Удк [338. 48: 502](574) Қазақстанда экологиялық туризмнің даму мүмкіндіктері



жүктеу 95.15 Kb.
Дата05.07.2017
өлшемі95.15 Kb.
УДК [338.48:502](574)

ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Жанділла Б., Құралова А. 4-курс студенттері

Ғылыми жетекшісі: Сабатаева Б.О. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің э.ғ.к., доцент

Туризм бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі – экологиялық туризм. Экологиялық туризмнiң басқа туризм түрлерiне қарағанда табиғи ортаға әлсiз әсерiне және кең дамыған инфрақұрылымды қажет етпейтiнiне қарамастан, осы бағыттың дамуы күрделi қиындықтарға ұшырауда, ол рекреациялық-туристiк инфрақұрылымның көп бөлiгiнiң әлi қалыптасу кезеңiнде болуына байланысты. Экологиялық туризмнің басқа туризмдерден принциптік айырмашылығы – табиғатта туристердің берілген тәртіпке бағынуы, табиғи ландшафттарды шамадан тыс ластаудан қорғау және индустриялық туризм дамуының басты шарты болып табылатын табиғи ресурстардың деградациясын болдырмау.

Болашақта туризм нарығында экологиялық туризмнің үлесі 50-60-ға жетеді деген болжам бар. Қазіргі əлемде туристік сапарлардың ұлғаю саны ел ішінде, сондай-ақ шет елдерге бару қолайлығының артуымен, туристер үшін басқа мемлекеттер шекараларының ашылуымен, барған жерлердің тілі мен дəстүрлерін білу қажеттілігінің төмен болғанымен байланысты.[1]

Қазіргі кезде туристердің рекреациялық талғамдары да түбегейлі өзгеруде. Туристер үшін демалысты урбанизацияланған аймақтардан алшақ орналасқан табиғи аймақтарға барумен бірлестіру, яғни табиғи туризм тартымды көрінеді. Табиғи туризм табиғат қорларын игерілмеген күйінде пайдалануға тікелей байланысты кез келген туризмнің түрі тəрізді анықталады. Бұған келесі қасиеттер енеді: табиғи көріністердің сұлулығы, жердің бедері, судағы демалыс, өсімдіктер жəне жабайы тірі табиғат.

Туристік ағынның өсуі және көпшілік туризмінің бір саласы ретінде табиғи туризмді пайдаланушылардың сұранысының жоғарылауы қолда бар табиғат байлықтарын тиімді әрі үнемді пайдаланып, табиғи ортаға әсер ететін экологиялық факторларды азайту қажеттілігін туғызады. Бұл мəселені шешудің бірден-бір жолы – табиғи туризмнің бір түрі боп табылатын экологиялық туризмді дамыту, берілген тұжырымдамаға сəйкес келетін турөнімдерді анықтау, нарықта қолдау жəне ұсыну. «Экологиялық туризм» эпитеті «табиғи туризм», «жасыл туризм», «жұмсақ туризм» деп те қолданылады. Ол урбанизацияланбаған жəне төмен дəрежеде антропогендік əсерге ұшыраған табиғи жерлерге барумен байланысты жəне ол белгілі ұстанымдар мен өлшемдерге сəйкес келуі қажет.

1991 жылы АҚШ-та орналасқан «Экотуризм» қоғамы ұсынған анықтамаға сай: «Экотуризм – табиғи ортасы жақсы сақталған жерлерге шынайы және мәдени-этнографиялық ақпарат алу мақсатымен жасалатын саяхат түрі. Сонымен қатар, ол экожүйенің бірқалыптылығын бұзбайды және жергілікті табиғатты қорғауды табысты іске айналдырады». [4]

Өзіндік ерекшеліктері бар Қазақстан бәсекелестік туризм индустриясын құруға үлкен мүмкіндіктері бар. Қазақстан үлкен территорияны алып жатқандықтан, оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығысы бір-бірінен ерекшеленеді. Рекреациялық ресурстарға бай. Мысалы:

Қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда әртүрлі типтегі республикалық маңызға ие 113 ерекше қорғалатын табиғи территория (ЕҚТТ) бар.


  • 10қорық

  • 9 ұлттық парк

  • 2 табиғи резерват: Ертіс орманы, Арқа орманы

  • 4 қорықтық зоналар: Солтүстік Каспий, Жусандала, Кендірлі-Қаясан, Қаратау-Арыс.

  • 57 қорықша: 36 зоологиялық, 13 ботаникалық, 7 кешендік, 1 ботаника-геологиялық.

  • Табиғи ескерткіштер: 26-республикалық маңыздағы, 53-облыстық маңыздағы.

  • 5 ботаникалық бақ, 3 зоопарк.

  1. мәдени-тарихи үзілістік ресурстардың әртүрлілігі. Тарихи-сәулет ескерткіштері: Ахмет-Йассауи, Айша Бибі кесенесі, Арыстан Бап кесенесі, Отырар, Қорқыт ата.

  2.  еркін еңбек ресурстарының болуы. Соңғы деректерге сай жалпы халықтың 8 977,2 мыңын экономикалық белсенді халықты құрайды. Оның 8 497 мыңы жұмыспен қамтылған.

Бірақ, осыған қарамай, экологиялық туризмнің дамуының көптеген мәселелері бар. Қазіргі уақытта Қазақстандағы жұмыс істеп жатқан туризм жүйесі туристердің барлық сұранымдарын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері жоқ. Үзілістік ресурстардың молшылығы өте күрделі материалдық базаның құрылғанын қалайды. Ең маңызды және кешендік мәселе экологиялық туризм мен туристік қызмет нарығы жағдайын дамыту, материалды-техникалық базаның жағдайына, сонымен қатар потенциалды сұраныс масштабының сәйкес келмеуіне байланысты. Қазақстандағы экологиялық туризмнің әлсіз дамуының себептеріне келесілерді жатқызуға болады:

-  экологиялық туризмнің нормативті-құқықтық базасының дамымағандығы. Арнайы экологиялық туризмге арналған заң жоқ. ҚР заңнамаларында туризмнің салалары бойынша жеке жазылмаған.

-  экологиялық туризмнің обьектісінің жағдайы мен саны жөніндегі статистикалық есептің болмауы.

-  салық саясатының жетілмегендігінің нәтижесінде туристік қызметке шетел туритерін қабылдайтын және отандық туристерді шетелге жіберілуін жүргізетін туристік фирма қызметінің сипатын шектеусізден 16 % көлемінде қосымша құнға салық салынады;

-  ерекше қорғалатын табиғи территориялардың көпшілігінде экологиялық туризм маршруттарын дамытуға қаражаттың жоқтығы, келушілерге қызмет көрсететін және ақпарат беретін дайындықтан өткен кадрлардың жоқтығы;

-  магистральдар мен жолдарды айтарлықтай алыста орналасқан экологиялық туризм обьектілеріне көліктің жетуінің төменділігі. Мысалы: экологиялық туризмнің ресурсы боп табылатын әлемде теңдесі жоқ Шарын шатқалы Алматыдан шығысқа қарай 220 шақырым жерде, Райымбек ауданының аумағында орналасқан. Дегенмен, оған тікелей заманға сай автомагистраль салынбаған. Туристер жол азабын айтарлықтай көреді.

-   экологиялық туризм саласындағы халықаралық қатынастардың және экологиялық туризмді ұйымдастырудағы халықаралық тәжірибенің болмауы. 2002 Әлемдік экотурзм жылы қарсаңында Бүкіләлемдік туристер ұйымы әлемнің 39 мемлекетінен келген үздік 50 экотуристік жобаны көрсетті. Бұл жобалар толық аяқталмаған, негізінен ХХІ ғасырдан бастап қалыптасып келе жатқан экотузмнің аймақтық қалыптасу үстіндегі тәжірибелері еді. (Германия, Израил және Замбия)

Қазақстандағы туристік қызметтің даму болашағын қарастыру кезінде туристік қызметті мемлекеттік деңгейде қабылданған стратегиялармен, бағдармалармен дамытпаса қоршаған ортаға жылдам дамушы туризм кері әсер ету мүмкіндігін ескерту қажет. Көрсетілген мәліметтерге сай экотуризмнің дамуын шектейтін мәселелерді шешу үшін мемлекеттік бағдарлама және жалпы ғылыми тұжырымдамалар негізінде төмендегі міндеттемелерді жүзеге асыру қажет:

- экотуризм бойынша Квебек декларациясының жүзеге асыруын қамтамасыз ету;

- жергілікті тұрғындармен, жеке меншік сектормен, мемлекеттік емес ұйымдармен серіктестікте табиғатты, жергілікті мəдениетті қорғау жəне ұлттық дəстүрлер мен генетикалық қорларды сақтау бойынша шараларды ескере отырып, экотуризмді дамыту бойынша ұлттық, аймақтық жəне жергілікті саясатты өндіру;

- қоршаған ортаға жағымсыз əсердің алдын алуға арналған ықпалды механизмдерді дамыту;

- шағын жəне орта бизнес өкілдері үшін техникалық, қаржылық жəне адамдық қорларды дамытуға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

- экотуризм бойынша іс-əрекетті жүзеге асыратын туроператорлардың жəне турөнімдердің ерікті экосертификаттау схемасын əзірлеу жəне енгізу;

- туризмнің қоршаған табиғи жəне əлеуметтік ортаға кері əсерін анықтауға оңтайлы жолдарын табу;

- жергілікті қоғамдастықтар негізінде экотуризмді ұйымдастыру арқылы жергілікті тұрғындарды қатыстыру жəне ақпараттандыру;

- экотуризм мəселелері бойынша туристік қызмет көрсетуді ұсынатын ұйымдардың қызметкерлерін оқыту және т.с.с.[1]

Күзетілетін табиғи аумақтарда экологиялық туризм дамып келеді. Дегенмен олар қазіргі таңда материалдық көмекке зар. Бірақ осы уақытқа дейін қорғалатын табиғи территориялар мемлекеттен қаржыландырылмайды, сондықтан болашақта капиталды салуда барлық жағдайлар жасалуы керек. «2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғау» Бағдарламасына іс-шаралар Жоспарына табиғи ресурстарды тиімді қолданудың тəсілі ретінде экологиялық туризмнің дамуын ұйымдастыру жəне жағдайлар жасау бойынша Үкіметке ұсыныстар енгізу бойынша іс-шаралар енген жəне ол қаржыландыруды талап етпейтіндей көрсетілген.[2] ЕҚТТ-тың әрі қарай дамуы олардың санының өсуі мен жағдайының жақсартуына бағытталған инвестицияларға тәуелді.

Экологиялық туризмнің үлкен тәжірибесіне ие елдерде, жануарларды жоюдан бас тартқан. Табиғи жағдайда экзотикалық жануарларды фото және бейнетаспаға түсіру нағыз экологиялық туризмнің дамуы үшін стимул болып қалыптасты. Барлық үлкен таралымды балықтарды жарақаттамайтын арнайы қармақтарды қолданатын спорттық балық аулау алады. Өлшеп, суретке түсіріп болғаннан кейін ауланған балықты қайта суға жібереді. Демек, бұл жол біз үшін де, экономикалық және экологиялық қатынастар үшін де артықшылықтары бар. Дегенмен де, азайған түрлері мен сирек ареалдардың пайда болуы үшін дайындық жұмыстарын жүргізу қажет.

Экологиялық туризмнің дамуы қонақ үйлер құрылысы, туристік базалар, кіріс жолдар, тамақтану пунктері, жарнама өнімін даярлау және басқа да мақсаттарды қаржыландыру және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілуге байланысты. Қазақстанда осы аталған мәселелердің барлығы шешілсе, отандық туризм өзінің даму арнасын дұрыс тауып, еліміздің экономикасына зор пайда әкелер еді.

Сонымен, жұмысты орындау барысында келесі қорытындылар айқындалды.

Алдымен, экотуризм-туризм түрлерінің ішіндегі ең маңыздыларының бірі. Яғни, экотуризм – бұл көпшілікке арналған туризм емес, ол табиғи аймақтарда туристердің үлкен ағымын қолдауға бағытталмаған, керісінше, Қазақстанның табиғи байлықтарын сақтауға жəне жергілікті тұрғындарға туризмнің жүзеге асырылуынан табыс əкелуге мүмкіндік беретін тəсілге балама əдіс болып табылады.

Екіншіден, туристік қызметті ұйымдастыру табиғатты тиімді пайдалану қағидаларына бағынуы қажет. Экологиялық туризм табиғи қорғау және экологиялық мәселелерді шешуші, экожүйелердің сапасын және алғашқы күйінде сақталуын қамтамасыз ету, биологиялық көптүрлілікті сақтау, жергілікті халықтың зкологиялық сауаттылығын арттыру, жергілікті халықтың өмірінің жақсаруының шешуші құралы ретінде қолданылуы қажет.

Жоғарыдағы мәліметтерге сай қазіргі заманғы туризм дамуының басты ерекшелігі – экологиялық туризм арқылы табиғатты толық қорғау арқылы экономиканың тұрақты дамуымен тығыз байланысы бар.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:



1. Тонкобаева Ә. «Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту жөніндегі жетекшілік»/ Алматы , 2009ж./

2. Қазақстандағы экотуризм халықаралық конференциясының материалдары/Қарағанды, 2010 ж./


3. Алиева Ж.Н. «Экологический туризм»: Учеб. пособие./Алматы: Қазақ университеті, 2002 ж/

4. Абреева Ш.Т. Байбуриева Р. «Экологиялық мониторинг және оның Қазақстан туризміне әсері»/ Гоеграфия. Биология. Экология орта мектепте/ / 2010ж. №4

5. Төлемісова С. Е. «Алматы облысындағы туризмнің аз шығын жұмсалатын экологиялық бағдарланған түрлері»// Экологическое образование в Казахстане. 2008ж №2

Заявка

Фамилия Сабатаева

Имя Ботагоз

Отечество Омаровна

Ученая степень к.э.н. доцент ЕНУ им. Л.Н.Гумилева доцент кафедры «Туризм» экономического факультета

Место работы Евразийский Национальный Университет именем

Л.Н.Гумилева



Контактный телефон 87019430756

E-mail b.sabataeva @gmail.com

Название секции Модернизация и инновационное развитие

Республики: ключ к устойчивому росту экономики



Название доклада Қазақстанда экологиялық туризмнің даму мүмкіндіктері

Необходимые технические средства Интерактивная доска

Соавторы Жанділла Бимерей, Құралова Айдана студенты 2- курса

Почтовый адрес bimerei@mail.ru, a_i_d_a_93@mail.ru

Форма участия очная
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет