§12
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАКАЛАВР ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕСІ
Ереже әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі білім беру мазмұнына, студенттердің білім траекториясына, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, олардың құрылымына және студенттердің даярлық деңгейін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
-
Жалпы ережелер
1. Университет жоғары білімді мамандар (бакалаврлар мен дипломды мамандар) даярлауды:
1) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне;
2) осы стандартқа және жоғары білім мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;
3) академиялық күнтізбеге;
4) студенттердің жеке оқу жоспарларына;
5) мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларына;
6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.
2. Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестациядан сәтті өткен тұлғаларға «бакалавр» академиялық дәрежесі немесе біліктілігі беріледі.
3. Бұл ереже келесі мақсаттарға жету үшін қолданылады:
студенттердің дайындық деңгейіне және жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын міндетті талаптардың негізінде жоғары білім сапасын арттыру;
2) білім беру қызметінің барлық субъектілерінің құқықтарын реттеу;
3) студенттерді оқыту деңгейін және білім беру бағдарламаларының сапасын бағалаудың объективтілігі мен ақпараттылығын арттыру;
4) студенттердің академиялық оралымдылығы үшін жағдай жасау.
4. Мамандықтардың негізгі, типтік және жұмыс оқу жоспарлары осы Ереженің талаптарына сәйкес келуі және білім беру бағдарламаларының құрылымына, мазмұны мен көлеміне, оқытудың нормативті мерзімі мен студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын анықтауы тиіс.
5. Жоғары білім мамандықтары шеңберінде университет Ұлттық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандарттарға сәйкес және Дублин дескрипторлары мен Еуропалық біліктілік шеңберіне келістірілген білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді.
6. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің әрбір деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттің алған білімінің, шеберлігінің, дағдысы мен құзыретінің деңгейі мен көлемін сипаттайтын Дублин дескрипторлары оқу нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ ЕСТS кредит (сынақ) бірліктерінің жалпы санына негізделеді.
2. Білім мазмұнына қойылатын талаптар
7. Білім беру бағдарламаларының құрылымы білім беру мазмұнын анықтайтын оқу жұмыстарының түрлерінен қалыптастырылады және олардың арақатынасын, өлшемін және есебін көрсетеді.
8. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы:
1) мемлекеттік міндетті, базалық кәсіби, жеке білім траекториясы, пәнаралық, әлеуметтік-коммуникативтік және жаратылыстану-ғылыми модульдер циклдерін немесе жалпы білім беретін, базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруден тұратын теориялық оқытуды;
2) оқытудың қосымша түрлері – кәсіптік практиканың түрлерін, дене шынықтыруды, әскери дайындықты және т.б.;
3) аралық және қорытынды аттестаттауды қамтиды.
Сонымен бакалавриаттың білім беру бағдарламалары пәнді оқытудың модулді жүйесі негізінде жобаланады.
9. Білім беру бағдарламалары мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің негізінде жүзеге асырылады.
10. Оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есепке алу оқытылатын материалдың көлемі бойынша жүзеге асады және оқытудың нақты нәтижелеріне қол жеткізуге қажетті студенттер мен оқытушылардың еңбек шығынының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді.
Кредиттер білім беру бағдарламасының жекелеген пәндерінің және/немесе модульдерінің (элементтерінің) шартты «бағасын» көрсетеді. Жалпы еңбек сыйымдылығы ұғымына лекциялық, практикалық (семинарлық), зертханалық, студиялық сабақтар, студенттердің өзіндік жұмысы, курстық, есептік-графикалық жұмыстар (жобалар), кәсіптік практиканың барлық түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық және одан өту кіреді.
11. Теориялық оқытудың жалпы еңбек сыйымдылығы оқытылатын оқу пәндерінің тізімімен анықталады.
12. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру кезінде әр оқу пәнінің көлемі кредиттің бүтін санын құрауы тиіс.
13. Студенттер әр оқу пәнін бір академиялық кезеңде меңгеріп, оны аяқтаған соң емтихан түрінде қорытынды бақылау, ал кәсіптік практиканың барлық түрлері, курстық жұмыстар (жобалар) бойынша дифференциалды сынақ тапсырады.
14. Оқу жоспарларының барлық түрінде оқу жоспарындағы әр пәнге тиісті әріптік және сандық таңбалар түрінде кодтың берілуін қарастыратын пәндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады.
15. Мемлекеттік міндетті модуль Қазақстан тарихы, Кәсіби бағдарлы шетел тілі, Кәсіби бағдарлы қазақ (орыс) тілі, Ғылыми таным философиясы пәндерінен тұрады.
16. Өзіндік маңыздану мен жеке тұлғалық потенциалды жүзеге асыру және полиэтникалық пен поликонфессиялық қоғамның мүшесі ретінде тұлғаны бағыттау құзіреттіліктерге негізделген әлеуметтік-коммуникативтік модуль элективті пәндер тізімінен тұрады. Бұл модулді ұсынылып отырған тізімнен қажет пәндерді таңдау арқылы білім алушы өзі құрастырады.
17. Кәсіби пәндер блогы кәсіби базалық модулдерден (міндетті компонент), жеке білім траекториялар модулінен (таңдаулы компонент), жаратылыстану-ғылыми модуль (міндеті компонент), пәнаралық модулден (таңдаулы компонент) тұрады.
18. Міндетті компонент – жалпы мәдениеттік, жалпы мемлекеттік мәні бар білім беру бағдарламасының және жалпы мамандықтың елдің бірыңғай білім беру кеңістігін қамтамасыз ететін іргелі өзегі болып саналады.
Міндетті компонент пәндерінің тізімі негізгі оқу жоспарымен айқындалады. Міндетті компонент пәндерінің көлемін қысқартылмайды. Бұл шарт техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында оқытылатын қысқартылған білім беру бағдарламалары үшін ғана орындалмауы мүмкін.
19. Таңдау компоненті нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі мен еңбек нарығының сұранысын, нақты ғылыми мектептің қалыптасуын, сондай-ақ білім алушының жеке қызығушылығын ескереді.
20. Мамандыққа қарай мемлекеттік міндетті модуль мен әлеуметтік-коммуникативтік модулдердегі кейбір пәндер алынып тасталады немесе кәсіби модулге ауыстырылады.
21. Жоғары білім беру бағдарламасының құрылымы 1 мен 2 кестеде берілген.
22. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу тәсілдерін, студенттің өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау түрлерін таңдау арқылы жүзеге асырылады.
23. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшегіш құралдары: оқу жоспары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдер ұзақтығына, академиялық сабақ түрлеріне, оқу материалының көлеміне қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.
24. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
Оқу жоспарлары негізгі (НОЖ), үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыстық (ОЖЖ) болып бөлінеді.
25. НОЖ нақты жоғары білім мамандықтары бойынша осы Ереженің негізінде құрастырылып университеттің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітіледі.
НОЖ-да оқу пәндерінің әрбір циклындағы міндетті компонент пен таңдаулы компоненттің, сондай-ақ, оқу қызметінің әрбір түрі (практика, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты жазу және қорғау) бойынша еңбек сыйымдылығы кредиттермен анықталады.
26. НОЖ-ға қосымша жыл сайын барлық пәндердің жүйленген, аннотацияланған тізімі ретінде жасалған пәндер каталогы құрастырылады.
Пәндер каталогында әр оқу пәнінің пререквизиттері көрсетіледі. Каталог студенттер үшін жеке білім траекториясын баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
27. Мамандық бойынша НОЖ және Пәндер каталогы негізінде студент эдвайзердің көмегімен ЖОЖ құрады. ЖОЖ әрбір студенттің жеке білім алу траекториясын анықтайды.
ЖОЖ-ға НОЖ-дан міндетті компонент пәндері мен оқу қызметінің түрлері (практикалар, мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау) және каталогтан таңдау компоненті пәндері кіреді.
Студенттердің элективті пәндерді ретсіз таңдауының алдын алу және жоғары оқу орны әзірлеген білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсатында студенттердің таңдауына НОЖ және Пәндер каталогы шеңберінде бірнеше білім траекториясы – еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің сұранысын есепке ала отырып, жоғары білім мамандығы бойынша қызметтің нақты бір саласына бағытталған білім беру бағдарламасын меңгеруге мүмкіндік беретін элективті пәндер тізімі және оларды меңгеру реті ұсынылады.
28. ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың НОЖ-ы мен студенттердің ЖОЖ-ы негізінде әзірленеді және оны ғылыми кеңестің шешімі негізінде университет ректоры бекітеді.
ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізімі және олардың кредитпен саналған еңбек сыйымдылығы, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері, бақылау түрлері, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлері (практикалар, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау) айқындалады.
ОЖЖ оқу сабақтарының кестесін құруға және оқытушының оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеуге негіз болып табылады.
29. Барлық оқу пәндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. Оқу бағдарламалары негізгі оқу бағдарламасы (НОБ) мен силлабусқа бөлінеді.
30. Негізгі оқу бағдарламалары (НОБ) міндетті компоненттің пәндері бойынша әзірленіп, университет Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.
31. Силлабустар (пән бағдарламалары) оқу жоспарының барлық пәндері бойынша әзірленіп, факультет Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі. Сонымен оларды әзірлеу міндетті компонент пәндері бойынша негізгі оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады, ал таңдау компонентінің пәндері бойынша кафедра өз бетінше әзірлейді.
32. Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) және студенттің толығымен өзі орындайтын жұмысы (СӨЖ).
33. ОСӨЖ жеке кесте бойынша оқытушымен байланыста орындалатын студенттің аудиториядан тыс жұмыс түрі болып табылады, ол жалпы оқу сабақтарының кестесіне енбейді.
ОСӨЖ барысында оқу бағдарламасындағы анағұрлым қиын сұрақтар, үй тапсырмалары, курстық жобалар (жұмыстар) бойынша консультациялар және семестрлік жұмыстардың, есептер мен басқа да СӨЖ тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізіледі.
34. Университетте оқытушылар мен студенттер жұмыстарының мынадай үлгілік циклдері іске асырылады:
1) Оқытушының студенттермен жұмысының (ОСЖ) үлгілік бірлік циклі үш негізгі функцияны қамтиды.
Оқытушының бірінші функциясы – бағыттаушы-бағдарлаушылық (тақырыпқа кіріспе, мақсат, міндеттерді қою, практикалық тиімділігін, материал мазмұнының негізгі бөлімдерінің мәні мен өзара байланысын сипаттау, оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс жөнінде ұсынымдар т.б.). Бұл студенттің алдағы өзіндік жұмысы үшін жеткілікті болуы тиіс.
Оқытушының екінші функциясы – консультативтік-түзетушілік. Бұл – студенттің өзіндік жұмысында оқу әрекетін жүзеге асыруда консультативтік көмек беру, жеке консультация жүргізу және тиісті түзету жұмыстарын жүзеге асыру. Білім беру процесінде бұл функцияны тьюторлар атқарады.
Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушылық-бағалаушылық. Бұл студенттердің білімін, шеберлігін және дағдысын бағалауды әртүрлі нысанда жүргізу (жазбаша немесе ауызша емтихан, тестілеу және т.б.), оларға кездесетін негізгі қиындықтарды анықтау бойынша диалог ұйымдастыру, оқытушының сарапшы немесе бақылаушы ретінде «дұрыс» әрекеттерді, өзара әрекеттестікті, эталондық тәсілдерді көрсетуін қарастырады.
2) Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысының (ОСӨЖ) үлгілік бірлік цикліне мынадай төрт негізгі функция кіреді:
Бірінші функция – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді.
Екінші функция оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді.
Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі.
Студенттердің үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау. Студенттер шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды.
Студенттердің төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді.
35. Университет оқу процесін барлық қажетті ақпарат көздерімен, атап айтқанда, оқулықтармен, оқу құралдарымен, оқу пәндері бойынша әдістемелік құралдармен, нұсқаулықтармен, өзіндік жұмыс бойынша белсенді үлестірмелі материалдармен және нұсқаулықтармен, электронды оқулықтармен, желілік білім беру ресурстарының қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.
Әрбір студент оқудың барлық кезеңінде анықтамалық-жолсілтегішпен қамтамасыз етіледі.
36. Оқу үдерісін жоспарлау барысында университет осы Ереженің 1 қосымшасына (бакалавриат үшін) және 2 қосымшасына (жоғары арнайы білім үшін) сәйкес бакалавриат білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады.
3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
37. Студенттің оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде әр пән немесе оқу жұмысының түрі бойынша игеретін кредит санымен өлшенеді.
38. Профессорлар-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық оқу сабақтарын кесте бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша оқытушының студенттермен байланыс жұмысының уақытын білдіретін академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.
39. Студиялық, зертханалық, сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарынан өзге аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Студиялық сабақтар үшін бір академиялық сағат 75 минутқа және зертханалық сабақтар мен дене шынықтыру сабақтары үшін 100 минутқа тең.
Практиканың, студенттерді қорытынды аттестаттаудың барлық түрлері үшін бір академиялық сағат 50 минутқа тең.
40. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит:
1) семестр түріндегі академиялық кезең бойында студенттің аудиториялық жұмысының;
2) кәсіптік практика кезеңіндегі студенттің оқытушымен жұмысының;
3) студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау бойынша жұмысының;
4) студенттің мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық пен оны тапсыру бойынша жұмысының 15 академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет.
41. Студенттің оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу жұмыстарының түрлері үшін академиялық сағатпен ілесе жүретін оқу сағаттарының көлемдерімен (50 минуттық байланыс сағаттары) анықталады.
Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болуы мүмкін. Студенттің аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісті СӨЖ сағаттарының санымен толығады, осылайша бір кредитке студенттің семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады.
Дәріс пен практикалық (семинар) сабақтары кезіндегі студенттің оқытушымен жұмысының байланыс сағаттары жиынтығында әр байланыс сағаты 2 сағат СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
Дене шынықтыру сабақтары қосымша СӨЖ сағаттарымен қамтылмайды.
Практиканың әр академиялық сағаты (оқу практикасынан басқа) студенттің қосымша жұмысының тиісті оқу сағаттарымен толықтырылады: педагогикалық практика үшін – 1 сағат, өндірістік практика үшін – 4 сағат.
Қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау бойынша студенттің оқытушымен байланыс жұмысының немесе мемлекеттік емтиханға дайындық және оны тапсыру бойынша студенттің оқытушымен жұмысының бір сағаты (50 минут) болып табылады. Студентті қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты 6 сағаттық СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
42. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен, практика мен демалыстан тұрады. Соңғы курста оқу жылына қорытынды аттестаттау кезеңі қосылады.
43. Оқу жылының жалпы ұзақтығы 36 аптадан кем болмауы тиіс.
44. Академиялық кезең 15 апта көлеміндегі семестрден тұрады.
45. Әр академиялық кезең ұзақтығы 1 аптадан кем болмайтын студенттерді аралық аттестаттау кезеңімен аяқталады.
46. Аралық аттестаттау кезеңінде барлық оқытылған пәндер бойынша қорытынды бақылау жүргізіліп, ағымдағы үлгерім бағаларын (ағымдағы және межелік бақылаулар бойынша) ескере отырып, пәндердің қорытынды бағалары шығарылады.
Пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 %-дан, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс.
47. Оқу жылы ішінде студенттерге кемінде екі рет ұзақтығы соңғы курстан өзге курстарда кемінде 7 аптаны құрайтын демалыс беріледі.
48. Кәсіптік практика жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Ол оқу, педагогикалық, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді.
Кәсіптік практиканың барлық түрінің жалпы көлемі 6 кредиттен кем болмауы тиіс. «Білім» мамандықтары тобы бойынша кәсіптік практика көлемі 6 кредиттен 20 кредитке дейін, «Техникалық ғылым және технологиялар» мамандықтары тобы бойынша кәсіптік практика көлемі 6 кредиттен 15 кредитке дейін болады.
Практикалардың ұзақтығы студенттің практика кезіндегі 30 сағатқа тең апта бойғы (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) нормативті жұмысын есепке ала отырып, аптамен анықталады. Апта санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген көлемін тиісті практика түрінің оқу сағатымен есептелген еңбек сыйымдылығына көбейту керек және оны студенттің апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлу керек.
Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы оқу практикасы үшін 15 сағатты (50 минуттан), педагогикалық практика үшін 30 сағатты (50 минуттан), өндірістік практика үшін 75 сағатты (50 минуттан) құрайды. 1 кредитке келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде оқу практикасы үшін 0,5 аптаны, педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика үшін 2,5 аптаны құрайды.
49. Студенттерді қорытынды аттестаттауды аптамен жоспарлау 54 сағатқа тең студенттің апта бойғы жұмысының нормативті уақытына (6 күндік жұмыс аптасы кезінде СӨЖ-ді қоса есептегенде күніне 9 сағат) сүйене отырып анықталады.
Қорытынды аттестаттаудың 1 кредиті 105 (15х7) сағат тең, яғни 2 апта. Олардың ішінде 15 сағаты студент пен оқытушының байланыстағы жұмысына, ал 90 сағаты СӨЖ-ге арналады.
Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға және тапсыруға 1 кредит, яғни 2 апта бөлінеді.
Дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға және қорғауға 2 кредит, яғни тиісінше 4 апта бөлінеді. Сонымен 2 кредитке дипломдық жұмысты (жобаны) ресімдеу мен қорғау енеді. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау процесінің өзі алдын ала кәсіптік практика барысында және теориялық оқытудың соңғы кезеңінде жүзеге асады.
50. Студенттердің қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты немесе академиялық қарызды жою үшін, игерген кредиттері өз ЖОО-да міндетті түрде қайта есепке алынатын жағдайда басқа ЖОО-да оқу пәндерін оқып-үйрену үшін, үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта қосымша (жазғы немесе қысқы) семестр (бітіруші курстан өзге курстарда) енгізілуі мүмкін.
51. Бакалаврды даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі өлшемі студенттің теориялық оқу бойынша кемінде 129 кредитті, сондай-ақ кәсіптік практиканың кемінде 6 кредитін, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау, жазу және қорғаудың кемінде екі кредитін, мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға (НОЖ бойынша қабылданымнан басқа) дайындық пен тапсырудың кемінде 1 кредитін игеруі болып табылады.
52. Семестр түрінде ұйымдастырылған бір академиялық кезең ішінде күндізгі оқыту нысанының студенті 18-22 кредит, сырттай оқыту нысанының студенті 9-12 кредит, кешкі оқыту нысанының студенті 12-15 кредит игеруі тиіс. Аталған кредиттер саны студенттің алдыңғы білім деңгейіне қатыссыз белгіленеді.
53. Педагогикалық мамандықтардың студенттеріне теориялық оқумен қатар педагогикалық практикадан өтуге мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдайда студенттер бір семестрде 27 кредитке дейін игере алады.
54. Университет оқу процесін берілген лицензияға сәйкес ұйымдастырады және білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын сақтауы тиіс.
55. Университет білім беру қызметін тиісті материалдық-техникалық базамен, білікті профессорлар-оқытушылар құрамымен, кітапхана қорымен, Интернет және басқа да ақпараттық ресурстармен, қаладан тыс жерлерден келген студенттерді жатақханамен және студенттерді қолдаудың басқа да қызметтерімен қамтамасыз етеді.
56. Университеттің материалдық-техникалық жабдықталуы оның техникалық және технологиялық мүмкіндіктер ауқымын кеңейтуге бағытталған.
Университетте санитарлық талаптарға сай келетін, оқытудың нысандары бойынша оқу сабақтарын екіден артық емес ауысымда өткізуге қажетті аудиториялық қордың негізгі көлемі және қосымша бөлмелер бар. Тіл және тілдік пәндер бойынша оқу сабақтарын өткізу үшін, сондай-ақ студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін жоғары оқу орнында лингафон кабинеттері мен оған ұқсас басқа да жабдықтар бар. Университет оқу сабақтарын және СӨЖ-ді интерактивті нысанда ұйымдастыруға мүмкіндік беретін соңғы үлгідегі компьютерлік сыныптармен, интерактивті тақталармен жабдықталған.
Білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін университетте оқу бағдарламаларының тиісті тапсырмаларын орындауға мүмкіндік беретін түрлі тапсырмалармен (виртуальды зертханаларды қосқанда), бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз етілген заманауи оқу-зертханалық жабдықтар бар. Университеттің оқу зертханаларына қойылатын талаптар қолданыстағы санитариялық ережелерге сәйкес келеді.
57. ЖОО әр студентті мамандығының бейініне сәйкес кәсіптік практикалар базасымен қамтамасыз етеді.
58. Жоғары оқу орнының кадрлық құрамына қойылатын талаптар лицензиялау кезінде білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарымен анықталған.
Жоғары оқу орнының оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын сақтаған жағдайда оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің түрін және оқытудың әдіс-тәсілдерін еркін таңдауға құқылы.
59. Жоғары білім беру бағдарламасын іске асыру әрбір студенттің ақпараттық ресурстар мен кітапхана қорына еркін қол жеткізуі, барлық модульдер, пәндер, оқу жұмысының барлық түрлері – практикумдар, курстық және дипломдық жобалау, кәсіптік практика, студенттің өзіндік жұмысы бойынша әдістемелік құралдар мен ұсынымдардың, сондай-ақ көрнекі құралдар мен аудио- және бейнематериалдардың болуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Университет студенттердің электронды кітапханаларда орналастырылған халықаралық деректер көздерін қоса алғанда оқу, ғылыми, ақпараттық базаларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Кітапхана қоры мен электронды және магнитті тасымалдағыштардағы оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету студенттердің өзіндік жұмысын жүйелі түрде күшейту арқылы жүзеге асады.
60. Студенттердің ғылыми жұмыстары оқу процесінің жалғасы және тереңдетілуі болып табылады және кафедраларда, зертханаларда, ғылыми, конструкторлық және жоғары оқу орындарының жобалау бөлімдерінде, студенттердің ғылыми-техникалық бірлестіктерінде (конструкторлық және өзге бюролар, орталықтар, ҒЗИ және т.б.) ұйымдастырылады. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарына (СҒЗЖ) жетекшілікті университет профессорлары, доценттері, оқытушылары атқарады.
4. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
61. Оқытудың нәтижелері Дублин дескрипторларының бірінші деңгейі (бакалавриат) негізінде анықталады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде де, жеке пәннің, модульдің деңгейінде де сипатталады.
Бірінші деңгейдегі дескрипторлар:
1) зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;
2) осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу;
3) дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу;
4) әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру;
5) ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
62. Университет бітірушісінің жалпы құзыреттері жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзыреттерге, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, арнаулы құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасады.
63. Жалпы білімділікке қойылатын талаптар:
1) ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндері саласында базалық білімінің болуы;
2) заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кәсіптік қызметте ақпараттық технологияларды қолдана білуі;
3) күнделікті кәсіптік қызметке және магистратурада білім алуды жалғастыруға қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысының болуы.
64. Әлеуметтік-этикалық құзіреттерге қойылатын талаптар:
-
Қоғамдық ой-пікір, салт-дәстүр, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және кәсіби қызметі барысында оларға сүйену;
-
Іскерлік этика нормаларын сақтау және этикалық құқықтық нормалар ережесін ұстану;
-
Қазақстан халқының дәстүрі мен мәдениетін білу;
-
Өзге әлем халықтарының дәстүрі мен мәдениетіне түсіністікпен қарау;
-
Қазақстанның заңнамалары мен құқықтың жүйесінің негіздерін білу;
-
қоғамдық-әлеуметтік дамудың бағыттарын білу;
-
түрлі әлеуметтік жағдайларды бағдарлай алу;
-
командамен жұмыс істей білу, өз көзқарасын байыппен жеткізе алу, жаңа шешімдер ұсыну.
-
Тіл табыса білу, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыру;
-
Тұлғалық және кәсіби өсуге ұмтылу;
65. Экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын талаптар:
1) экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.с.с. жөнінде ғылыми түсінігінің болуы;
2) экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін білу және түсіну.
66. Өзгерістер мен белгісіздіктердің динамизмі жағдайында әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рөлдердің ауысуына, географиялық және әлеуметтік ұтқырлыққа байланысты дайындыққа қойылатын талаптар:
1) заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және әлемдік экономикадағы қарқынды түрде өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестерге бейімделе білу;
2) кәсіптік қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді де ұтқыр болу;
3) белгісіздіктер мен қауіп-қатер жағдайында экономикалық және ұйымдастыру сипатындағы шешімдер қабылдау дағдыларының болуы.
67. Арнайы құзыреттер жоғары білімнің әр мамандығы бойынша кәсіптік стандарттар негізінде жұмыс берушілер талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұраныстарын ескере отырып анықталады.
68. Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің көлемі аясында алынған білім деңгейі әртүрлі бақылаулар арқылы қамтамасыз етіледі.
69. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылауды және олардың оқу пәндері немесе модульдер бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік кезеңдерінде (әр академиялық кезең мен оқу жылы аяқталған кезде) Офис регистратор (бөлім, сектор) жүргізеді және бақылау мен бағалау оқытудың қорытынды нәтижесіне бағытталуы тиіс.
70. Офис регистратор білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын есепке алады, ол студенттердің бекітілген үлгідегі транскрипінде көрінеді.
Транскрипт студентке білім алудың кез келген кезеңінде оның жазбаша өтініші негізінде беріледі.
71. Бітірушілердің білімін, шеберлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау оларды қорытынды аттестаттау кезінде жүзеге асырылады.университет бітірушілерін қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған кезеңде мамандық (мамандықтың оқу пәндері) бойынша мемлекеттік емтихан(-дар) тапсыру және/немесе дипломдық жұмыс (жоба) қорғау түрінде өткізіледі.
72. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған тұлғаларға «бакалавр» академиялық дәрежесі және/немесе біліктілік беріледі және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылады.
Университет бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement) бере алады.
1 Кесте. «Жаратылыстану ғылымдары», «Техникалық ғылымдар және технологиялар», «Ауыл шаруашылық ғылымдары» мамандықтар тобы бойынша
НЕГІЗГІ ОҚУ ЖОСПАРЫ
Пәннің коды
|
Пәннің (модульдің) аты және қызмет ету түрлері
|
Кред.
саны
|
Блок
|
Дәріс/
практ/
зерт.
|
Сем
|
1. Мемлекеттік міндетті модуль (11 кредит)
|
KT1101
|
Қазақстан тарихы
|
3
|
МК
|
1+1+0
|
1
|
KBK(O)T1102
|
Кәсіби бағдарлы қазақ (орыс) тілі
|
3
|
МК
|
0+3+0
|
1
|
KBShT1103
|
Кәсіби бағдарлы шетел тілі
|
3
|
МК
|
0+2+1
|
1
|
GTF1104
|
Ғылыми таным философиясы
|
2
|
МК
|
1+1+0
|
4
|
2. Әлеуметтік – коммуникативті модуль(4 кредит)
|
TKP2201
|
Тұлғааралық коммуникацияның психологиясы
|
2
|
ТК
|
1+1+0
|
|
TKS2202
|
Теориялық және қолданбалы саясаттану
|
2
|
ТК
|
1+1+0
|
|
ZhAOE2203
|
Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
|
2
|
ТК
|
1+1+0
|
|
MD2204
|
Мәдениет және дін
|
2
|
ТК
|
1+1+0
|
|
ZhKA2205
|
Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
|
2
|
ТК
|
1+1+0
|
|
ATK2206
|
Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
|
2
|
ТК
|
1+1+0
|
|
ETD2207
|
Экология және тұрақты даму
|
2
|
ТК
|
1+1+0
|
|
KK2208
|
Қазақстандық құқық
|
2
|
ТК
|
1+1+0
|
|
EN2209
|
Экономика негіздері
|
2
|
ТК
|
1+1+0
|
|
3. Кәсіби модульдер блогы (115 кредит)
|
3.1 Жаратылыстану-ғылыми (STEM) модулі
|
12
|
МК
|
|
|
|
Кәсіби мақсаттарға арналған ақпараттық технологиялар
|
3
|
МК
|
1+0+2
|
|
|
|
|
|
|
|
3.2. Базалық кәсіби модульдер
|
69
|
МК
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3.3. Жеке білім траекторияларының модульдері (ЖБТ)
|
30
|
ТК
|
|
|
SW 3501
|
Scientific writing (қаз/орыс/ағылшын)
|
1
|
ТК
|
0+1+0
|
|
|
|
|
|
|
|
3.4. Пәнаралық модуль
|
4
|
ТК
|
|
|
|
Инновациялық кәсіпкерлік (сала бойынша)
|
|
|
|
|
|
Интеллектуалдық құқық
|
|
|
|
|
|
...
|
|
|
|
|
Теориялық білім алудың барлығы
|
130 кредит
|
4. Кәсіби практика (практика түрлері бойынша) (кемінде 6 кредит)
|
|
...
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5. Қорытынды аттестация
|
NZDB 401
|
Диплом жұмысын (жобасын) жазу және қорғау
|
2
|
МК
|
|
8
|
6. Қосымша оқыту түрлері
|
|
|
|
|
DS
|
Дене шынықтыру
|
8
|
МК
|
|
1,2,3,4
|
БАРЛЫҒЫ
|
|
Кемінде 146 кредит
|
Достарыңызбен бөлісу: |