ТҮсік жасатудың зияны мен зардаптары



жүктеу 39.98 Kb.
Дата16.03.2017
өлшемі39.98 Kb.
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің стоматология мамандығының 1 курс студенттері Тулегенова А., Қабдығалымова Д. Ғылыми жетекшісі: Саржанқызы А.

ТҮСІК ЖАСАТУДЫҢ ЗИЯНЫ МЕН ЗАРДАПТАРЫ
Аборт (лат. abortus — түсік) медицинада — құрсақтағы ұрықтың 28 апталық мерзімге жетпей тіршілігі үзілуі немесе түсік түсуі. Жүктіліктің 14-15 аптасына жетпей ұрық тіршілігінің үзілуін ерте, ал 14-15 аптадан кейін үзілуін кеш түсік дейді. Аборт өздігінен түсік тастау және жасанды түсік жасату болып бөлінеді. Қолдан жасалатын аборт медициналық мамандардың әйел адамның өмірін және денсаулығын сақтап қалу мақсатында, зорлау немесе инцест салдарынан болатын еріксіз жүктілік кезінде, сәби ауыр науқасқа шалдыққан кезде немесе әйелдің жатырындағы сәбиді асырай алмайтын жағдайы болған кезде жасалады. Ру-486 препаратын жүктіліктің алғашқы бірнеше аптасында қабылдаса, қолдан түсіктің болуына мүмкіндік жасайды. Жүктіліктің 19 аптасына дейін жатырды қысқарту мен іштегі нәрестені түсіру үшін тұз ерітінділерін немесе гормондарды шашуға болады. Жатырдағы сәбиді хирургиялық жолмен алдыру жүктіліктің екінші немесе үшінші айында ғана жүзеге асыруға болады. Жатыр мойыншығын кеңейту мен ұрықты экстракациялауды жүктіліктің үшінші айында жасауға болады. Бұл «Жартылай босану арқылы аборт жасау» деп те аталады. Түсік жасаудың басқа түрлері: қол шприці көмегімен қолмен жасалатын вакуумдық экстракция және кеңейткіш пен механикалық сорып алғыш құрылғысы арқылы жүзеге асатын вакум-түсік; бұл екі түрлі емдеу шарасы жүктіліктің ерте кезеңінде жасалады[1].

Қоғамның жасанды түсікке деген, бала тууды бақылау құралы ретінде тарихи қатынасы әртүрлі елде әр кезеңде түрліше өзгеріп отырған. Антикалық дәуірде жасанды түсік бала тууды шектеу әдісі ретінде пайдаланылса, ал христиан діни қызметкерлері жасанда түсік жасауды Құдай ісіне қарсылық деп бағалаған. Орта ғасырларда Еуропада мұндай жолды айыптаушылардың пікірі қоғамдық өріс алып, ауқымы кеңейген. 19 ғасырда жасанды түсік жасатқандарға қатал жаза қолданылған. Алайда 20 ғасырда бұл тыйымдар жұмсартылып, біртіндеп өзгертілді. 1973 жылы АҚШ-та Роу Уэйдқа қарсы ісінің шешімі бойынша жүктіліктің алғашқы үш ай мерзіміндегі жасалатын жасанды түсік заңдастырылды, алайда штаттар алғашқы үш ай мерзімінде түсік жасатуға өзіндік заңды шектеулер енгізуге құқылы болды. Осы сот шешімінен кейін қарқынды түрде абортқа қатысты саясатты ырықтандыруда қарсыластар мен жақтастар арасында қарқынды пікірталасбасталды.

Әйелдің өздігінен түсік тастауы әртүрлі жағдайларға (жығылу, ренжу, шошыну, ауыр жүк көтеру т.б.) байланысты болады. Алдын-алу шаралары: қыз балаларының денсаулығына жас кезінен көңіл бөлу, науқас әйелдерді диспансерлік бақылауға алып, емдеу. Жасанды түсік (медициналық Аборт) жасату арқылы екіқабат әйел өз еркімен ұрық тіршілігін үзеді, мұндай Аборт тек дәрігерлік мекемелерде ғана жасалады. Одан тыс жерлерде жасалған Аборт қылмыстық әрекет болып саналады. Көп мемлекеттерде жасанды түсік жасатуға рұқсат берілмейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарға сәйкес жасанды түсік жасатуды 12 апталық мерзімге толғанға дейін әйелдің өзі шешеді. Егер жүктілік мерзімі көрсетілген уақыттан асып кетсе, жасанды түсік дәрігерлік кеңестің шешімімен ғана жасалады. Аборт әйел денсаулығына зиян тигізеді, әсіресе алғаш рет көтерген баласын жасанды түсік жасату арқылы алдырып тастаған әйелдер болашақта бедеулік зардабын тартуы мүмкін.ауруларға (бруцеллез, туберкулез, сүзек, жыныс мүшелерінің аурулары т.б.), кездейсоқ[2].

Әрбір қыз баласы ол – ертеңгі ана. Ал, ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін қасиетке ие. Әйтсе де, бүгінде осыны түсінбестен, қадамын шалыс басып, абыройына нұқсан келтіріп, өз тағдырына балта шауып жүрген қаракөз қарындастарымыз жоқ емес. Сол аруларымыздың некесіз бала көтеріп, құрсағындағы шарананы жасанды түсік жолымен алып тастап жатқаны халқымыз үшін үлкен қасірет! Себебі, сол қыздарымыз біріншіден, некесіз қатынасқа барып күнә жасаса, екіншіден, бойға біткен шарананы жасанды түсік жолымен алдыру арқылы тағы да ең үлкен күнәға жол ашуда. Демек, ұлт болашағы, ұрпақ жалғасы болған қыздарымызды аждаһадай жалмап бара жатқан «некесіз қатынас», «жасанды түсік жасату» сынды мәселелерге мұсылман баласы бей-жай қарауға болмайды.

Ал мұндай ұлт трагедиясынан қалай айығуға ұлттық тәрбиенің рөлі зор. Ұлттың болашағы бүгінгі қыздарымыз, ертеңгі аналар екенін бабаларымыз көрегенділікпен айтып кеткен. Сондықтан да қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Қыздың өзі үйде, қылығы түзде» болатынын білген аталарымыз «қызға қырық үйден тыйым» салған. Сондықтан біз де «ауырып ем іздемей, ауырмайтын жол іздеуіміз» керек. Ең алдымен, жастардың бойына рухани тәрбиенің дәнін егіп, имандылық пен ибалылыққа тәрбиелеуге міндеттіміз. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Өз балаларыңды бағып-қағудан қорқып, ризығын тауып беруді қиынсынып, оны өлтірмеңдер», – деп ескерткен. Ал, атам қазақ: «Дүниеге бір қозы келсе, бір түп жусан артық шығады», – деп хайуанның өзі нәпақасыз қалмайтындығын меңзеген. Демек, мұның жанында ақыл иесі адам баласы ар-абыройын аяқасты етпей адал ақ некесімен дүниеге сәби әкелер болса, бұл бір бақыт. Ал, дүниеге келген сәби ризық-несібенің артуына себеп болары сөзсіз ақиқат. Шал ақын: «Перзент сүймей адамның мейірімі қанбас» – десе, хакім Абай: «Адамның бір қызығы бала деген», – деп дүниеге сәби әкелудің нағыз бақыт екенін айтуда.

Жанұя, қоғам болып жасанды түсікті жасатудың жолын емес, сол жолға қыз балаларды апармаудың мәселесін қарастыру керек. Әрине, ол үшін жастарымызды имандылыққа, адамгершілікке, арлылыққа тәрбиелеп, кішкентайынан тәнін-жанын тазалыққа үйрету қажет [3].
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Аборт.Википедия. http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%BE%D1%80%D1%82

  2. Қазақстан Республикасының қолданатын заңдары.Қазақ ұлттық энциклопедиясы

  3. Жасанды түсік – жаһан қасіреті. http://www.islam-orkeniet.kz/?p=3712

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет