Туризмнің емдік-сауықтыру түрін дамытудың маңызы



жүктеу 50.47 Kb.
Дата08.07.2017
өлшемі50.47 Kb.
ТУРИЗМНІҢ ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ ТҮРІН

ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Оспанова Ж. К.– 2-курс 6М011600-география магистранты

Бейкитова А.Н. – 1-курс 6D011600-география докторанты

Джангельдина Д.І. – п.ғ.к., доцент

Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ., Қазақстан

Емдік-сауықтыру туризміне арнайы сауықтыру бағдарламаларының негізінде денсаулықты нығайту және аурудың алдын алуға бағытталған туризм түрі жатады [1]. Сонымен қатар емдік-сауықтыру туризміне физикалық және психологиялық денсаулықты қалпына келтіру мен демалу мақсатындағы туризмді жатқызуға болады. Емдік-сауықтыру туризмі резиденттер мен резидент емес тұлғалардың мемлекет аумағында немесе шет елдерде 24 сағаттан кем емес және 6 айдан аспайтын уақытта емдік-сауықтыру мақсатында орын ауыстыруын қарастырады және курортологияға негізделеді [2].

Ерте кезеңдердің өзінде адам ағзасына әр түрлі табиғи, климаттық, гидроминералды және ландшафттық факторлардың әсер ететіндігі байқалған болатын, ал 16-18 ғасырларда климатпен және сумен емдеудің ғылыми алғышарттары қалыптасты, алғашқы курорттар пайда болды, курортология ғылым ретінде медициналық тәжірибеге енді.

Бальнеология (лат. balneum – монша, суға түсу) – минералды сулардың пайда болуы мен физико-химиялық қасиеттерін және емдік-сауықтыру мақсатында қолданылу әдістерін зерттейтін ғылым. Бальнеологияның алғышарттары б.з.д. V ғасырда ғалым Геродот минералды суларды пайдалану әдістері мен жағдайларын ұсынған кезде пайда болған, ал Гиппократ (б.з.д. V-IV ғғ.) өз еңбектерінде өзен, көл және теңіз суының емдік қасиеттерін атап өткен. Ғылыми бальнеологияның негізі 17-18 ғасырларда неміс ғалымы Ф. Гофман минералды сулардың химиялық құрамын анықтаған кезде қалыптасты.

Балшықпен емдеу, пелоидотерапия (грекше plos - саз, балшық және therapeіa - емдеу), құрамында тұздар, өсімдік шірінділері, сондай-ақ, оларды қорек ететін ұсақ организмдері бар балшықты және балшық тектес (парафин, озокерит) заттарды емге пайдалануды білдіреді. Шипалы балшықтар химиялық құрамы, шығу тегі және пайда болу жағдайларына байланысты әр түрлі болады. Олар кейбір физикалық және химиялық қасиеттеріне (тұтқырлығы, су сіңіргіштігі, жылу сыйымдылығы, жылу сақтағыштығы, т.б.) қарай топтарға жіктелінеді. Арнайы қыздырылған шипалы балшықтар өздерінің бойында қызуды ұзақ сақтаумен қатар, терідегі рецепторларға, дәнекер тіндерге, ішкі секреция бездеріне әсер етіп, ағзадағы зат алмасу, регенерация процесінің жүруін реттейді, ауырсынуды басады. Балшықпен емдеу, негізінен, сүйек-буын, жүйке, ас қорыту және т.б. ауруларға қолданылады [3].

Қазіргі кезде дамыған елдерде емдік-сауықтыру туризмі екі бағытта қалыптасады:

науқастардың арнайы мекемелерде туристік бағдарламалармен қоса ем қабылдауы;

дені сау адамдардың арнайы мекемелерде белгілі бір қызметтер алу арқылы физикалық және психологиялық жағдайын қалпына келтіріп, жақсарту мақсатында өзге елдерге саяхат жасауы.

Таяу Шығыста туристік ағындар емдік-сауықтыру мақсатында Өлі теңізге барады. Тұздар мен минералды заттарға бай оның суы ешбір ағзаның өмір сүруіне жарамсыз болып келеді. Мұндағы Эйн-Бокек, Эйн-Букек, Эйн-Геди, Неве-Зохар сияқты Израиль курорттарына келетін туристердің жоғары дәрежелі емдік-сауықтыру қызметін алатындарына кепілдік беріледі.

Оңтүстік Азия, Шығыс және Оңтүстік-шығыс Азияда емдік-сауықтыру туризмі өзге деңгейде дамыған. Мұнда дәстүрлі емес медицина, фитотерапия және инемен емдеу кең тараған.

Ресейдегі емдік-сауықтыру туризмінің ең ірі орталығы – Кавказ минералды сулары болып табылады. Бұл курорттық-рекреациялық аймақта жыл сайын 15 млн. астам адам емделе алады.

Австралия емдік-сауықтыру туризміне қажет барлық табиғи ресурстарға ие. Ірі бальнеологиялық Дейлсфорд, Морк, Спрингвуд курорттары материктің оңтүстік-шығысында орналасқан. Алтын Жағалау, Дэйдрим-Айленд, Кэрнс сияқты теңіз жағалауындағы климаттық курорттар демалыс пен емделу үшін ең қолайлы жер болып табылады. Алайда, Австралияның басқа материктерден алшақ орналасуы кіру туризмінің дамуына кері әсерін тигізеді, сондықтан мұнда көбіне ішкі туризм дамыған.

Африкада емдік-сауықтыру туризмі қарқынды дамып келеді. Тунис курорттарының беделі артуда. 1996 жылы мұнда сумен және балшықпен емдейтін Орталық ашылып, кейін әлемдегі ең ірі орталықтардың біріне айналған болатын. Ол қазіргі заманғы технологиямен жабдықталған және біліктілігі жоғары кадрлармен қамтамасыз етілген. Орталықта теңіз суын және балшығын пайдалана отырып әр түрлі массаж арқылы емдейді. Африканың солтүстігінде теңіз жағалауындағы климаттық курорттар орналасқан. Египеттегі Хургада – Қызыл теңіздегі ірі туристік орталық, сонымен қатар халықаралық дәрежедегі Шарм-Эль-Шейх, Дахаб және Нувейба курорттарын, Мароккодағы Агадир, Мохаммедия, Танжер, Эль-Хосейма курорттарын атап өтуге болады. Үнді мұхитының жағалауында Кенияның Момбаса, Кипини, Малинди, Ламу, Килифи курорттары және ОАР-да бірнеше курорт бар. Емдік-сауықтыру туризмін дамыту үшін ресурстар жеткіліксіз болып табылады [4].
Осы аталған салаларды отандық және шетелдік инвестицияларды белсенді тарту арқылы дамытуға мүмкіндік туады.

Әлемдік деңгейде алып қарастыратын болсақ, емдік-сауықтыру туризмі – туризмнің аса қарқынды дамушы саласы болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша 2022 жылға қарай туризм және оның емдік-сауықтыру саласы әлемдегі басты салаларға айналады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


Ветитнев А.М., Кусков А.С. Лечебный туризм. М.: Форум, 2010.

Бабкин А.В. Специальные виды туризма. Ростов н/Д: Феникс, 2008.

Энциклопедический словарь Ф.А. Брокгауза и И.А. Ефрона. СПб.: Брокгауз-Ефрон, 1890-1907. URL www.vehi.net /brokgauz/

Ефименко Н.В., Глухов А.Н. Лечебно-оздоровительный туризм в России и за рубежом с позиций курортной науки // курортная медицина. - № 3, 2012.

Балшықпен емдеу. – Электронды ресурс. - http://kk.wikipedia.org/wiki

РЕЗЮМЕ


В статье рассматриваются вопросы современного состояния развития лечебно-оздоровительного туризма в Казахстане и за рубежом, его распространенность, географические закономерности, влияние на социально- экономическое развитие государств, здоровье граждан и перспективы развития. Приводятся данные об особенностях лечебно-оздоровительного туризма в странах Европы, Ближнего Востока, США, Южной Азии, Африки и Австралии. Рассматриваются вопросы развития лечебно-оздоровительного туризма в современном Казахстане, приводятся сведения об особенностях лечебно-оздоровительного туризма, связанных с функционированием санаторно-курортных учреждений и соблюдением основных принципов курортного лечения.
Ключевые слова: лечебно-оздоровительный туризм, бальнеология, природно-рекреационный ресурс.

SUMMARY


The present state of medical tourism in Kazakhstan and abroad, and its popularity, geographic patterns, the impact on the socio-economic development, people's health and prospects are discussed in article. The data about the features of medical tourism in Europe, Middle East, USA, South Asia, Africa and Australia is given. The problems of medical tourism in modern Kazakhstan, information about the features of medical tourism, the operation of spa facilities and the basic principles of spa treatment is considered.
Keywords: medical and health improving tourism, balneology, natural resource.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет