№ қаулысымен бекітілген «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі»



Дата03.07.2017
өлшемі102.42 Kb.
#22219


Ойыл ауданы әкімдігінің

2016 жылғы

№ қаулысымен бекітілген


«Ойыл ауданының ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030900, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 69 .

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.


2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ветеринария, адам мен жануарларға ортақ ауырулардан халықтың денсаулығын қорғау және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

15. Міндеттері:

1) адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғауды ұйымдастыру;

2) жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

4) жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

5) жануарларды бірдейлендіру бойынша базаны жүргізумен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүзеге асыруды ұйымдастыру;

6) денсаулық сақтау органдарымен бірге адам мен жануарлар үшін ортақ аурулардан халықтың денсаулығын қорғауды ұйымдастыру;

7) аудан аумағында адам мен жануарлар үшін ортақ аурулардан халықтың денсаулығын қорғауды ұйымдастыру;

8) халықтың арасында ветеринария мәселелерін насихаттау.

16. Функциялары:

1) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

2) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

3) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

5) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюсыз залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоюсыз залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

8) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;

9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

10) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;

11) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;

12) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:

ішкі сауда объектілерінде;

жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);

ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;

экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;

тасымалдау (орнын ауыстыру) бағыттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;

экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;

13) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

14) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;

15) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс–шаралар өткізуді ұйымдастыру;

16) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай–ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс–шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

17) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

18) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;

19) ауданның жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс–шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;

20) ауданның жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу; 

21) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

22) қаланың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік–аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық–санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс–шаралар туралы ұсыныстар енгізу;

23) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

24) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

2) малдардың жұқпалы немесе жұқпалы емес ауру түрлерінің профилактикасы бойынша ветеринариялық іс–шаралары жөнінде жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізуге;

3) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін малдардың энзоотикалық ауруларының тізімдемесі бойынша жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізуге;

4) ауданның аумағында ветеринарлық–санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс–шаралар туралы жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізуге.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен Ойыл ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және ұйымдық шартқа сәйкес «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттайды, материалдық көмек көрсетеді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;

5) «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі таратылған кезде құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыру үшін құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.

«Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Ойыл ауданының коммуналдық меншігіне жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.



5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. «Ойыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет