Туған жерге туыңды тік Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»



жүктеу 27.37 Kb.
Дата20.07.2018
өлшемі27.37 Kb.
Туған жерге туыңды тік
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қазақ халқының рухани әлемін дамытып, ұлттық санасын жаңғыртатын стратегиялық жоспары. Бұл ерекше бағдарлама елі мен жерінің тағдырына бей-жай қарай алмайтын әрбір азаматтың жүрегіне жылылық ұялататыны анық. Туған жерге деген махаббат шалғай өңірлердегі ауылдарды, елді-мекендерді жаңғыртудан, ұлы даланы ардақтаудан басталады.

Осыған орай 18 мамыр күні Қызыл суат аулының №39 негізгі мектебінде «Ұлы есімдер-ұрпақ жадында» атты өлкетану мұражайының ашылуы салтанатты түрде өтті. Мұражай 3 экспозициялық бөлімнен құрылған.

1 бөлім. «Туған жерге туыңды тік» Майбалық ауылының тарихы.

2 бөлім. Аспан адамы - жерлесіміз Екі мәрте Кеңес Одағының батыры, авиация генерал-майоры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновке арналған.

3 бөлім. Ісіне адал- жерлесіміз Ішкі Істер министрлігінің тұңғыш генерал –майоры, милицияға еңбегі сіңген Дюсенов Махмет Дюсенұлына арналған.

Мұражайда Ұлы Отан соғысына қатысқан және тылда, еңбек майданында еңбегін сіңірген ауыл азаматтарының құжаттары, марапаттары, хаттары, фотосуреттері мен жеке заттары қойылған. Рухани жаңғыру аясында ауыл тұрғындары көнеден қалған заттарын мұражайымызға табыс етті. Целиноград аудан әкімінің қолдауымен Талғат батырдың мүсінін мектеп мұражайына сыйға табыс етті.

Мұражайдың салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасы ІІМ генерал-майоры Өмірзақ Қоспанұлы Болсамбеков, ІІМ ардагерлер алқасының төрағасы Кишкентаев Қарыға Балданұлы, Қазақстандық және ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Жумабаев Құрман Жүнісұлы, Целиноград ауданы ардагерлер алқасының төрағасы Темірбаев Болат Жанатайұлы, Целиноград аудандық маслихат хатшысы Жанбаев Берік Амантайұлы, аудандық оқу бөлімінің әдіскері Нұрмұханова Гүлім Қайыржанқызы қатысты. Сонымен қатар Т. Ж. Бигелдиновтың туған-туыстары және М. Д. Дюсеновтың қызы, ұлы мен немересі құттықтау сөз алып, естелік сыйлықтар табыс етті. Мұражайды салтанатты ашу рәсімін генерал-майор Болсамбеков Өмірзақ Қоспанұлы, Таменов Бостан Таменұлы және Дюсенов Қанат Махметұлына ұсынылды.

Мұражайды ашу салтанатына Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлім сарбаздарының шеруі өтті, мұражай презентациясын 3 тілде 8-9 сынып оқушылары жүргізді және оқушыларымыздың дайындауымен патриоттық бағытта «Ерлікке тағзым» атты концерт ұйымдастырылды.

Мұражай экспозициясы жас ұрпақты Отанға, елге деген ұлтжандылық сезімі тәрбиелеуде маңызы зор. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру шеңберінде ғылыми зерттеу жұмысы ұйымдастырылып, өткізілді. Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі-оқушылар мен оқытушылардың іздестіру топтарының материалдары, жарияламалар, мұрағаттық материалдар және жергілікті турғындардаң алынған көне экспонаттар мен мәлімет. Целиноград аудандық архив құжаттарымен жұмыс, ақпаратты жинау, Ұлы Отан соғысына қатысқан азаматтардың туған-туысқандарымен кездесіп, мұражай экспонаттарын жүйелеуде және ауыл ақсақалдарымен сұхбаттасқан мектептің тарих пәні мұғалімі Кыдыралина Нұргүл Нұрғалиқызы, кітапханашы Төлегенова Мұхтарима Бекішқызы және тәрбие ісінің орынбасары Суюндикова Шынар Елубайқызы іске асырды. Қажырлы еңбек ету өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды жұмыс, мектеп оқушысын тұлға ретінде қалыптастырудағы құндылықтар мен көзқарастарды «Рухани Жаңғыру» аясында бағдарлаудағы нұсқау.

Мұражайды салтанатты ашылуынан кейін «Мектеп кітапханасы жаңғыру аясында» атты кітапханашылар семинары өтті. Мектеп кітапханасының жұмысын ұйымдастырған Төлегенова М.Б. баяндама оқып, кітапхананың іс-құжатымен таныстырды.

Мұражай ашылуына атсалысқан Астана қаласының ІІМ ардагерлер алқасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің командирі Шекарбеков С. А. және лейтенант Нәлібай Мөлдір Еркінқызына, ауыл азаматтары мен кәсіпкерлеріне Елбасының бағдарламасын қолдап, көмек көрсеткеніне алғысымыз шексіз.

Целиноград ауданы Қызыл суат ауылы №39 негізгі мектебі



Бастауыш сынып мұғалімі Тукенова Асемгуль Омарбекқызы




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет