Зерттеу жұмысын растайтын м



жүктеу 106.81 Kb.
Дата02.07.2017
өлшемі106.81 Kb.
Негізгі бет c:\documents and settings\администратор\рабочий стол\гпи.jpg

Оқушының аты-жөні Байдуллин Дархан

Класс 11 “B“

Тақырыбы Климаттың өзгеру себептері

Зерттеу сұрағы Климаттың өзгеруі табиғи фактор әсерінен болатын құбылыс па, әлде

Антропогендік фактор әсерінен болатын құбылыс па ?



Зерттеу жұмысын растайтын мәлімдеме

Мен осы зерттеу жұмысым өзімдікі екенін және оның сенімді екенін жариялаймын. Барлық ресурстар мен дереккөздер расталған және басқалардың ресурстары мен дереккөздері қолданылған жағдайда сілтеме жасалынған.

--------------------------------------------- (Қолы)

10.03.2014 (Мерзімі)

Кіріспе

Климат - белгілі бір аумаққа тән ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығы. Климаттың өзгеруі дегеніміз-тікелей немесе жанама түрдегі іс - әрекетінің нәтижесінде пайда болатын климаттағы өзгерістер . Ғаламдық экологиялық проблемалардың арасында адам өміріне және табиғатқа аса маңызды болып саналатын, комплексті мәселе жаһандық климаттың өзгеруі. Жер планетасының климаты әрқашан өзгереді( Илларионов Андрей Николаевич).Климат біздің заманымыздан бұрын да өзгерді, қазір де өзгеріп жатыр, болашақта да өзгеретіні анық, климат жер ғаламшары жойылмайынша өзгере беретін болады.Менің бұл мәселені зерттеудегі негізгі идеям климаттың өзгеруін мүмкіндігінше толық зерттеп климаттың өзгеруінің алдын алу. Қазіргі таңда жер шарының әрбір нүктесінде климаттың өзгеруі байқалып жатыр. Бұлар орасан зор атмосферадағы өзгерістер,оны салыстыруға болатын уақыт аралығындағы табиғи және антропогендік өзгерістерден байқаймыз. Климаттың өзгеруі 21 ғасырда ғаламдық мәселеге айналып отыр.Климаттың өзгеруі қауіпті төндірудің катализаторы секілді, яғни әлемдегі қауіпті төндіретін ең жылдам факторы сияқты. Климат Жердің геологиялық тарихында күшті өзгерістерге түскен. Жер шарының көптеген аудандарынан қазіргі кезде де байқауға болады және қарапайым ескі глобуспен жаңа глобусты салыстырсақ ол айырмашылықтар айқын көрінеді. Климаттың өзгеруі - ядролық қаруды қолдану немесе соғыстар емес. Оның салдарынан бұрын-соңды болмаған апаттар орын алуда, егін шаруашылығына да өз зардабын тигізіп отыр.Кейбір дақылдарға жылу,ал кейбір дақылдарға ылғал, ал енді біреулеріне жарық дақылдардың құнарлы жеміс беруіне әсерін тигізеді. Ал климат өзгерісінен бұл дақылдардың құнарлы жеміс бермейді. Сонымен қатар осы ауа қабатының бұзылуы, әрбір жыл сайын ауа температурасының көтерілуі жер шарының полюстеріндегі мұздарының еруіне алып келіп, соның әсерінен мұхит, теңіз сулары деңгейлері көтеріліп, су жағажай бойында орналасқан қалалар немесе ауылдар су астына қалады деген қауіп төнуі мүмкін. Ол одан да үлкен алапат қауіп. Климаттың өзгеруінің оң әсерінен көрі теріс әсері басым екендігін еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін білетіндігі айдан анық. Климаттың өзгеруіне антропогендік және табиғи факторлар әсер етеді. Кейбір адамдар климаттың өзгеруіне тек қана антропогендік фактор әсер етеді деп санайды. Ал кейбір адамдар климаттың өзгеруіне табиғи фактор мол әсер етеді деп ойлайды. Ал мен сол климатың өзгеруіне табиғи фактордың әсері мол дейтіндердің қатарына жатамын.Климаттың өзгеруіне антропогендік фактордың әсер ететінін білем әрине,бірақ табиғи факторға қарағанда әсері аз деп ойлаймын. Қазіргі таңда климаттың өзгеруіне антропогендік фактордың салдары, табиғи фактордың қасында түк те емес. Табиғи фактор әсерінен алапат қауіптер туындайды.Менің мақсатым өз ой- пікірімді дәләлдеп шығу. Ал енді климаттың өзгеруіне не әсер ететіндігі туралы толығырақ айтып кетейік.



Негізгі бөлім

Антропогендік факторлар дегеніміз – адам іс- әректі нәтижесінде немесе адамның тіршілік ету кезінде болатын қоршаған ортаға деген әсері.Қазіргі таңда адам әрекетінен болған биосфераға теріс әсері бүкіл әлемде байқалуда.Біздің заманымызда антропогенді зат алмасу толықтай орын алуда.Антропогенді зат алмасу деп отырғаным, бұл табиғаттан шикізат көздерін және энергия көздерін алып, оны өндірістік мақсатта өңдеп жаңа технологияларды шығару.Бұл шыққан технологиялардың пайдасын және зиянын көріп отырмыз.Пайдасы да, зияны да айтпаса да түсінікті.Алайда зиянын айтып кетер болсам, шыққан жаңа технологиялардың қалдықтарының қоршаған ортаға кері әсері, яғни зияны.

Ал табиғи фактор дегеніміз – адамның қатысуынан тысқары болатын, яғни табиғаттың бұзылуынан немесе жақсаруынан өз-зіне әсері табиғи фактор деп аталады. Табиғи факторларға күннің, судың, мұхиттың, желдің, яғни табиғатта болып жатқан құбылыстардың барлығы жатады. Күн сәулесінің түсуі, найзағайдың ойнауы, желдің соғуы, жаңбырдың жаууы бәрі-бәрі қоршаған ортаға әсер етеді. Табиғи фактордың әсері ерекше болып табылады.

Климаттың өзгеруіне әсер ететін табиғи факторлар көп. Бұл құбылыс,ондаған,жүздеген тіпті бірнеше ғасырларға кейде геологиялық дәуір бойына созылады. Климаттың өзгеруінің астрономиялық, атмосфералық және геологиялық – геоморфольдық себептері болады.

Астрономиялық себептер – Жер бетіне түсетін Күн энергиясы мөлшерінің ауытқуына , Жердің айналуы мен оның полюстері орындарының өзгеруіне байланысты. Жер орбитасы эллипс тәрізді , сондықтан Жер мен Күннің арақашықтығы әрбір жыл сайын өзгеріп отырады. Скептиктердің әр кез бекітуі бойынша, климаттың өзгеруіне күн сәулесінің әсері жалғыз фактор деп санайды.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c3/solar_sys8.jpg/400px-solar_sys8.jpg

Жердің Күнді айналу кезіндегі арақашықтарының өзгеруі

Біз әдетте жердің осьі туралы ойлаймыз , бұл соңында полярлық жұлдызды көрсетеді. Бұл шындығында мүлдем олай болмайды. Ось бір ғасырдың жарты градусына келгенде қозғалады.Полярлық жұлдыз әрқашан солтүстікті көрсете бермейді. Алғашқы пирамидалар салынған уақытта , біздің заманымызға дейінгі 2500 жыл бұрын полюс Альфа драконы жұлдызына жақын орналасыпты. Бұл Жер осьінің бағытының сәл өзгеруі , климатың өзгеруіне әкеліп соқтырады.

Атмосфералық себептер – жанартау атқылау,аймақтағы өсімдік жамылғысының дамуы мен адамдардың тіршілік әрекеті әсерінен атмосфера құрамының өзгеруіне , яғни ауада көмір қышқыл газының , су буының және шаң тозаңның көбеюіне негізделген. Бұлардың салдарынан Жердің радиациялық балансы күрт көбейеді немесе азаяды , ауа температурасы жоғарылайды немесе төмендейді.Жанартаудың климатқа әсерін айтар болсақ , жанартау атқылыған кезде су буы , күкірттер кесек - кесек болып бөлініп шығады. Жанартаулардың белсенділігі небәрі бірнеше күн ғана. Бірақ газдың кесек – кесек көлемдері климаттың өзгеруіне бірнеше жылдар бойы әсер ететін болады. Миллиондаған күкіртті газдың тоннасы атмосфераның жоғары қабатына барып климаттың өзгеруіне әкеліп соқтырады. http://ru.fishki.net/picsw/032011/02/post/vulkan/vulkan-012.jpg

Жанартау атқылауы SO2 бөлініп шығуы

Терең мұхиттық ағыс климаттың жылынуын және салқындауын ұзақ мерзімге дейін шақырады.Тынық мұхитының теңіз деңгейінің Оңтүстігінде мониторинг анализі бойынша , проекттің көрсетуі тынық мұхит құрлықтық елдерінде соңғы 13 жылда 6 миллиметрге дейін көтерілген екен.Адамның шығарған көмір қышқыл газы бұның қасында ештеңе де емес. Көмірқышқыл газын мұхиттар , ормандар және тағы басқалары сіңіреді және олар өздерінің биологиялық белсенділіктерін жоғарылатып атмосферадан сорып алады. Климаттың жылынуы және салқындауы күн сәулесінің әсерінің тербелісінен болған,ал адамның шығарған көмір қышқыл газынан немесе метаннан емес (Вилли Вскоре). 1900 жылдан 2000 жылға дейінгі аралықта жайма – шуақ сәулелену 0,19 пайызға өсті(Артур Р.Родинсон).

Геологиялық – морфологиялық себептер – құрлықтың жер бедері мен құрлықтар пішіндерінің өзгеруінен туады. Олардың әсерінен Күн энергиясының басқа энергия түріне айналуы атмосфераның жалпы циркуляциясы және теңіз ағысы тежеледі. Мүмкін сіздер Оңтүстік Америка мен Африканың бір түрлі орналасқанын дүние жүзілік картадан байқаған боларсыңдар. Шамамен 200 миллион жыл бұрын олар бірігіп тұрған , ғалымдардың айтуынша ол уақытта Жер болмаған.Бұл континенттердің соқтығысы климаттың өзгеруіне әкеліп соқтырады , яғни континенттердің айырылуы мұхит ағысының бағыты мен желді өзгертеді.

Қарсы аргументтер

Климаттың өзгеруінің себебі антропогендік фактор бойынша көшетхана газдары және радиациялық әсер етуші фактор болып табылады.Антропогенді озон көздері және жақсы айналымға түсетін көшетхана газдары тропосфера мен стротосфераның арасындағы тропопаузалардың 80%-ға дейін өсуіне әсер еткен, тропопаузалардың көрсеткішін анықтайтын анализдік фактордың анализі бойынша 25 шілде 2003 жылғы “Наука” журналы тропопаузалардың көтерілуі , климаттың өзгеруінің индикаторы және антропогенді озон шығару маңызды фактор деп көрсетеді. Әлемдік климаттың өзгеруіне әр түрлі көмірқышқыл газы, күкірт оксиді, тропосфералық озон сияқты факторлар әсер етеді және жасыл орман ағаштарының қалыпты өсуіне де әсер етеді.

.парниковый эффект.jpg

Көмірқышқыл газының жер ғаламшарына ықпалы

1750 жылдан бастап яғни индуистралдық дәуірдің кезеңінен бастау алған климаттың өзгеруінде адамның іс-әрекеті табиғаттық фактордан гөрі ықтималдығы зор.



чзв 2.1 рис 1

Бұл графикте соңғы 2000 жылдағы ұзақ өмір сүруші көшетхана газдарының түрлері метан, көмірқышқыл газы, азот қалдығы мөлшері көрсетілген.Ал 1750 жылдан бастап бұл көрсеткіш адамның іс-әрекетінен пайда болған индустриалды дәуірден бері жыл санап артып келе жатыр.

Алдымен көшетхана газдарының климаттың өзгеруіне әсері туралы айтып кетелік.Адамның іс-әрекеті 4 көшетхана газдарының пайда болуына әкеліп соқтырады:метан, көмірқышқыл газы, азот қалдығы, галогенкөмірсутек. Бұл газдар көмірді, мұнай өнімдерін, басқа да отын түрлерін жағудың салдарының нәтиежесінен өсіп отырғанымен қатар олар атмосфераға таралып климаттың өзгеруіне зор ықпалын тигізіп отыр.

рис. spm.1

2013 жылы 27 қыркүйекте Стокгольмде өткен пленарлық жиналыстың қорытындысы бойынша пресс-конференцияда МГЭИК(Межправительственной группы экспертов ООН по изменению климата)—тің бесінші баяндамасының негізгі идеясы:антропогендік фактор- климаттың өзгеруіне күмән келтірмейтін себеп.



http://compulenta.computerra.ru/upload/iblock/545/5450b127c56e4b65bd7cb5bbefaa74c5_resized_width_aeac4ea9ab3e5f1705099c8e6fb6a037_500_q95.jpg

Осы баяндамада назар аудатарлық жайт МГИЭК-тің ойынша соңғы 60 жылдағы климаттың өзгеруін бақылау барысында олар 95 пайыз сеніммен мынадай тұжырымдамаға келді: климаттың өзгеруі- адамның іс-әрекетінен болады.Осыдан алты жыл бұрын яғни 2007 жылғы баяндамада осы тұжырымдама 90 пайыз сеніммен айтылған болатын.Ал келесі баяндамада климаттың өзгеруі 100 пайыз антропогендік фактор болса, онда XХI ғасырдың ортасынан бастау алған зерттеулердің нәтиежесі климаттың өзгеруі антропогендік көшетхана газдарының мөлшерінің өсуімен тығыз байланысты болады.Көшетхана газдарының ішінде көмірқышқыл газының көлемі соңғы 300 жылдан бастап яғни индустриалды дәуірден бастап 30%-ға өсті 280миллионнан 380миллионға, ал метанның мөлшері бұл уақытта 140%-ға өскені белгілі. IPCC-тың ғалымдарының ойынша бұл көрсеткіш атмосферада сонғы 800000 жылдағы көшетхана газдарының ең үлкен көлемі болып табылады.



http://compulenta.computerra.ru/upload/iblock/55a/55ab6135ef4965846bd842b380da6960_resized_width_2783843afb3012ded01bc391ff3b9b5f_500_q95.jpg

Әрбір жылдағы орташа әлемдік температура (жұқа қызыл түсті сызықтар) және 11-жылдық орташа көрсеткіш (қалың қою қызыл түсті сызық), NASA GISS ақпараты бойынша. Күн сәулесінің барлық жылдық тығыздығы (жұқа көк түсті сызық) және 11-жылдық орташа көрсеткіш (қалың көк түсті сызық), Krivova et alа. Ақпараты бойынша (1880-1978 жылдар аралығы) және PMOD (1979-2009 жылдар аралығы).

Осы графикке қарай отырып мынадай тұжырымдамаға келеміз: соңғы 60 жылда жердің орташа температурасы 0,6°C-қа көтерілді.МГЭИК нақты бағалауы бойынша антропогендік көшетхана газдарының атмосфераға таралуынан жер шарындағы температура 0,9°C-ка өсті, ал антропогендік аэрозол темпертураны 0,3°C-қа салқындатты. Бұл уақыт аралығында естественные фактор климаттың өзгеруіне әсер етпеген.Мысалға, 1950 жылдан бері күннің белсенділігі климаттың өзгеруіне өз әсерін тигізбеген.



http://compulenta.computerra.ru/upload/iblock/2a7/2a79e64704a03701225c6879edfded9b_resized_width_be10b92a4f4f3545efd4815b00e37099_500_q95.jpg

Соңғы 50-65 жылдағы табиғи фактор мен антропогендік фактор, Tett et al. 2000 (T00, көгілдір), Meehl et al. 2004 (M04,қызыл), Stone et al. 2007 (S07,ашық жасыл), Lean and Rind 2008 (LR08,күлгін), Huber and Knutti 2011 (HK11, көк), Gillett et al. 2012 (G12, қызыл-сары)Wigley and Santer 2012 (WS12,қою жасыл) и Jones et al. 2013 (J12, розовый) ақпараттары бойынша жасалған.

Ал енді радиациялық факторға тоқталып кетейік. Климаттың жылынуы тропосфералық озон қабатының қалыңдауынан, ал климаттың салқындауы стратосфералық озон қабатының жұқаруынан пайда болды. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінен радиациялық фактордың ішінде көп таралғаны жер бетінен күн сәулесі көбірек шағылуы .Бұның салдары теріс іс-әрекетке әкеліп соқтырады. Бұның алдын алу үшін аэрозолды бөліктердің мөлшерінің санын азайту керек.

Қорытынды

Сонымен климаттың өзгеруі тікелей немесе жанама түрде болатын құбылыс болып табылады. Климаттың өзгеруі қазіргі таңда жаһандық үлкен аса маңызды проблема екендігін күллі әлем білетіндігі бізге мәлім. 21 ғасырда өзінің қарқынды эволюциясын климат жалғастырып келеді. Климаттың осы күнге дейін өзгеріп келген болатын. Оның салдары бізді қоршағын ортаға кері әсерін тигізуде. Сонымен қатар осы күні де климат өзгеріп жатыр, мұның салдарын болашақта білетін боламыз. Келешекте де климат өз өзгерісін тоқтатпайды. Климаттың өзгеруін қарапайым ескі және жаңа глобустан ешқандай зерттеусіз қарапайым халық анық көре алады. Бұл негізгі мәселе ядролық қаруды қолдану сияқты мәселе емес. Оның қасында бұл мәселе алып әлемдік мәселе. Бұған табиғи және антропогендік факторлар әсер етуде. Жүргізген зерттеу жұмысым бойынша көп нәрсені үйрендім, білдім, ұғындым. Менің ойымша , антропогендік факторға қарағанда табиғи фактор климаттың өзгеруіне көбірек әсер етеді. Себебі адамдардың шығарған көмірқышқыл газы, мұхиттардан,жанартаулардан бөлініп шыққан көмірқышқыл газынан өте аз, тіпті салыстыруға да келмейді. Әрине, қазіргі таңда әрбір елдің экономикасы жақсаруда және әлемнің барлық елдерінде халық саны көбеюде, бұның салдары адамдардан шығатын көмірқышқыл газы көбеюі және жаңа технологиялардың ойлап табылу ықтималдығының өсуі деп ойлаймын. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаға өз кері әсерін тигізбей қоймайды. Табиғи фактор әсерінен үлкен адам баласы қарсы тұра алмайтын табиғи апаттар орын алуда. Осы табиғи фактор климаттың өзгеруіне негізгі қатты соққы беруші фактор болып табылады. Негізгі мәселе болып саналатын антропогендік фактор мен табиғи фактор бір-бірімен тығыз байланысты екендігін зерртеу барысында байқадым. Егер антропогендік фактор болса, табиғи факторда қатарласып жүреді. Бұл климаттың өзгеруіне адам баласы қарсы тұра алмайды, бірақ оған әсер ететін антропогендік факторға әлі де болса қарсы тұра аламыз. Сондықтан да антропогенді фактордың болу пайызын төмендетуіміз қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер

http://www.ipcc.ch/publications_and_data/ar4/wg1/ru/faq-2-1.html

http://stepnoy-sledopyt.narod.ru http://www.prensalatina.ru/index.php?option=com_content&view=article&id=44421:2013-09-27-15-38-28&opcion=pl-ver-noticia&catid=21&Itemid=101/geologia/paleogeo/prizm.htm

http://www.ipcc.ch/publications_and_data/ar4/wg1/ru/spmsspm-2.html

http://www.ng.ru/nauka/2013-11-13/10_on_fire.html

http://news.open.by/it/115883

http://teplokot.ru/stat/2408-pochemu-chelovecheskiy-faktor-igraet-vazhnuyu-rol-v-probleme-izm

http://www.bbc.co.uk/ukrainian/ukraine_in_russian/2013/09/130927_ru_s_global_warming.shtml

http://forward-time.ru/nauera/prichinyi-globalnogo-izmeneniya-klima

http://ria.ru/warming_human/20130923/965106707.html eneniya-klimata.html

http://www.profi-forex.org/novosti-mira/entry1008189099.html

http://glob-news.ru/sreda/4788-globalnoe-poteplenie-eto-sledstvie-chelovecheskogo-faktora.html

http://esco-ecosys.narod.ru/2003_1/chap01.html#_Toc429316955

http://www.skepticalscience.com/Are-humans-too-insignificant-to-affect-global-climate.htm

http://moscow-point.ru/moscow/ecology/8290.html

http://compulenta.computerra.ru/zemlya/klimatologiya/10009196/

http://compulenta.computerra.ru/zemlya/klimatologiya/10009073/

www.globalwarmingheartland.org

www.ipcc.ch

www.edugreen.teri.res.in

http://web.b.ebscohost.com/ehost/detail?vid=6&sid=1a3fd2bd-4784-42a2-aac2-b5b47f2f8ebc%40sessionmgr112&hid=124&bdata=JnNpdGU9ZWhvc3QtbGl2ZQ%3d%3d#db=8gh&AN=11841715

http://web.b.ebscohost.com/ehost/detail?vid=15&sid=1a3fd2bd-4784-42a2-aac2-b5b47f2f8ebc%40sessionmgr112&hid=124&bdata=JnNpdGU9ZWhvc3QtbGl2ZQ%3d%3d#db=nfh&AN=200603181015115032

http://web.b.ebscohost.com/ehost/detail?vid=16&sid=1a3fd2bd-4784-42a2-aac2-b5b47f2f8ebc%40sessionmgr112&hid=124&bdata=JnNpdGU9ZWhvc3QtbGl2ZQ%3d%3d#db=8gh&AN=15311412



http://web.b.ebscohost.com/ehost/detail?vid=19&sid=1a3fd2bd-4784-42a2-aac2-b5b47f2f8ebc%40sessionmgr112&hid=124&bdata=JnNpdGU9ZWhvc3QtbGl2ZQ%3d%3d#db=8gh&AN=17697319




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет