№1, 25 қыркүйек 2011 жыл «Мектеп өмірі» Шығармашылық шыңдау үстіндеміз. Наше творчество



Дата24.10.2018
өлшемі20.27 Kb.

1, 25 қыркүйек 2011 жыл «Мектеп өмірі»

Шығармашылық шыңдау үстіндеміз. Наше творчество



Абайға арнау
Әр сөзінде мағыналы ой тұрады,

Абай сөзі қазақтың бойтұмары.

Жаңылмастан өлеңіне қараймын,

Ұлы Абайды данышпанға балаймын.


Ешкімде ұлы Абайға тең келмеген,

Өлеңде еш адамға дес бермеген.

Ақылымен санасының арқасында,

Өмірде еш қиындық көрмеген.


Халқы үшін дара тұлға ақын қандай,

Халқымен елі үшін жаралғандай.

Жаралғандай жақсыны көрмек үшін,

Жамандарға тәрбиесін бермек үшін.

9- сынып оқушысы Төлеу Нұржанат



Абай аманаты

Абай атамыздың қара сөздерінің бірінде былай делінген:"Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек: әуелі надандық, екіншісі еріншектік, үшіншісі залымдық деп білесің. Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жегірсіздік, ұятсыздық, кедейлік бәрі осыдан шығады. Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисаибына қосылады".

Абай атаның осы үш өсиетін жадымда сақтап, жүрегімде түйіп жүрмін. Ол кісі кезінде осының бәрін көріп, білгендіктен кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, ғибадатты сөз қалдырды. Енді біздің парызымыз осы мағыналы сөздерге мән бере отырып, сырын ұғу, мазмұнын түсіну, қор болмау үшін харекет қылу.

8 - сынып оқушысы Ержан Айгерім


Тілім тірлігімнің айғағы.

″Ана тілі . . . Бұл туралы қаншама айтылып келеді . Ал ана тілінің құдіретін айтсақта мүмкін емес. Бала кезінде балдай сорып, ана сүтімен бойга сіңген қасиеттер туған тілдің арқасында ғана дариды.

Туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталмаса, кейін қиынға соғады. Айналаңдағы адамдарға, өзің өскен ортаның табиғаты мен халқының мәдениетіне, дәстүріне деген көз қараста туған тілді білуден басталады″- деп Шыңғыс Айтматов айтқандай тірлігіміздің айғағы. Туған тіліміз яғни қазақ тілі арқылы біз әлемді танимыз, сөйлейміз оқып білеміз. Алған нәріміз барлығы тіпті А.Байтұрсынов айтып өткендей“Мынаны естен ешқашан шығаруға болмас, тәуелсіз дербес өмірге өзінің ана тілінде сөйлейтін және өз әдебиеті бар халық таласа алады” бұл сөзден тәуелсіздігіміз, төл әдебиетіміз ана тіліміз арқасында дамуда. Қазақ халқы ана тілімізді құрметтеп және сөйлей білейік. Қазақ тілінде таза сөйлей білу білімдіктің жоғары факторы.

Тілім аман тар жол,тайғақ кешуден

Өйткізбесем,ұл боп тудым несін мен

Жаным құрбан, тілім, сенің жолыңда,



Судан әсте тайынбайды шешінген.
7 - сынып оқушысы Сұраған Ақтоты



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет