Зиянды әдеттерден бойымызды аулақ ұстайық! Д.Ә. Жауынбаева, Қр тжм «Апаттар медицинасы орталығы»



жүктеу 32.92 Kb.
Дата07.07.2017
өлшемі32.92 Kb.



Зиянды әдеттерден бойымызды аулақ ұстайық!

Д.Ә.Жауынбаева,

ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ

Астана қаласы бойынша филиалының дәрігері
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-53%-ы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20%-ы қоршаған ортаға (аймақтың экологиялық және климаттық-географиялық ерекшеліктеріне), 18-22%-ы тұқым қуалау себептеріне, біздің денсаулығымыздың тек 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда ағзада психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Зиянды әдеттермен күресу осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана табысты болады.






Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Алкоголь «нерв уы» деп бекер айтылмаған. Ішкілік ағзаның қуыс-қуысына өте тез жайылады да, сонан соң орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады.

Үнемі ішкілікке салынған адамның ұрық жасушалары азайып, олардың нысаны өзгереді. Маскүнем әйелдерден туған балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады.

Емшекте баласы бар әйелдердің маскүнемдігі тіпті өрескел. Олар арақ түгіл, сыра ішуге де болмайтынын естерінде сақтаулары керек. Ана сүтімен нәрестенің ағзасына енген алкоголь баланы тынышсыздандырады, ұйқысын нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне кедергі келтіреді. Сайып келгенде, ішкіліктің зияны мол екенін есте ұстаған отбасы мұны ұмытпағаны жөн. Талай адамның түбіне жеткен ішімдік кімнің жанын азапқа салмады дейсіз. Бұдан былай бұл зиянды «дәстүр» халық ұғымынан шығып, кейінгі ұрпақтың сөздік қорында болмауға тиіс.

Дегенмен, жалпы адам ағзасына зардап тек арақ-шараптан ғана келеді десек, қателескен болар едік. Бұл күндері «сәнге» айналып жүрген темекі шегудің зияндылығы да аз емес. Темекі тарту, яғни, никотинизм – зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі.

Статистикалық мәліметтер бойынша планетада ересектердің 40 пайызы темекі тартады. Оның ішінде 60 пайызы ер азаматтар, 20 пайызы әйелдер екен.
Темекі түтіні адам ағзасы үшін зиянды және улы заттардың жиындысы болып табылады. Олардың ең бастылары – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе қатерлі ісігіне душар ететін әртүрлі радиобелсенді элементтер болып табылады. Олардың ішіндегі ең улысы – никотин.

Адам ағзасы үшін бар болғаны бір-ақ тамшы /ол 10-12 тал сигаретте болады екен никотин уы жеткілікті көрінеді.



Темекі тартатын адамда никотинның ықпалынан асқазан қышқылдығы төмендейді. Қан қысымы артады. Орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметі бұзылады. Елу жасқа дейін темекі тартатын әйелдерде миокард инфаркті темекі тартпайтындарға қарағанда 20-есеге жиірек кездеседі екен. Бронхитпен ауырушылардың 75 пайызы темекі тартушылар болып табылады.
Темекі ішкі мүшелер қызметін бұзып, ауруға душар етумен қатар, адамның сыртқы келбетін де бұзады. Түтіннен шыққан зиянды улы заттар беттегі майда қан тамырларын зақымдап, бет терісі ауруларына душар етеді.
Жыл сайын жер бетінде темекіден 3 миллион адам, яғни темекінің улы әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам көз жұмады екен.
Жастай шылымға әуестенген жастар ұмытшақ келеді. Оқу үлгерімі нашарлайды, тіпті ақыл-ойы кемиді.




Темекі шегушілік студент жастардың арасында жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыз-балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе.
Темекі шегу тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиянды. Олардың шеккен әрбір тал темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10 пайызға көбейтіп, нәрестеге қажетті оттегінің мөлшерін 10 пайызға кемітеді екен.


Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, арақ–шарапқа, темекіге әуестенбей, бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.


Сөз соңында айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ, болашақтың жарқын кепілі сол болмақ.


: images -> stories -> 2013 -> noyabr
2013 -> Улы өсімдіктер және саңырауқұлақтардан абай болыңыз. Тамақтан уланудың алдын алу және алғашқы медициналық көмек Серғазин С., Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Апаттар медицинасы орталығы»
2013 -> Кене шағу салдарлары мен олардан сақтану жолдары М. Аманов, Қр тжм «Апаттар медицинасы орталығы»
noyabr -> Э. Кожонов. Филиал гу «цмк» мчс рк по г. Алматы. Современные наркотики. Как уберечь своих близких
2013 -> Травма грудной клетки
2013 -> Э. Кожонов, А. Соколов. Филиал гу «цмк» мчс рк по г. Алматы. Первая медицинская помощь при дтп. Травмы груди и живота
2013 -> Улы өсімдіктер және саңырауқұлақтардан абай болыңыз. Тамақтан уланудың алдын алу және алғашқы медициналық көмек Серғазин С., Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Апаттар медицинасы орталығы»
2013 -> Рабочие будни бригады экстренного реагирования тмсп «Анар» филиала гу «цмк» мчс рк




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет