В. В. Ивановтың деректері бойынша солтүстік каспий маңЫ Өсімдіктерінің таксономиялық ӘРТҮрлілігі



Дата03.07.2017
өлшемі154.62 Kb.
ӘОЖ: 581.55
В.В.ИВАНОВТЫҢ деректері БОЙЫНША СОЛТҮСТІК КАСПИЙ МАҢЫ

ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ТАКСОНОМИЯЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІГІ
Т.Е.Дарбаева - б.ғ.д., профессор

М.Өтемісов атындағы БҚМУ

А.Н.Сарсенова - 6М060700 – «Биология»

М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты

E-mail: asem02.93@mail.ru
Аннотация. Ғылыми мақалада В.В.Ивановтың деректері бойынша Солтүстік Каспий маңы флорасының биоморфологиялық және географиялық құрамы анықталған. Флора құрамында европалық түрлер (35%), ал тіршілік формасы бойынша көпжылдық шөптесін поликарпиктер басымдыққа ие (58,5%). Біржылдықтар флораның 31% құрайды.

Кілт сөздер: Солтүстік Каспий маңы, биоморфологиялық талдау, географиялық талдау, тіршілік формасы, ареал
В.В.Ивановтың дерегіне сәйкес (1965) Солтүстік Каспий маңы батыстан шығысқа, Еділ мен Жайық өзендерінен Мұғалжар тауына дейінгі, Жалпы Сырттан Каспий теңізінің жағалауы аралығындағы физикалық-географиялық аумақ. Бұл өлкенің өзіндік ерекшелігі дала және шөлді екі физикалық-географиялық зонаның шекарасында орналасқандығы болып саналады. Солтүстік Каспий маңы әкімшілік тұрғыдан Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарын қамтиды. Зеттеу аумағын жан-жақты талдау флора мен өсімдік жамылғысын зерттеудегі қолданыстағы жалпы классикалық әдіс бойынша жүргізілді [1, 2].

И.Г.Серебряков жер үсті өркендерінің құрылымы мен өмір сүру ұзақтығына байланысты өсімдіктерді 4 бөлімге және 8 типке бөлді:

1-бөлім. Ағашты өсімдіктер (ағаштар, бұталар, бұташықтар);

2-бөлім. Жартылай ағашты өсімдіктер (жартылай бұталар және жартылай бұташықтар);

3-бөлім. Жер беті шөптесін өсімдіктері (монокарпты (біржылдық), поликарпты (көпжылдық) шөптесін өсімдіктер);

4-бөлім. Су өсімдіктері (қос мекенді, суда жүзетін және су асты өсімдіктері).

Ағашты тіршілік формаларға бүкіл өмір бойы сақталатын сүректенген діңгегі бар көпжылдық өсімдіктер жатады. Барлық ағаштар - негізінен ылғалды, аз мөлшерде шөлейтті жерде өсетін, экваторлық белдеуден қоңыржай салқын аймақтарға дейін кездесетін өсімдіктер. Олардың арасында діңгегі үнемі тік жоғары өсетін (ортотропты), мысалы, емен, жөке, терек және т.б. кең тараған өсімдіктер бар [3, ].

Ылғалдылығы жоғары және мерзімі қысқа, біршама салқын температурада (субарктикалық және субальпілік климатта) өсетін ағаштардың (кәдімгі шетен) бірнеше діңгектері болады. Өсімдік 3-5 діңгекті топ ағаш сияқты болып келеді. Құрғақ, орманды-далалы және саванналарда өсетін ағаштардың діңгектері әдетте қысқа болады.

Кейбір ағаштардың жерге төселіп жатып өсетін формалары да кездеседі (мысалы, аршаның кейбір түрлері). Мұндай ағаштар ызғарлы суық желді, қысы ұзақ, жазы салқын жерлерде (орманның солтүстік жағыңда, таудың субальпі белдеуінде) өседі.

Бұталар тіршілік формаларының түрлері өте көп. Бұл өсімдіктер ұзындықтары шамалас көптеген діңгекті болып келеді. Негізгі діңгек көп өмір сүрмейді немесе уақыт өте келе басқа діңгектерден айырмашылығы болмай қалады. Барлық діңгектер (негізгі және жанама) 2-3 жылдан 20-30 жылға дейін өмір сүре береді. Әдетте бұталардың биіктігі 0,5-0,8 метрден 5-6 метрге дейін жетеді. Бұталар барлық жерде дерлік кездесе бергенімен, солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың қоңыржай-жылы және тропиканың шөлейтті жерлерінде өсімдіктер қауымдастығының негізін құрайды (итмүрын, бөріқарақат, аюбадам және т.б.).

Бұташықтар - ағашты өсімдіктер тіршілік формаларының бір типі. Сабақтарының биіктігі 5-7 см-ден 50-60 см-ге дейін жетеді. Негізгі өркен қысқа уақыт қана тіршілік етеді (3-7 жыл). Оның орнын сүректенген жанама жер асты өркендері басады. Жаңадан өсіп келе жатқан түп алғашында жер астында столон сияқты топырақ бетімен паралель өсіп (плагиотропты), сосын тік жоғары, яғни ортотропты өсе бастайды. Бұл формалар негізінен қоңыржай салқын, салқын және биік таулы жерлерде өседі (итбүлдірген, қарамық, қазанақ, көкжидек).

Жартылай бұталар мен жартылай бұташықтар тіршілік формаларының бір түрі. Бұларға жусанның көптеген түрлері, теріскен және т.б. өсімдіктер жатады. Бұл өсімдіктердің тіршілігі - ылғалы аз, шөлейтті жерлермен тығыз байланысты. Ерекшеліктері - жер үсті өркендерінің жоғары жағы үнемі қурап, сабағының төменгі жағы сүректеніп, осындай қалыпта бірнеше жыл өмір сүреді. Осы сүректенген жер үсті өркендеріндегі жаңару бүршіктерінен келесі жылы көптеген жана өркендер дамиды.

Жер беті шөптесін өсімдіктерінің ішінде көптеген тіршілік формалары кездеседі. Олар поликарпты шөптесін (яғни, өмірінде көп рет жеміс береді) және монокарпты шөптесін (бір-ақ, рет жеміс береді) өсімдіктер болып бөлінеді. Поликарпты шөптесін өсімдіктер экватордан субарктикалық, арктикалық белдеулерге дейін кездесе береді. Бұларға көптеген жерлерде өсе беретін сыртқы түрі, экологиясы, биологиясы әртүрлі өсімдіктер жатады.

Бәріне ортақ ерекшеліктері - жер үсті ортотропты өркендері жыл сайын вегетациялық кезеңнің соңында өледі. Бірнеше жыл бойы қыста жер бетінде тек плагиотропты өркендері ғана қалады. Жер асты өркендері жаңару мүшелерінің немесе қорлық заттар ролін атқарады (қызғалдақ, картоп және т.б.). Ал кейбір түрлерде жер асты өркендері өміршеңдігін көп жылдар бойы сақтайды (меруертгүл, құртқашаш).

Монокарпты шөптесін өсімдіктер әдетте климаты құрғақ және жасанды өсімдіктер қауымдастығында немесе егістіктегі мәдени дақылдардың сыңары ретінде кездеседі. Көпжылдық монокарптердің тамыр жүйесі көбіне қорлық заттар жиналған етжеңді болып келеді (тмин). Бір жылдық монокарпты шөптесін өсімдіктердің ішінде вегетациялық мерзімі ұзақ өсімдіктер (гүлкекіре), эфемерлер, жартылай паразитті және паразитті түрлер кездеседі.

Солтүстік Каспий маңы флорасына биоморфологиялық талдау барысында дала флорасының негізін көпжылдық шөптесін өсімдіктер (1022 түр; 58,5%), дала және шөл флорасының ¼ бөлігін біржылдық шөптесін өсімдіктер (455 түр; 26%) құрайтындығы белгілі болды (Кесте 1).


Кесте 1 – Солтүстік Каспий маңы флорасына биоморфологиялық талдау


Атауы

Число

%

Ағаш өсімдіктер

183

10,5

Жартылай бұталар

58

3,32

Бұталар

50

2,86

Ағаштар

47

2,69

Жартылай бұташықтар

18

1,03

Бұташықтар

10

0,57

Көпжылдық шөптесін поликарпиктер, соның ішінде

1022

58,5

Көпжылдықтар

324

18,6

Кіндік тамырлы

286

16,4

Ұзын тамырсабақты

104

5,96

Қысқа тамырсабақты

102

5,84

Түпті

63

3,60

Шашақ-тамырсабақты

49

2,80

Түйнек тәрізді

27

2,69

Жуашықты геофит

26

1,49

Бос түпті

25

1,43

Тығыз түпті

16

0,92

Бір жылдық монокарпиктер, соның ішінде

541

31

Біржылдықтар

455

26,0

Екі жылдық өсімдіктер

86

4,92

Көпжылдық шөптесін өсімдіктердің ішінде дала зонасында өсетін кіндік тамырлы (286 түр; 16,4%), ұзын тамырсабақты (104 түр; 5,96%), қысқа тамырсабақты (102 түр; 5,84%), түпті (63 түр; 3,60%) түрлер басымдыққа ие.

Солтүстік Каспий маңының өзендері мен көлдері, су айдындарында ағаштар (47 түр; 2,69%), бұталар (50 түр; 2,86%) өседі.

Шөлді және жартылай шөлді зерттеу ауданына Көне Жерорта теңізінің ксерикалық аумағын (Тахтаджян, 1974) түзетін жартылай бұталар (58 түр; 3,32%), бұташықтар (10 түр; 0,57%) тән болып келеді.

Осылайша, басым түр көпжылдық шөптесін өсімдіктер, олар түгел флораның 59% құрайды. Даражарнақты шөптесін өсімдіктердің (31%) үлесі де анық байқалса, ағаш тектес жыныстардың үлесі 10% құрайды [4-10].

Географиялық талдау арқылы аймақ флорасының қазіргі географиялық таралуын оның тарихи қалыптасуымен байланыстылығын анықтауға болады. Географиялық элементтерді зерттеу Солтүстік Каспий маңының флора құрамында өсімдіктердің ареалдар бойынша жіктелген 53 тобын анықтады (Кесте 2).


Кесте 2 – Солтүстік Касий маңы флорасын географиялық талдау


Ареал атауы

Саны

%

Евразиаттық ареал түрі

458

26.2

Евразиаттық

275

15.8

Евросібірлік

103

5.90

Сібірлік

37

2.12

Еуразиялық

16

0.92

Еділ алды - Қазақстандық

10

0.57

Уральский

7

0.40

Батыс - Сібірлік

6

0.34

Оңтүстік - Сібірлік

2

0.12

Оңтүстік Оралдық

2

0.12

Голарктикалық ареал түрі

160

9.16

Голарктикалық

157

8.99

Арктикалық

2

0.12

Палеарктикалық

1

0.06

Европалық ареал түрі

603

34.53

Европалық

257

14.7

Понтикалық

190

10.9

Бореальды

73

4.18

Төменгі – Волжскийлі

21

1.20

Сарматтық

13

0,74

Шығыс – Понтикалық

11

0,63

Батыс - Европалық

11

0,63

Еділ-Дондық

10

0,57

Жерорта - Европалық

6

0,34

Орта - Европалық

5

0,28

Жерортатеңіздік - понтикалық

4

0,23

Солтүстік - Кавказдық

2

0.12

Орталық – азиаттық ареал түрі

165

9.45

Орталық – азиаттық

77

4.41

Орта азиаттық

25

1.43

Азиаттық

20

1.15

Алдыңғы – азиаттық

7

0.40

Жерортатеңіздік - орталық азиаттық

6

0.34

Понтикалы – азиаттық

5

0.29

Ирандық

4

0.23

Оңтүстік – азиаттық

3

0.17

Қытай – Гималайлық

3

0.17

Монғолдық

3

0.17

Сахара - Гобийлік

2

0.12

Жоңғарлық

2

0.12

Гималайлық

2

0.12

Тяньшаньдық

2

0.12

Жоңғарлық

2

0.12

Ауған - Тяньшандық

1

0.06

Жерортатеңіздік-Үнді-Гималайлық

1

0.06

Жерортатеңіздік ареал түрі

227

13.0

Жерортатеңіздік

138

7.90

Көнежерортатеңіздік

59

3.38

Шығыс - Жерортатеңіздік

28

1.60

Понтикалық- Жерортатеңіздік

2

0.12

Америкалық ареал түрі

15

0.86

Америкалық

11

0.63

Солтүстік - Америкалық

4

0.23

Тұрандық ареал түрі

118

6.76

Арал – каспийлік

94

5.38

Каспий маңылық

9

0.52

Солтүстік Каспий маңылық

8

0.46

Батыс Қазақстандық

3

0.17

Төменгі - Еділ- Каспий маңылық

2

0.12

Мұғалжарлық

2

0.12

Кестеде көрсетілгендей ірі географиялық элемент болып европалық (603 түр, 35%), евразиаттық (458 түр, 26.2%) және жерортатеңіздік (227 түр, 13.0%) түрлер табылады (Тахтаджян, 1978). Европалық ареал түріне европалық (257 түр), понтикалық (190 түр), бореальды (73 түр) топтар енеді. Жерортатеңіздік ареал түріне жерортатеңіздік (138 түр), көнежерортатеңіздік (59 түр), шығыс – жерортатеңіздік (28) топтар кіреді [11-13]. Флораның ядросын тұрандық ареал типіне жататын аралкаспийлік (94 түр) топ құрайды. Сонымен, зерттелініп отырған аумақтың флорасы Бореальды және Көнежерортатеңіздік патшалық астындағы торапта орналасқан европалық тип.


Әдебиеттер:

  1. Иванов В.В. Определитель семейств флоры Северного Прикаспия // материалы по флоре и растительности Северного Прикаспия. Л., 1964. - Б. 188-217;

  2. Иванов В.В. К истории формирования флоры и растительности Северного Прикаспия // Проблемы современной ботаники. М., Л., 1965. Т. 1. - Б. 59-62;

  3. Серебряков И.Г. Жизненные формы высших растений и их изучение. / Полевая геоботаника. - М.-Л.: 1964. - Б.146-205.

  4. Иванов В.В. Губоцветные Северного Прикаспия // Материалы по флоре и растительности Северного Прикаспия. Л., 1966. Вып. 2, ч. 2.-Б. 64-136;

  5. Иванов В.В. Сложноцветные Северного Прикаспия // Материалы по флоре и растительности Северного Прикаспия. Л., 1966, Вып. 2, ч. 3. - Б. 1-142;

  6. Иванов В.В. Определитель некоторых водных высших растений Северного Прикаспия // Материалы по флоре и растительности Северного Прикаспия. Л., 1969. Вып. 4, ч. 1. - Б. 2-55;

  7. Иванов В.В. Лютиковые Северного Прикаспия // Материалы по флоре и растительности Северного Прикаспия. Л., 1971. Вып. 5, ч. 1. - Б. 2-68;

  8. Иванов В.В. Розоцветные Северного Прикаспия // Материалы по флоре и растительности Северного Прикаспия. Л., 1971. Вып. 5, ч. 2. - Б. 1-78;

  9. Иванов В.В. Крестоцветные Северного Прикаспия // Материалы по флоре и растительности Северного Прикаспия. Л., 1974. Вып. 7. -Б. 30-109;

  10. Иванов В.В. Бурачниковые Северного Прикаспия Л., 1977. - Б. 98-149;

  11. Лавренко Е.М., Карамышева З.В., Никулина Р.И. Степи Евразии. - Л., - Б. 1991. – 144;

  12. Тахтаджян А.Л. Флористическое деление суши и океана // Жизнь растений. 1974. Т. 1. - Б. 117-142;

  13. Тахтаджян А.Л. Флористические области Земли. Л., 1978. – 247 б.;


Т.Е.Дарбаева, А.Н.Сарсенова

ТАКСОНОМИЧЕСКОЕ РАЗНООБРАЗИЕ РАСТЕНИЙ СЕВЕРНОГО ПРИКАСПИЯ

ПО МАТЕРИАЛАМ В.В.ИВАНОВА
Резюме

В статье выявлен биоморфологический и географический состав флоры Северного Прикаспия по материалам В.В.Иванова. Во флоре преобладают европейские типы (35%), а из жизненных форм - поликарпические травянистые многолетники (58,5%). Однолетники занимают 31% часть флоры.



Ключевые слова: Северный Прикаспий, биоморфологический анализ, географический анализ, жизненная форма, флора, ареал
T.E.Darbaeva, A.N.Sarsenova

TAXONOMIC DIVERSITY of plants of north pre-Caspian on the materials V.V. Ivanov
Summary

The article deals biomorphological and geographical structure of flora of north pre-Caspian on the materials V.V.Ivanov. The flora is dominated the european types (35%) and from the life –form the grassy many years plants (58,5%). Annuals occupy 31% part of the flora.



Keywords: north pre-Caspian, biomorphological analysis, geographical analysis, life –form, flora, area
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет