Трихомониаз және оның алдын алу



Дата24.02.2017
өлшемі24.93 Kb.
Трихомониаз және оның алдын алу

Қоздырушысы–Trichomonas vaginalis Donne талшықты класының кәдімгі тұрпатына жататын, адамның несеп-жыныстық ағзаларының ерекшелікті паразиті. Осы микроорганизм, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына өте сезімтал келеді және адам организмінен тысқары жерде тез жойылады. Инфекцияның бірден –бір көзі, ауру адам немесе трихомонадты тасымалдаушы адам болып табылады. Еркектер мұны іс жүзінде тек жыныстық қатынас жолымен ғана жұқтырады. Әйелдердің, қыздардың жыныстық емес жолмен жұқтыруы сирек болғанымен, бұлар да оны көбінесе жыныстық жолмен жұқтырады.Трихомонадтар несеп-жыныстық ағзаға келіп түседі, еркектерде үрпінің шырышты қабығымен таралып, оның ішкі бездеріне, шұңқырларына өтіп, үрпінің артқы жағын зақымдайды және жыныс бездерінің үстемесіне енеді. Несеп-жыныс ағзаларында трихомонадтар қабынудың әр түрлі көріністерін не болмаса осылардың болуын тудырады, қайсы-бір ауру (үнемі болуы) белгілерімен ілесе жүрмейді. Кейбір кезде трихомонадтар сыртқы жыныс мүшелерінде бірден немесе үнемі болатын тасымалдан соң қысқа мерзіммен кейін жойылады. Ауру – жұқтырылғаннан кейін 7-10 күннен кейін дамиды, алайда өте қысқа мерзімі де, сонымен қатар ұзаққа созылатын жасырын кезеңі де болуы ықтимал. Кейбір жағдайда аурудың клиникалық белгілері пайда болмайды, қайта трихомонадтың асимптомды үнемі болуы басталады. Трихомониаздың клиникалық әр түрлілігі, қоздырушының күштілігіне де, сонымен қатар адам организмінің секемшілдігіне де тәуелді болады. Соз ауруы кезіндегідей трихомониаз, өткір, жедел өтетін және жылдам өтетін, созылмалы және асимптомды жаңа сырқаттар болып ажыратылады деп қабылданған.

Диагноз. Үрпіден бөлінетін (жұғындыдан немесе шаймасынан); зәр-несеп жолдары бездерінен немесе жаңадан жіберілген зәрдің тұнбасынан трихомониаздың анықталуы негізінде диагноз қойылады. Диагностика жасау үшін қабықшалы және боялған препараттардың тікелей микроскопия әдісі де, сонымен қатар жасанды қоректендіру ортасына себу әдісі де жарамды болады. Екі әдісті ұштастыру кезінде мейлінше сенімді нәтижелер алынады.

Емдеу. Трихомонадқа қарсыерекшелікті препараттар тағайындалады. Өткір және жедел түрде жеңіл өтетін трихомонадды үрпіде, әдетте осы препараттарды қвбылдау жеткілікті болады. Алайда, баяу өтетін, созылмалы және асқынған жағдайларда, осыларды тұсын емдеумен және организмнің қорғанышты секемшілдігін ынталандыру әдісімен ұластыру қажет. Тұсын емдеу сипаты, топикалық диагнозына тәуелді болады және жалпы соз ауруына қолданылатын әдістерге сәйкес келеді. Ерлі-зайыптыларды және (немесе) жыныстық серіктестерді бірмезгілде емдеу керек және кейіннен оларға кемінде екі айда клиникалық және зертханалық бақылау жасалуы керек.
Ауруды қалай болдырмауға болады?
Әрбір сексуалды қатынас жасау кезінде мүшеқапты пайдаланыңыз! Сонымен бірге жеке бастың гигиенасының шараларын сақтаңыз, саунада /моншада/ бассейнде болғанда байқап жүріңіз, өзіңнің іш киімдеріңді достарыңның/құрбыларыңның киіп көруіне/өлшеп көруіне рұқсат етпеңіз, сексуалды қатынас жасай біліңіз.

Дәрігерге жүйелі түрде қаралып, тексеруден өтіңіз.

Кездейсоқ серіктеспен кездейсоқ жыныстық қатынас жасаудан аулақ болыңыз.

Көзге көрініп тұрған ауруы бар серіктеспен жыныстық қатынасқа түспеңіз.



Есіңде болсын! ЖЖБЖ-дан қорғанудың ең сенімді тәсілі – бұл тұрақты сүйіктің, ол бірден-бір жыныстық серіктесің!

ЖИТС МОО дәрігер-дерматовенерологы Д. Б.Чотбаева


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет