1 Қолданылу саласы



бет1/14
Дата27.01.2017
өлшемі3.1 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Негізгі қорлар сыныптамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің

2016 жылғы «___» ______ № _____

бұйрығына қосымшасы



1 Қолданылу саласы
Осы жіктеуіш бухгалтерлік және статистикалық есепке алу салаларындағы негізгі қорларды есепке алу мақсатында кеңінен қолдануға арналған.

Осы жіктеуіш негізгі құралдар және материалдық емес активтер (зияткерлік меншік өнімдері) екі бөлімін қамтиды. Әрбір бөлім [1] және [4] талаптарға сәйкес жіктеледі.

Жіктеуішті біріктірудің түрлі деңгейлерінде: экономикалық қызметтің жекелеген субъектілері деңгейінде; субъектілер топтары деңгейінде; бүкіл экономика деңгейінде қолдануға болады.

Негізгі қорларды есепке алу үшін жіктеуішті пайдалану [1] талаптарына сәйкес маңызды макроэкономикалық статистикалық көрсеткіштерді әзірлеуге мүмкіндік береді.


Ескертпе - Осы жіктеуіш бухгалтерлік есеп және қаржылық есептерді жүргізуді реттейтін Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің нормаларын қолданбайтын мемлекеттік мекемелерге таратылмайды.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы жіктеуішті қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжат қажет:

Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің мемлекеттік жіктеуіші (бұдан әрі - ЭҚТӨЖ) ҚР МЖ 04-2008.


Ескертпе - Осы жіктеуішті пайдалану кезінде сілтемелік жіктеуіштердің әрекетін ағымдағы жылдағы жағдай бойынша жыл сайын басылып шығарылатын «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар» ақпараттық сілтемесі бойынша және ағымдағы жылы жарияланған тиісті ай сайын басылып шығарылатын ақпараттық сілтемелер бойынша тексерген дұрыс. Егер сілтемелік құжат ауыстырылса (өзгертілсе), онда осы жіктеуішті пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелік құжат ауыстырусыз жойылса, онда оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады.
Ресми басылым
3 Терминдер және анықтамалар
Осы жіктеуіште тиісті анықтамаларымен келесі терминдер қолданылады:


3.1 Негізгі қорлар: Бірнеше есептік кезең барысында өндірісте бірнеше рет немесе үздіксіз қолданылатын өндірілген активтер (мысалы, машиналар, құрылғылар, ғимараттар мен имараттар).
Ескертпелер

1 Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) айқын түрде жіктелімдердегі бөлімшелерге материалдық және материалдық активтерді қоспайды. Алайда тұрғын ғимараттардың, басқа ғимараттар мен имараттардың, машиналар мен құрылғылардың, қаруландыру жүйесі мен культиваторланатын биологиялық ресурстардың санатын материалдық активтер ретінде, ал басқа санаттар материалдық активтер ретінде қарастыруға болады.

2 Негізгі қорларға күрделі құрылыс теңгеріміндегі жолда келе жатқан, монтажға берілген немесе монтаждауға жататын әзірлеуші-кәсіпорындардың, жабдықтайтын және өткізетін ұйымдардың қоймаларында дайын бұйым ретінде есепке алған машиналар, құрылғылар жатпайды.
3.2 Негізгі құралдар:

- өндірісте қолдану немесе тауарды қою (жұмыс, қызмет) үшін, басқа тұлғаларға жалға беру үшін, құнының өсуін немесе әкімшілік мақсаттар үшін және



- бір кезеңнен артық уақыт бойы қолдануға жорамалданатын материалдық активтер.

3.3 Материалдық емес активтер (зияткерлік меншік объектілері): Өндірісте қолдану үшін немесе тауарларды қоюға немесе қызмет көрсетуге, басқа тараптарға жалға беру мақсатында немесе әкімшілік мақсаттарда ұсталынатын, физикалық түрі жоқ сәйкестендірілетін ақшалай емес активтер.

3.4 Ғимараттар: Көтеретін және қоршайтын немесе үйлескен (көтеретін және қоршайтын) конструкциялардан тұратын, объектінің функционалдық мақсатына орай адамдардың тұруына немесе малдардың паналауына, заттарды сақтауға арналған тұрақты мақсаттар үшін салынған объект.

3.5 Тұрғын ғимарат: Жалпы мүлік болып табылатын, негізінен тұрғын үй-жайдан, сондай-ақ тұрғын емес үй-жай және өзге де бөліктерден тұратын құрылыс.
Ескертпе - Егер жалпы пайдалы алаңның жартысынан азы тұрғындық мақсат үшін пайдаланылса, ғимарат оның мақсатты дизайнына сәйкес тұрғын емес ғимарат ретінде жіктеледі.
3.6 Тұрғын емес ғимарат: Негізінен пайдаланылатын немесе тұрғын емес мақсаттарға арналған құрылыс.
Ескертпе - Егер жалпы пайдалы алаңның жартысы тұрғындық мақсаттар үшін пайдаланылса, ғимарат тұруға арналған ретінде жіктеледі.
3.7 Имарат: Инженерлік-құрылыс объектісі (ғимараттан басқа), олардың міндеті еңбек мәнін өзгертумен байланысты емес сол немесе басқа техникалық функцияларды орындау арқылы өндіріс процесін жүзеге асыру үшін немесе әртүрлі өндірістік емес функцияларды жүзеге асыру үшін қажет жағдайларды жасау болып табылады.

3.8 Машиналар мен жабдықтар: Энергияны, материалдар мен ақпараттарды жаңғыртатын құрылғылар.
Ескертпе - Негізгі (басым) мақсатына байланысты машиналар мен жабдықтар түрлі санаттарға бөлінеді.
3.9 Биологиялық актив: Жануар немесе өсімдік.

3.10 Лицензиялық келісім: Өнертабысты немесе өзге де техникалық жетістікті пайдалануға және оны коммерциялық әрі өндірістік мақсатта пайдалануға құқық беретін, патенттің иесі табыс ететін шарт, рұқсат; қызметтің қандай да бір түрімен шұғылдануға, жануарларды атуға, т.с.с. және сыртқы сауда операцияларын жүргізуге патенттерді мемлекеттік органдар береді.

3.11 Патент: Авторлықты растайтын және ол берілген адамға белгілі бір кезең ішінде өнертабысқа айырықша құқықты бекітетін, уәкілетті орган беретін құжат.

3.12 Гудвилл және маркетингтік активтер: Ұйым тұтас мүліктік кешен ретінде алған құнының оның барлық активтері мен міндеттемелерінің нарықтық (әділ) құнынан асуын көрсетеді. Маркетингтік активтер бренд атаулары, тауар маркасы, логотипі мен домен атауы сияқты объектілерден тұрады.
4 Жалпы ережелер
Осы жіктеуіш келесі базалық стандарттар мен жіктелімдерді пайдалану негізінде әзірленген:

  • халықаралық статистикалық стандарттар;

  • қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары;

  • қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттары;

  • ҚР МЖ 04-2008 ұлттық жіктеуіші.

Осы жіктеуіш келесі мәселелерді шешу үшін пайдаланылады:

  • негізгі қорлардың нақты барының, құрамы мен жай-күйінің бастапқы және бухгалтерлік есебін жүргізу;

  • жалпы мемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды ұйымдастыру;

  • негізгі қорлардың құрылымы мен жағдайы бойынша халықаралық салғастыру;

  • статистикалық және бухгалтерлік есеп жүргізу және ұйымдастыру;

  • бір жолғы жұмыстар жүргізу (негізгі қорларды санап шығу және қайта бағалау, өтелім нормаларын анықтау және басқалар);

  • басқа да міндеттер, соның ішінде айрықша және арнаулы міндеттер.


5 Жіктеуіштің құрылымы
Осы жіктеуіште базалық негіз ретінде ҚР МЖ 04-2008 жіктелім құрылымы алынған.

Жіктеуіште топтамаларды құрудың осы құрылымы қызмет, өнім және қызмет көрсету түрлерінің халықаралық жіктелімдері мен үйлесімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

НҚЖ жіктеуішінің құрылымы сәйкестендіру және атау блоктарынан тұрады. Сәйкестендіру блогы иерархиялық әдіс бойынша құрылған және онда жіктеменің көп сатылы жүйесі мен цифрлы кодты пайдаланумен дәйекті кодтау жүйесі бар.

НҚЖ жіктеуішінің әрбір айқындамасы тоғыз таңбалы цифрлы код пен атауды қамтиды.

Жіктеуіште объектілер топтамаларын құруға арналған тоғыз таңбалы кодтардың жалпы құрылымы келесі сызба түрінде берілген:

Х00. 000000 ________бөлім

ХХ0. 000000 _________ішкі бөлім

ХХХ. 000000__________топ

ХХХ. ХХХХ00 _________класс

ХХХ. ХХХХХХ _________түр


Жіктелімді құрудың мысалы:

Бөлім 100.000000 Негізгі құралдар

Ішкі бөлім 140.000000 Машиналар мен жабдықтар

Топ 141.000000 Көлік құралдары мен жабдықтар

Класс 141.341000 Автомобильдер

Түр 141.341020 Жолаушылар таситын жеңіл автомобильдер


Бөлімдер негізгі қорлардың жіктелімін есепке алып жасалған жиынтық санаттарды білдіреді, мысалы, негізгі құралдар және материалдық емес активтер.

Ішкі бөлім әрбір бөлімнің ішіндегі жіктелім объектілерінің бөліну деңгейін білдіреді, ол объектілердің тұтастай экономика үшін мәнін есепке алады. Мысалы, негізгі құралдар сегіз ішкі бөлімді қамтиды: жер, ғимараттар, имараттар, машиналар мен жабдықтар, өзге де негізгі құралдар, биологиялық активтер мен басқа топтамаларға енгізілмеген негізгі құралдар. Топ дегеніміз – ішкі бөлімді құрамы бойынша жүйелеу. Мәселен, ғимараттар тұрғын және тұрғын емес болып бөлінеді, ал машиналар мен жабдықтар көлік құралдары мен жабдықтардан, өзге де машиналар мен жабдықтардан, ақпараттық, компьютерлік және телекоммуникациялық құрылғылардың және қорғаныс жүйелерден тұрады.

Кодтың үшінші және төртінші таңбаларының арасында нүкте қойылады.

Кластар жіктеу обьектілерінің бөлшектелуін қамтамасыз етеді және оларды жіктеудің ең төмен маңызды деңгейі болып табылуы мүмкін. Негізгі қорлардың кластары негізінен ЭҚТӨЖ бойынша өнімнің тиісті класстарының базасында құрылған. Мысалы, көлік құралдары мен жабдықтар тобы кластарына сәйкес қалыптасқан өніммен берілген.

Түрлер бөлектенген класты қажетті бөлшектеп көрсетеді және ол негізінен ЭҚТӨЖ бойынша өнімнің тиісті топтамалары базасында құрылған әрі есептік функцияларды орындау үшін қажет.

НҚЖ класы ЭҚТӨЖ әртүрлі кластарында көрсетілген топтамалардан тұрған жағдайларда, не негізгі қорлардың ерекшелігіне байланысты ЭҚТӨЖ –де баламасы жоқ болса НҚЖ класының коды мынадай құрылымға ие болады: ХХХ.000Х00.

НҚЖ жіктеуішін қолданудың қолайлығы үшін қосымша ретінде ірілендірілген топтамаларының (бөлімдер-топтар) тізбесі (А қосымшасын қараңыз) келтірілген, мұнда оларды қалыптастырудың әдіснамалық көздері бар.
6 Жіктеуішті жүргізу
НҚЖ жіктеуішін жүргізу жіктеуіштің эталонды және бақылау данасын жасауды, олардағы ақпараттың дәйектілігі мен толықтығын қамтамасыз ету, негізгі қорлардың жаңа түрлерін жіктеу және кодтау мақсатында оларға өзгерістер енгізуді көздейді.

Жіктеуіштің эталондық нұсқасына өзгерістер енгізуді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырады.


7 Негізгі қорлар жіктеуіші


Коды


Атауы

Жіктеуіштердің сәйкес кодтарына сілтемелер

ҒЖ

ЭҚТӨЖ

100.000000

Негізгі құралдар







110.000000

Жер







111.000000

Ауылшаруашылық мақсаттарына арналған жерлер







112.000000

Орман қоры жерлері







113.000000

Құрылыс салынған жер және жердің осыған байланысты түрлері







114.000000

Демалыс мақсаттарына арналған жер







119.000000

Өзге де жер







120.000000

Ғимараттар

1




121.000000

Тұрғын ғимараттар

11

41.00.10

121.100000

Жеке үйлер (бір пәтерлі үйлер)

111




121.200000

Көп пәтерлі үйлер (екі және одан да көп пәтерлі үйлер)

112




121.300000

Мамандандырылған үйлер (әлеуметтік топтарға арналған тұрғын ғимараттар)

113




121.310000

Жатақханалар







121.311000

Отбасылық жатақханалар







121.312000

Жұмысшыларға арналған жатақханалар







121.313000

Студенттерге арналған жатақханалар







121.319000

Басқа жатақханалар







121.320000

Жетім балаларға арналған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар







121.330000

Балалар үйлері







121.340000

Медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар)







121.341000

Қарттарға, мүгедектерге (үлкендер мен балаларға) арналған интернат-үйлер







121.342000

Санаториялық мектеп-интернаттар







121.350000

Тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған бейімдеу орталықтары







121.900000

Өзге де тұрғын ғимараттар және тұруға жарамды басқа да құрылыстар







122.000000

Тұрғын емес ғимараттар

12

41.00.20

122.100000

Өнеркәсіптік ғимараттар мен қоймалар

125




122.110000

Өнеркәсіптік ғимараттар

1251




122.110001

Тас көмірді өндіру, байыту және агломерациялау жөніндегі кәсіпорындар







122.110002

Лигнитті өндіру және байыту жөніндегі кәсіпорындар







122.110003

Шымтезек өндіру және байыту жөніндегі кәсіпорындар







122.110004

Шикі мұнай және ілеспе газды өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110005

Табиғи газды өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110006

Уран және тори кендерін өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110007

Темір кендерін өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110008

Құрамында алюминий бар шикізатты өндіру және байыту жөніндегі кәсіпорындар







122.110009

Мыс кенін өндіру және байыту жөніндегі кәсіпорындар







122.110010

Қорғасын-мырыш кенін өндіру және байыту жөніндегі кәсіпорындар







122.110011

Никель-кобальт кендерін өндіру және байыту жөніндегі кәсіпорындар







122.110012

Титан-магний шикізатын (кенін) өндіру және байыту жөніндегі кәсіпорындар







122.110013

Қалайы кенін өндіру және байыту жөніндегі кәсіпорындар







122.110014

Сурьмян-сынап кендерін өндіру және байыту жөніндегі кәсіпорындар







122.110015

Бағалы металдар және сирек кездесетін металдар кендерін өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110016

Полиметалл кендерін өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110017

Вольфрам-молибден кендерін өндіру және байыту жөніндегі кәсіпорындар







122.110018

Флюорит кенін өндіру және байыту жөніндегі кәсіпорындар







122.110019

Марганец кенін өндіру және байыту жөніндегі кәсіпорындар







122.110020

Хром қойыртпасын өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110021

Ильменит қойыртпасын өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110022

Өзге де түсті металдар кендерін өндіру және байыту жөніндегі кәсіпорындар







122.110023

Мрамор ұнтағын өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110024

Мраморды үгіндіге ұсату жөніндегі кәсіпорындар







122.110025

Декоративтік және құрылыс тасын өндіру жөніндегі өзге де кәсіпорындар







122.110026

Әктас, ғаныш және бор өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110027

Тақтатасты өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110028

Шағыл, малтатас және шақпақтас өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110029

Қиыршықтас өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110030

Құм және қиыршықтас өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110031

Шағыл өндіру бойынша ұсату-іріктеу қондырғылары







122.110032

Ұсатып өткізетін кешендер







122.110033

Құм өндіру бойынша сыныптауыш қондырғылар







122.110034

Құмды кептіруге арналған қондырғылар







122.110035

Қиыршықтас және құмнан жасалған бөгеуілдерді әзірлеу жөніндегі өзге де кәсіпорындар







122.110036

Саз бен каолинді өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110037

Химия өнеркәсібі және тыңайтқыштар өндірісіне арналған минералдық шикізатты өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110038

Асбест кенін өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110039

Металл емес кендерді өндіру және байыту жөніндегі кәсіпорындар







122.110040

Табиғи және жасанды қуыстекті толтырмаларға арналған шикізат өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110041

Шыны өнеркәсібі үшін бастапқы шикізатты өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110042

Асыл тастар (алмаздардан басқа) мен жартылай асыл тастарды, жарқырауық тастарды және кәріптас өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110043

Алмаздарды өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110044

Тұзды өндіру және шығару жөніндегі кәсіпорындар







122.110045

Ет және ет өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110046

Тауарлы балық өндіру жөніндегі балық зауыттары







122.110047

Балық және балық өнімдерін өңдеу және консервілеу жөніндегі кәсіпорындар







122.110048

Жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу жөніндегі кәсіпорындар







122.110049

Өсімдік және мал майын мен тоң май өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110050

Сүт өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110051

Ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерін, крахмал мен крахмал өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110052

Жануарларға арналған дайын жем-шөпті өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110053

Нан, наннан жасалған ұзақ сақтауға арналмаған кондитерлік өнімдерді өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110054

Кептірілген нан, печеньелерді, ұннан жасалған ұзақ сақтауға арналған кондитерлік өнімдерді өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110055

Қант өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110056

Какао, шоколад және қантты кондитерлік өнімдерді өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110057

Макарон өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110058

Шай және кофе өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110059

Татымды заттар мен дәмдеуіштерді өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110060

Балалар тағамын және диеталық тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындар







122.110061

Сүтті өңдеу бойынша кәсіпорындар







122.110062

Үй құсының етін өңдеу және консервілеу бойынша кәсіпорындар







Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет