1- тапсырма. «Мұхиттағы тіршілік» мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Сұрақтарды жұпта
талқылаңыз.
1.
Мұхиттағы тіршілік аймақтары қалай бөлінеді?
2.
Мұхитта тіршіліктің таралуына әсер ететін факторларды түсіндіріңіз.
3.
Тіршілік ету жағдайына байланысты қалай бөлінеді?
4.
Планктон, нектон, бентостың ерекшелігі қандай?
Мұхиттағы тіршілік
Дүниежүзілік мұхит суларында жануарлардың 150 мыңға жуық, өсімдіктердің
15 мыңнан астам түрі кездеседі, олар саны жағынан өте көп болуымен ерекшеленеді.
Мұхиттағы тіршілік аймақтарына: судың беткі қабаты мен оны құрайтын су массасы
және мұхит түбі жатады. Мұхитта тіршіліктің таралуы географиялық ендікке
байланысты. Температурасы төмен және поляр түні ұзаққа созылатын полярлық өңір
сулары тіршілік дүниесіне кедей болады. Қоңыржай белдеудің суында тірі ағзалар
жақсы өсіп, жетіледі. Бұл ағыстар мен күшті желдер әсерінен әр түрлі су массаларының
араласуынан мұхит суларында қоректік заттар мен оттегі мөлшерінің артуы себеп
болды. Беткі су қабатының температурасы мен тұздылығы жоғары болатындықтан,
тропиктік ендіктерде тіршілік дүниесінің мөлшері азаяды. Ал экватор маңында
олардың саны қайтадан артады. Тіршілік ету жағдайына байланысты мұхиттағы
тіршілік дүниесі планктон (грек тілінен аударғанда «кезеген»), нектон (грек тілінен
аударғанда «қалқыма») және бентос (грек тілінен аударғанда «тереңдік») деп аталатын
үш топқа бөлінеді.
Планктон ағыстардың әсерінен еркін қозғалатын алуан түрлі бір жасушалы
балдырлардан, әр түрлі қарапайымдардан, ұсақ шаяндардан, теңіз құраттарынан, ішек
қуыстылардан және бақалшақтардан тұрады. Өсімдіктер планктоны – жануарлар
планктонының негізгі қорек көзі. Мұхиттағы аса ірі сүт қоректілер (кит тәрізділер мен
ескек аяқтылар) де планктонды азық етеді. Нектонды мұхит сулары мен оның беткі
бөлігінде еркін жүзетін балықтар, теңіз сүт қоректілері, теңіз жыландары мен
тасбақалары, ірі молюскалар (сегізаяқ, кальмар) құрайды. Нектон неғұрлым ірі
жануарлардан тұрғанымен, олардың жалпы биомассасы бентостың жиынтық
массасынан 23 есе аз. Бентосты мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін өсімдіктер мен
жануарлар дүниесі құрайды. Олар мұхит түбінде тіршілік етуге бейімделген әр түрлі
балдырлардан, теңіз шөптерінен (гүлді өсімдіктер өкілі), тікен терілілер, шаян
тәрізділер, маржан полиптерінен тұрады. Бентостағы тіршілік дүниесі селебесіп өмір
сүруге бейімделген.
Қолданған сілтеме
https://baribar.kz/student/6811/mukhittaghy-tirshilik/
Мұхиттағы тіршілік
Қызыл кітап
Сұрақтар:
1.
Қызыл кітап қандай дәрежедегі құжат?
2.
Қызыл қітапқа қандай жануарлар мен өсімдіктер түрлері тіркеледі?
3.
Табиғатты қроғау мәслесімен қандай ұйым айналасады?
4.
Ой талқы: Не себептен жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі
тек қана
20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды?
Қызыл кітап
-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” —
халықаралық дәрежедегі құжат.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара
жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің
түрлері тіркеледі.
Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде
қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың
халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан
Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды.
Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2
том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың
312 түрі туралы деректер берілді.
Қолданған сілтеме:
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D0%BB_%D0%B
A%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%BF