Өкілетті органға:
1) Белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) Тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқытудан өткені туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру» біліктілігін растайтын дипломның түпнұсқасымен көшірмесі (құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін салыстырып тексергеннен кейін түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады);
3) Белгіленген үлгідегі медициналық анықтама (медициналық анықтама бланкілерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық мекемелері береді);
4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген куәлікті беру үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек;
5) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6)Төменгі сол жақ бұрышында ақшыл түсті реңі бар мөлшері 3,5х4,5 см. фотосурет;
7) Тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) жоғары, техникалық және кәсіптік біліп беру оқу орындарын (арнайы оқу орындарын, орташа кәсіптік оқу орындарын) «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген тұлғаларды қоспағанда, оқу ұйымының емтихандық комиссиясы хаттамасының көшірмесі;
9) «Б» және (немесе) «Д» санатының тракторист-машинист куәлігін алуға өтініш берген кезде – «А», «В» немесе «Г» бағандарында рұқсат беру белгілері бар және емтихан пунктінде теориялық емтихан тапсырған тракторист-машинист куәлігі, сондай-ақ «А», «В» немесе «Г» санаттарына жатқызылатын машиналарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуын растайтын құжаттар;
10) «Қаршаналарды, квадроциклдерді басқаруға рұқсат» деген жазбасы бар куәлікті алу үшін – «А» және «В» немесе «Б» және «В» рұқсат беру санаттары бар тракторист-машинист куәлігінің немесе «А» рұқсат беру санаты бар жүргізуші куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі (құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін салыстырып тексергеннен кейін түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады).
Порталда:
1) Электрондық нысандағы өтініш – мәліметтер нысаны;
2) Тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқытудан өту туралы куәліктің көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру» біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі – электрондық көшірмесі;
3) Белгіленген үлгідегі медициналық анықтама (медициналық анықтама бланкілерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық мекемелері береді) – электрондық көшірмесі;
4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген куәлікті беру үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек – электрондық көшірмесі (төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізілмеген жағдайда);
5) Төменгі сол жақ бұрышында ақшыл түсті реңі бар мөлшері 3,5х4,5 см. фотосурет;
6) Жоғары, техникалық және кәсіптік біліп беру оқу орындарын (арнайы оқу орындарын, орташа кәсіптік оқу орындарын) «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген тұлғаларды қоспағанда, оқу ұйымының емтихандық комиссиясы хаттамасының көшірмесі –мәліметтер нысаны;
7) «Б» және (немесе) «Д» санатының тракторист-машинист куәлігін алуға өтініш берген кезде – «А», «В» немесе «Г» бағандарында рұқсат беру белгілері бар тракторист-машинист куәлігінің электрондық көшірмесі, сондай-ақ
«А», «В» немесе «Г» санаттарына жатқызылатын машиналарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
8) «Қаршаналарды, квадроциклдерді басқаруға рұқсат» деген жазбасы бар куәлікті алу үшін – «А» және «В» немесе «Б» және «В» рұқсат беру санаттары бар тракторист-машинист куәлігінің немесе «А» рұқсат беру санаты бар жүргізуші куәлігінің электрондық көшірмесі.
|