Я. Есенбеков жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Физика пәнінен



Дата24.04.2018
өлшемі97.79 Kb.
түріСабақ



Я. Есенбеков жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

ФИЗИКА ПӘНІНЕН

АШЫҚ САБАҚ:

Сабақтың тақырыбы:

Есеп шығару

i?id=61254649&tov=5

Пән мұғалімі:

Құтымова Ә.С.


Бекітемін:

Мектеп директоры: Абубакиров М.
сынып күні: 22.10.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы: Динамика. Ньютон заңдар тарауына есеп шығару.
Сабақ негізделген

оқу мақсаты (мақсаттары):

Оқушылар үйренеді:

1.Динамика →Статика→Айнымалы қозғалыс үшін энергия заңдарын→БӘТ заңын →ілімдерін білу

2.Гравитациялық өрістегі дененің потенциалдық энергия формуласын қорытып шығару .

3.Кеплер заңдарын талдау және есептер шығару.

Сабақ мақсаттары:

  • Барлық оқушылар: Динамика →Статика→Айнымалы қозғалыс үшін энергия заңдарын→БӘТ заңын →ілімдерін біледі.

  • Оқушылардың басым бөлігі: Гравитациялық өрістегі дененің потенциалдық энергия формуласын қорытып шығарады

  • Кейбір оқушылар: Кеплер заңдарын талдай алады және де есептер шығарады.

Тілдік мақсат:


  • Оқушылар... (істей) алады: Үш ньютон заңдарын біледі, формулаларға салып есептер шығарады, бүкіл әлемдік тарлыс заңының формуласын қорытып шығарады.

  • Негізгі сөздер мен тіркестер: динамика, қозғалыс динамика, энергия, жұмыс, айналмалы қозғалыс, кеплер заңдары.

  • Сыныптағы диалог (жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер): Динамика тарауында энергияның түрлері және есептердің шығару жолдары.

  • Талқылауға арналған тармақтар:

а) Динамика тарауын қайталау.

ә)Бүкіләлемдік тартылыс заңының формуласын қорытып шығару.

б)Оқушылардың қабілетіне байланысты деңгейлік тапсырмалар беру және күрделі есептер шығару.

Жазылым бойынша ұсыныстар: Берілген тапсырмалар мен жаттығуларды орындау

Пәнаралық байланыс: математика, геометрия.

Алдыңғы тақырып: Тұтқыр сұйықты. Денелердің аққыштығы. Қанаттық көтеру күші.

  • Тұтқырлық коэффициентінің физикалық мағынасы неде?

  • Ламинарлық деп сұйықтың қандай қозғалысын айтамыз?

  • Заттың сұйық күйіне тән қасиеттері қандай?

  • Заттың газ күйіне тән қасиеттері қандай?


Дерек-көздер, ресурстар: Интерактивті тақта, суреттер, Оқулық, плакаттар, маркерлер және т.б.

Негізгі идеялар:

Айналмалы қозғалыс және энергиясы


дененің импульс моменті.

дененің импульс моменті. қорытқы импульс моменті

Айнымалы қозғалыс үшін импульс түріндегі Ньютонның екінші заңы: денелер жүйесіне түсірілген барлық сыртқы күштердің қорытқы импульс моменті жүйенің импульс моментінің өзгерісіне тең.

Импульс моментің сақталу заңы: тұйық жүйедегі импульс моменттерінің векторлық қосындысы тұрақты шама.

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

-Жер радиусы

-Жерден Айға дейін қашықтық.

тәулік

; , осыдан ; R мен Т-ның мәндерін қойсақ, онда

; ал ,

осыдан немесе , демек центрге тартықш үдеу Жердің центріне дейінгі қашықтықтың квадратына кері пропорционал кемиді. Сонымен қатар F~Mm

~

немесе

G-гравитациялық тұрақты. G=6,673ּ10-11Нּм2/кг2

гравитациялық өзара әректтесудің спорт зал 150

потенциалдық энергиясы. Сонда немесе яғни ауырлық күшінің жұмысы қарама-қарсы таңбамен алынған потенциалдық энергияның өзгерісіне тең.


Ауырлық күшінің жұмысы дененің гравитациялық өрістегі қозғалыс траекториясының түріне тәуелсіз, тек оның бастапқы және соңғы орындарына ғана тәуелді.

Әртекті гравитациялық өрісте атқарылған жұмыс:спорт зал 150



спорт зал 150

Массасы m0 дене Жер бер бетінен R1 қашықтықта болсын. күштің әрекетінен 2-орынға өтсін, онда оған күш әрекет етеді. деп алып, аурылқ күшінің жұмысын табамыз: . және . Сонда немесе спорт зал 150



немесе

2-жағдайда ,



ендеше

Кеплер заңдары

1. Әрбір планета Күнді эллипстік орбита бойымен айналып жүреді және оның фокустарының бірінде Күн тұрады.

2. Күнді планетамен жалғастырып тұратын түзу, бірдей уақыт аралығында бірдей аудандарды қамтып өтеді.

3. Барлық планеталар үшін эллипстің үлкен жарты осі кубының планетаның Күнді айналу периодының квадратына қатынасы бірдей болады:



Идеал сүйықтың қозғалысы. Бернулли теңдеуі.
Барлық нүктелердегі жанамалардың осы нүктелердегі сұйық жылдамдықтарының бағытымен бірдей түсетін сызықтары ағын сызықтары деп аталады.
Ағын сызықтарымен шектелген сұйықтың бөлігі ағын түтігі деп аталады.

Стаңционар ағыста бұл шама қарастырылып отырған ағын түтігінің кез келген қимасы үшін бірдей, сондықтан



Егер сұйықты сығылмайды деп қарастырсақ, онда ρ12



Бұл қатынас үзіліссіздік теңдеуі деп аталады.

Ішкі үйкеліс күштері ескерілмейтін сұйықты идеал сұйық деп атайды.

Сығылмайтын идеал сұйықтың механикалық энергиясының сақталу заңы


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушыларға тақырыпты қайталау мақсатында динамика тарауына байланысты формуламен жарыстыру.

Сергіту сәті:

Логикалық сергіту



Жұптық жұмыс

«2 шындық, 1 өтірік»

Оқушылар 3 тұжырым жазып оның біреуі “жалған” болуы керек. Өз тұжырымдамалдарын басқа топқа оқып, қалған топ үш жауаптың қайсысы дұрыс, бұрыс екенін талқылайды.

Есеп шығару (нұсқа бойынша ):

1 есеп



  1. Түзусызықты горизонталь жолмен қозғалып бара жатқан вагонға тепловоздың үйкеліс күшіне тең тұрақты тартылу күші әсер етеді. Вагон қандай қозғалыс жасайды? Осы жағдайда инерция заңы қандай көрініс жасайды? Жауабы:пойызға екі теңәрекет күш әрекет етеді. Сондықтан инерция заңына сәйкес, пойыз өзінің жылдамдығын өзгеріссіз сақтайды, бірқалыпты және түзусызық бойымен қозғалады.

  2. Массасы m=500 кг вагонетканы F=50 Н күшпен тартады (34-сурет). Үйкелісті ескермесек, вагонетка қандай үдеу алады? Жауабы: 0,1 м/с2 .

  3. Ұштары бір- біріне қыстырылған ұзындықтары бірдей екі серіппенің екінші бос ұштарынан ұстап, созып тартады. Сонда қатаңдығы k1 = 100 Н/м серіппе Δl=5 см ұзарады. Егер екінші серіппе 1 см ұзарса, онда оның қатаңдығы қандай? Жауабы:500 Н/м

  4. Жер орбитасының радиусы 1,5 · 108 км-ге тең, ал бір жыл ішінде 3,14· 107 с бар. Күннің массасын табыңдар. Жауабы:М~2· 1030 кг.

2 есеп

  1. Комбайн барабан дәнді ұсатқанда қандай физикалық құбылыс байқалады? Жауабы: Инерция.

  2. Егер ванетканы F1=5 Н күшпен тартатын болсақ, онда оның үдеуі а1=0,2 м/с2 болады. Осы арбаның үдеуі а2=2 м/с2 болу үшін оған F2 күшпен әсер теу керек? Үйкелісті ескермеңдер. Жауабы: F2 = F1=50 Н.

  3. F=3 Н күштің әрекетінен Δl=6 см-ге ұзарған серіппенің қатаңдығы табыңдар. Жауабы:50 Н/м

  4. Ай Жерді айнала v = 1,02 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Жерден Айға дейінгі қашықтық R= 3,84· 105 км. Жер массасын анықтаңдар.

Жауабы:2· 1024 кг.
3 есеп

  1. Трамбай кенеттен: а) орнынан қозғалғанда; ә) тоқтағанда; б) айналмалы жолдан бұрылғанда, жолаущылар қай бағытқа және неге ығысады? Жауабы: а) артқа; ә) алға; б) бұрылысқа қарама-қарсы жаққа.

  2. Тұрақты күштің әрекетінен қозғалып бара жатқан дене 1 с ішінде 25 см жол жүреді. Дененің массасы 25 г болса, оған әрекет ететін күш неге тең? Жауабы: 0,0125 Н

  3. Массасы m=2 т жеңіл автомобильді тіркеп алған жүк машинасы бірқалыпты үдемелі қозғалып, t=50 с ішінде s=400 м жол жүрді. Автомобиль тіркелген қатаңдығы k = 2·106 Н/м арқан осы кезде қаншаға ұзарады? Үйкелісті ескермеңдер. Жауабы:х=3,2·10-4 м.

  4. Әрқайсысының диаметрі 1 м екі қорғасын шардың тартылыс арқылы бір-бірімен әрекеттесетін күшін анықтаңдар. Қорғасын тығыздығы ρ=11,3 г/см3.

Жауабы: F~2,34· 10-3 Н.

Қорытындылау:(Есеп шығару)


  1. Жүргізуші қозғалтқышты іске қосып, газ педалін басқаннан кейін, қандай күш автокөлікті мобильді қозғалысқа келтіреді? Жауабы: үйкеліс күші.

  2. Мұз үстінде шайбаны таяқпен соққаннан кейін t=5 с өткенде ол өз орнынан

l=20 м қашықтыққа жылжыды. Шайбаның массасы m=100 г. шайбаға әрекет ететін үйкеліс күшін анықтаңдар. Жауабы: F=m l/t2=0,616 Н.

  1. Баудың бастапқы ұзындығы l0=0,2 м. Бауға F=5 Н күш түсірілсе, оның ұзындығы неге тең болады? Баудың қатаңдығын табыңдар. . Жауабы: 22 см; 250 Н/м.


Сабақты бекіту:(сұрақ-жауап)


  • Динамика деген не?

  • Ньютон заңдарын ата?

  • Айналмалы қозғалысэнергиясы деген?

  • Кеплер заңдарын ата?


Сабаққа рефлекция:

Кері байлыныс беру, бес бармақ ережесі.


Бағалау парағы:


р/с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақ

Сабақты бекіту

«Формуламен жарыстыру»

«Логикалық сергіту сәті»


«Нұсқа бойынша есептер шығару»

«Есеп шығару»


«Сұрақ-жауап»

1



















2



















3



















4



















5




















Үйге тапсырма беру:

§3.1. Бернулли теңдеуі тақырыбына конспекттеп жазып келу. Динамика тарауына тест құрастырып келу.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет