1 Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган



Дата01.04.2018
өлшемі56.96 Kb.

1

Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган

 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган), Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық).

2

Қызметтің тұтынушылары

Жеке және заңды тұлғалар.

3

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы*

Қағаз түрінде.

 

4

Қызметтің көрсетілетін орны

Мемлекеттік қызметті көрсету уәкілетті орган немесе  орталықтары арқылы жүргізіледі.

5

Қызметтің көрсетілетін тәртібі

 Құжаттарды қабылдау мекенжайлары осы паспортқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтарда, орталық қызметкері арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

өтініштің нөмірі және қабылданған күні;

сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;

құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты;

тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.


6

Қажетті құжаттар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметтi алушы мыналарды ұсынады:

орталыққа өтініш берген кезде:

1) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау (өзгерту) үшін:

еркін нысандағы өтініш;

жеке адамның жеке куәлігі (сәйкестендіру үшiн түпнұсқа);

қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжатты; меншік иесінен сенімхаттың түпнұсқасы (өтінішті өкіл берген жағдайда);

2) жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру үшін:

еркін нысандағы өтініш;

жеке адамның жеке куәлігі (сәйкестендіру үшiн түпнұсқа);

қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжатты; меншік иесінен сенімхаттың түпнұсқасы (өтінішті өкіл берген жағдайда);

әкімдік қаулысының немесе әкімдік шешімінің көшірмесі (жобалау, құрылыс);

жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспортының көшірмесі;

ақпараттық жүйелерден ұсынылған мәліметтерді қоспағанда, реттік нөмірлері мен блоктың нөмірін көрсете отырып (гараждар және саяжайлар үшін), елді мекеннің сәулетшісімен келісілген гараж кооперативі (бау-бақша серіктестігі) жер учаскесінің бас жоспары;

кооператив (гараждар және саяжайлар үшін) мүшелерінің тізімін қоса бере отырып, мүшелігін растау туралы кооператив төрағасының анықтамасын, жылжымайтын мүлік орталығының мұрағатынан қорытынды (қажет болған жағдайда);

атқару мерзiмi 6 айдан кем емес М 1:500 масштабындағы топографиялық түсірілім;

атқару мерзiмi 6 айдан кем емес М 1:500 масштабындағы атқарушылық түсірілім;

3) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою үшін:

еркін нысандағы өтініш;

жеке адамның жеке куәлігі (сәйкестендіру үшiн түпнұсқа);

қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат; меншік иесінен сенімхаттың түпнұсқасы (өтінішті өкіл берген жағдайда);

жылжымайтын мүлік объектісін бұзу актісі (қажет болған жағдайда).

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді, жеке куәлікті, жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт, реттік нөмірлері мен блоктың нөмірін көрсете отырып (гараждар және саяжайлар үшін), елді мекеннің сәулетшісімен келісілген гараж кооперативі (бау-бақша серіктестігі) жер учаскесінің бас жоспарын, жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды орталық мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында өз бетінше алады.


7

Қызметтiң құны және төлеу тәртібі

 Мемлекеттік қызмет тегін көрсетiледi.

8

Қызметтің көрсетілетін мерзімі

  Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) осы паспортың 6-тарауында көзделген құжаттарды берген сәттен бастап:

жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау кезінде (осы паспортың 6-тарауында көрсетілген құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) - 3 (үш) жұмыс күнін құрайды;

жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне бару және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру, оны өзгерту немесе жою кезінде (осы паспортың 6-тарауында көрсетілген құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) - 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.



2) құжаттарды тапсыру кезінде өтініш берушінің кезекте күтуінің ең көп рұқсат берілген уақыты -20 минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты - 20 минуттан аспайды.

9

Қызмет көрсетілуінің нәтижесі

  тіркеу кодын көрсете отырып, көрсетілген жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын өзгерту, беру, жою, нақтылау бойынша анықтама немесе қағаз тасығышында қызмет көрсетуден бас тарту дәлелді жауабы мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

10

Нормативтiк құқықтық акттер**

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 278 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 378 бірлескен бұйрығының негізінде жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 13 тамызда № 7845 тіркелді).

 
Каталог: sites -> e.akmo.gov.kz -> uploads -> sfera arh zhkh
sites -> Методика избирательного пришлифовывания. Из каких элементов состоит внчс?
sites -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
uploads -> «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
uploads -> «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Ағаш кесу және орман билетін беру»
sfera arh zhkh -> «Белгіленген электр қуаты 5 мвт және одан төмен, 5 мвт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет