1 Дәріс. Жылқының дене мүшелері, түр-түсі, ен-таңбасы және басқа белгілері



бет1/3
Дата26.06.2017
өлшемі2.04 Mb.
#16141
  1   2   3
1 Дәріс. Жылқының дене мүшелері, түр-түсі, ен-таңбасы және басқа белгілері.

Жылқыны бір-бірінен айыруға көмектесетін ең басты белгі – түсі, ен-танбасы және белгілері. Бұз белгілер жылқыларды зоотехникалық және мал дәрігерлік есепке алғанда және инвентаризация кезінде, яғни түгелдеген кезде қысқа турде көрсетілуі керек. Аталған белгілер жылқылардың өздеріне берілген құжаттарға сай келу-келмеуін анықтайды.


Жылқының түсі оны өсіріп-өндіруде тұқымы мен шыққан тегінің белгісі ретінде пайдаланылады. Жирен, аққұла, (ақ жал сары), шұбар, тағы басқа бірнеше түсті жылқылар басқаларға қарағанда жоғарырақ бағаланады. Жылқы заводтарында ен-танбасы мен түсін анықтауды құлын дүниеге келген сон үшінші күні, төлді өндірістік құрамға ауыстырғанда, бонтировкалағанда, тұқымдық жіне ветеринарлық куәлік берген кезде жүргізеді.
Басында, кеудесінде, аяқ-қолында кездесетін түрлі көлемді және тұрлі формалы тума қалдар мен жолақтар жылқының түгінің белгілері деп аталады. Бұл белгілер бірыңғай түсті жылқыларды ажыратуға көмектеседі.
Бастың ақ және басқа белгілері:шалбас қасқа, жұлдыз, шұбыртпа қасқа, айқын қасқа, ерін немесе танау астындағы ақ жолақ.
Аяқтың және басқа белгілелері: ақ тұяқ, күнгірт тұяқтағы ақшыл жолақ, тұяқ өкшесіндегі ақ жолақ-тұяқ құндыздығынан тұсамыстық буынды, бақайды, алдынғы сирақты қоса алып, алдыңғы тізелікке дейін немесе тірсек буынына дейінгі және оданда жоңары созылатын жолақтары т.б.
Артқы аяқтың ақ және басқа белгілері: жылқылардың барлық түсінде, әсіресе ақшыл жолақтарда, жирен және көк түстілеріндегілерде кездеседі. Көк жылқылар есейген шағында шалбас қасқаға айналады да, олардың ақшыл белгілері білінбей кетеді. Сондықтан олардың түсі өзгермейтін ақшыл не күнгірт мүйіз жолақты тұяқтарын ескерген жөн және кеудесінде, жалында және құйрығында біртұтам ақшыл қылшық болады.
Дене дақтары – танау арасында, ернінде, ауыз айналасында, тұмсықтын үстімен көз айналасында, құйыршық астында, шап айналасында т.б да бөлшектердегі терінің тарғылданған қызғылт бөлігінде болады.
Күнгірт ен-танбалар – арқа мойымен жалдан бастап құйыршыққа дейін күнгірт жолақ (қайыс); жауырында қарайғандар (қанаттар), кеудесінде сауырында, тұяқ құндыздығында ірі және уақ күнгірт жолақ; алдыңғы санда, тілерсекте, тірсек буынында, артқы жіліншекте көлденен жорлақтар.
Жылқының ен-танбасын, түсін, формасын, көлемін және орналасқан жерін көрсете отырып суреттеу дәл, толық, қысқа болуы керек және басынан аяғына дейін белгілі бір айқын жүйелікпен жасалуы тиіс.
Айрықша белгілері.Жылқылардың ақ және қара түсінен басқа құжатында олардың өздеріне тән жекелеген сыртқы ерекшеліктері белгіленеді (олар тұлғасы не иемденген белгілері), бұл малда өмір бойына сақталады;
бір не екі көзі тарғылданған «сауысқан көз», не көздің сыртқы мөлдір қабығындағы дақ;
дұрыс қабыспаған иек және зақымданған тістер;
көздің, құлақтың, сүйектер мен бұлшық еттердің, сіңірлердің, құйрықтың құйыршығының зақымдануы;
қорада бағылатын жылқының еріннің ішкі жағында татуировканың нөмірі болады, жылқы заводтарының танбалары салынады.

2 Дәріс. Жылқының жасын анықтау.

Жылқының тістері.Шөп қоректілердің ішінде жылқы бір бөлікті шағын қарынды, көп тісті және тіс құрылысы өте күрделі жануарлардың қатарына жатады.
Жылқы тістері атқаратын қызметіне, орнына, формасына қарай күрек тістер, шошақ тістер, азу тістер болып бөлінеді; алдыңғы күрек тістер – премолярлар деп аталады. Жылқының төменгі және жоғарғы жақтарында 6 сүт тіс не тұрақты күрек тістерден (2-алдыңғы тіс, 2 орта және 2 шеткі күрек тіс) 6 сүт тістен не тұрақты алдыңғы күрек тістен (премолярлар) және 6 артқы тұрақты азу тістен (моляр) болады. Айңырда мұнан басқа 2 жағында 2 ит тістен, сонымен ересек айғырларда 40 тіс, биелерде 36 тіс болады.
Қазақтар жылқының тісіне қарап, жасын, кәрісін, асыл, жасығын, жүйріктігін айырады.
Сүт тіс.Жаңа туған құлынның еміп жүргенде шыққан тістері.
Күрек тіс.Жылқының астыңғы және үстіңгі жақтарындағы екі-екіден шыққан күрек сияқты тістері.
Жылқының азу, күрек тістері аса жақсы дамыған. Күрек тістер азықты қауып, жылу, азу оны ұсақтап, майдалау қызметін атқарады.
Жұлқар (от) тіс.Шөпті жұлатын және оңды-солды қиятын тістер.
Күрек тіс. Жылқының алдыңғы, ортаңғы, шеткі тістері.
Тұрақты тіс. Жылқының тістері түскеннен кейін екіден бес жасқа дейінгі шыққан тістер.
Азу тістер.Айғырдың ит азу тістері қорғаныс және шабуыл құралы болып табылады.
Ұры тіс. тіске қосарланып шығатын ұзын тіс. Ол шыққанда жылқы оттаудан қалып, қатты жүдейді.
Қажалған тіс. Тіс бедерлерінің мұқалып тегістеле бастағаны.
Тісеу.Сүт тістері түсіп, орнына жаңа тіс шығып келе жатқаны.
Қос тіс.Негізгі сүт тістері мен тұрақты тістерінің жанынан (қабаттаса) шыққан тіс.
Мөр (бедер). Тісінің үстіңгі бетіндегі шұңқыры.
Сопақ бедер.Бес жастан он жасқа дейінгі жылқының тіс бедерінің (шұңқырларының) мұқалмаған кездері.
Дөңгелек мөр.Он екі жастан он сегіз жасқа дейінгі тістің щұңқырлығы сопақ түрінен өзгеріп, дөңгелек түрге айналғаны.
Үшбұрыш бедер.Он сгізден жиырма үш жасқа дейін тістің шұңқырлығы сопақ түрінен өзгеріп, дөңгелек мөрлерінің үшбұрыштанғаны.
Қыр.Тістерінің үстіңгі бетіндегі қырларының өзгеруі.
Жылқының тіс құрылысында оның жасын анықтауға кедергі келтіретін ауытқулар кездеседі. Олар: ауыр жүк таситын жылқыларда ерте пайда болатын күрек тістер; биенің қауіпсіз буаздығы салдарынан не нашар бағылып, дұрыс азықтандырылмалы себебінен тіс жануарының және күрек тістердің ауысуының тоқталуы; тістің дұрыс жетілмеуі не артық тістердің пайда болуы; азықтың жұмсақ не қатты болуынан дентиннің әр түрлі қаттылықта болуына байланысты күрек тістердің жай не өте тез икелуі; тіс мөрінің тұйықтығы не қауіпсіз тереңдігі (әсіресе азу тістерде); дентинмен трлмаған тұқыл қуысы; күрек тістердің қырынан икелуі; тістердің «қайшы», «құс тұмсық», «карп» тәрізді дұрыс түйіспеуі; жебірліктен зақымдалуы және т.б.

3 Дәріс. Жылқыны таразыға тарту, өлшемдерін өңдеу және индекстерін есептеу.

Жылқыны өлшеу.Жылқыға сол жағынан жақындау керек. Бұл оң қолымен өлшеп тұрған адамға ыңғайлы және де сол жағынан жегіп, ерттеу ат үшін үйреншікті жай. Өлшемдерін алу үшін жылқыны төрт аяғын дұрыс толық басып тұратын тегіс жерге тұрғызады. Жылқының басы не көтеріңкі, не төмен болмай әдеттегі қалыпты күйінде тұруы тиіс. Өлшемдерін жазғанжа оның өткізілген уақытын, жасын және жылқының қоңдылығын (жақсы, орташа не қанағаттанарлықсыз) белгілеуге кеңес беріледі. Жылқының өлшемдерін алу үшін Лидтин таяғын не басқа қарапайым жіңішке өлшегіш таяқты, Вилькенстің циркулі мен өлшеуіш лента, бұрыш өлшеуіш қолданылады.


Өлшемдерді өңдеу.Лабораториялық сабақтарда студенттер өздерінің өлшеген жылқыларының өлшемін және мемлекеттік мал тұқымы қолдана отырып, әр түрлі жастағы және әр түрлі тұқымды айғырлар мен биелердің орташа өлшемдерін есептеп, олар бойынша графиктер құрады. Графиктер құрған кезде салыстырылатын топтың біреуінің орташа өлшемдерін 100 процент деп алып, көлденең түзуге нүкте ретінде орналастырылады, ал басқа топтағы жылқылардың орташа өлшемдерін (алынған 100 процентпен) тік және масштаб бойынша түзуге тиісті нүктелерден не төмен, не жоғары салады. Нүктелерді қосқан кезде, жылқы топтарының графикалық профилін көрсететін сызықтар пайда болады.
Индекстерді есептеу.Жылқы дене бітімінің түрін анықтау үшін әр түрлі өлшемдерін салмақтарының арақатыныс индексін есептейді. Тұрық-сипат индексі (формат) малдың жасына қарай өзгереді. Егер жаңа туған құлында бұл индекс 80 процент болса, ересек жылқыларда ол 110 процентке жетуі мүмкін. Кейбір биік сирақты және жетілмеген жылқылардың есейген шағындағы тұрық-сипат индексі 100 проценттен төмен немесе тұрған тікбұрыш тұрқы болуы мүмкін.
Ересек араб немесе таза қанды мінгі аттар 100 процент формат индексін сақтайды немесе шаршы формасында болады. Ауыр жүк тартатын аттарының ересек кезіндегі формат индексі 106-108 процент немесе жатқан тікбұрыш форматты болады.
Жылқылардың жеке дамуы кезіндегі пропорциялары мен индекстерінің өзгеруі өсуі жағдайына, азықтандыру дәрежесіне, күтіміне, жасына, жынысына, генетикалық факторларға, тұқымына және дене бітімі түріне байланысты.

Дәріс № 4



Аттың жегі саймандары, арбалар жегу, ер тоқым және атты ерттеу.

Методикалық нұсқаулар. Студенттер аттың жегі құрал- саймандар ат қоралардағы арнайы сабақтарда, сонымен қатар тәжірибе кезінде шаруашылықтарда оқып үйретеді.

Аттың жегу құралдары. Жылқының өнімді жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу және оны жарақаттамау үщін әр атқа өзіне сай келетін жегу құралдарын таңдап алу керек. Елімізде біратты және қосатты жегу құралдары кең тараған. Жегу құралдарын доға тәрізді, доғасыз, транспорттық ауыл шаруашылық және көшпелі деп бөледі.

Жүгенді атты меңгеру үшін пайдаланады. Ол : желке, маңдай, жақ, иек томаға қайыстарынан екі шығыршықты шайнары бар ауыздықтан және бүлдіргісі бар делбеден тұрады. Желке мен ұрт қайыстарын өзгерте отырып, ауыздық езуді тартып тастамайтындай не бос қалматындай етіп, жүгенді аттың басына жымдастырады. Иек пен жақ қайысының арасында алақан сиярлық орын қалуы керек.

Қамыт- жегу құралдарының негізгі бөлігі, ол екі ағаш не темірден жасалған қамыттан, қамыт шұжығынан, киізден жасалған астардан, тері қақпақтан дәнекеркерлеп жабыстырылған қайыстан, қамыттың тамақ және екі құлақ бауынан тұрады. Өндірсте қамыттың біраттылық, қос аттылық жүк таситын аттар үшін, стандартты ауыл шаруашылығындағы аттарға арналған түрлері бар.

Құйысқан. Ер- тоқым аттың мойынына кетпеу үшін тағылатын тұрман. Құйысқанда екі жақтау, екі жарым, екі жаңбырлықтағы салпыншақ, бір сауыр үзбе, екі жаңбырлық үзбе тұрады. Ер- тоқымның басқа тұрманы қалай болса, бұл да солай жасалынады.

Жартылай жәмшік және жұмысшы аттардың өмілдірігі жиекше, арқалық, көлденен, еңкіс және бүйір сырғалықтары, қайыстардан тұрады. Ол аттың бүкіл денесін қамтиды және арбаны таудан түскен кезде ұстау үшін, атты тежеп кейін шегіндіру үшін қолданады. Өмілдірік аттың қозғалысына кедергі жасамауы керек. Өмілдірікті дұрыс қиылыстырған кезде, жиекше қайыс пен құйымшақ бұдырмағының астына алақан сиюы керек.

Ер-тоқым. Атқа мініп- түсуге лайықтандырылған, ер тоқымды ат үстіне бекітетін бүкіл тұрманы толық, атқа ерттей салып, айылын тарқан соң, міне жөнелуге дайын тұрған тас түйін жабдық.

Ер. Ердің ағаш қанқасы. Аттың басарқасын баспайтын етіп, жасалған ер- тоқымның негізгі ағаш бөлігі.

Құранды ер. Қас, қаптал түгелімен ағаш бөлшектерінен тарамыс, желіммен біріктірілген, сырты сірімен қапталған екі түрі . ішпек тоқымның үстінен, екі қапталының астынан қойылатын екі бөлік жасалған желдігі де болады.

Ойма ер. Алдыңғы , артқы қас, екі қаптал, белағаш деп аталатын екі бөлек жасалған желдігі де болады. Ойма ер, ойма қасты ер деп аталады.

Қас. Қазақты ерде алдыңғы және артқы қас болады. Алдыңғы қасы ілгері қарай сәл кергітіп, тіркеу қойылады, артқы қасқа қарағанда сәл биіктеу келеді. Артқы қас сәл аласа, үсті кең.

Дәріс 5

Жұмысшы жылқыларын күту, тазалау, тағалау, азықтандыру, суару және пайдалну.

Методикалық нұсқау. Жылқыларды күту және оларды жұмысқа пайдалану техникасын ұйымдастыру жөніндегі практикалық сабақтар оқу шаруашылықтарында, колхоздар мен совхоздарда және өндірістік практикалық кезіңде өткізіледі.



Жылқыны күтудің негізгі ережелері. Жылқының темпераметін ескере отырып, оған батыл әрі жылы шыраймен қарай білген жөн. Жылқыны кермеде тұрғанда бұруға болмайды, оны кермеден артқа шегіндіріп алып шығады. Жылқы күтімі үшін щетка, муыт, ат тарақ, ағаш қалып үгілген сабан, ағаш пышақ немесе тұяқ тазалайтын ілмек және тұяқтарын тазалау үшін 3-4 жылқыға бір шелек қажет. Жылқыны тазалау қысқа ағашқа байлайды. Жылқыны сол жағынан бастап тазалайды. Ол үшін щетканы сол қолға, ал ат тарақты тістерін жоғары қаратып оң қолға ұстайды. Сосын оң қолдың ортаңғы саусағымен ноқтаны жылқының құлағына қарай шегіне жеткенше апарады да, иек қайысты қоса алып, жылқының құлағына жетпейтіндей етіп ноқтаны тартып ұстайды. Басын желкеден төмен қарай, сосын құлағы мен көзінің айналысын тазалайды. Бастың сол жағын тазалып болып, мойнының сол жағына, сол жақ аяқ –қолын, кеудесін, сауырын және артқы аяқ- қолдарын тазалауға кіріседі.

Мойны мен кеудесін тазалағанда аяғын жерге нық етіп кең қойып, жылқыға бетімен қарап тұрады. Бұл қырынан тұрған жылқының көп қозғалмай денесінің біраз бөлігін тазалуға мүмкіндік береді. Мойын не кеуде бойымен қолды кең сермеп щетканы жайлап түгіне қарсы, ал содан кейін оның бойымен күш түсіре қозғайды. Әр қозғалғанда бір жерін қайта-қайта үйкелмей, терінің жаңа бөлігін алып отырады. Жылқыны түгінен 3-4 рет өткізгенен кейін щетканы ат тарақпен тазалайды. Ат тарақтағы жиналған шаң мен ласты ағаш жаңғырыққа жеңіл соғу арқылы түсіреді. Ат тарақтың шаңын үріп тазалайды. Сол жағын түгел тазалап болған соң, оң жағына көшеді, ендң щетканы оң қолына, ал ат тарақты сол қолына ұстайды. Щетканы тазалап болған соң теріде қалған щаң мен қайығақты дымқыл түкті шүберекпен сүртіп алады. Соңынан жылқыны тағы да дымқыл шүберкпен сүртіп, жылтырау үшін щеткамен тарайды. Жылқының терісін жауып тұрған түктерін тазалап болғаннан кейін жал, құйрық , кекіл секілді қорғаныш шаштарын тазалауға кіріседі.

Жал мен құйрықты тазалау үшін тарақты пайдалануға болады. Жал мен кекілді тазалауды шаштарын саусақтармен айырудан бастайды. Сол қолымен жалдың бір бөлігін алып, жабысқан шаштарын біртендеп айырады. Шаш талшықтарын таза және дымқыл шүберекпен дұрыстап сүртеді. Жал мен кекілдің басқа бөліктерін де осылай айырып тазалайды. Соңынан жалды щеткамен шаш бойымен жоғарыдан төмен қарай тарайды. Құйрықты соңғы құйрық омытқасының қасынан ұстап тұрып, шаңы кету үшін бірнеше рет сілкиді.Жылқыны электр жүйесі бар щаңсорғыш пен немесе стационарлық вакуум қондырғыларын пайдалана отырып тазалайды.

Дәріс №6


Жылқының сүт өнімділігі.

Методикалық нұсқаулар. Биелерді төл алу және қымыз дайындау мақсатында пайдалану дамыған үйірлі жылқы шаруашылығы бар елде кең тараған.

Елімізде 50 мыңнан астам бие сауылып, жүздеген қымыз фермалары мен қымыз емханалары жұмыс істейді. Қазақ республикасында жылына 40-50 мың тонна қымыз өндіруді жоспарлануда. 6-8 ай сауын мерзіміндегі биенің сүт өнімділігі орташа есеппен сүті аз малда 700-1500 л, сүттілігі орташа 1500-2500 л және сүттілігі жоғары малда 2600-3000 л болады.

Сүттіліктің индексі және өндірілген сүттің салыстырмалы мөлшері малдың 100 кг салмағынан, аборигенді қазақы, қырғыз, башқұрт, якут тұқымдарында көп. Бие сүтінің мөлшерін есептеу, еңбекті көп қажет ететін тым ауыр жұмыс. Алғашқы емізген айларда биенің сүттілігін құлының қосымша салмағына байланысты анықтайды. Жылқының құлынын айырғаннан кейін, күндіз 12 сағат бойына әрбір 2 сағат сатын 6 рет қайталып сауады. Іс жүзінде әрбір 2 сағат сайын мұқият саууға мүмкіндік бола бермейді. Осы себепті әрбір сауынның, әсірессе сауынның уақытын минутына дейін жазып отырған дұрыс. Бұл алынған мәлімметтер бір тәулік ішінде сауылған сүттің мөлшерін есептеп шығаруға мүмкіндік береді.

Биенің сүттілігін анықтау үшін бақылау сауымен қатарынан 2 күн жүргізген дұрыс.



Қымыз дайындау. Қымыз дегеніміз- бие сүті қышқылдарын белоктармен, ашытқымен ашыту арқылы алынатын қышқылтым сусын. Қымыздың сапасының жоғары болуы, оның емдік қасиеті – көп жағдайда бие сүтінің сапасына байланысты.

Қымыздың дертке дауа, тамаша шипалық қасиеттеріне ашытқылары ғана әсер етпейді. Бие сүтінің табиғи ерекшелігі сондай, оны ашыту процесінде микроорганизмдерден антибиоткалық заттар пайда болады. 1 литр қымызда 20 г қоректік белок бар, ол орташа қоңдылықтағы сиырдың 100 г етіне тең келеді.

Қымыз организмге тез сіңетін қоректі және минералды заттардан, сондай- ақ көмірқышқылы қоспаларынан , сүт қышқылынан және спирттен тұрады. Бұлар нерв жүйесін сергітіп, асқорыту процесіне ықпал етіп, қан айналу жұмысын жақсартады. Қымыз өндіру үшін дені сау биені қолданамыз.

Дәріс 7

Жылқыларды үйрету, жарату және сынау.

Методикалық нұсқаулар. Жылқыларды үйрету, жарату және сынауға арналған практикалық оқу сабақтарын өту қиын, өйткені бұл бағытта арнайы жұмыс тек асыл тұқымды шаруашылықтарда және ипподромдарда жүргізіледі. Сондықтан шаруашылық басшыларымен алдын ала келісіп өткізу керек.

Жылқыларды үйрету және сынауға арналған практика кезінде, арнайы шаруашылықтарда студенттер үшін жылқы заводтары мен ипподромдарға қосымша экскурсия ұйымдастырылады. Оқу барысында студенттер жылқыны үйрету мен сынаудың жүйесін және тәсілдерін үйренеді, жұмыс табелімен және атқорадағы күн тәртібімен, үйрету сынағына қажет жабдық заттарымен, инвентарлармен, ипподродағы жүргізу жолдарының құрылысымен, мінгі және желісті тұқымдық жылқыларды сынаудың ережелерімен танысады.

Лабороториялық – тәжірибелік сабақтарда студенттер жылқыны сынаудың есебімен және анықтамаларымен танысады, жеке тапсырмалар орындайды.

Жаратудың биологиялық мәні – пайдалы жүйкелі рефлекстеріне дағдыландыру, тыныс пен қозғалыстың синхрондылығына үйрету, бұлшық ет, тыныс алу және жүрек – тамыр жүйелерін белгілі бір дене ауырлығы түскенде қажетті функцияларды орындауға бейімдеуде.

Жылқыны бастықтыру – оны пайдалану тәсілдеріне үйрету мен дамытудың барлық түрін қамтиды.

Бастықтырудың негізгі мақсаты әр түрлі жұмыстарды бірте –бірте жүйелі түрде алмастыру арқылы, жүктің салмағын көбейте отырып,жылқыны болдыртпайтындай дұрыс және басқарылатын қимылдарға үйрету және жұмыскерлігін төмендететін зиянды рефлекстері жоқ, адамға толық және дұрыс бағынып, оның барлық талабын орындайтын жылқы етіп үйрету.

Құлындарда бас үйрету. Дүниеге келген құлынды адамға бірте – бірте үйретеді. Оны құлынның үстін есілген сабанмен және щеткамен тазалаудан бастайды, тұқай тазалау үшін аяғын көтеруді және ноқтамен жетекке жүруді үйретеді.

Ипподромда жылқының жұмыс қабілетін анықта үшін арнайы сынаулар өткізіледі. Сынау кезінде қабілеттілігіне және алдыңғы көрсеткен қимыл – қозғалысының нәтижесіне байланысты жылқыларды жүйесімен жазады. Жүлде сапасын баллмен көрсетеді. Жүлделер топты, топсыз, шектелген, ашық, иесі аталған және дәстүрлі деп бөлінеді. Еліміздің 1600 м қашықтық бойынша желіс бәйгесінің рекорды 1 мин 58,7 сек-қа тең.

Мінгі жылқыны бас үйрету. Тобымен тренинг өткен тұқымдық мінгі жылқылардың бас үйретуін 1-1,5 жасында тамыздың ортасынан бастап1-2 ай бойына өткізеді. Құлынды жүгенге, терлікке, ерге, салт мінуге, тізгінмен меңгеруге және түрлі желіс қозғалыстарын енгізеді.



Дәріс 8

Жылқы тұқымдары.

Методикалық нұсқаулар. Жоғары оқу орындарындағы тәжірибелік сабақтарда жылқы тұқымдарымен танысу, қарауға қолайлы фота, диапозитивтер, кинофильмдер, дәл мүсіндер және тірі обьектілер көрумен шектеледі. Тиісті әдебиетті қолдану арқылы жылқы тұқымдарын терең оқып үйренуді өндірістік практикада асыл тұқымды жылқы заводтарында жалғастырған орынды.

Әдебиет , көркем сурет. Қазіргі уақытта дүние жүзінде 250-ден астам жылқы тұқымы бар. Олардың алуан түрлілігін шоқтық биіктігінің 40-тан 180 см-ге дейінгі, алдыңғы сирақ орамының 6 см-ден 32 см-ге дейінгі, тірі салмағының 100 кг-нан 1200 кг-ға дейінгі диапозонмен сипаттауға болады. Жылқы тұқымымен түрлерінің алуан болуы – оны жақсы оқып үйрену және асылдандыру жұмысын жақсы жүргізу, топтау қажеттілігін туғызады.

Жылқы тұқымдарын топтау

Жергілікті тұқымдар

Далалық : монғол, бұйрат, забайкал, қазақ және башқұрт тұқымдары.

Таулы : алтай, қырғыз, лоқай, қарабах, әзірбайжан, тушин, мергель, дағыстан, гуцул, босний, фиорид, гафлинг.

Орманды :якут, приоб, тавдин, вят, печор, мезен, эстон, жмуд, полес, поляк, копчик және кониктер, фин тұқымдары.

Пони : шотланд, исланд, уэльск, ньюфорестск, эксмур, дортмур фелл, дейл, хайланд, конемара, готланд тұқымдары.

Заводтық және көшпелі (ауыспалы) тұқымдары

Мінгі : ахалтеке, иомурд, персид, араб, варварий, шагия,стрелец, тер, таза қанды мінгі тракенен,ағылшын араб, орыс мінгісі.

Мінгі- жеккі: дондық, буденнов, костанай, жаңақырғыз, қарабайыр, қабардин, ағылшын-қабардин, украин, көшім, лепицан, ағылшын- норманд, ганновер, гольштин, остфриз, гронинг, нониус, фуриозо, пшедсвит, гидран, малопольская, великополь, шығыс больгар, плевен, қыдыруға арналған теннесин, аппалуза, паломино, пинто, фридериксборг, кнаботуп тұқымдары.

Жеңіл жеккі: орлов, орыс желістісі, американ стандартбред, морган, француз желістісі, клевеланд, хакнэ, фриз, дунай тұқымдары.

Ауыр жүк тартқыш: орыс және кеңес ауыр жүк тартқышы, литва ауыр жүк тартқышы, владимир, шайр, кляйдесдал, суффольск, першерон, булон, арден, бретон, брабансон, рейн және саксон ауыр жүк тартұыштары, ютланд, торий, поляк ауыр жүк тартқышы тұқымдары.

Жеккі : латвия, жемайчю, белорусс, воронеж, кузнецк, чумыш, кладруб, ольденбург, силез, гудбрансдаль, терістік швед тұқымдары.

Жылқы тұқымдарының көп болуы- адам талабының алуан түрлілігіне және олардың әр алуан түрлі жағдайда ұдайы өндірілуіне байланысты.

Жылқы тұқымдарының жаңа түрі халық шаруашылығының талабына сай шығарылады.

Дәріс 9

Жылқы шаруашылығындағы мал тұқымын асылдандыру жұмыстары.

Методикалық нұсқау. Жылқы тұқымын асылдандырудың негізгі мақсаты- өсіріп отырған малды одан әрі жетілдіріп, іріктеу және жұптау әдістері арқылы жылқының сапасын арттыру. Жылқы сапасы деген ұғымға төмендегілер жатады: түрі, өлшемдері, салмағы, жұмыс қабілетілігі, шыдамдылы,ы, өнімділігі және т.б. ерекшеліктері. Бұл сапаларды халық шаруашылығының талаптарына сай дамытып, өзгертіп отырады. Тәжірибелік сабақтарда студенттер мемлекеттік асыл тұқымдылар кітабымен және ол арқылы жұптау және іріктеу әдістерімен танысады. Студенттер шежіре жасауды, оны қорытындылап бағалауды және ол бойынша жылқының қандығын, инбридинг дәрежесін, ішкі линиялы өсуін, будандастыру түрін анықтайды және еркек линиясы мен ұрғашы тұқымдасы бойынша генеологиялық кесте құрастырады. Жылқының сырт пішіні туралы сабақта басталған сапасын бағалу жұмыстары мал тұқымын асылдандыру сабақтарында одан әрі жалғастырылады. Өндіріс кезінде тұқымдық жылқылардың сапасын бағалап, оның ақшалай бағасын анықтайды,тұқым мал құжаттарын толтырып, горизонтальді, вертикальді және структуралық шежірелер жасайды, жылқыларды жұптап, сұрыптайды және асылдандыру жұмыстарының жоспарын даярлауға мәліметтер әзірлейді.

Мал тұқымын асылдандыру жұмысы жөніндегі лабораториялық сабақтарды мемлекеттік асыл тұқымдылар кітабын оқып- үйренуден бастаған жөн. Шежіре кестесін жасау үшін және оны қортындылау үшін алғашында елде ең көп тараған Орловтың желісті тұқымының үздік өндіргіш айғырларын таңдап алады. Желістілер шежіресінде жылқының атынан басқа МАТҚ кітабы бойынша нөмірін көрсетеді, ал атынан кейін 1600- м-ге рекордын және дүниеге келген жылын көрсетеді.

Жылқы шаруашылығындағы тұқымды асылдандыру жұмыстары- бұл мал шаруашылығы өнімдерін молайту ғана емес, сонымен бірге қыруар мал өнімдерін үнемдеудің, ауыл шаруашылығында еңбек және материалдық шығындарды қысқартудың нақты тиімді жолы. Асыл тұқымды мал шаруашылығының негізгі мақсаты- жылқыларды әбден толық жетілдіру, халық шаруашылығына және жылқы спортына қажетті тұқымды жаңадан өсіріп шығару.

Малды асылдандыру жұмыстарына мал өсіру әдістері, сұрыптау, жұп таңдау, бағып- күту технологиясы, азықтандыру, жарату, сынау және жылқыны бағалау жатады.

Жылқыны бағып- күту әдістері, оны өсіру бағыты колхоздар мен совхоздардың, жылқы заводтарының технологиялық дәрежесіне байланысты таңдалып алынады.

Жылқы шаруашылығымен айналысатын колхоздар мен совхоздардың негізгі мақсаты: жұмысқа қабілетті және тұқымдық жылқыларды асылдандыру және өндірістік, тікелей және ауыспалы шағылыстыру жолымен жақсарта отырып пайдалану.

Жылқының сапасын бағалау. Малды сұрыптауға, жалпы мал тұқымын асылдандыру жұмысын ұйымдастыруға байланысты жүргізілетін малдың сапасын бағалау жатады. Бонитировка дегеніміз- малды тұқымдық қасиеті мен өніміне қарай бағалау. Барлық шаруашылықтарда бонитировка жыл сайын жүргізілуі тиіс. Бонитировканы әр малдың дене бітімін, түртұлғасын өсімдік қасиеттерін көзбен көріп және алғашқы зоотехникалық есеп құжаттары негізінде баға беріп, ата- тегі және ұрпағының сапасы туралы мәліметтерге сүйене отырып жасайды.

Малдың сапасын бағалау кезінде оның тұқымдық түріне қойылатын талаптарға сай жақсылары таңдап алынып, тұқымдық және өнімділік құндылығына қарай элита- рекорд, элита, бірінші ,екінші, үшінші деген сияқты кластық топтарға бөлінеді. Ал нашарлары асыл тұқымдыға жатқызылмай, жарамсызға шығарылады. Әр класты тегіне қарап, үш категорияға бөледі.

Бірінші категорияға баллдық бағасы осы категорияға белгіленген минимальді талаптардан бір немесе бірнеше белгісі бойынша жоғары, ал қалған белгілері бойынша талапқа сай келетін жылқылар жатқызылады.

Екінші категорияға баллдық бағасы барлық бонитировка белгілері бойынша осы класқа белгіленген минимальді талаптарға сай жылқылар жатады. Осы категорияға сонымен қатар баллдық бағасы бір не бірнеше белгілері бойынша осы минимальді талаптардан кем түсетін жылқылар да жатады.

Үшінші категорияға бірінші және екінші категорияларға жатпайтын тұқымдық жылқылар жатқызылады.

Дәріс 10

Түйенің тістері және оған қарап жасын айыру.

Сабақтың мақсаты: студенттерді түйенің жасын тісіне қарап айыруға үйрету. Олардың назарын аудара отырып тұйенің сүт тістерін шығуын қадағалау. Түйе тістерін өзге түлік малының тістерімен салыстыру.

Методикалық нүсқаулар: лабараториялық – тәжірибелік сабақтарда түйенің жасын анықтауда оның жақ сүйегінің қаңқасын пйдалана отырып үйрету керек. Ол үшін түйе тісінің саның, оның орналасу формаларын, сүт тістерімен тұрақты тістерінің анатомиялық және гистологиялық құрылысын, олардың түйенің жасына қарай өзгеруін, түйе тістерінің атауларын ажырату.

Түйенің жасын тісіне қарап айыру.


  1. Түйенің жасын төмендегі 3 кезеңге тісіне қарап айыруға болады.

  2. 1990 жылы ғалымдар түйе тістері құрылысының өзгергендігіне назар аудара бастаған

А) Сүт тістерінің шығуы және тозуы

Б) Сүт тістері түсіп, түрақты тістер шығуы

В) Тұрақты тістердің тозып, мөрі өшуі.

Түйенің сүт тіс тері ақ кішкене және түбі жінішке болады. Түйенің жасын айыру үшін мынадай белгілерді пайдалану керек. Жана туған жас ботада тіс болмайды, бірақ астынғы ерінде жана шығып келе жатқан 6 күрек тіс болады.

1 жасында-2 шеткі күрек тісі болмауы мүмкін. Астыңғы йегінде 3 қос күрек тіс бір-біріне қабаттасып шығады. Үстіңгі және астыңғы жақтарында қос шошақ тістері болады.

2 жасында- астыңғы жағындағы ортаңғы үлкен күрек тістері аздап қажалады себебі бір-біріне өте жақын орналасқан. Үстіңгі және астыңғы жақтарында қос-қос шошақ тістер болады.

3- жасында- астыңғы күрек тістері көп қажалады және жеке жеке тұрады. Қажалған қос шошақ тістер болады. Төменгі жағындағы шошақ сүт тістері күрек тістеріне үқсамайды бір бірінен бөлек тұрады.

4- жасында – астыңғы сүт күрек тістері жеке тұрады және түбіне дейін қажалуы мүмкін.

5-жасында ортаңғы және күрек тістері түсіп олардың орнына тұрақты екі күрек тіс шығады ортаңғы және шеткі күрек тістері мен үстіңгі және астыңғы қос шошақ сүт тістері көп қажалып мұқалады.

6 –жасында үстіңгі жағынан шошақ тіске үқсаған екі шеткі күрек тіс шығады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет