1 тақырып. Қоғам дамуында экономикалық теорияНыҢ орны мен рӨлі



бет1/8
Дата24.10.2018
өлшемі0.79 Mb.
түріУчебник
  1   2   3   4   5   6   7   8
Учебник по экономической теории (каз. яз.)

 

ҚОҒАМ ДАМУЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ

 

МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ

 

ЭКОНОМИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАЛАРЫ

 

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

 

ФИРМАНЫҢ ТАБЫСЫ МЕН ШЫҒЫНДАРЫ

 

ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҒЫ

 

МАКРОЭКОНОМИКАҒА КІРІСПЕ

 

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ

 

ЭКОНОМИКАНЫҢ ЦИКЛДЫҚ ДАМУЫНЫҢ

 

МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША – НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ

 

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

 

МЕМЛЕКЕТТІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

 

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР МЕН ТЕРМИНДЕР

 

ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 



 

 
 


© Искендирова С.К., Сыздыкова С.А.,

Балабекова А.К.


 

1 тақырып. Қоғам дамуында экономикалық теорияНыҢ орны мен рӨлі

 

Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.



Негізгі экономикалық заңдылықтар және категориялар.

Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдері.

Қоғамдық өндіріс негіздері. Ұдайы өндіріс.

Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері.

 

Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.

Басқа ғылымдарға ұқсас экономикалық теория ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады.

1.1. кесте

 

Экономикалық теорияның зерттеу әдістері

 


Жалпы әдістер

Жеке әдістер

  1. 1.       Ғылыми абстракция әдісі – зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.

  2. 2.       Талдау – зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды бөліктері мен жақтарына ажыратылады.

  3. 3.       Жинақтау – құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс болып қалыптасуы.

  4. 4.       Индукция – жеке фактілерден жалпы қорытынды шығару.

  5. 5.       Дедукция – жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу.

  6. 6.       Эксперимент, гипотеза және т.б.

 

Экономико–мате- матикалық мо-дельдер әдісі, экстраполяция (болжау), баланстық, функциональдық және тағы басқа да әдістер.



 

Зерттелінетін құбылыстардың маңыздылығы экономикалық заңдылықтар мен категорияларға бағынышты.



Экономикалық заңдылықтар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы қатынастардың көрінісі. Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:

  1. 1.             Ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи даму заңдары.

  2. 2.             Жалпы экономикалық заңдар. Бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән.

Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).

Экономикалық теория талдау дәрежесіне қатысты екі бөлімнен құралады:



микроэкономика – талдауға шаруашылық бірлігі – фирма, бірлестік және т.б. алынады.

макроэкономикада – мемлекеттің жалпы экономикасы зерттелінеді, талдау объектісіне жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық, инфляция және т.б.

Қазіргі экономикалық теория позитивтік және нормативтік болып екі түрге бөлінеді. Позитивтік экономика нақты деректер мен құбылыстарға сүйенеді. Нормативтік экономика ұсыныстар мен ұйғарымдар жасайды, яғни экономика қандай болуы керек (болжау) және мақсатқа жету үшін қандай шаралар жүргізу керек.



Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:

  1. 1.     Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбылыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп білуі және түсіндіруі тиіс.

  2. 2.     Дүниетанулық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.

  3. 3.     Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды.

  4. 4.     Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді.

  5. 5.     Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.

Экономикалық теория қоғамдық ғылым ретінде үш сұраққа жауап беруі тиіс:

Не өндіру керек? – қандай тауарлар және қызметтер өндірілуі қажет?

Қалай өндіру керек? – қандай ресурстар, қандай технологияны пайдалану арқылы өндіру қажет?

Кім үшін өндіру керек? - өндірілген тауар қалай бөлінеді, кімге арналады, кім сатып алады?

Қоғамның қажеттілігін барынша толық қанағаттандыру мәселелерін шешу барысында экономикалық теория таңдау проблемасымен тығыз байланыста болады, себебі:


адамдардың қажеттілігі шексіз;

ресурстар шектеулі немесе сирек кездеседі.

Осы келтірілген ережелер экономиканың екі шартын дәлелдейді.

Экономикалық ғылым - ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы «экономия» («ойкономия») термині біздің дәуірімізге дейін ежелгі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.), Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінде пайда болды.

«Ойкономия» (экономия) сөзі ретінде – (үй, шаруашылық) деп, Аристотель құл иеленушілік шаруашылықты жүргізуді ұйымдастыру туралы ұсыныстар жиынтығын көрсеткен.

Орталықтанған мемлекеттің пайда болуымен соңынан барлық шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесін анықтаудың талпыныстары пайда болды. Сонымен «ойкономия» термині өзгертіліп, мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «Саяси экономия» деген атқа ие болды. Алғашқы рет «саяси экономия» деген ұғымды француз экономисі Антуан Монкретьен (1575-1622 ж.ж.) «Саяси экономия трактаты» атты еңбегінде қолданды. Бірақ мұны әлі де ғылым деп айтуға болмайтын еді. Сондықтан, қоғамның даму барысы өзгерген сайын экономикалық ой-пікірлер де өзгеріп отырды.

 

Экономикалық теорияның даму кезеңдері.

 


  1. 1.     Меркантилизм – ХҮІІ ғасыр (Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков) - айналыс саласы зерттелінген. Қоғамның байлығы сыртқы сауда нәтижесінде болады деп дәлелдеген.

  2. 2.     Физиократизм - ХҮІІІ ғасыр (Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур) өндіріс саласы зертелінген, бірақ өндіріс мағынасын тек, ауылшаруашылығы деп түсінген.

  3. 3.     Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізгі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

  4. 4.     Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. Қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құн теориясының мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.

  5. 5.     Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды.

  6. 6.     Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктер - егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе олар өте жақсы қызмет атқарған болар еді ,деп есептеді.

  7. 7.     Кейнсианство – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекет араласуының қажеттілігін айқындады.

  8. 8.     Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.) Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыттың өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларын жатқызуы қаралды.

Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – ол өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды.

  1. 1.      Өндіріс – материалдық игіліктерді, пайдалы өнімді өндіру процесі.

  2. 2.      Бөлу - әрбір адамның өндірілген өнімдегі үлесін анықтау.

  3. 3.      Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.

  4. 4.      Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану.

1.2. кесте.

Қоғамдық өндірістің құрылымы

 


Материалдық өндіріс

Материалдық емес өндіріс

Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б.

Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары.

Үнемі қайталап, жаңғырып отыратын өндірісті ұдайы өндіріс деп атайды.

Ұдайы өндірістің түрлері:



жай өндіріс ұлғаймалы өндіріс.

 

Ұлғаймалы өндірістің типтері:



  1. 1.    Экстенсивті - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.

  2. 2.    Интенсивті - өндіріс техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

  3. 3.    Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

Өндіріс ресурстары - бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы. Ресурстарға жататындар:

  1. 1.      Табиғи ресурстар - өндіріс процесінде қолданылатын қоршаған ортадағы табиғат жағдайлары жиынтығының бір бөлігі (жер, қазба байлықтары, су ресурстары, т.б.)

  2. 2.      Еңбек ресурстары – еңбек ету қабілеті бар жұмыс жасындағы белсенді халық саны.

  3. 3.      Капитал - өндіріс процесінде қолданылатын құрал - саймандар үшін қажетті ақша қаражаты (машиналар, станоктар т.б.)

  4. 4.      Ақпараттық ресурстар - автоматтық өндірістің шаруашылығына компьютерлік техниканың көмегімен басқару үшін қажетті мәліметтер.

  5. 5.      Кәсіпкерлік қабілет – шектеулі ресурстарды өндірісте тиімді пайдалану мен дұрыс бағытта ұйымдастырудағы жоғары бағаланатын іскерлік дарын.

Нақты өндірісте әрекет жасауға жұмсалған ресурстарды өндіріс факторлары деп атайды. Қазіргі экономикалық теорияда төрт өндіріс факторлары белгіленген: еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Өндіріс процесі өндіргіш күштер арқылы жүзеге асады. Өндіргіш күштер дегеніміз - бұл өндірісті ұйымдастыру үшін пайдаланатын жұмыс күші мен өндіріс құралдарының жиынтығы.

Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:



  1. 1.    Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.

  2. 2.    Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.

Өндіріс қоғамның қажеттілігін толық қанағаттандыруда тауарлар мен қызметтерді барынша мол өндіру үшін ұйымдастырылады. Бірақ та ресурстардың шектеулігінен тауар мен қызметтерді таңдау проблемасы туады, яғни қандай тауарларды өндіру керек, қандайдан бас тарту қажет. Таңдау проблемасын графикте өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы арқылы көруге болады. Мысалы: экономикада екі ғана тауар өндіріледі: Х және У.

1 сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы.





 

А – барлық ресурстар У- тауарын өндіруге бағытталған барлық ресурстар В -Х тауарын өндіруге бағытталған барлық ресурстар

С және Ғ – ресурстарды тиімді пайдалану

Е – ресурстарды толық пайдаланбау



Д – осы берілген технологияның даму деңгейінде мүмкіншілігі жоқ өндіріс

Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы. Экономикалық жүйені топтау кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі.

1. Экономиканы ұйымдастыру бойынша:

    1. 1.1.        Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шет елдермен қатынас болмайды.

    2. 1.2.        Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

  1. 2.           Меншік қатынастарының формалары бойынша:

    1. 2.1.        Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.

    2. 2.2.        Әкімшілік - әміршілік экономика - орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.

    3. 2.3.        Нарықтық экономика - жеке меншікке, бәсекеге негізделеді.

    4. 2.4.        Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

  2. 3.           Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:

    1. 3.1.        Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе – бұл жүйеде ауыл шаруашылығы, натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.

    2. 3.2.        Индустриалдық жүйе – бұл жүйе ірі машиналық өндіріске, дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.

    3. 3.3.        Постиндустриалдық жүйе- бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес сала.

Дәстүрлі экономиканың сипаттамасы:

  1. 1.    Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.

  2. 2.    Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.

  3. 3.    Техникалық прогресс шектеулі.

  4. 4.    Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.

  5. 5.    Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.

  6. 6.    Мемлекет пен қарулы күштердің рөлі өте жоғары.

Әкімшілік - әміршілік экономиканың сипаттамасы:

  1. 1.    Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.

  2. 2.    Экономикада орталықтанған жоспарлау.

  3. 3.    Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.

  4. 4.    Орталықталынған ресурстар қоры.

  5. 5.    Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталылығының болмауы.

 

Нарықтық экономиканың сипаттамасы:

  1. 1.    Өндіріс факторларына жекеменшік.

  2. 2.    Кәсіпкерлік пен таңдау еркіндігі.

  3. 3.    Тәуекелге бел байлаған шаруашылық субъектілердің өзіндігі.

  4. 4.    Еңбек нәтижесіне қатысушылардың жеке ынталылығы – мотивациясы.

  5. 5.    Өндірушілер, тұтынушылар арасындағы бәсеке, сондықтан ешкім нақты (экономикалық) билікке ие емес.

 

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР МЕН ТЕРМИНДЕР

Ұдайы өндіріс.

Жер.

Капитал.


Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы.

Айырбас.

Тұтыну.

Кәсіпкерлік қабілет.



Өндіріс.

Жәй ұдайы өндіріс.

Бөлу.

Ұлғаймалы ұдайы өндіріс.



Еңбек.

Экономикалық жүйе.

Экономикалық теория.

Экономикалық заңдылықтар.

Экономикалық категориялар.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ



  1. 1.    Экономикалық теория пәні.

  2. 2.    Экономикалық теорияның қызметтері.

  3. 3.    Экономикалық теорияның дамуы мен қалыптасу кезеңдері.

  4. 4.    Қоғамдық өндіріс пен ұдайы өндіріс.

  5. 5.    Өндіріс факторлары.

  6. 6.    Экономикалық жүйелердің типтері.

  7. 7.    Экономикалық заңдар мен категориялар.

 

 

  



2 тақырып. Меншік қатынастары жӘне олардың

экономикадағы рӨлі.

Меншіктің экономикалық категориядағы мағынасы.

Меншіктің экономикалық және құқықтық аспектілері.

Меншіктің типтері, формалары мен түрлері. Кәсіпорынның мағынасы. Фирма, оның түрлері.

Кәсіпкерлік: мағынасы мен формалары.

Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.

Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.

 

Меншік субъектісі меншік объектісі



Адам, отбасы,әлеу- Жер,ғимараттар, табиғи ресурстар

меттік топтар, ұжым, өндіріс құрал-жабдықтары, мүлік

халық, мемлекет, басқару ақша, асыл заттар, ақпарат, органдары. жұмыс күші, білім, бағалы қағаздар

 

Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:



  1. 1.    Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.

  2. 2.    Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару.

  3. 3.    Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.

  4. 4.    Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.

  5. 5.    Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.

  6. 6.    Табысты бөлу әдістері.

Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады.

(Оноре тізімі бойынша):



  1. 1.     Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш - қуаттылық) бақылау құқығы.

  2. 2.     Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.

  3. 3.     Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануда кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.

  4. 4.     Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.

  5. 5.     Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.

  6. 6.     Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.

7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы.

8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.



9. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға тйым салу құқығы.

10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы

11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.

 

Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Олардың ең бастылары: жалпы және жеке меншік болып саналады.

Осы белгілер бойынша, яғни еңбек бөлінісінің даму деңгейіне байланысты меншік әр түрлі иемдену формаларына бөлінеді:


  1. 1.    Жеке иемдену формасы.

  2. 2.    Ұжымдық иемдену формасы.

  3. 3.    Қоғамдық иемдену формасы.

Осы келтірілген меншіктің формалары өз кезегінде бірнеше түрлерге бөлінеді:

 


Каталог: Книги -> 152
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы
152 -> БАҒдарламасы (силлабус) Пән : Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі
152 -> БАҒдарламасы (силлабус) Пән : Педагогикалық психология 5В012300


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет