адам тең.

Орал қаласының тұрғындары 273,4 мың адам, ауылдық тұрғындары 317 мың адам. Облыс орталығы мен ауылдық жердің басым құрылысы – тұрғын үй құрылысы. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 жерде 4 адам тең.

Ақсай қаласы тұрғыны 33,7 мың адам.

Облыс, Ресей Федерациясының 5 облысы – Саратов, Самара, Орынбор, Волгоград, Астрахан облыстармен шекаралас болып тұр. Ресей Федерациясымен жер бетіндегі мемлекеттік шекарасының ұзындығы 1532 км.

Орал қаласы және Ақсай қаласы Батыс Қазақстан облысының индустриялық орталықтары болып табылады.

Орал қаласында негізгі өнеркәсіптік нысандар орналасқан - «Зенит» заводы», «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы», «Орал механикалық заводы», «Қазақлакрица», «Нұржанар», «Батыс Қазақстан құрылыс материалдар корпорациясы», «Оралагрореммаш», «Орал пайдалану локомотив депосы, «Орал пайдалану вагон депосы», «Омега прибор құру заводы», «Гидроприбор» ҒЗИ, «Желаев астық өнімдері комбинаты» акционерлік қоғамдары.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері: «Береке» КСО, «Метал бұйымдары БӨК», «Аяз», «Талап», «Алим», «Ақжайық А» және басқалар.

Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары: «Орал ЖЭО», «Батыс Су Арнасы» МКК, «Ақ қайнар», «Орал Терминал» ЖШС, «Приуралье», «Жастық агрокешені», «Алау», «Мұнайхимиялық компаниясы», «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы, «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы», «Резерв» АМК «Сигнал» филиалы, «Желаев астық өнімдері комбинаты».


  1. Қатынас жолдары және көлік

Батыс Қазақстан облыс аумағы бойынша 530 км. теміржол жолдары өтеді

Теміржол жолдарын Жайық, Шаған, Утва және Елек өзендері қиылысып өтеді. Теміржол жол бойымен ұзындығы 105 км. (1183 –1288 аралығы) Деркөл өзені өтеді. Темір жолдың ұзындығында 142 теміржол көпірі бар, соның ішінде 12 металлды және 130 темірбетонды көпір.

Облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде Жәнібек және Бөкей ордасы аумақтары бойынша, ұзындығы 83 км, Приволжский теміржол жолдың телімі өтеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ филиалының Орал жол бөлімшесі Батыс Қазақстан облыс аумағында жолаушылар мен жүктің транзиттік тасымалын қамтамасыз етеді.

«Орал» Халықаралық әуежайы ЖШС өзінің әуе кемелері және оған тапсырылған ұшақтар мен тікұшақтары жоқ. Аэроалаңда «Бүркіт-БҚ» ЖШС бір авиакомпаниясының базасы бар, онда 24 әуе кеме бар, олар: «АН-2» - 21 бірл., «Л-410» - 3 бірл.

Ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, әуе қозғалысын ұйымдастыруға және пайдалануға сәйкесті рұқсаттары және жарамдылық куәлігімен бірге, радиотехникалық жабдықтаудың барлық қажетті құралдары бар.

Орал қаласының аэроалаңы «В» қласс аэроалаңына жатады және 4 классты әуежайына кіреді. Халықаралық ушулар үшін сертификаты бар. Белгіленген ең төменгі деңгейлер бойынша тәулік бойы пайдалануға жіберілген. Ең жоғарғы ұшу салмағының деңгейі 140.673 тоннадан аспайтын А, В, С, D санатының әуе кемелері және тікұшақтар үшін қосалқы аәроалаң болып табылады. Жасанды жамылғысымен бірге бір ұшып-қону жолағы бар. Аэроалаңы Орал қаласынан 12 км. оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан.

Ұшу жерінің алаңы 335 га дұрыс емес көпбұрыш. Ұшу жерінің үстіңгі жағы тегіс, өсімдік жамылғысымен топырағы саздақ, жауын-шашын болған кезінде суланады және әуе кемелер қону үшін жарамайды.

Аэроалаңда 04/22 өлшемі 2400 х 42 м., жасанды ұшып-қону жолағы (ЖҰҚЖ) бар, бағыттардың екі жағында өлшемі 400 х 300 м., грунттық бос тұрған аймақтар (БА) бар. Көлденең еңістер жоқ. ЖҰҚЖ басталудан орындау старт орынның қашықтығы 50 м. ЖҰҚЖ кіндігінен екі жаққа орналасқан ұшу жерінің бөлігі 70 м.

Қосалқы қону жолағы ретінде 04/22 өлшемі 2400 х 100 м., бос тұрған аймақтың оңтүстік-шығыс бөлігі пайдаланылады. Ұшу жерінің үстіңгі жағы тегіс, шымды жамылғысымен тығыздағыш құралымен тығыздалған, Мкқону=44 және 224 бірге, А, В, С, D санатының әуе кемелері ұшу және қону үшін тек ғана түсте жарамды.

Тұрақты істейтін қосалқы аэроалаңдар белгіленген: Ақтөбе, Атырау, «ИЛ-76», «ТУ-154», «ТУ-134», «ИЛ-18», «АН-12», «АН-24», «АН-30», «АН-72», «Л-410» әуе кемелері үшін пайдаланылады.

Жайық өзені бойынша су жолының ұзындығы 623 км құрайды.

«Флот» ЖШС 4 кеме, соның ішінде 3 жүк тасушы, 1 өздігінен жүрмейтін баржалар бар.

Жалпы пайдалану автомобиль жолдарының ұзындығы 6530 км құрайды, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдары 1287 км.

Облыс аумағында мына магистралды газқұбырлары өтеді 2168,5 км.:

ұзындығы 382 км, «Союз»; ұзындығы 382 км, «Орынбор-Новопсков», ұзындығы 1052 км, «Орта Азия-Орталығы» (ОАО) газқұбырының 5 желісі өтеді: ұзындығы 209 км, ОАО-2, ұзындығы 239 км, ОАО-3, ұзындығы 269 км, ОАО-4, ұзындығы 126 км, ОАО-(4.1, 4,2), ұзындығы 209 км, ОАО-5.

3 газкомпрессорлы станция - 3 (ГКС-3) Достық ауылы, 4 (ГКС-4) 2-Шежін ауылы және (ЖӨБ) Жаңақала ауылы.

Ұзындығы 312 км, «Өзен-Атырау-Самара» магистралды мұнайқұбыр.

Мұнайды жылыту, айдау станциялар мен пунктері бар:

мұнай жылыту пункті –Антонов а., Барановка;

мұнай жылыту станциясы – Сахарный а.;

желілік-өндірістік диспетчерлік станциясы - Үлкен Шаған а.

Бөрлі аудан аумағында газды өндіру, тасымалдау және конденсатты өндеу жөніндегі Қарашығанақ мұнайгазконденсаттық кен орны, бензин өндірісі жөніндегі «Конденсат» АҚ орналасқан.

Бөрлі, Теректі, Зеленов және Ақжайық ауданы аумақтары бойынша МГ экспортный конденсатопродуктопровод «Ақсай-Үлкен Шаған-Атырау» МГ экспорттық конденсатөнімқұбыры өтеді.

Ақжайық және Зеленов ауданы аумақтары бойынша «Өзен-Атырау-Самара» мұнайқұбыры өтеді.


4. Табиғи және техногендік сипаттағы

төтенше жағдайлар пайда болған кезінде болуы мүмкін

жағдайды бағалау.
Қауіпті табиғи құбылыстар және олармен байланысты болған табиғи дүлей зілзалалардың саны үнемі көбеюде. Облыстың экономикалық және әлеуметтік жағдайына, қоршаған ортаның жағдайына олардың әсер етуі өсуде. Облыс аумағының әртүрлі табиғи, геологиялық және геодинамикалық жағдайлары, өнеркәсіптік әлеуеттің дамуы оның аумағының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға елеулі ұшырайтынын алдын ала белгілейді.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан болған жыл сайынғы залал облыста орташа есеппен 300 астам млн теңге сомасымен есептелінеді.

Авариялардың, апаттардың және табиғи апаттардың болуы мүмкін зардаптарын азайту мақсатында, олардың түрлері мен сипатына тәуелді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларына аумақтың ұшырауын бағалау жөніндегі іс-шаралар өткізілуде.

Табиғи және техногендік сипаттағы өзіндік төтенше жағдайлар және оның зардаптары Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұйрығымен бекітілген, Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қауіпінің каталогі мен Батыс Қазақстан облыс аумағы қауіпсіздігінің паспортында көрсетілген.

Төтенше жағдайлар орын алған кезінде мына жағдай болу мүмкін:


  1. Төменгі температуралар, борандар, қарлы борасындар кезінде.

Төрт айдан бастап бес айға дейін созылатын қысқы кезеңінде, ауа температурасының -35.-40оС дейін төмендеуі мүмкін, жоғары жылдамдықпен ерекше болатын, соның ішінде қантар-ақпан айларында жиі борандар соғып тұрады, қыс ішінде 30 күнге дейін борасындар мен борандар болады, одан республикалық маңызы бар және облыстық маңызы бар жолдарда қар борасындары пайда болады.

Наурыз айында аязды күндер соңғы рет болады. Наурыз айының салқындығы, жаңбырмен жел соғу және қар жауумен бірге сәуір-мамыр айларындағы қайталануы облыстың ауыл шаруашылығына, ерекше мал шаруашылығына үлкен зиян келтіреді: қозылардың аурулары мен өлімі көп болады.

Қарлы борасындарға ұшырайтын автомобиль жолдарының телімдері.

Қарлы борасындарға ұшырайтын, автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 174 км болу мүмкін, соның ішінде (км):

Самара-Шымкент 195, 199-205, 216-218, 220, 341, 343, 437, 440, 456, 458, 463, 466, 475, 479, 488, 490, 494, 504, 508, 516-518, 521, 524-526;

Орал-Атырау 13-14, 50-52;

Федоровка-Ақсай 25, 26, 28, 30, 31, 80-82, 43, 49, 50-53, 57,63;

Шыңғырлау-Лубен-Лебедевка 2, 5, 6, 8, 28, 37, 43, 76-80, 96-102;

Ақсай-Шыңғырлау 5, 17, 25, 29, 33, 35, 52, 53, 59;

Бөрлі-Ақсай-Сырым 1, 3, 5, 56, 63, 65, 72, 129, 135-137;

Сырым-Қаратөбе 20-22, 47, 48, 66-70, 75, 78, 89-92, 93-95;

Орал-Озинки 4-7, 8, 9, 11, 16, 20, 35, 37, 47, 53, 104;

Подстепное-Елек 8, 11, 30, 35, 42, 43;

Жәнібек-Таловка 90-110, 111-115;

Тасқала-Шильная Балка-Алгай-Қазталов 97-102, 104, 117, 130-132, 145-147, 150, 160, 175;

Чапаев-Жалпақтал 24, 31, 33, 34, 37, 41, 42, 46, 52, 53, 54, 55, 56, 59, 60, 61, 68, 70, 71, 76.

Қарлы борасындар мал азығын жеткізуде, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруда белгілі қиыншылықтарды туғызады, кейбір жерлерде көлік қатынасы тоқталады.

Қарлы борасындарға ұшырайтын теміржол жолдарының телімдері:

станциялар: Жайық 1327, Ростоши 1267, Переметное 1248, Шипов 1202, 1209, Семиглавый Мар 1184, Амангельды 1444, Қазақстан 1407, Шыңғырлау 1486.

теміржол аралықтары: Сұлусай-Амангельды 1434, 1437-1440, Жаркий-Сұлусай 1424-1424, Анқаты-Гугня 1382, Алғабас-Анқаты 1368-1369, 1374, Жайық-Вербовый 1334-1335, Елек-Тузов 1455-1456, Шыңғырлау-Уютный 1188-1489, разъездтер: Тузов 1463, Жаркий 1417, Тақсай 1348-1349, Тақсай-Алғабас 1351-1352, Вербовый 1339, Колузанов 1318, Деркөл-1232.

Қарлы борасындар, көктайғақ пайда болған кезінде және өзге де метеорологиялық қауіпті құбылыстар, қатты аяздар (қар жауу) пайда болған кезінде бірнеше аудандар аумағы, әдеттегідей, Жаңақала мен Бөкей ордасы аудандарынан басқа аудандардың барлығы ТЖ аймағында болу мүмкін.

Температуралардың кенет құламасы кезінде электр берілісі желілер мұздау мүмкін, көктайғақ пайда болу аймағына 22 әуе электр берілісі желісі түседі, соның ішінде: ВЛ-220кВ Кинель-Орал, ВЛ-110кВ: Қазақстан-Шыңғырлау, Тасқала-Семиглавый Мар-Озинки, Тасқала-Переметное, Орал-Переметное, Орал-Көшім-Бударин, Орал-Үлкен Шаған. ВЛЭП бұзылу нәтижесінде ауылдық аудандарына, Орал қаласының өнеркәсіп және тұрғын үй кварталдарына электрэнергия берілісі 2-3 тәулікке дейін тоқталу мүмкін.

Орал-Федоровка, Орал-Жалпақтал, Сырым-Қаратөбе телімдерінде байланыс желілердің мұздауы мен бұзылулары болу мүмкін.

Төменгі температуралардың, жер бетіндегі қардың тығыз қабыршағының қосылуы ұзаққа созылатын малдың жұты пайда болады. Қар жамылғысының ең үлкен қалындығы ақпан айының аяғында ғана болады.

Қысқы мезгілде қорғалмаған халықтың, ауыл шаруашылық малдың үсуі, жылумен және сумен жабдықтау жүйелерінде авариялар болу мүмкін.

Оннан бірнеше жүзден астам адамдар қарлы тұтқынында қалу мүмкін, халықаралық жолдарда халық арасындағы шығын бірнеше он адамға тең болады.



  1. Күшті жел, дауыл, ауаның жоғарғы температурасы кезінде.

Жазғы кезең маусым айында 300С, шілде айында 400С орташа айлық температурасымен сипатталады. Жазы ыстық, құрғақ, жаңбырдың жаууы бірдей емес. Ауа құрғақшылығы өте жоғары. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 3% кем емес, жазда күшті жел болса, ол апта бойы немесе одан да көп жалғаса болатын, 8-10 рет жиі болатын анызақтардың себебі болып табылады. Шаңды дауылдар болу мүмкін.

Көктемгі және жазғы желдер топырақтың қаңсуын жылдам тудырады, сол уақытта топырақтан уақ түйіршектердің үрленуі болады, бұл топырақ эрозиясы. Күшті жел болған күндер орташа есеппен 40 аса күнге дейін жетеді.

Метеорологиялық жағдайды, болуы мүмкін дауылды желдердің болжамдауын «Батыс Қазақстан гидрометеорология орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асырады.


  1. Су тасқыны кезінде.

Көктемгі су тасқыны кезеңінде Жайық, Шаған, Деркөл, Үлкен және Кіші Өзен, Өленті, Қалдығайты, Утва, 1-Шежін, 2-Шежін өзендерінде барынша көрсеткіштеріне дейін су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Облыста 95 елді мекен су басуға ұшырау мүмкін, онда 73000 адам мекендейді, су басу аймағында 8700 адам қалу мүмкін.

Орал қаласының кейбір телімдерін су басу кезінде су басу аймағында 1580 адам қалу мүмкін. Қала бойынша 4 су басу телімдері бар:

қаланың оңтүстік бөлігі (Курени)

қаланың батыс бөлігі (Парковая)

«Жас Дәурен» балалар кешені;

ескі әуежайда бір қабатты үйлер ауданы, «Жұлдыз».

Облыстың автомобиль жолдарында, ұзындығы 240 км, көктемгі су тасқыны уақытында ең қауіпті және бұзылуларға ұшырайтын телімдер 62 дейін болады. Солардың ішіндегі автожолдар: Орал-Озинки, Орал-Теплое, Шыңғырлау-Полтавка-Белогор, Сырым-Қаратөбе-Қарақамыс, Қазталов-Жәнібек, Тасқала-Шильная Балка-Алғай, Федоровка-Ақсай, Бөрлі-Ақсай-Сырым.

Су басу аймақтарына ұзындығы 17800 м, саны 45 дейін, әртүрлі кернеуде электр беріліс желілері түседі, олардың ішінде ең маңыздылар: ВЛ-110кВ Талдыапан-Жалпақтал, ВЛ-110кВ Жалпақтал-Қазталов, ВЛ-35 Омега-Белес, ВЛ-35кВ Омега-Дариян, ВЛ-35кВ Январцев-Кирсанов, ВЛ-110кВ Пойма-Қазақстан, ВЛ-35кВ Қаратөбе-Ақсай, ВЛ-10кВ: Қарақамыс-Ағалық, Бөрлі-Тельман, Дариян-радиоорталығы, Тайпақ-Жатөмір, Сунале-Жетісай.

Батыс теміржол жолындағы мына телімдерде теміржол төсемін су шайып кету мүмкін: Вавилин-Шипов 1196-1198 км., Шипов-Родники 1211-1212 км., Ростоши-Кордон 1269-1270 км., Желаев-Пойма 1303-1306 км. 4 металлды көпірлердің 1435 км. Березовка өз., 1477 км Ащы өз., 1465 км. Жіңішке өз., 1468 км. Шилі өз және құрғақ беткейдің 2 темірбетонды көпірлердің, 1414-1444 құрғақ беткей теміржол көпірлердің бұзылу қауіпі бар.

Су тасқыны кезеңінде Жайық-Көшім суармалау-суландыру жүйесінің бас құрылыстары мен су қоймаларының гидротораптары ерекше қауіпті болады, оларда әр авария бұзу толқындар пайда болуымен бірге, келесі нысандар каскадын алып кетуді жалғастырады. Жайық-Көшім жүйесінде болуы мүмкін төтенше жағдайларды үлгілеу нәтижесінде белгілі болғаны, нәтижесінде тұрғындар саны 3 мың адамға дейін 6 елді мекен су басу аймағында қосымша қалу мүмкін, құнарлы және жайылым жерлерін су шайып кетеді. Халық арасындағы болуы мүмкін шығындар 10 адам және одан да көп болу мүмкін.

Жауын-шашын нормадан жоғары мол түсу облыстың оңтүстік аудандарында күзгі маусымда саманнан салынған құрылыстардың бұзылуына келтіру мүмкін. Осындай табиғи зілзала апаттар Жаңақала, Қазталов, Бөкей ордасы аудандар үшін сипатты болады.

«Батыс Қазақстан гидрометеорология орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорынмен су тасқыны алдындағы кезең жағдайдың болжамы алдын ала жасалады.

Өзендерде мұздық сең бууларды жою үшін, «Азимут энерджи сервиз» ЖШС Орал өкілеттігі жарғыштарының кезекші топтары тартылады.


  1. Каталог: fileadmin -> user upload -> docx
    user upload -> Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу
    user upload -> Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда халыққа арналған жаднама Терроризм актілерін дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын белгілері
    user upload -> Орал қаласының аумағын абаттандыру Ережесi Жалпы ережелер
    docx -> Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет